Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қазандағы N 1045 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.03. N 99 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасы Yкiметінiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 853  қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      Мыналар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң құрамына енгiзiлсiн:
      Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi, төрағаның орынбасары;
      Диқанбаева Сәуле Әлкейқызы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, хатшы;
      Ойнаров Азамат Рысқұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
      Шәмшiдинова Күләш Ноғатайқызы - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-министрi;
      Лукин Андрей Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi;
      Досжан Ардақ Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасының Ақпарат вице-министрi;
      Нұрғалиева Еңлiк Нұрғалиқызы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi;
      Әшитов Батыржан Зайырқанұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi;
      Оразбаев Бiрлiк Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi;
      Тасболатов Абай Бөлекбайұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң орынбасары;
      Өскембаев Қожамұрат Бейiсұлы - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi;
      Мусина Лилия Сәкенқызы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi;
      Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
      Қанағатов Елсияр Баймұхамедұлы - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары;
      мына:
      "Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi, төрағаның орынбасары
      Белоног Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi, төраға
      Белоног Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бiрiншi вице-министрi, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi";
      көрсетiлген құрамнан Бауыржан Әлiмұлы Мұхамеджанов, Ерiк Мазанұлы Мусин, Арман Тергеуұлы Айдарханов, Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов, Ерiк Мылтықбайұлы Өтембаев, Олег Максимович Беспалько, Нұрша Кәкенұлы Кәкенов, Ғалым Iзбасарұлы Оразбақов, Олег Григорьевич Рябченко, Елена Леонидовна Бахмутова, Төлеухан Мұратханұлы Нұрқиянов, Иван Иванович Отто, Қайрат Айтмұхамбетұлы Нүрпейiсов, Наталья Артемовна Коржова шығарылсын;
      2-тармақ алынып тасталсын;

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2003 жылғы 10 қазандағы 
N 1045 қаулысымен    
бекітілген       

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегі үйлестiру кеңесi туралы
ереже

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi үйлестiру кеңесi қызметiнiң мiндеттерiн, функцияларын, құқықтық және ұйымдастыру негiздерiн белгiлейдi.

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасының (бұдан әрi - Бағдарлама) iс-шараларын орындауды қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында құрылды.
      2. Үйлестiру кеңесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      3. Үйлестiру кеңесi өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  2. Yйлестiру кеңесiнiң негiзгі мiндеттерi мен функциялары

      4. Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi:
      1) Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
      2) азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттiк саясатты жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау болып табылады.
      5. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Үйлестiру кеңесiнiң функциялары:
      1) Бағдарламаның iс-шараларын орындау жөнiндегi iстiң жай-күйiн талдау;
      2) мынадай:
      халық денсаулығын сақтау саласындағы мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн жетiлдiру;
      денсаулық сақтау мәселелерi жөнiндегi салааралық ынтымақтастықты үйлестірудi күшейту және реформалар мониторингi жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      3) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi жөнiндегi қоғамдық және халықаралық ұйымдармен тиiмдi өзара iс-қимыл мен ынтымақтастық саласында жәрдемдесу;
      4) Бағдарламаны iске асыру барысы туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiн хабардар ету болып табылады.

  3. Yйлестiру кеңесiнiң құқығы

      6. Үйлестiру кеңесi жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында:
      1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
      2) өзiнiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша ұсынымдарды әзiрлеуге және ұсыныстарды енгiзуге;
      3) Бағдарламаны iске асыруға қатысты мемлекеттiк және басқа да органдар мен ұйымдардан материалдарды сұратуға және алуға;
      4) мiндеттердi iске асыруға байланысты мәселелер бойынша мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың өкілдерiн өз отырысына шақыруға және тыңдауға;
      5) Бағдарламада көзделген iс-шараларды уақытылы орындау жөнiндегi, сондай-ақ Бағдарламаның iске асырылуын қамтамасыз етпейтiн мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың басшылары және лауазымды адамдарының жауапкершiлiгiн белгiлеу жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзуге;
      6) өзiнiң құзыретiне жатқызылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

  4. Үйлестiру кеңесiнiң жұмысын ұйымдастыру

      7. Үйлестiру кеңесiнiң құрамы мемлекеттiк органдардың өкiлдерiнен қалыптасады және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекітедi.
      8. Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды және оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      9. Yйлестiру кеңесiнiң отырысын өткiзу үшiн қажеттi материалдарды даярлауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігi Үйлестiру кеңесiнің жұмыс органы болып табылады, бұл ретте барлық қажеттi материалдарды отырысқа дейiн кем дегенде үш күн бұрын Yйлестiру кеңесiнiң мүшелерiне жiбередi.
      10. Үйлестiру кеңесiнiң отырысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылда кем дегенде бiр рет өткiзiледi. Отырыс Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды деп есептеледi.
      11. Үйлестіру кеңесiнiң шешiмi Үйлестіру кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Төраға берген дауыс шешушi болып табылады.
      12. Үйлестiру кеңесiнiң шешiмi хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатқа ие болады.