Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі N 958 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берілiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудiң ережесi;
      2) Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыру мақсаты үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берілетiн кодтардың тiзбесi бекiтілсiн.

      2. Мемлекеттік жер кадастрын жүргiзу үшін қажетті аэрофототүсiрiм, топографиялық материалдары бар орталық атқарушы органдар оларды жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға көшiрме түрiнде және ақысыз ұсынатын болсын.

      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2003 жылғы 20 қыркүйектегi
N 958 қаулысымен     
бекітiлген     

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу, жердi сандық және сапалық есепке алу мен жердi бағалау, тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу, мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн беру және кадастр ақпаратын пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастры (бұдан әрi – кадастр) мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – кадастр жүргізетін кәсіпорын) жүзеге асырады.
      Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге технологиялық байланысты қызметке:
      1) жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекараларын белгілеу;
      2) жер пайдалануды қалыптастыру жөніндегі жобаларды, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын жасау, мемлекет меншігіндегі жер қатарынан жер учаскелерін беру кезінде жергілікті жерде олардың шекараларын белгілеу;
      3) мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылықішілік жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жатады.
      Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.30 N 1525 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Тұйық шекарада бөлiп шығарылған, белгiленген тәртiппен жер құқығы қатынастары субъектiлерiне бекiтiлген жер учаскесi кадастрдың деректерiн есепке алу мен оларды сақтау бiрлiгi болып табылады. Кадастрда әрбiр жер учаскесi үшiн оны кеңiстiкте бiр мәндi бөлуге, мөлшерiн және орналасқан жерiн айқындауға мүмкiндiк беретiн сәйкестендіру сипаттамалар, сондай-ақ учаскенiң кадастрлық бағалау құны белгiленедi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

      4. Кадастрдың құрамына жер учаскесiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар туралы ақпарат кiредi.

      5. Жер учаскесi туралы мәлiметтер осы учаскеге бекiтiлiп берiлген нөмiрi, орналасқан жерi, шекарасы және мәтіндiк сипаттамасы көрсетiлетiн жер-кадастрлық карталармен ара қатынаста болады.

      6. Мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен iздестiрулер, жер мониторингi жөнiндегi жұмыстарды, жердi сандық және сапалық есепке алуды жүргiзумен, нақты жер учаскесiне жер-кадастр iсiн жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесiне   сәйкестендіретін құжат дайындаумен қамтамасыз етiледi.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.06 N 511, өзгерту енгізілді - 2008.03.18 N 262 Қаулыларымен.

      7. Деректердi жинақтау жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi, жеке немесе заңды тұлғалардың - жер учаскесiне құқық субъектiлерiнiң атауы, атқарушы органдардың кесiмдерi мен өзге де заңнамада көзделген құжаттар, жер учаскесiнiң орналасқан орны мен мөлшерi, кадастрлық (бағалау) құны, жер учаскесiне құқығы мақсатты тағайындауы, бөлiнетiндiгi және бөлiнбейтiндiгi, жер учаскесiне сервитуттар туралы, сондай-ақ атқарушы органдар белгiлеген оны пайдалану жөнiндегi шектеулер туралы ақпараттар тiркелетiн және caқталатын республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиiстi аудандарының (облыстық маңызы бар қалалардың) деңгейiнде жүргiзіледi.
      Көрсетілген деректер аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша өзара салыстыруға мүмкiндiк беретiн меншiк нысандары, жер санаттары бойынша жүйелендiріледi.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06 N 511 қаулысымен.

2. Кадастрды жүргiзудiң тәртiбі

      8. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында Кадастрды жүргiзу бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады және ол жер учаскелерi туралы мәлiметтердi жинау, құжаттау, жинақтау, өңдеу, есеп жүргiзу және сақтау жөнiндегi дәйектi iс-қимыл болып табылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.06 N  511 қаулысымен.

      9. Жер учаскелерiнiң желiлiк және алаңдық сипаттамаларын бейнелеу және өзгерiстер енгiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiстi жер-кадастрлық карталар Кадастрдың картографиялық негiзi болып табылады.
      Жер-кадастрлық карталардың масштабы есепке алу бiрлiгiнiң мөлшерiне және Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне байланысты таңдалады.
      Кадастрды автоматтандырылған жүргiзу кезiнде картографиялық негiз геоақпараттық технологияларды қолданумен және қағаз жеткiзгiштермен көшiрмелерiн дайындаумен электрондық карта түрiнде қалыптастырылады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

      10. Жер учаскелерi туралы ақпарат учаскелер мен жер алқаптарының шекарасы мен алаңдары өзгерген кезде жүйелi түрде жаңартылады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

      11. Жер учаскесi, егер оның белгiленген шекарасы болса және оған жер-кадастрлық iс жүргiзілсе, түпкiлiктi қалыптастырылған болып саналады.
      Жер-кадастрлық iс - жер учаскесiнiң қалыптасуы туралы iс, оған жер учаскесi туралы құжаттар кiргiзiледi.

      11-1. Мемлекеттiк меншiктегi жерлерден берiлетiн жер учаскелерiне жер-кадастр iстерiн кадастрды жүргiзетiн мемлекеттiк кәсiпорындар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң шешiмдерi, Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiткен жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар негiзiнде жүргiзедi.
      Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 511 қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.30 N 1525 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      12. Жеке және заңды тұлғаларға иелiк ету не пайдалану құқығымен бұрын берiлген жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе пайдалануға берудi алғашқы ресiмдеу кезiнде жер-кадастрлық iстер олардың жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша кадастрды жүргізетін кәсіпорындарға берілетін өтiнiштерiнiң негiзiнде жүргiзіледi.
      Өтiнiшке жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар, ал олар болмаған кезде – бұл учаскенi берген атқарушы органның шешімiмен учаске шекарасының сызбасы (схемасы) қоса беріледi.
      Жеке және заңды тұлғаларға иелiк ету не пайдалану құқығымен бұрын берiлген жер учаскелерi бойынша кадастрды жүргізетін кәсіпорындар жер учаскелерін жергiлiктi жерде зерттеуді жүзеге асырады. Олардың шекаралары, алаңдары және мақсатты тағайындауы өзгергенi анықталған жағдайда, бұл өзгерiстер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмiнiң олардың Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес қайта бекiтуiне жатады немесе мүдделi тараптар арасында жасалатын шартта көрсетіледі.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
15.04.2013 N 359 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Азаматтардың немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi жерден учаске құру бөлiнетiн жер учаскесiнiң бөлiгiмен мәмiле жасалған кезде жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органына берiлетiн олардың бөлiнетiн жер учаскесiн бөлу туралы өтiнiштерi негiзiнде жүргiзiледi.
      Өтiнiшке жер учаскесiне жеке меншiк құқығы туралы құжаттар қоса берiледi.
      Бөлудің нәтижесінде пайда болған жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген құзыретіне сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы бекіткен жер учаскесін бөлу туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар негізінде жаңа жер-кадастр ісі жүргізіледі, ал бөлінетін жер учаскесіне бұрын жүргізілген жер-кадастр ісі кадастрды жүргізетін кәсіпорынның мұрағатында сақталады.
      Бөлу нәтижесінде қалыптасқан жер учаскелеріне кадастрды жүргізетін кәсіпорын жаңа сәйкестендіру құжаттарын дайындайды және береді.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 511 қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.18 N 262, 2012.11.30 N 1525 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 N 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      13-1. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыру нәтижесінде не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша жер учаскесіне құқықтары ауысқан жағдайда сәйкестендіру құжаты оны алушыға немесе басқа құқық иесіне беріледі.
      Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, Кадастрды жүргізетін мамандандырылған кәсіпорын жаңа сәйкестендіру құжатын бермейді, ал жаңа құқық иеленуші туралы жазба жер-кадастрлық кітапқа және жерлердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
      Жер учаскесінің есептік деректеріне жер учаскесіне меншік құқығының немесе жер пайдалану құқығының ауысуы туралы мәліметтерді енгізу оларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдар негізінде жүргізіледі.
      Осы жер учаскесін кадастрлық есепке қойғаны туралы (жаңа құқық иесі туралы мәліметтермен бірге) кадастрды жүргізетін кәсіпорын екі апта мерзімде жер учаскесі орналасқан жердегі республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органына хабарлайды.
      Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.03.18  N 262 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.18 N 820 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.11.30 N 1525 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      13-2. Жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға бұрын өзiне жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жеке меншiкке сатып алған жағдайда жаңа жер-кадастрлық iс жүргізілмейді.
      Жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы беретін жер учаскесiн сатып алу-сату туралы жасалған шартының болуы, оның сатып алу бағасы төлемінің жүргізілгені, сондай-ақ жер учаскесiн бөліп-бөліп төлеу тәртібімен сатқан кезде мәмiле жасасуға тыйым салынуы (кепiлге берудi қоспағанда) туралы анықтаманың негізінде кадастрды жүргізетін кәсіпорын жер учаскесіне жаңа сәйкестендіру құжатын дайындайды және береді.
      Ескерту. Ереже 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2013 N 359 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Азаматтардың және заңды тұлғалардың меншiгiндегi немесе пайдалануындағы жерден мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн жер учаскесiн қалыптастыру кезiнде оған жүргiзiлген жер-кадастрлық iске жаңа учаскенi құру үшiн негiз болып табылатын жер учаскесiн мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн алу туралы атқарушы органның шешiмi не соттың шешiмi, сондай-ақ жоспар (шекара сызбасы) және басқа құжаттар кiргiзіледi.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

      15. Мемлекеттiк мұқтаждар үшiн жасалатын жер учаскесінің бір бөлігін алып қою жағдайында жаңа жер-кадастрлық iс жүргiзiлмейдi. Жер учаскесiн қайта ұйымдастыру процесiмен бiрге жүретiн барлық құжаттар осы учаскеге бұрын жүргiзілген жер-кадастрлық iске кiргiзiледi.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 511 , 2008.03.18 N 262 Қаулыларымен.

      15-1. Бірнеше жер учаскелері бірге қосылған кезде жаңа кадастрлық ісі ашылады, оған осы учаскелерге бұрын жүргізілген кадастрлық істер жинақталады. Біріктіру нәтижесінде құрылған жер учаскесіне жаңа сәйкестендіру құжаты дайындалады.
      Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.03.18  N 262 Қаулысымен.

      16. Азаматтар мен заңды тұлғалардан ерiксiз алуға не тәркiлеуге жататын жер учаскесiнiң жер-кадастрлық iсiне сот-атқарушылық iс жүргiзу құжаттары кiргiзiледi.

      17. Қалыптастырылған жер-кадастрлық iс жер учаскесiн жер-кадастрлық кiтабына жазу және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне жер учаскесi туралы мәлiметтердi енгiзу үшiн негiз болады.
      Бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмi құқықтық, сәйкестендiру, экономикалық және басқа да сипаттамаларды қамтитын Кадастр құрамындағы жер учаскелерiн есепке алудың қорытынды құжаты болып табылады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

      18. Жер-кадастрлық кiтабы жер учаскелерi есепке алынатын, жердiң кеңiстiк, табиғи және шаруашылық жағдайы туралы анық мәлiметтер қамтылатын құжат болып табылады.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

      19. Жердiң жер-кадастрлық картасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерiн, мөлшерлерiн және шекараларын көрнектi кескiндеу, бiрiктiру және бөлу кезiндегi олардың өзгерiстерiн есепке алу мақсатында құрылады және жүргiзіледi. Кадастр және жер учаскелерiн есепке алу үшiн жер-кадастрлық карталар жүргiзу осы Ереженiң 39 және 41-42-тармақтарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

      20. Кадастр қағаз жеткiзгiшпен жүргiзіледi және ақпараттарды жинақтаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйелерiн пайдалана отырып жүргiзілуi мүмкiн.

      21. Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерi жұмыс iстеу тәртiбiн жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкілетті орган айқындайтын мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендердiң базасында құрылады.

      22. Жер-кадастрлық құжаттама мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:
      барлық деректемелердi (оларды шығарушы органның, мекеменiң, ұйымның атауын, күнiн, құжаттың нөмiрiн, мекен-жайын (құжатты алушыны) көрсету) толтыра отырып белгіленген үлгiдегi бланкілерде орындалады;
      жер учаскелерi шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкілеттi орган белгiлейтiн техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады;
      мемлекеттiк құпияға жатқызылған жер учаскелерiнiң жоспарларында (сызбаларында) қамтылатын мәлiметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн белгiленген ережелерге сәйкес пайдаланылады және сақталады.

3. Жердi сандық және сапалық есепке алуды жүргiзу мен бағалаудың тәртiбi

      23. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерi жерге меншiк нысанына, жер учаскелерiнiң мақсатты тағайындауына және оларды пайдаланудың рұқсат етiлген сипатына қарамастан, кадастрлық есепке алуға жатады.
      Жер учаскелерiн кадастрлық есепке алу олардың орналасқан жерiнде бiрыңғай әдiстеме бойынша жүргiзіледi.
      Жерлердің сапасын есепке алу жерді экономикалық бағалауды және жер мониторингін жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бонитеттік бағалауды жүргізуді қамтиды.
      Жерді сандық және сапалық есепке алу олардың нақты жағдайы және пайдаланылуы бойынша жүргiзіледi. Барлық өзгерiстер олар жергiлiктi жерде болғаннан кейiн тiркеледi. Жердi есепке алудың деректерi әрбiр жер учаскесi бойынша жер-кадастрлық кiтапқа және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне енгiзiледі.
      Есептiк деректер жер учаскелерi, елдi мекендер, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала бойынша қалыптастырылады. Бұл peттe ерекше қорғалатын табиғи және тарихи-мәдени объектiлер орналасқан учаскелер бөлек көрсетiледi.
      Барлық санаттағы жерлер есепке алуға жатады және ол жер алқаптарының түрлерi бойынша жүргiзіледi.
      Жердiң мөлшерi, орналасқан жерi, саны мен сапасы туралы қажеттi мәлiметтер оларды бастапқы есепке алу кезiнде тiркелер, ал жердiң құрамында, олардың сапасы мен пайдалану түрiнде болған өзгерiстер жердiң ағымдағы есебiн жүргiзу процесiнде анықталады.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06 N 511, 2012.11.30 N 1525 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      24. Кадастрлық деректердi нақтылау және жаңарту мақсатында:
      1) жер учаскелерiнiң иелерi мен жер пайдаланушылар, уәкілеттi лауазымды тұлғалар мен тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктердегi (ауыл (село), кент, облыстық және аудандық маңызы бар қала) жергілiктi атқарушы органдар eceпті жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жыл сайын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органына тиiсiнше жердiң жай-күйi мен пайдаланылуы, меншiктегi және пайдаланудағы, сондай-ақ тиiстi әкiмшiлiк-аумақ бiрлiктердiң (ауыл (село), кент, аудандық және облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң қарауындағы жерлердiң құрамында болып жатқан өзгерiстер туралы белгiленген нысан бойынша есептер ұсынады;
      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы ұсынылған есептердi қарайды әрi бекiтедi және оларды болған өзгерiстердi жер-кадастр кiтабына және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне енгiзу үшiн кадастр жүргiзетiн кәсiпорындарға жiбередi.
      2) Облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдары жерлердiң бар-жоғы және олардың санаттар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi, жер пайдаланушылар мен алқаптардың бөлiнуi туралы жыл сайынғы есептердi (жер балансын), сондай-ақ есептi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аудандары (облыстық маңызы бар қалалары), республикалық маңызы бар қаласы, астанасы, облыстары бойынша мемлекеттiң жер учаскелерiн меншiкке сатуы туралы мәлiметтердi жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және мемлекеттік статистика саласындағы орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн нысандар бойынша жасайды.
      Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер балансының деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасының жер балансын жасайды.
      Кадастрды жүргiзетiн кәсiпорындар 5 жылда бiр рет аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша және тұтастай алғанда республика бойынша жерлердiң сапалық жай-күйі туралы есептер жасайды.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06 N 511, 2010.06.17 № 600, 2012.11.30 N 1525 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      25. Жердiң сапасын есепке алу және кадастрлық бағалау:
      мақсатты тағайындауын ескерiп, жер учаскесiн пайдалану тиiмділiгiн анықтау;
      жер учаскесiн жеке меншiкке сатқан кезде оның бағасын (жер учаскесiн жалдау құқығын сату төлемiн) анықтау;
      салық салу;
      жер учаскесiн мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн ерiксiз алу кезiнде және иелiктен айыру жағдайында сатып алу бағасы мен төлем мөлшерiн сотпен анықтау мақсатында жүргiзiледi.
      Жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын есептеу; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасыны анықтауды қамтиды.
      Жердiң сапасы және оның кадастрлық бағасы туралы мәлiметтер әрбiр жер учаскесi бойынша жер-кадастрлық кiтапта көрсетiледi.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06 N 511, 2008.03.18 N 262, 2012.11.30 N 1525 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      26. Жердiң бар-жоғы, олардың санаттар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi, жердi пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлiнуi туралы есептердi (жер балансын) осы Ереженiң 24-тармағына сәйкес мыналар жасайды:
      аудан және облыстық маңызы бар қала бойынша - аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы және есептi жылдың 1 қарашасынан кешiктiрмей жер қатынастары жөнiндегi облыстық уәкiлеттi органға ұсынады;
      облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша - аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың деректерi негiзiнде облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы және есептi жылдың 20 қарашасынан кешiктiрмей жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
      Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган есептi жылдан кейiнгi 20 қаңтардан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы жерiнiң (республикалық маңызы бар қалалар, облыстар бойынша және тұтастай алғанда республика бойынша) бар-жоғы, олардың сапалық жағдайы және пайдаланылуы туралы есептi алқада қарайды.
      Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкілеттi орган жиынтық талдамалы есептiң көшiрмесiн Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне, Ауыл шаруашылығы министрлiгiне, Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттігiне жолдайды.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

4. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу

      27. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн және олардағы жылжымайтын мүлiктi есепке алу меншiк құқығы мен басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықты мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ететiн қажеттi шарт болып табылады.

      28. Жер учаскелерiн есепке алу кезiнде мына деректердi тiркеу мiндеттi болып табылады:
      жер учаскесi иесiнiң немесе оны пайдаланушының аты-жөнi;
      жер учаскесінiң алаңы;
      жер учаскесiне меншiктiң нысаны;
      жер учаскесiнiң мақсатты тағайындалуы;
      жер учаскесiн пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;
      жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi немесе бөлiнбейтiндiгi;
      жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

      29. Жер кадастрын жүргiзгенде әрбiр жер учаскесiне жер учаскесiнiң орналасқан жерiн анықтау (сәйкестендiру) мақсатында жеке, Қазақстан Республикасының аумағында қайталанбайтын, учаске бiртұтас болып тұрғанша сақталатын, кадастрлық нөмiр берiледi. Жер-кадастрлық iс те осындай нөмiрге сәйкестендiрiледi.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

      30. Жеке және заңды тұлғалар жер учаскесiне кадастрлық нөмiрдi беру және жер учаскесіне ескi үлгiдегi сәйкестендіру құжатын жаңасына ауыстыру үшiн жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша кадастрды жүргiзетiн кәсiпорынға өтiнiшпен жүгінеді.
      Өтiнiшке жер учаскесiне қолданыстағы сәйкестендіру құжатының түпнұсқасы қоса берiледi.
      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
15.04.2013 N 359 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      31. Жер учаскесiн сәйкестендiру оны жер-кадастрлық картада көрсету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу бұл учаскенiң нақты шекараларын, шектеулер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын айқындаудан, басқа тұлғалар құқықтарының сипатын, сондай-ақ мақсатты пайдаланылуын анықтаудан басталады. Жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу және оларды ресiмдеу рәсiмдерi жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бұйрықтарына сәйкес жүргiзiледi.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

      32. Жер учаскесiн сәйкестендiру жөнiндегi жұмыстардың нәтижелерi бойынша кадастр жүргізетін кәсiпорын жер учаскесiне кадастрлық нөмiр бередi, ескi үлгiдегi құжатқа тиiстi белгi жасайды және оны өтiнiш берушiге бередi. Жер учаскесiне кадастрлық нөмiрдi бергенi туралы ақпарат жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жер қатынастары жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға ұсынылады.
      Өтiнiш берушiнiң қалауы бойынша жер учаскесіне құқығы туралы ескі үлгідегі құжатты жаңа сәйкестендіру құжатын ауыстыру жүзеге асырылады.
      Жер-кадастрлық кiтапқа, кадастрлық іске және мемлекеттiк жер тiзiлiмiне тиiстi жазба жасалады.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 511 , өзгерістер енгізілді - 2008.03.18 N 262, 2012.11.30 N 1525 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 N 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      33. Кадастрлық нөмiрдi құру:
      облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коды мен;
      ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың кодымен;
      есептi кварталдың кодымен;
      жер учаскесiнiң есептi кварталдағы реттiк нөмiрiмен айқындалады.
      Есептік орамдар: елді мекеннің орамы, жұмысшылар кенттері мен селолық елді мекендер, бағбандық және саяжайлық қоғамдар, шоқ ормандар, желілік объектілер: темір жолдар, автомобиль жолдары, бөліп берілген белдеулерімен жердегі, жер үстіндегі және жер астындағы құбырлар және басқалар болуы мүмкін.
      Ескерту.
      Жер учаскесi кадастрлық нөмiрiнiң екi алғашқы саны облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кодын, одан кейінгi үшеуi - ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың, одан кейінгi тағы үшеуi - есептi кварталдың кодын және соңғы үш сан - есептi кварталдың iшiндегі жер учаскесiнiң реттiк нөмiрiн бiлдiредi.
      Есептi квартал ішінде жер учаскелерiнiң саны 999-дан асқан  жағдайда, осы есептi квартал iшінде қалыптасатын келесi жер учаскелерiне төрт таңбалы реттік нөмiр берiледi.
      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06 N 511, 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      34. Есептi кварталдардың және/немесе аудандардың, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың iшiндегi есептi кварталдардың кодтары мен жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн кадастрды жүргiзетiн кәсiпорындар береді.
      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.30 N 1525 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      35. Егер осы Ережеге сәйкес есептi кварталға код беру объективтi себептер бойынша мүмкiн болмаса, онда осы кварталдың iшiндегi жер учаскелерiне уақытша (шартты) кадастрлық нөмiрлер берiледi. Бұл жағдайда мұндай кварталдың коды нақты есептi кварталдағы кадастрлық нөмiрдiң шартты белгiсiн көрсетуге тиiс "9" санынан басталады. Есептi кварталдың заңды мәртебесiн кейiннен анықтау кезiнде бұрын берiлген шартты нөмiрдi көрсете отырып оған нағыз код беріледi.

      36. Жер учаскесiн бiрнеше бөлiкке бөлу немесе бiрнеше жер учаскелерiн бiреуге бiрiктiру кезiнде ескi нөмiрлер жойылады және жаңа кадастрлық нөмiрлер берiледi.

      37. Бүтiн жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жердi пайдалану құқығы басқа меншiк иесiне немесе жердi пайдаланушыға ауысқан кезде жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi ауыстырылмайды.
      Ескерту. 37-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

      38. Кадастрды жүргiзетiн кәсiпорын жер учаскесiне кадастрлық нөмiр берiлгені және бұл учаскенiң кадастрлық есепке қойылғаны туралы өтiнiш берушi мен тiркеушi органға хабарлайды. Өтiнiш берушiге жер учаскесiнiң жаңа кадастрлық нөмiрi бар және жер-кадастр картасындағы (схемадағы) өзгерiстер қамтылған жер-кадастр картасының (схеманың) тиiстi бөлiгiнiң расталған көшiрмесi беріледi.
      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.30 N 1525 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      39. Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне қарай жер-кадастрлық карталар (схемалар):
      Қазақстан Республикасының жер-кадастрлық картасы (схемасы) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
      облыстың жер-кадастрлық картасы (схемасы) аудандардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер-кадастрлық картасы қаланың iшiндегi аудандардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
      ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың жер-кадастрлық картасы (схемасы) eceпті кварталдардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
      есептi кварталдың жер-кадастрлық картасы (схемасы) жер учаскелерiнiң шекаралары мен кадастрлық нөмiрлерi көрсетiле отырып бақылау жағдайында құрылады және ұсталады.
      Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

      40. Жер-кадастрлық картада (схемада) жер учаскелерiнiң шекаралары жер учаскелерiне сәйкестендіру құжаттарына және картаның (схеманың) масштабындағы жерді пайдалану жоспарларына сәйкес көрсетiледi.
      Ескерту. 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

      41. Қажет болған кезде жер-кадастрлық карталар (схемалар) бiрнеше бөлiкте дайындалуы мүмкiн.

      42. Жер-кадастр карталарын (схемаларын) жүргiзудi және кейiннен жаңартуды кадастрды жүргiзетiн кәсiпорындар жүзеге асырады.
      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.30 N 1525 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

5. Кадастрдың деректерiн беру және ақпаратын пайдалану

      43. Мыналар Кадастрдың мәлiметтерiн пайдаланушылар болып табылады:
      аумақтарды дамытуды жоспарлау, жердi аймақтарға бөлу, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөнiндегi жобалар мен схемаларды әзiрлеу мәселелерi, жер ресурстарын басқаруға байланысты басқа да мәселелер бойынша – мемлекеттiк басқару органдары;
      жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкілеттi органдар;
      мемлекеттiк статистика саласындағы органдар;
      құрылыс салуға жер учаскелерiн таңдау және беру (сату) мәселелерi бойынша - құрылыс және басқа объектiлерге тапсырыс берушiлер;
      жобалау-iздестiру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн бастапқы деректер алу мәселелерi бойынша - жобалау, iздестiру, ғылыми-зерттеу ұйымдары;
      мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу, қала құрылысы және басқа да құжаттаманы әзiрлеу мәселелерi бойынша - сәулет-қала құрылысы қызметi саласындағы уәкiлеттi органдар;
      табиғи ресурстардың пайдаланылуын және қоршаған ортаның жай-күйiн бақылауды жүргiзу, табиғат қорғау iс-шараларын әзiрлеу мәселелерi бойынша - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар;
      жер салығын есептеу мәселелерi бойынша - салық қызметiнiң органдары;
      өзге де жеке және заңды тұлғалар.
      Ескерту. 43-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.18 N 820 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.11.2013 N 1199 қаулыларымен.

      44. Белгiлi бiр жер учаскесi туралы кадастрдың мәлiметтерi қағаз немесе магниттiк жеткiзгiштерде, сондай-ақ техникалық және телекоммуникациялық байланыс құралдары қолданыла отырып, Кадастр деректерi банкiне тiкелей санкцияландырылған рұқсат түрiнде жер учаскесiн есепке алу орны бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен берiледi.
      Ескерту. 44-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

      45. Кадастрдың жер учаскелерi туралы мәлiметтерi жер-кадастрлық карталармен (жоспарлармен) ара қатынаста болады.
      Кадастрдың мемлекеттiк құпияларды және өзге де шектеулерді қамтымайтын мәлiметтерi жалпыға қол жетiмдi болып табылады және мүдделi жеке және заңды тұлғаларға ақылы негiзде берiледi.
      Кадастрдың мәлiметтерiн мемлекеттiк органдарға беру осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен тегін негізде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

      45-1. Жер учаскелерiне арналған жер-кадастр iстері, жер-кадастр кiтаптары, бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмi кадастрды жүргiзетiн кәсiпорынның мұрағатында тұрақты түрде сақталуға тиiс.
      Ескерту. 45-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.06 N 511 Қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.30 N 1525 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      46. Кадастрдың мәлiметтерiн алу режимiн бұзу немесе анық емес ақпараттарды ұсыну заңнамалық кесімдерде көзделген жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 20 қыркүйектегі 
N 958 қаулысымен     
бекiтілген     

Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыpу мақсаты үшiн облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың
ТIЗБЕСI

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06
N 511 , 2007.10.28 N 1000 , 2008.09.03 N 818 , 2008.09.18 N 855; 13.09.2014 № 980 қаулыларымен.

________________________________________________________________
     Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк               Коды
________________________________________________________________
               1                               2
________________________________________________________________

                   Ақмола облысы - 01

Ақкөл                                          001
Астрахан                                       002
Атбасар                                        003
Сандықтау                                      004
Аршалы                                         005
Ерейментау                                     006
Егiндiкөл                                      007
Қорғалжын                                      008
Бұланды                                        009
Целиноград                                     011
Шортанды                                       012
Ақкөл қаласы                                   014
Атбасар қаласы                                 015
Ерейментау қаласы                              016
Макинск қаласы                                 017     
Степногор қаласы                               018
Шаңтөбе кентi                                  019
Зеренді                                        160
Щучьe                                          171     
Еңбекшілер                                     172
Заозерный кентi                                173
Көкшетау қаласы                                174
Степняк қаласы                                 176
Щучье қаласы                                   177
Жарқайың                                       275
Есiл                                           277
Жақсы                                          278
Державин қаласы                                283
Есiл қаласы                                    284
Красногор кентi                                285

Ақтөбе облысы - 02

Алға                                           022
Байғанин                                       023
Әйтеке би                                      024
Ырғыз                                          025
Мұғаджар                                       027
Қарғалы                                        028
Мәртeк                                         029
Темiр                                          031
Ойыл                                           032
Қобда                                          033
Хромтау                                        034 
Шалқар                                         035
Ақтөбе қаласы                                  036
Алға қаласы                                    037
Қандыағаш қаласы                               038
Темiр қаласы                                   039
Хромтау қаласы                                 040  
Шалқар қаласы                                  041
Ембi қаласы                                    042

Алматы облысы - 03

Балқаш                                         043
Еңбекшiқазақ                                   044
Жамбыл                                         045
Iле                                            046
Қарасай                                        047
Райымбек                                       050
Талғар                                         051
Ұйғыр                                          052
Есiк қаласы                                    054
Қапшағай қаласы                                055
Қасқелең қаласы                                056
Талғар қаласы                                  057
Ақсу                                           254    
Алакөл                                         255
Қаратал                                        259
Кербұлақ                                       260
Көксу                                          261
Панфилов                                       262
Сарқанд                                        263
Ескелдi                                        264 
Жаркент қаласы                                 266
Сарқант қаласы                                 267
Tалдықорған қаласы                             268
Текелi қаласы                                  269
Үштөбе қаласы                                  270
Yшарал қаласы                                  271

Атырау облысы - 04

Жылыой                                         059
Индер                                          060
Исатай                                         061
Қызылқоға                                      062
Құрманғазы                                     063
Мақат                                          064
Махамбет                                       065  
Атырау қаласы                                  066

Шығыс Қазақстан облысы - 05

Глубокий                                       068
Зайсан                                         069
Зырян                                          070
Қатон-Қарағай                                  071
Күршiм                                         072
Тарбағатай                                     078
Ұлан                                           079
Шемонаиха                                      080
Зайсан қаласы                                  081 
Зырян қаласы                                   082
Риддер қаласы                                  083 
Серебрянск қаласы                              084
Өскемен қаласы                                 085  
Шемонаиха қаласы                               086
Абай                                           236
Аягөз                                          239
Бесқарағай                                     240
Бородулиха                                     241
Жарма                                          243
Көкпектi                                       244
Үржар                                          248
Аягөз қаласы                                   251  
Семей қаласы                                   252
Шар қаласы                                     253

Жамбыл облысы - 06

Байзақ                                         087
Жамбыл                                         088
Жуалы                                          089
Қордай                                         090
Т.Рысқұлов атындағы                            091 
Мерке                                          092
Мойынқұм                                       093  
Сарысу                                         094
Талас                                          095
Шу                                             096  
Тараз қаласы                                   097
Жаңатас қаласы                                 098  
Қаратау қаласы                                 099
Шу қаласы                                      100

Батыс Қазақстан облысы - 08

Бөрiлi                                         114
Жаңақала                                       115
Жәнiбек                                        116
Зеленов                                        118
Казталовка                                     119
Қаратөбе                                       120
Сырым                                          122
Тасқала                                        124
Теректi                                        125 
Бөкейорда                                      126
Ақжайық                                        127
Шыңғырлау                                      128
Ақсай қаласы                                   129
Орал қаласы                                    130
Чапаев қаласы                                  131

Қарағанды облысы - 09

Ақтоғай                                        102
Жаңаарқа                                       104
Ұлытау                                         106
Шет                                            107   
Балқаш қаласы                                  108
Жезқазған қаласы                               109
Қаражал қаласы                                 110
Приозерск қаласы                               111    
Сәтпаев қаласы                                 112  
Қарқаралы                                      133
Абай                                           134
Нұра                                           136
Осакаровка                                     137
Бұхар-Жырау                                    140
Абай қаласы                                    141
Қарағанды қаласы                               142
Қарқаралы қаласы                               143
Саран қаласы                                   144
Темiртау қаласы                                145
Шахтинск қаласы                                146

Қызылорда облысы - 10

Арал                                           147
Жалағаш                                        148 
Жаңақорған                                     149
Қазалы                                         150
Қармақшы                                       151
Сырдария                                       153  
Шиелi                                          154
Қазалы қаласы                                  155 
Қызылорда қаласы                               156

Қостанай облысы - 12

Алтынсарин                                     178
Жiтiқара                                       179
Қамысты                                        180
Қарасу                                         181
Қарабалық                                      182
Қостанай                                       183
Ұзынкөл                                        184 
Меңдiқара                                      185
Наурызым                                       186  
Денисов                                        187
Әулиекөл                                       188
Таран                                          189
Сарыкөл                                        190 
Феодоров                                       191
Жiтiқара қаласы                                192
Қостанай қаласы                                193   
Лисаковск қаласы                               194
Рудный қаласы                                  195 
Амангелдi                                      272
Жангелдi                                       276
Арқалық қаласы                                 282

Маңғыстау облысы - 13

Бейнеу                                         196
Қарақия                                        197 
Маңғыстау                                      198
Түпқараған                                     199
Ақтау қаласы                                   200
Жаңаөзен қаласы                                201
Форт-Шевченко қаласы                           202
Мұнайлы                                        203

Павлодар облысы - 14

Ақтоғай                                        204 
Баянауыл                                       205
Железинка                                      206
Ертiс                                          207
Қашыр                                          208
Лебяжi                                         209
Май                                            210
Павлодар                                       211
Успен                                          212
Шарбақты                                       213  
Ақсу қаласы                                    215
Ертiс селосы                                   216
Курчатов қаласы                                217
Павлодар қаласы                                218
Екiбастұз қаласы                               219

Солтүстiк Қазақстан облысы - 15

Айыртау                                        157       
Уәлиханов                                      162
Тайынша                                        164 
Ғ.Мүсiрепов атындағы                           165
Ақжар                                          167
Қызылжар                                       220 
Мағжан Жұмабаев атындағы                       221
Жамбыл                                         223
Есiл                                           224
Мамлют                                         225
Шал ақын                                       228  
Аққайың                                        229
Тимирязев                                      231
Булаево қаласы                                 232
Мамлютка қаласы                                233
Петропавл қаласы                               234
Сергеев қаласы                                 235
Тайынша қаласы                                 175     

Оңтүстік Қазақстан облысы - 19

Бәйдібек                                       286  
Арыс                                           287
Мақтаарал                                      288   
Қазығұрт                                       289
Ордабасы                                       293  
Отырар                                         294
Сайрам                                         295
Сарыағаш                                       296  
Созақ                                          297
Төлеби                                         298
Түлкібac                                       300  
Шардара                                        301
Арыс қаласы                                    302
Жетiсай қаласы                                 303
Кентау қаласы                                  304
Леңгiр қаласы                                  305 
Сарыағаш қаласы                                306
Түркiстан қаласы                               307
Шардара қаласы                                 308  
Шымкент қаласы                                 309

Алматы қаласы - 20

Алмалы                                         311
Әуезов                                         312
Бостандық                                      313
Жетiсу                                         314
Медеу                                          315
Түрксiб                                        317
Алатау                                         321
Наурызбай                                      322

Астана қаласы - 21

Алматы                                         318
Сарыарқа                                       319
Есіл                                           320

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2003 жылғы 20 қыркүйектегі 
N 958 қаулысына       
қосымша         

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 26, 223-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 892 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 32, 287-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қатынастарын реттеу жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 маусымдағы N 800 қаулысының 1 тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 269-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 мамырдағы N 574 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 15, 159-құжат).