"Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 қыркүйектегі N 912 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Корпорация) "N 1 Нан базасы", "N 2 Нан базасы", "N 4 Нан базасы", "N 5 Нан базасы" "N 6 Нан базасы" өкiлдiктерiнiң мүлiктiк кешендерiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетіне берудi қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мүлiктi тапсыру есебiнен Корпорацияның жарғылық капиталын ұлғайтуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С.Есiмовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі