Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 16, 172-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Заң, жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiнде:
1) 2-тармақ "қаржылық" деген сөзден кейiн "криминологиялық" деген сөзбен толықтырылсын;
2) 4-тармақ алынып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Криминологиялық сараптама мынадай мiндеттердi басшылыққа алады:
1) заң жобалау базасын жетiлдiру;
2) заң жобасының қабылдануына байланысты құқық бұзушылықтарды жасауға мүмкiн жағдайларды анықтау;
3) қылмыстық әрекеттiң үстiнен әлеуметтiк-құқықтық бақылаудың мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау және заң жобасы қабылданған жағдайда оның алдын алу;
4) заң жобасында Қазақстан Республикасындағы қазiргi кездегi қылмыстың жай-күйiн, сипатын және құрылымын есепке алу;
5) заң жобасын қабылдаудың қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi шараларға қатысты салдарлары;
6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы күрестiң мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау;
7) заң жобасын қабылдаудың қылмыс субъектiлерiнiң әлеуметтiк-психологиялық қасиеттерi жүйесiне қатысты салдарлары;
8) жәбiрленушi тараптың өз құқықтарының қорғалуын жүзеге асыру мүмкiндiгi;
9) заң жобасымен реттелетiн құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша статистикалық деректердiң болуы;
10) заң жобасында көрсетiлген құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша жасырын қылмысты есепке алу мүмкiндiгi;
11) террорлық актiлер, қасақана құқық бұзушылықтар, сондай-ақ абайсыздықпен құқық бұзушылықтар жасау мүмкiндiгiн анықтау;
12) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық болжауды енгiзу;
13) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық жоспарлауды жүзеге асыру;
14) экономикалық қылмыстың криминологиялық сипаттамасын талдау.";
4) 8-тармақ "ғылыми бiлiмi" деген сөздерден кейiн "және (немесе) ғылыми дәрежесi" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 10-тармақ "шартта" деген сөзден кейiн "немесе еңбек шартында" деген сөздермен толықтырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1 Сараптама заң жобасын әзiрлеудiң мынадай сатыларында жүргiзiледi:
заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiне сәйкес мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзгенге дейiн.";
7) 13-тармақта:
екiншi абзац "(мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзац ", қолданыстағы заңнамаға өзгерiстер мен толықтырулар туралы заң жобасын енгiзген кезде (мемлекеттiк және орыс тілдерiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
"зерделенетiн мәселелер бойынша статистикалық деректер";
8) 14-тармақ алынып тасталсын;
9) 15-тармақтың екiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл ретте сарапшыға мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудару үшiн қосымша он күнтiзбелiк күн берiледi.";
10) мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
"15-1. Сараптаманы ұйымдастырушы сарапшының ұсыныстары бойынша заң жобасын пысықтаған жағдайда сараптаманы жүргiзу мерзімдері жаңартылған заң жобасының ұсынылған күнінен бастап белгіленеді.".