Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 1 сәуiрдегi N 314 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 тамыздағы N 868 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Штат санының лимиттерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 1 сәуiрдегi N 314 қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
      "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 1-жолда "штат санының лимитi" деген бағандағы "495" деген сандар "511" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 2-жолда:
      "штат санының лимитi" деген бағандағы "1094" деген сандар "1050" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қазынашылық комитетi" деген 1) тармақшада "148" деген сандар "138" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қаржы бақылау комитетi" деген 3) тармақшада "71" деген сандар "61" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 7-жолда:
      "штат санының лимитi" деген бағандағы "365" деген сандар "380" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) Қазақстан Республикасының Балық шаруашылығы комитетi 23";
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 8-жолда:
      "штат санының лимитi" деген бағандағы "457" деген сандар "414" деген сандармен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Темiр жол көлiгi комитетi                       44";
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 12-жолда:
      "штат санының лимитi" деген бағандағы "325" деген сандар "335" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Құрылыс iстерi жөнiндегi комитет" деген 1) тармақшада "50" деген сандар "60" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiнiң Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) өкiлi" деген абзацта "1" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 13-жолда "157" деген сандар "158" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi     157" деген реттiк нөмiрi 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi   66";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 4-жолда:
      "штат санының лимитi" деген бағандағы "5682" деген сандар "5635" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) Қазақстан Республикасының Балық шаруашылығы комитетi 47";
      "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi" деген реттiк нөмiрi 5-жолдағы 2) тармақша алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi 290" деген реттiк нөмiрi 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
7     1) Құрылыс iстерi жөнiндегi комитет                  112
      2) Стандарттау, метрология және cepтификаттау
         жөнiндегi комитет                                 178";
      "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi 423" деген реттiк нөмiрi 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi                                        113".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін 1-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацынан басқа, 2003 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі