Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі лицензиялау жүйесiн жетiлдiру саласындағы мемлекеттiк үйлестiрушi орган болып белгіленсiн";
2) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгі" деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі";
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 27-1, 27-2, 27-3-жолдармен толықтырылсын:
"27-1 Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгiнiң
Шаруашылық басқармасы"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны Астана қаласы
27-2 "Экономикалық зерттеулер
институты" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорны Алматы қаласы
27-3 "Арнайы бағдарламалардың
ғылыми-әдiстемелiк орталығы"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны Астана қаласы";
реттiк нөмiрлерi 27, 28-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 298-1-жолмен толықтырылсын:
"298-1 "Аңзооөнеркәсiп" ӨБ"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы";
3) "Экономикалық зерттеулер институты" мемлекеттiк мекемесiн "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны етiп қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 488
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 160-құжат):
2-тармақта:
", сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiктiң құқық субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын" деген сөздер алынып тасталсын;
"Экономика" деген сөзден кейiн "және бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен толықтырылсын;
4) "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 23 сәуiрдегi N 541 қаулысында:
2-тармақта:
", сондай-ақ Кәсiпорынға қатысы бойынша мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функцияларын жүзеге асырушы органы" деген сөздер алынып тасталсын;
"сауда" деген сөз "бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 323-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ережеде:
"Жалпы ережелер" деген 1-бөлiмнiң 1-тармағында "мемлекеттiк қаржыны" деген сөздерден кейiн ", лицензиялау жүйесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
"Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары" деген 2-бөлiмде:
9-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3) және 6-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне ол Мемлекет басшысының қарауына ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын органдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi бойынша ұсыныстар енгiзсiн;
6-2) мемлекеттік инновациялық саясатты iске асыруға қатысу;
6-3) лицензиялау жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
6-4) жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыру саласындағы негiзгі бағыттарды әзiрлеу және бірыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу;";
10-тармақ:
мынадай мазмұндағы 7-1), 31-1), 31-2), 33-1), 33-2) және 33-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-1) мемлекеттік органдардың лицензиялау мәселелері жөнiндегi қызметiн үйлестiру;";
"31-1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Жұмылдыру жоспарын әзiрлеу және оны iске асыруды үйлестiру;
31-2) жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыруды ғылыми және әдiстемелiк қамтамасыз ету;";
"33-1) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың штат кестелерiне талдау жүргiзу;
33-2) еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды iске асыруға арналған шығыстарға есептемелер жүргiзу және оларды жоспарлау;
33-3) заңнамада белгiленген тәртiппен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары ұсынған болжамды көрсеткiштердi:
жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердi;
тиiстi қаржы жылының соңына облыс, Астана және Алматы қалалары жергілiктi атқарушы органының борышы көлемiн;
облыс, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындар көлемiн келiседi;";
8) тармақша "тиiстi қаржы" деген сөздердiң алдынан мынадай сөздермен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының қатысуымен".
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 653
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 230-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы N 589
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 16, 208-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 қазандағы N 1332
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 464-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және өз күшiн "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынына қатысты 2002 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 20 тамыздағы
N 837 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 4 қыркүйектегi
N 970 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттiк жоспарлау министрлiгінiң қарамағындағы
ұйымдардың тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігінiң Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
2. "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).
3. "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.