"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдік және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 23-24, 257-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң epeжeciндe:
мәтiнiнде:
"Тапсырыс", "Тапсырысты", "Тапсырыстың", "Тапсырысқа", "Тапсырыстар", "Тапсырыстарды", "Тапсырысын" деген сөздер "Хабарлама (Тапсырыс)", "Хабарламаны (Тапсырысты)", "Хабарламаның (Тапсырыстың)", "Хабарламаға (Тапсырысқа)", "Хабарламалар (Тапсырыстар)", "Хабарламаларды (Тапсырыстарды)", "Хабарламасын (Тапсырысын)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Сатып алуға арналған тапсырыс" деген сөздер "Мiндеттемелердi тiркеу туралы хабарлама (Тапсырыс)" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта "Қаржы министрлiгi" деген сөздер "Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi (бұдан әрi - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi) жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесiн;";
17-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Паспорттар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмi және жергiлiктi атқарушы органдардың кесiмдерi қабылданғаннан кейiн, бiрақ қаржы жылының басталуынан кешiктiрмей он жұмыс күнi iшiнде бекітілуi тиiс";
18-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын нақтылауды бюджеттiк бағдарламалар әкімшiлерiнiң өтiнiмi негiзiнде Бюджет комиссиясы қарайды. Бюджет комиссиясы олардың негiзiнде бағдарлама iске асырылатын нормативтiк құқықтық және заңнамалық өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге байланысты бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзiн нақтылауды қарамайды. Мұндай жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бюджеттiк бағдарламаның паспортына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы қаулысының жобасын немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмiн заңнамада белгіленген тәртiппен бюджеттiк бағдарламаның әкімшiсi әзiрлейдi.";
31-тармақта "қаржыландыру жоспарлары" деген сөздердiң алдынан "ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
"31-1. Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру үшiн Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмi қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк бағдарламалардың, кiшi бағдарламалардың әкiмшілерi және бiрыңғай бюджеттiк сыныптама шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бөлiнiсiнде республикалық бюджеттiң шығыстарына арналған жылдық бюджеттiк тағайындаулардың жиынтығын бекiтедi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне бередi.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмi қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша бекітiлген жоспарларды, олар бойынша Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келiсiлген жылдық соманы, оларға есептеулердi, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң бекiтілген қаржыландыру жоспарларын Қаржы министрлiгiне бередi.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарлары Қаржы министрлiгi белгiлеген форматта қағаз және электрондық түрде, ал мемлекеттiк мекемелердiң қаржыландыру жоспарлары - магниттік түрде ғана беріледi.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жергiлiкті атқарушы органның кесiмi қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша бекiтілген жоспарларды, оларға есептеулердi тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға бередi.
Барлық деңгейдегi қаржыландыру жоспарларының шынайылығына, ресiмделу дұрыстығына және уақытылы берiлуiне бюджеттiк бағдарламалардың әкімшiлерi жауап бередi.";
36-тармақта "негiзге алына отырып" деген сөздерден кейiн "республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарларының негiзiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
"36-1. Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарлары республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарларының жобаларына негiздей отырып, 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстардың, Астана, Алматы қалаларының бөлiнiсiнде қалыптастырылады.";
37-тармақта:
үшiншi абзац "сомаға" деген сөзден кейiн "бюджеттiк бағдарламалардың, кішi бағдарламалардың әкiмшілерi және Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың бағдарламалары мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бөлiнiсiнде республикалық бюджеттiң шығыстарына арналған жылдық бюджеттiк тағайындаулар жиынтығының сомасына" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац "тиiс" деген сөзден кейiн ", бұл ретте өсу қорытындысымен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу көлемi өсу қорытындысымен бюджетке түсетiн жиынтық түсiмдердiң жиынтық жоспарының сомасын айлар бойынша бөлу көлемiнен аспауы тиiс" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 39-1, 39-2-тармақтармен толықтырылсын:
"39-1. Мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган және кеден iсiне басшылық етудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмi қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде Қаржы министрлiгiне 5-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарларының жобаларын және оларға есептеулердi ұсынады.
39-2. Қаржы министрлiгi осы Ереженiң 35-тармағында көрсетiлген мерзiмге дейiн екі жұмыс күнiнде мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органға және кеден iсiне басшылық етудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органға олар жiберген тиiстi түсiмдер жоспарларының жобалары қабылданбаған жағдайда себептерiнiң негiздемесiмен республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспарын қалыптастыру үшiн берiлген республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарларының жобаларын жiбередi.";
41-тармақтың бiрiншi абзацында "жоспарын" деген сөзден кейiн "және республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жоспарларын" деген сөздермен толықтырылсын;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Қаржыландырудың жиынтық жоспары бекiтiлгеннен кейiн Қаржы министрлiгi мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органға және кеден iсiне басшылық етудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органға республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жоспарын жібередi.";
45-тармақтағы "өзiнiң бiрiншi басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға және бас бухгалтерi растаған есептемелерiмен бipгe" деген сөздер алынып тасталсын;
50-тармақта:
төртiншi абзац:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына" деген сөздердiң алдынан "республикалық бюджетке түсетiн бекiтiлген жылдық көлеммен және" деген сөздермен толықтырылсын;
"оларға бекiтiлген" деген сөздерден кейiн "жергiлiктi бюджетке түсетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi абзацта:
"бюджетке" деген сөз "жергiлiктi бюджеттерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тиiстi" деген сөз "жергiлiктi" деген сөзбен ауыстырылсын;
52-тармақтың үшiншi абзацында "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Шетел валютасындағы бюджетке түсетiн түсiмдер ҚҰБ келiсiм бойынша Қаржы министрлiгi анықтайтын тәртiппен Қаржы министрлiгiнiң ҚҰБ шетел валютасындағы корреспонденттiк шоттарына есептеледi.
54. Қаржы министрлiгiнiң шетел валютасындағы корреспонденттiк шоттарынан кейiннен БҚШ аудара отырып, шетел валютасын айырбастауды ҚҰБ келiсiм бойынша Қаржы министрлiгi анықтайтын тәртiппен ҚҰБ жүргiзедi.";
58, 59-тармақтарда "ағымдағы" деген сөз алынып тасталсын;
74-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен анықталған валюта айырбасының рыноктық бағамы;";
76-тармақтың бесiншi абзацында "5-Бөлiмiнде" деген сөздер "5 және 6-Бөлiмдерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
77-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi орган ағымдағы қаржы жылының бiрiншi және соңғы айын қоспағанда, ай сайын ағымдағы айдың 10-күнiне дейiн:";
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"тиiстi бюджеттерге ақшаның күтiлетiн түсу көлемiн ескере отырып, тиiстi бюджеттердiң бекiтiлген паспорттары және мiндеттемелерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары болған кезде 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың әкімшiлерiне рұқсаттар бередi;";
мынадай мазмұндағы төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Ағымдағы қаржы жылының бiрiншi айында Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкілеттi орган қаржыландырудың жиынтық жоспарларының бекiтілуiне қарай бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар бередi.
Ағымдағы қаржы жылының соңғы айында Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкілеттi орган ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейiн тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар бере алады.
Ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiне сәйкес Қаржы министрлiгi және жергілiктi уәкілеттi орган ағымдағы айдың 10-күнiнен кейiн, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейiн рұқсаттар бере алады";
80-тармақ алынып тасталсын;
84-тармақта:
"Өтiнiмдi" деген сөз "Мiндеттемелердi қабылдауға арналған өтiнiмдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қабылдауға тапсырысты" деген сөздер "Тiркеу туралы хабарламаны (Тапсырысты)" деген сөздермен ауыстырылсын;
", 12-3 және 12-4" деген сөздер алынып тасталсын;
85-тармақтың бесiншi абзацында "қайтарымды негiзде" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi негiзiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
86-тармақта "тiзбесiн" деген сөзден кейiн "және олар бойынша шарттар жасасуды талап етпейтiн шығыстардың тiзбесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
87-тармақта "және тиiстi Тапсырысты қалыптастыру" деген сөздер алынып тасталсын;
88-тармақта ", ал төртiншi топтың - ҚҰБ-ның оң қорытындысы бар банктер-қатысушылар арасында бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi конкурсты өткiзгеннен кейiн, және Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергілiктi атқарушы органдардың тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 88-1-тармақпен толықтырылсын:
"88-1. Төртiншi топтың шығыстары бойынша қабылданған мiндеттемелердi тiркеу мыналарға бюджеттiк кредит беру кезiнде жүзеге асырылады:
бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жүргiзген конкурстық iрiктеудiң нәтижелерi бойынша екiншi деңгейдегi банктi немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға ҚҰБ лицензиясы бар ұйымдарға. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар осы Ережеде анықталады;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi негiзiнде "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - Қазақстанның Даму Банкi);
бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi екіншi деңгейдегi банктердiң, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiне ҚҰБ лицензиясы бар ұйымдар арасында кредит шарттарын жасасуды, кредит беруді, мiндеттемелердi орындаудың және кредиттердi қайтарудың мониторингiн жүзеге асыруды қоса алғанда агент қызметтерiн көрсетуге конкурс өткiзгеннен кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарын. Қазақстан Республикасының азаматтарына кредит беру жөнiндегi агенттер "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес анықталады;
үкiметтiк сыртқы қарыздардың қаражаты есебiнен инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi - Қазақстан Республикасының резиденттерiн;
мәслихат жергiлiктi атқарушы орган кредит, оған қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелердi қабылдағаны туралы шешімдi бекiткеннен кейiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде жергiлiктi атқарушы органға;";
89-тармақта:
алтыншы абзац алынып тасталсын;
он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қолданылу мерзiмi бiр қаржы жылынан асатын Шартты жасасу кезiнде шарт шеңберінде сатып алынатын тауарлардың құны (бұдан әрi - Шарт сомасы), сомаларды тиiстi қаржы жылдарына бөле отырып, Шарттың жалпы сомасы көрсетiледi, валютада және немесе өтiнiмнiң жалпы сомасының пайыздарында алдын ала төлеу мөлшерiн көрсете отырып, ақы төлеудiң схемасы және шарты;";
мынадай мазмұндағы 89-1-тармақпен толықтырылсын:
"89-1. Агенттiк келiсiм мыналарды қамтуы тиiс:
тараптардың толық атауы мен мекен-жайлары;
бюджеттiк бағдарламаның атауы;
агенттiк келiсiмдi жасасу мәнi;
агент функцияларының, ол орындайтын жұмыстар мен қызметтердiң құрамы мен мазмұны;
агент орындайтын жұмыстар мен қызметтердiң құны;
жұмыстар мен қызметтердi орындау мерзiмi;
жобаны қаржыландыру жөнiндегi төлемдер мен есеп айырысуларды, бюджеттiк кредиттi беру мен қаражатты бюджетке қайтаруды (қайтарымды қаржыландырған жағдайда) жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсілдерi;
бюджет қаражатын агент шотына аудару кестесi;
агенттiң бюджет қаражатын пайдалануды растайтын құжаттарды беру тiзбесi, тәртiбi және мерзiмi;
қаржы агентiнiң қызметтерiне ақы төлеу көздерi мен тәртiбi;
агенттiк келiсiм тараптарының өзара мiндеттемелерi;
тараптардың агенттiк келiсiмнiң шарттарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершілiгi.";
90-тармақта:
үшiншi абзацта "ұсынатын" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ мемлекеттiк кепілдiк жөнiндегi мiндеттемелердi орындауға оқшауландырылатын" деген сөздермен толықтырылсын;";
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"заем алушы - тиiстi бюджет алдында кредиттi қайтару жөнiнде тiкелей мiндеттемелерi бар бюджет қаражатынан кредит алушы;";
бесiншi абзацта "банк - заемшы" деген сөздерден кейiн "Даму Банкі," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"Агент - екiншi деңгейдегi банк, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға ҚҰБ лицензиясы бар ұйым немесе агенттiк келiсiмнiң негiзiнде Даму Банкi";
отыз жетiншi және отыз сегiзiншi абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы отыз жетiншi, отыз сегiзiншi және отыз тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Тiркелген сыйақы ставкасы - мөлшерi бюджет кредитiнiң бүкiл мерзімiне өзгерiссiз белгiленетiн сыйақы ставкасы.
Өзгермелi сыйақы ставкасы - капитал рыноктарындағы конъюнктураға байланысты өзгеретiн сыйақы ставкасы;
Бюджет кредитiнiң мерзiмi бюджет кредитiн қарыз алушының шотына аударған күннен бастап есептеледi.";
91-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Егер шарт тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушілермен бiр жылдан асатын мерзiмге жасалса, онда шарт мемлекеттiк мекемеге берiлген ағымдағы қаржы жылына арналған рұқсаттардың шегiнде қабылданған мiндеттемелер бөлiгiнде ағымдағы қаржы жылына тiркеледi.";
96-тармақта "Қаржы" деген сөз "Экономика және бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"100. Yшiншi топтың қабылданған мiндеттемелерiн төлеу үшiн:
Ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 процентiнен аспайтын мөлшерде шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшелiктерi үшiн алдын ала ақы төлеуге рұқсат етiледi:
131 "Тамақ өнiмдерiн сатып алу",
132 "Дәрi-дәрмектердi және медициналық сипаттағы өзге де құралдарды сатып алу",
134 "Мүлiктiк керек-жарақ заттарын және басқа пiшiмдiк және арнайы киiм-кешектердi сатып алу, тiгу және жөндеу",
135 "Ерекше жабдықтар мен материалдарды сатып алу",
139 "Өзге тауарларды сатып алу",
411 "Активтердi сатып алу",
412 "Ғимараттар мен үй-жайларды сатып алу";
138 "Yй-жайларды жалға алуға ақы төлеу", 141 "Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу" және 144 "Электр энергиясы үшiн ақы төлеу", 145 "Жылу үшiн ақы төлеу" шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi үшiн алдын ала ақы төлеуге рұқсат eтiлмейдi;
145 "Жылу үшiн ақы төлеу" шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша алдын ала ақы төлеу ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 процентiнен аспайтын мөлшерде отын сатып алу бөлiгiнде ғана рұқсат етiледi;
жоғарыда санамаланған тiзбеге кiрмейтiн шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша Ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 процентiнен аспайтын мөлшерде алдын ала ақы төлеуге рұқсат етiледi;";
мынадай мазмұндағы 102-1-тармақпен толықтырылсын:
"102-1. Шарт сомасын арттырған немесе азайтқан жағдайда мемлекеттiк мекеме Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органына негiзгi Шартқа қосымша келiсiмдi және берiлген рұқсаттардың шегiнде арттыру сомасына Өтiнiмдi, азайтқан жағдайда - бұрын орындалған мiндеттемелердi ескере отырып, негiзгi Шартқа азайту сомасына арналған қосымша келiсiмдi және Шарттың жаңа сомасына арналған Өтiнiм бередi.";
109-тармақта:
бiрiншi абзацта "төрт" деген сөз "екi" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi абзацта:
"үшiншi" деген сөз "екiншi" деген сөзбен ауыстырылсын;
"бiрiншi, екiншi және төртiншi даналары" деген сөздер "бiрiншi данасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(12-3-қосымша)" деген сөздер "(12-2-қосымша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"12-2, 12-4" деген сандар алынып тасталсын;
үшiншi абзац алынып тасталсын;
111-тармақ алынып тасталсын;
116-тармақта:
отыз бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"тиiстi Хабарлама бойынша соңғысы төлеген ақы төлеуге шоттың нөмiрлерi мен күнi;";
отыз төртiншi абзац:
"тауардың (жұмыстың, қызметтiң) әрбiр түрiнiң бiрлiгi үшiн" деген сөздерден кейiн "немесе тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) тобы үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
"тауардың, (жұмыстың, қызметтiң) әрбiр түрi бойынша" деген сөздерден кейiн "немесе тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) әрбiр тобы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
117-тармақта "ҚҰБ ресми бағамы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюта айырбасының рыноктық бағамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
119-тармақтың үшiншi абзацында "төртiншi" деген сөз "бiрiншi" деген сөзбен ауыстырылсын;
120-тармақтың бiрiншi абзацында "келесi есептi" деген сөздер "есептіден кейiнгi келесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
121-тармақ мынадай мазмұндағы бiрiншi және екiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Субсидияларды төлеудi жүзегe асыру үшiн бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазынашылық органдарына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiмен белгiленген құжаттарды береді.
Субсидияларды төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайды.";
122-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетел валютасындағы төлемдердi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер ақы төлеуге арналған шоттан басқа, 13-1 және 14-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Шетел валютасын айырбастауға және аударуға өтiнiм бередi.";
126-тармақ алынып тасталсын;
130-тармақта:
бiрiншi абзацта "қалпына келтiру" деген сөздерден кейiн "және берушiлердiң мемлекеттiк мекемелерге ағымдағы жылдың дебиторлық берешегiн өтеуi" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
"Өткен жылдардың дебиторлық берешегiн өтеу сомасы Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен кiрiстердiң бюджеттiк сыныптамасының тиiстi коды бойынша бюджетке есептеледi.";
141, 142-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"141. Қазынашылықтың аумақтық органы күн сайын тиiсті бюджетке күн сайын түсетiн түсiмдер туралы ақпараттың негiзiнде 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бюджеттiк алулар туралы анықтаманы қалыптастырады және оны тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға жеткiзедi.
Облыстың, Астана, Алматы қалаларының жергiлiктi уәкiлеттi органы күн сайын Облыстық бюджеттен, Астана, Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулар туралы анықтаманың негiзiнде жергілiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен төлемдердi жүзеге асырғанға дейiн Қазынашылықтың аумақтық органына ақы төлеуге шот табыс етедi.
Бюджеттiк алулар республикалық бюджет туралы заңда және мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес бюджеттiк алуларды айлар бойынша бөлуде белгiленген соманың шегінде қаржы жылының iшiнде жүргiзіледi. Бiр айдың iшінде республикалық бюджетке аударуға жататын бюджеттiк алулар сомасы мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық, жоспарында анықталған бюджеттiк алулардың сомасынан асқан жағдайда осы Ережеде белгiленген тәртiппен мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерiстер енгiзiледi.
Тиiстi жергiлiктi бюджеттiң кiрiс бөлiгi жете атқарылмаған жағдайда республикалық бюджетке бюджеттiк алулар Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келiсiлген тиiстi бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң атқарылу процентiне тепе-тең жүргiзiледi.
Тиiстi жергiлiктi бюджеттiң ҚБШ қаражат және жергiлiктi бюджеттiң қаржыландырудың жиынтық жоспарында анықталған бюджеттiк алулар бойынша жоспарлы тағайындаулар болған кезде қаржы жылының ағымдағы айында бюджеттік алуларды республикалық бюджетке мерзiмiнен бұрын аударуға жол берiледi.
Ағымдағы қаржы жылында бюджеттiк алулар бойынша түпкi есеп айырысу ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ағымдағы қаржы жылында тиiстi жергiлiктi бюджеттерге iс жүзiнде қалыптасқан түсiмдердi ескере отырып, есептiк кезеңде жүргiзiледi.
142. Бюджеттiк алулардың сомасын есептеу кезiнде бiр күннiң қорытындысы бойынша мыналардың:
жергiлiктi инвестициялық жобаларға берiлген кредиттep бойынша сыйақылардың (мүдделердiң);
бұрын жергiлiктi бюджеттен алынған пайдаланылмаған қаражаттың қайтарылуының түсiмi ескеріледi.";
мынадай мазмұндағы 142-1-тармақпен толықтырылсын:
"142-1. Бюджеттiк алулардың толық және уақытылы аударылуын бақылауды аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады.";
160-тармақта:
"қаулысымен" деген сөз "қаулыларымен" деген сөзбен ауыстырылсын;
"N 874" деген саннан кейiн "және Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдалану ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 160-1-тармақпен толықтырылсын:
"160-1. Даму Банкiнiң бюджеттiк кредит беру тәртiбi мен шарты "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 қыркүйектегi N 1187 қаулысымен бекiтiлген Даму Банкiнiң Кредит саясаты туралы меморандумына және осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң немесе жергiлiкті атқарушы органның шешiмi негiзiнде анықталады.".
161-тармақта:
үшiншi абзац алынып тасталсын:
мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қарыз алушы-банктерге түпкi қарыз алушыларға бюджеттiк кредит беру нәтижесiнде туындаған операциялық шығыстарды бюджет кредитiнiң есебiнен өтеу жүргiзілмейдi.";
мынадай мазмұндағы 164-1, 164-2, 164-3, 164-4, 164-5, 164-6-тармақтармен толықтырылсын:
"164-1. Ұлттық валютадағы сыйақы ставкасы өтеуге дейiн бюджет кредитiнiң мерзiмiне тең мерзiммен Қаржы министрлiгi эмиссиялаған ұлттық валютадағы мемлекеттiк орта мерзiмдi индекстелмейтiн бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама рыногындағы операциялардың нәтижелерi бойынша алдағы тоқсанда қалыптасқан кiрiстiлiктiң орта өлшемдiк ставкасына тең болып белгіленедi.
164-2 Шетел валютасындағы сыйақы ставкасы өтеуге дейiн бюджет кредитiнiң мерзiмiне тең мерзiммен Қаржы министрлiгi эмиссиялаған ұлттық валютадағы мемлекеттiк орта мерзiмдi индекстелмейтiн бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама рыногындағы операциялардың нәтижелерi бойынша алдағы тоқсанда қалыптасқан кiрiстiлiктiң орта өлшемдiк ставкасына тең болып белгiленедi.
164-3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 шiлдедегi N 889 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын бюджеттiк кредит беру кезiндегi сыйақы ставкасының мөлшерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен анықталады.
164-4. Қазақстан Республикасының азаматтарына кредит беру кезiнде сыйақы ставкасының мөлшерi 164-1, 164-2-тармақтарға сәйкес анықталатын тиiстi валютадағы сыйақы ставкасының 0,5 (нөл бүтiн оннан бec) есебiнен аспауы тиiс.
164-5. Түпкi қарыз алушы үшiн сыйақы ставкасының мөлшерi 164-1, 164-2-тармақтарға сәйкес анықталатын тиiстi валютадағы сыйақы ставкасының 1,5 (бiр бүтiн оннан бec) есебiнен аспауы тиiс.
164-6. Егер Қаржы министрлiгi эмиссиялаған бағалы қағаздардың ұйымдастырылған қайталама рыногындағы операциялар ағымдағы кезеңде жүргiзiлмеген жағдайда, сыйақы ставкасы өткен кезеңдегi тиiстi валютадағы сыйақы ставкасына тең белгiленедi.";
165-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтарында "банк-заемшыға" деген сөздер "қарыз алушы-банктердi анықтауға үмiткерлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
166-тармақта:
"қойылатын" деген сөз "негiзгi" деген сөзбен ауыстырылсын;
"сұрауды" деген сөзден кейiн "бұрын республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттердiң ақшасы есебiнен алынған кредиттер бойынша берешектiң және бюджеттiк кредиттердi уақытылы қайтару жөнiндегi тиiстi қамтамасыз етудiң болуы жөнiндегi талаптарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
167-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қаржы министрлiгi және/немесе жергiлiктi атқарушы органдар бағдарламалар әкiмшiлерiнiң сұрау салулары бойынша бұрын республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттердiң ақшасы есебiнен алынған кредиттер бойынша қарыз алушы-банктердi анықтауға үмiткерлер берешегiнiң бар-жоғы туралы ақпаратты жiбередi";
170-тармақтың үшiншi абзацында "бюджеттiк" деген сөздiң алдынан "түпкi қарыз алушылардың" деген сөздермен толықтырылсын, "шығыстардың" деген сөз "шығыстарының" деген сөзбен ауыстырылсын;
174-тармақта ", 12-3 және 12-4" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 180-1, 180-2-тармақтармен толықтырылсын:
"180-1. Бюджеттiк кредиттiң негiзгi борышының жеңілдiктi кезеңiнiң ұзақтығы қарыз алушы мен бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң тиiстi есептеулерiмен расталады. Бұл ретте жеңілдiктi кезеңнiң ұзақтығы кредит мерзiмi ұзақтығының 1/3 (үштен бiрi) аспауы тиiс.
180-2. Бюджеттiк кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы есептеу тиiстi шарттарға қол қойған күннен бастап бюджеттік кредиттi құрылымдау кезiнде бюджеттiк кредиттiң қаражатын бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнің шотынан қарыз алушының шотына аударған күннен бастап жүзеге асырылады. Кассалық алшақтықты жабуға берiлген кредиттердi қоспағанда, бюджеттiк кредит бойынша сыйақы төлеу бюджет кредитiн беру кестесiне сәйкес бiрiншi күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.";
182-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"182. Бюджеттiк кредиттi мақсатсыз пайдалану фактiлерi анықталған кезде кредит берушi Қаржы министрлiгi анықтайтын тәртiппен кредит шартында айтылған мөлшерде айыппұл сала отырып, заңсыз пайдаланылған кредит сомасын өндiрiп алуға құқылы.";
184-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"жергілiктi атқарушы органдардың жоғары тұрған бюджеттерге бұрын берiлген кредиттер бойынша негiзгi борышты өтегенге және мақсатына сай пайдаланылмаған қаражатты қайтарғанға дейiн қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтарын өзге мақсаттарға жұмсауына тыйым салу;";
186-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы, жетiншi, сегiзiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Кредиттi қайта құрылымдау кезiнде кредит берушi мен қарыз алушы арасында қайта құрылымдау туралы келiсiм (шарт) жасалады.
Бұл ретте кредит беруші:
сыйақы ставкасын белгiлеудi осы Ереженiң 90-тармағына сәйкес жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 186-1, 186-2-тармақтармен толықтырылсын:
"186-1. Даму Банкiне берiлген кредиттердi қайта құрылымдау шарты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi негiзiнде анықталады.
186-2. Даму Банкiн және Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, қарыз алушыларға кредиттердi қайта құрылымдау кезiнде сыйақы ставкасы тиiстi валютада 164-1, 164-2-тармақтарға сәйкес анықталады.";
мынадай мазмұндағы 187-1-тармақпен толықтырылсын:
"187-1. Бюджеттiк кредит беру туралы ақпаратты Қаржы және экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiктерi арасында келiсілген нысан бойынша және мерзiмде Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне Қаржы министрлiгi бередi.";
194-тармақтың тоғызыншы абзацында және 195, 196, 197, 198, 199, 200-тармақтарда "сауда" деген сөз "бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
204-тармақта "жағдайда" деген сөзден кейiн "егер iшкi кредит келiсiмiнде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
205-тармақта "қаражатты" деген сөздiң алдынан "мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша мiндеттемелердi орындау кезiнде бюджеттiк кредит болып табылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
216-тармақтың бiрiншi абзацында "мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына" деген сөздерден кейiн ", республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарларына" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 216-1-тармақпен толықтырылсын:
"216-1. Бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзудi 15-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамалар бойынша Қаржы министрлiгi және уәкiлеттi орган жүргiзедi.
Тиiстi қаржы жылының өткен айларындағы (есептi кезеңдегi) түсiмдердiң бекiтiлген жиынтық жоспарына өзгерiстер мен толықтыруларға жол берiлмейдi. Заң кесiмдерiне сәйкес өзгерiстерден және Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына өзгерiстерден басқа, ағымдағы қаржы жылының соңғы айында түсiмдердiң жиынтық жоспарын нақтылауға жол берiлмейдi.";
217-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган және кеден iсiне басшылық етудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган ұсынылатын өзгерiстердiң есептеулерi мен себептерiн көрсете отырып, 17-1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жоспарларына өзгерістер енгiзу үшiн Өтiнiм бере алады.";
218, 219-тармақтардың сегiзiншi абзацында және 220-тармақтың тоғызыншы абзацында:
"сомалар" деген сөздiң алдынан "берiлген" деген сөзбен толықтырылсын;
"жоспарлы сомасының артуы" деген сөздерден кейiн "және рұқсаттар беру" деген сөздермен толықтырылсын;
219-тармақта:
он бiрiншi абзацта:
"шығыстардың сомасына" деген сөздер "қаржыландыру жоспарларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"25" деген сандар "20" деген сандармен ауыстырылсын;
"дейiнгi" деген сөзден кейiн ", ал Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергілiктi атқарушы органның шешiмдерi бойынша - сол сияқты және ағымдағы айдың 20-күнiнен кейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi алдағы айларға арналған Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзуге тиiстi өтiнiмдердi Қаржы министрлiгiне бередi. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiм қағаз және магниттiк түрде, ал мемлекеттiк мекемелердiң қаржыландыру жоспарларына - магниттiк түрде беріледі.
Ағымдағы қаржы жылының соңғы айында мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмдерi бойынша ұсынылатын өзгерiстерге тиiстi есептеулермен ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi Қаржы министрлiгiне немесе жергiлiктi атқарушы органға берген Өтiнiмнiң негiзiнде - ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанынан кейiн жүзеге асырылады.
Бюджеттiк бағдарламалардың әкімшiлерi және ведомстволық бағыныстағы мекемелер алдағы айға арналған тиiстi қаржыландыру жоспарларына айына кемiнде бiр рет өзгерiстер енгiзе алады.";
Мынадай мазмұндағы 220-1-тармақпен толықтырылсын:
"220-1. Қаржы министрлiгi Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiмдердi қарайды. Егер өзгерiстер түсiмдердiң жиынтық жоспарына енгiзiлген жағдайда Түсiмдердiң жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама қалыптастырылады.
Қаржы министрлiгi Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiмдi қабылдамаған кезде жiберiлген ұсыныстарды қабылдамау себептерiнiң негiздемесiмен Өтiнiм берген мемлекеттiк органды бас тарту туралы хабардар етедi.";
221-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органның және кеден iсiне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның өтiнiмдерiн Қаржы министрлiгi бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде қарайды.";
222-тармақта "шығыстарының сомаларын" деген сөздер "қаржыландыру жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
223, 224-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"223. Қаржы министрлiгi бекiтілген Анықтаманың негiзiнде 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мiндеттемелер мен төлемдер жөнiндегi қаржыландырудың жиынтық жоспарларына және Өтiнiмдердiң негiзiнде 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекемелер-республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзедi.
Жергiлiктi уәкiлеттi орган бекiтiлген Анықтаманың негiзiнде 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерiстердi мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзедi.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерi Өтiнiмдердiң негiзiнде 16 және 17-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкімшiлерiнiң және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзедi.
224. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң Өтiнiмдерi негiзiнде 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қалыптастыратын Анықтамаларға (бұдан әрі - Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң анықтамалары) сәйкес енгiзiледi.";
226-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"226. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң анықтамаларын осы Ереженiң 225-тармағында санамаланған нормалар сақталған кезде жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бекiтедi және ағымдағы ай аяқталғанға дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей аумақтық қазынашылық органдарына қағаз және магниттiк түрде беріледi.";
227-тармақтың үшiншi абзацында "тиiстi" деген сөзден кейiн "жергiлiктi" деген сөзбен толықтырылсын;
228-тармақта:
"Қаржы" деген сөз "Экономика және бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Yкiметiне және жергілiктi атқарушы органдарға" деген сөздер "тиiстi Бюджет комиссиясына" деген сөздермен ауыстырылсын;
232-тармақта "Қаржы" деген сөз "Экономика және бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
234-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу кезінде қаржы жылының iшiнде жергiлiктi бюджеттердi нақтылау жүргiзiлмейдi.";
237-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"237. Қаржы министрлiгi мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органға және кеден iсiне басшылық етудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң нақтыланған жоспарын жеткiзедi.";
238-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"238. Қаржы министрлiгi мен оның аумақтық органдары бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілерiн қаржыландыруды оның мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарлары Шығыстардың бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының кодтары бойынша да және айлар бойынша да оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң тиiстi жоспарларының сомасына сәйкес келмеген жағдайда тоқтатуға құқығы бap.";
мемлекеттiк тiлдегi 30-тараудың тақырыбы өзгерiссiз қалады;
273-тармақта "ҚҰБ-нiң ресми" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюта айырбастаудың рыноктық бағамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
279-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Қаржыландырудың ерекше тәртiбi белгiленген мемлекеттiк мекемелер активтер жөнiндегi ақпаратты аумақтық қазынашылық органдарына бермейдi, олардың активтерiн есепке алу тиiстi мемлекеттік органдармен бiрлесiп Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртіппен басқа мемлекеттік мекемелердiң активтерiн есепке алудан бөлек жүргiзiледi.";
290-тармақтың екiншi және төртiнші абзацтарында "тексеру актісi" деген сөздер "бақылау жүргiзу актiсi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 294-1-тармақпен толықтырылсын:
"294-1. Бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларының және мемлекеттiк мекеменiң ақылы қызметтердi iске асырудан алынатын қаражат жөнiндегi қаржыландыру жоспарларының және кiрiстер және шығыстарды қаржыландыру жоспарларының қолданылуы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
Бюджеттiк бағдарламалар, тиiстi инвестициялық жобалар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары сомасының қалдықтары Қаржы министрлігi белгiлеген тәртiппен есептiк кезеңнiң ішінде қолданылады.";
296-тармақ:
"жобалар" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ ресми трансферттер" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"қаржы жылының iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен жергiлiктi бюджеттерге бөлiнген, пайдаланылмаған қаражат ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн республикалық бюджетке қайтаруға жатады.";
297-тармақта:
бiрiншi абзацта "Қазынашылықтың аумақтық органы" деген сөздер "Қазынашылық органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацта "осы Ережеде белгіленген тәртiппен" деген сөздер "Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзац алынып мынадай редакцияда жазылсын:
"ағымдағы қаржы жылына берілген рұқсаттардың шегiнде қабылданатын мiндеттемелер бөлiгiнде әрекет ету мерзiмi бiр қаржы жылынан асатын шартты тiркейді";
299-тармақта:
бiрiншi абзацта "мемлекеттiк мекемелердiң" деген сөздерден кейiн "және аккредитивтердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Есептiк кезең аяқталғаннан кейiн Қаржы министрлiгi есептiк кезең шоты қалдығының сомасын бюджеттiк бағдарламалар әкімшiсiнiң өтiнiшi бойынша аккредитивке аударуы мүмкiн;";
34-тараудың тақырыбында "банктiк" деген сөз алынып тасталсын;
301-тармақта:
"корреспонденттiк шот" деген сөздер "корреспонденттiк шоттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"СБШ - түсiмдер бойынша операцияларды есептеуге және тиiстi бюджеттен жүргiзiлген төлемдердi есептеуге арналған.
БҚШ - барлық СБШ, мемлекеттiк мекемелердiң шоттары және басқа да шоттар қаражатының қалдықтарын қамтиды.";
302-тармақтың үшiншi абзацында "ағымдағы" деген сөз алынып тасталсын;
303-тармақта:
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Алматы қаласы әкiмiнiң бюджеттен тыс қоры бойынша шоты;";
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
мемлекеттiк тілдегi мәтiнiнде бесiншi абзацтағы "шоттары" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"басқа да шоттары болады.";
305-тармақ:
мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
"салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрiн (СТН) бере отырып, мемлекеттiк мекеменiң салық органында есепке тұру фактiсiн растайтын аумақтық салық органы берген белгiленген нысандағы құжат;";
он үшiншi абзацта "мен оның аудандары" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"депозиттiк шот ашу үшiн:
Қаржы министрлiгiнiң рұқсатын;
аккредитив ашу үшiн:
мемлекеттік мекеменiң өтiнішін және аккредитивтi ашу және жүргiзу қажеттiлiгiн растайтын басқа құжаттарды табыс eтедi";
307-тармақ алынып тасталсын;
308-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк мекемелердi құру туралы нормативтiк құқықтық кесімдердiң негiзiнде Қаржы министрлiгiне құрылған мемлекеттiк мекемелерді мемлекеттік мекемелердiң анықтамасына кiргiзу туралы қолдаухатты бередi.
Жергіліктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк мекемелерді құру туралы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң негізінде Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдарына құрылған мемлекеттiк мекемелердi мемлекеттiк мекемелердiң анықтамасына кіргiзу туралы қолдаухатты бередi.";
309-тармақта "мен оның аудандары" деген сөздер алынып тасталсын;
316-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн жоспардан тыс түсiмдердi Қаржы министрлiгi шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке түскен iс жүзiндегi түсiмдердiң жергiлiктi бюджеттердiң, тұтастай алғанда республикалық бюджет бойынша және жеке жергіліктi бюджеттер бойынша бұрын Қорға аударылған соманы және Қордан алынған шығындар өтемақысын ескере отырып, кiрiстер сыныптамасының кодтары бөлiнiсiнде қаржы жылынан бастап өспелi қорытынды республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген жылдық көлемiнен және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген тоқсандық көлемдерiнен артық сомасы ретiнде анықтайды.";
317-тармақта:
бiріншi абзацтағы "республикалық және" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
"Шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жылдық көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi.";
321-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "республикалық және" және "тұтастай алғанда республикалық бюджеттiң және" деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi абзацтағы "республикалық және" және "тұтастай алғанда республикалық бюджет бойынша жеке" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Республикалық бюджеттiң шығындарын өтеу шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдер бойынша және тұтастай алғанда түсiмдер бойынша республикалық бюджет атқарылмаған жағдайда жүргізіледі.
Өтемақы мөлшерi республикалық бюджеттiң түсiмдерi бойынша жете атқарылмаған жалпы сомадан аспайды.";
334-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"334. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында белгiленген мерзiмде ҚҰБ-мен бiрлесiп жасайды.
Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп мыналарды:
1) 41-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қордың түсiмдерi және оны пайдалану туралы жылдық есептi;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтілген нысандар бойынша балансты және есептердi;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң балансын;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кiрiстерi мен шығыстары туралы есептi;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша қозғалысы туралы есептерiн;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң таза активтерiндегi өзгерiстер туралы есептердi;
3) Қорды басқару жөніндегі өзге де деректердi қамтиды.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында белгіленген мерзiмде сыртқы аудиттi жүргiзу нәтижелерiмен бiрге Қорды басқару жөнiндегi кеңес мақұлдаған жылдық есептi Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуіне енгiзедi.".
мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде 336-тармақ өзгерiссiз қалады;
337-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақылы қызметтерден түсетiн қаражаттың есебiнен операцияларды жүргiзу үшiн мемлекеттiк мекеме жыл сайын мынадай тәртiппен 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердiң әрбiр түрi бойынша кiрiстердiң және шығыстарды қаржыландыру жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды.";
338-тармақта:
бiрiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi:
мемлекеттiк мекемелердiң жоспарлары негiзiнде 44-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердiң әрбiр түрi бойынша кірістердiң және шығыстарды қаржыландырудың жиынтық жоспарын (бұдан әрі - жиынтық жоспар) жасайды және бекiтедi;
мемлекеттiк мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi қол қойған және мөрмен расталған республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкімшісінің жиынтық жоспарын ведомстволық, бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң жоспарларымен бiрге келiсу үшiн ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қаржы министрлiгiне бередi. Жиынтық жоспар қағаз және магниттiк түрлерде, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң жоспарлары - магниттік түрде беріледі;
басшы мен бас бухгалтер қол қойған және мөрмен расталған жергіліктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жиынтық жоспарын келісу үшін ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде тиiстi жергілiктi уәкілеттi органға бередi;";
үшiншi абзац "есептемелердi" деген сөзден кейiн "ұсынады" деген сөзбен толықтырылсын;
төртiншi абзацта "жоспарды" деген сөз "жиынтық жоспарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жиынтық жоспар мен оған есептемелердi жасаудың дұрыстығына нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жауап бередi.";
339-тармақта:
бiрiншi абзацта "заң актілерiне, бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес келуiн, кірiстердi есептеудiң толықтығына және дұрыстығына, шығыстар бағытының Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацта:
"куәландырылған" деген сөзден кейiн "жиынтық" деген сөзбен толықтырылсын;
"бекiтедi" деген сөз "келiседi" деген сөзбен ауыстырылсын;
340-тармақта:
"Бекiтiлген" деген сөз "Келiсiлген жиынтық" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бip-бiр данасы тиiстi аумақтық қазынашылық органына және" деген сөздер "екiншi данасы мемлекеттік мекемелердiң жоспарларымен бiрге" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 340-1, 340-2, 340-3, 340-4-тармақтармен толықтырылсын:
"340-1. Жоспарланып отырған жылдың 1 қаңтарына дейiн ақылы қызметтер бойынша кірiстер және шығыстарды қаржыландыру жоспарын бекiтпеген жағдайда мемлекеттiк мекемелер ағымдағы қаржы жылының 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде есептi жылдың 31 желтоқсанына ақылы қызметтер жөнiндегi қалдықтардың және есептi қаржы жылы жоспарларының шегiнде жүргiзiлген шығыстардың сомасын ағымдағы қаржы жылының жоспарына мiндеттi түрде қоса отырып, шығыстар жүргiзе алады.
340-2. Егер жиынтық жоспар ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейiн Қаржы министрлiгiне немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға келiсу үшiн ұсынылмаса және ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейiн келiсiлмесе, онда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 1 наурызына дейiн түскен ақылы қызметтер бойынша қаражат үш жұмыс күнi iшiнде тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударуға жатады.
340-3. Жоспарларға немесе жиынтық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қаржы министрлiгi анықтайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
340-4. Мемлекеттiк мекеме басқа мемлекеттiк мекемелерге ақылы қызметтер көрсете алады.
Мемлекеттiк мекемеге заңнамаға сәйкес оған ашылған бюджеттік шоттан және басқа шоттардан қаражатты өзiнiң ақылы қызметтер шотына аударуға тыйым салынады.
Түзеу мекемелерiне қаражатты депозиттік шоттан ақылы қызметтер шотына аударуға рұқсат етiледi.";
343-тармақ алынып тасталсын;
44-тараудың тақырыбында және 355-тармақта "мен оның аудандары" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 45-тараумен және 356, 357, 358, 359, 360, 361, 362, 363, 364, 365, 366-тармақтармен толықтырылсын:
"45-тарау. Операцияларды аккредитивтермен жүргiзу рәсiмдерi
356. Аккредитив аяқталу мерзiмi ағымдағы қаржы жылында басталатын инвестициялық жобалар шеңберiнде, инвестициялық жобалар бойынша Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң жабдықтарды бергенi үшiн, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары үшiн қару-жарақ пен арнайы техниканы бергенi үшiн, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының объектiлерi бойынша құжаттық есептеулер кезiнде пайдаланылады.
357. Аккредитив мемлекеттiк мекемелер республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушiлермен жасасқан және заңнамада белгiленген тәртіппен тіркелген азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша ақы төлеу шарттарына сәйкес төлемдердi және (немесе) ақша аударуды жүзеге асыру үшiн ашылады. Шартта тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн есеп айырысулар аккредитивтердi пайдалана отырып жүзеге асырылатыны және алдын ала төленген жағдайда бөлiнген сома қандай мақсаттарға пайдаланылатыны айтылуы тиiс.
358. Аккредитив Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдарында тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiлерге жедел аккредитив нысанын пайдалана отырып, оның және мемлекеттiк мекеменiң арасында жасалған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін есеп айырысулар жүргiзу туралы шарттың негiзiнде ашылады.
359. Мемлекеттiк мекеме мен берушiнiң арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) беру жөнiндегi шарттың орындалуын ұзартқан жағдайда, бюджет комиссиясының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде аккредитивтiң қолданылу мерзiмi ұзартылады.
360. Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң қаражаты есебінен ашылатын аккредитивтi ашу, орындау және жабу тәртiбiн Қаржы министрлiгi анықтайды.
361. Аккредитивтi орындау мақсатында жүзеге асырылатын төлемдер есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз нысанында жүргiзiледi.
362. Аккредитивтер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық және шетел валютасында ашылады.
363. Аккредитивтi ашу және орындау ақысыз негiзде жүзеге асырылады.
364. Аккредитив осы Ереженiң 356-тармағында көрсетiлген бюджеттiк бағдарламалар бойынша пайдаланылмаған ақшалай қаражаттың қалдығы сомасына ашылады, ақы төлеу аккредитивтiң шарттарын орындау кезiнде жүзеге асырылады.
365. Ағымдағы жыл аккредитивiнiң пайдаланылмаған сомасын қайтару бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшелiгi бойынша кассалық шығыстарды қалпына келтiру жолымен жүргiзiледi.
Өткен қаржы жылдарында ашылған қайтарып алынған аккредитивтердiң сомасы ағымдағы жылдың тиiстi бюджетiнiң кірісіне есептеуге жатады.
366. Аккредитивтер бойынша есеп және есептiлiк жүргiзу Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 14-бөлiммен және 367, 368, 369, 370, 371-тармақтармен толықтырылсын:
"14-бөлiм. Өтпелi жағдайлар
367. Осы Өтпелi жағдайлар Қаржы министрлiгi бекiткен кестеге сәйкес толық автоматтандырылған қазынашылық жүйесiн орнату және сынау кезеңiне және оны Қазақстан Республикасының барлық аумақтары бойынша енгiзу аяқталғанға дейiн әрекет етедi.
368. Осы Ереженiң 73, 87, 103-тармақтарында, 105, 107-112, 114-117-тармақтарының екiншi абзацы және 119, 121-129, 227, 238, 278-280, 285-288, 294-299, 309-тармақтардың екiншi және үшiншi абзацтары толық автоматтандырылған қазынашылық жүйесiн орнату және зерттеудi аяқтау жүргiзiлген Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
369. Толық автоматтандырылған қазынашылық жүйесiн орнату және зерттеудi аяқтау жүргiзiлмеген Қазақстан Республикасының аумағында:
Қазынашылықтың аумақтық органдарындағы уақытша бос бюджет ақшасын олар аумақтық қазынашылық органдарымен жасалатын келiсiмдердiң негiзiнде оларды ҚҰБ салымдарына (депозиттерiне) орналастыру үшiн Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi тартады;
мемлекеттiк мекемелер 92, 118-тармақтар, 119, 120, 123-тармақтардың бiрiншi абзацы бойынша ақы төлеуге арналған шоттың орнына аумақтық қазынашылық органдарына төлем тапсырмасын бередi;
жергiлiктi атқарушы органдар бюджеттік алуларды облыстық бюджеттен, Алматы қаласының бюджетiнен республикалық бюджетке аудару үшiн ақы төлеуге арналған шоттың орнына аумақтық қазынашылық органдарына төлем тапсырмасын бередi;
аумақтық қазынашылық органдары осы ережеге 21-33 және 36-40-қосымшаларды қалыптастырмайды және тиiстi пайдаланушыларға бермейдi.
370. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында толық автоматтандырылған қазынашылық жүйесiн орнату мен сынау аяқталғанға дейiн:
мемлекеттік мекемелер жүргізетін шетел валютасындағы операциялар Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдарында ашылған олардың шетел валютасындағы шоттары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдары шетел валютасындағы барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүргiзедi;
республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер 16 және 17-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінімдердiң негiзiнде 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қалыптастыратын Анықтамаға сәйкес енгiзiледi; республикалық бюджеттiң жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерiстер Қаржы министрлiгi қалыптастыратын Анықтамаларға сәйкес енгiзіледi. Алдыңғы айлардағы қаржыландырудың тиiстi жоспарларының сомасын өзгерту берiлген рұқсаттарды, Қазынашылықтың аумақтық органдарында тiркелген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушілер алдындағы мiндеттемелердiң бар-жоғын, бюджет қаражатын қайтарып алуға арналған нұсқамаларды ескере отырып, айлар бойынша бөлумен жүзеге асырылады.
Бұл ретте толық автоматтандырылған қазынашылық жүйесiн орнату және сынауды аяқтау жүргiзiлген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiне қатысты тиiстi қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер Анықтамаларға сәйкес енгізiледi, онда алдыңғы айларда түзетілетiн көрсеткiштердi қазынашылық органының жауапты орындаушысы дербес жинақтайды және ағымдағы кезеңде жүйеге енгiзедi.
371. Қазақстан Республикасының толық автоматтандырылған қазынашылық жүйесiн орнату және сынауды аяқтау жүргiзiлмеген аумағында аумақтық қазынашылық органдары бюджет ақшасының есебiнен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелердi тiркеудi мынадай тәртiппен жүзеге асырады:
1) мемлекеттiк мекемелер оларға қызмет көрсететiн аумақтық қазынашылық органына шарт және оны тiркеуге өтiнiм бередi.
Шарттарды тiркеу кезiнде аумақтық қазынашылық органдары мемлекеттiк мекемемен жасалатын шарт сомасының жылдың басынан бастап тиiстi айға арналған және Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы шығыстарының бюджеттiк сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша қабылданған міндеттемелер мен қайтарып алуларды есептен шығара отырып, оған берілген рұқсатқа сәйкес жылдық бюджеттiк тағайындауларға сәйкестiгiн тексерудi жүргiзедi;
2) шартты тiркеуге арналған өтiнiмдi бекiту кезiнде мiндеттемеге 10 саннан тұратын нөмiр берiледi, бiрiншi 3 сан мекеме-бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң кодын, екiншi 4 сан - ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекеменiң кодын, қалған 3 сан - мiндеттеме нөмiрiн білдiредi. Шарт шығыстардың бiрнеше ерекшелiктерi бойынша жасалады және тиiсiнше сонша мiндеттеме қабылданады, бұл ретте олардың әрқайсысына жеке кезектi нөмiр берiледi;
3) міндеттемелердiң есепке алынғанын растау мақсатында аумақтық қазынашылық органы мiндеттеменiң берілген нөмiрiн және шартты тiркеуге арналған өтінiм нөмiрiн көрсете отырып, шартты тiркеу туралы анықтаманы мемлекеттiк мекемеге бередi.
Шартты тiркеу туралы анықтама екi данада жасалады, оның бiреуiн аумақтық қазынашылық органы куәландырады және мемлекеттiк мекемеге бередi, екiншiсi шартпен бiрге аумақтық қазынашылық органында қалады;
4) Шарттың сомасын немесе оның тараптарының деректемелерiн бұзған, өзгерткен жағдайда мемлекеттiк мекеме мұндай шартты аумақтық қазынашылық органында қайта тiркеуi тиiс.
Осыған байланысты мемлекеттiк мекеме шартқа өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiмдi аумақтық қазынашылық органына бередi. Өтiнiмде шарттың жаңа сомасы, сондай-ақ түзетiлетiн мiндеттемелердiң нөмiрлерi көрсетiледi.
Шарттың ережелерiн азырақ сомаға мiндеттемелердi орындау бөлiгiнде өзгерткен жағдайда шартқа өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiмде орындалған мiндеттеменiң сомасына тең мiндеттеменiң сомасы көрсетiледi;
5) Шартқа, өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiм бекітiлгеннен кейiн мiндеттемеге осы тармақтың 2) тармақшасында айтылған тәртiппен жаңа нөмiр берiледi және шартқа өзгерiстер енгiзу туралы анықтама берiледi;
6) мемлекеттiк мекемелердiң шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауы қаржы мiндеттемелерiн бақылау ведомосi бойынша тексерiледi. Ведомость аумақтық қазынашылық органында әрбiр қызмет көрсететiн мемлекеттiк мекеме бойынша оның жетi санды кодын және бюджеттiк сыныптама кодтары бөлiнiсiнде атауын көрсете отырып, қалыптастырылады. Ведомость бюджеттік сыныптаманың берiлген бiр коды бойынша немесе олар бойынша мiндеттемелер бар бюджеттiк сыныптаманың бiрнеше кодтары бойынша қалыптастырылуы мүмкiн.
Аумақтық қазынашылық органдарында тiркелген, бiрақ ағымдағы қаржы жылында аяқталмаған азаматтық-құқықтық шарттар келесi қаржы жылында қайта тiркеуге жатады.
Ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн аумақтық қазынашылық органы қабылданған мiндеттемелердi орындамаған жағдайда орындалмаған мiндеттемелердiң ведомосiн қалыптастырады.
Барлық орындалмаған мiндеттемелер мемлекеттiк мекемелер ұсынған шартқа өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiмдер негiзiнде келесі жылға қайта тiркеуден өтуге жатады. Бұл жағдайда өтiнiмде "Міндеттемелер сомасы" бағанында орындалмаған мiндеттеменiң сомасына тең сома қойылады. Ұзақ жылғы мiндеттеменi қайта тіркеу кезiнде өтiнiмде шарт бойынша қалған сома және ағымдағы жылға арналған сома көрсетiледi. Өтiнiмде "Мiндеттеменiң нөмiрi" бағанында алдыңғы мiндеттеменiң нөмiрi көрсетiледi.
Әрбiр тiркелген өтiнiм бойынша шартты тiркеу туралы анықтама беріледі;
7) Шартты тiркеуге және шартқа өзгерiстерге арналған өтінімдердiң, шартты тiркеу және шартқа өзгерiстер енгiзу туралы анықтамалардың, қаржы мiндеттемелерiн бақылау және орындалмаған мiндеттемелер ведомостарының нысандары және оларды қалыптастыру тәртiбi Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен анықталады;
8) мемлекеттiк мекемелердi қайта ұйымдастырған кезде құқық мирасқорлары қызмет көрсететiн аумақтық қазынашылық органына шартқа өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiм бередi.
Мемлекеттiк мекеменi таратқан кезде азаматтық-құқықтық мәмілелер жөнiндегi жауапкершiлiк азаматтық заңнамаға сәйкес басталады.";
1, 2, 3, 4-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
9-қосымшада "тексеру актiсi" деген сөздер "бақылау жүргiзу актiсi" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-3, 12-4, 42-қосымшалар алынып тасталсын;
14-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
18-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
32-қосымшада "нөмiрi" деген сөз "коды" деген сөзбен ауыстырылсын;
34-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бақылау жүргiзу актiсi";
41-қосымша осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 8, 9, 10, 11, 12, 13-қосымшаларға сәйкес 5-1, 5-2, 13-1, 14-1, 17-1, 44-қосымшалармен толықтырылсын.
2. "Астана қаласында салынып жатқан технологиялық күрделi объектiлер бойынша мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1745 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 816 қаулысына
1-қосымша
1-қосымша
Бекітемін
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы
________________ аты-жөні
М.О. 20__ жылғы "___"_________
Мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру
жоспары
Өңiрi ______________________
Бюджеттiң түрi _____________
Кезеңi _____________________
Өлшем бiрлiгi ______________
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi ___________
Мемлекеттiк мекеме _________________________
__________________________________________________________________
Коды |Атауы|Бiр жылға| оның ішінде айлар бойынша
______________________| |арналған |___________________________
әкімші|бағ.|кіші|ерек.| |қаржылық |қаңтар|ақпан|наурыз|сәуір
|дар.|бағ.|шелі.| | жоспар | | | |
|лама|дар.|гі | | | | | |
| |лама| | | | | | |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
таблицаның жалғасы:
________________________________________________________
оның ішінде айлар бойынша |
________________________________________________________|
мамыр|маусым|шілде|тамыз|қыркүйек|қазан|қараша|желтоқсан|
________________________________________________________|
________________________________________________________|
М.О. Мемлекеттiк мекеменiң басшысы ________________ (Аты-жөнi)
Қаржыландыру жоспарларын жасауға және оның
мониторингіне жауапты құрылымдық бөлiмшенiң
басшысы __________________ (Аты-жөнi)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 816 қаулысына
2-қосымша
2-қосымша
Бекітемін
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы
________________ аты-жөні
М.О. 20__ жылғы "___"_________
Мемлекеттік мекеменің төлемдері бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру
жоспары
Өңiрi ______________________
Бюджеттiң түрi _____________
Кезеңi _____________________
Өлшем бiрлiгi ______________
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi ___________
Мемлекеттiк мекеме _________________________
__________________________________________________________________
Коды |Атауы|Бiр жылға| оның ішінде айлар бойынша
______________________| |арналған |___________________________
әкімші|бағ.|кіші|ерек.| |қаржылық |қаңтар|ақпан|наурыз|сәуір
|дар.|бағ.|шелі.| | жоспар | | | |
|лама|дар.|гі | | | | | |
| |лама| | | | | | |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
таблицаның жалғасы:
________________________________________________________
оның ішінде айлар бойынша |
________________________________________________________|
мамыр|маусым|шілде|тамыз|қыркүйек|қазан|қараша|желтоқсан|
________________________________________________________|
________________________________________________________|
Мемлекеттiк мекеменiң басшысы ________________ (Аты-жөнi)
Қаржыландыру жоспарларын жасауға және оның
мониторингіне жауапты құрылымдық бөлiмшенiң
басшысы __________________ (Аты-жөнi)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 816 қаулысына
3-қосымша
3-қосымша
Бекітемін
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы
________________ аты-жөні
М.О. 20__ жылғы "___"_________
Бюджеттiк бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды)
қаржыландыру жоспары
Бюджеттiң түрi _____________
Кезеңi _____________________
Өлшем бiрлiгi ______________
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi ___________
__________________________________________________________________
Коды |Атауы|Бiр жылға| оның ішінде айлар бойынша
______________________| |арналған |___________________________
әкімші|бағ.|кіші|ерек.| |қаржылық |қаңтар|ақпан|наурыз|сәуір
|дар.|бағ.|шелі.| | жоспар | | | |
|лама|дар.|гі | | | | | |
| |лама| | | | | | |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
таблицаның жалғасы:
________________________________________________________
оның ішінде айлар бойынша |
________________________________________________________|
мамыр|маусым|шілде|тамыз|қыркүйек|қазан|қараша|желтоқсан|
________________________________________________________|
________________________________________________________|
Қаржыландыру жоспарларын жасауға және оның
мониторингіне жауапты бюджеттік бағдарламалар
әкімшісі құрылымдық бөлiмшесінiң басшысы ______________ (Аты-жөнi)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 816 қаулысына
4-қосымша
4-қосымша
Бекітемін
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы
________________ аты-жөні
М.О. 20__ жылғы "___"_________
Бюджеттiк бағдарламалар әкімшісінің төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды)
қаржыландыру жоспары
Бюджеттiң түрi _____________
Кезеңi _____________________
Өлшем бiрлiгi ______________
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi ___________
__________________________________________________________________
Коды |Атауы|Бiр жылға| оның ішінде айлар бойынша
______________________| |арналған |___________________________
әкімші|бағ.|кіші|ерек.| |қаржылық |қаңтар|ақпан|наурыз|сәуір
|дар.|бағ.|шелі.| | жоспар | | | |
|лама|дар.|гі | | | | | |
| |лама| | | | | | |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
таблицаның жалғасы:
________________________________________________________
оның ішінде айлар бойынша |
________________________________________________________|
мамыр|маусым|шілде|тамыз|қыркүйек|қазан|қараша|желтоқсан|
________________________________________________________|
________________________________________________________|
Қаржыландыру жоспарларын жасауға және оның
мониторингіне жауапты бюджеттік бағдарламалар
әкімшісі құрылымдық бөлiмшесінiң
басшысы __________________ (Аты-жөнi)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 816 қаулысына
5-қосымша
14-қосымша
Ақша аударуға арналған өтініш
Күні |______
_______________________ __________________________
Ақша аударушы Шотты дебеттеу ЖСК
----------------------- --------------------------
___________
СТН ! I ! II ! КОд
_________________________ ------------!
_____!______!
I -(1) Резидент; (2) Резидент емес
II - Экономика секторы (0-9)
_________________________ ______________________________
Алушы банк Валюталау күні
------------------------- ------------------------------
БСК
_________________________ ______________________________
_________________________ ______________________________
Валюта ! Сомасы Сомасы жазумен
------------------------- ------------------------------
! ! !
_________________________ ______________________________
_________________________ ______________________________
Бенефециар Шотты кредиттеу ЖСК
------------------------- ------------------------------
Елі !
------------------------- ______________________________
СТН (егер !
бар болса ! _____________
_________________________ III ! IV
------------- КБе
______!______
III -(1) Резидент; (2)Резидент
емес
IV - Экономика секторы (0-9)
_________________________ _______________________________
Бенефициар банкі Банк-делдал
------------------------- -------------------------------
Елі ! БСК ! БСК
_________________________ _______________________________
_________________________ _______________________________
Алушы Банк Комиссиясы Делдал Банк Комиссиясы
Ақша жіберушінің есебінен Ақша жіберушінің есебінен
Бенефициардың есебінен Бенефициардың есебінен
_________________________ _______________________________
_________________________ _______________________________
Келісім-шарт нөмірі, күні Төлемді тағайындау
------------------------- -------------------------------
_________________________ ТТК
---------------
! !
________________________________
____________________________________________________________________
Ерекше жағдайлар
____________________________________________________________________
_________________________ ______________________________
Ақша жіберушінің қолдары Алушы банк жүргізген
------------------------- ------------------------------
Басшының аты-жөні________ ж. "___"______
М.О. қолы ____________ жауапты атқарушылардың
Бас бухгалтердің қолы ___________
аты-жөні ________
қолы ______________ М.О.
_________________________ _______________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 816 қаулысына
6-қосымша
18-қосымша
БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі
Жергілікті уәкілетті
органның басшысы
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы
______________ (Аты-жөні)
20__ жылғы "___"_________
____ "___"____________ ______________ негізінде
_____ бюджеттің міндеттемелері (төлемдері) бойынша қаржыландыру ______________________ өзгерістер енгізу туралы
(бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық жоспары,
қаржыландыру жоспары)
N АНЫҚТАМА
(мың теңге)
_______________________________________________________
Бюджеттік | Бюджеттік сыныптама |Азайтыл.|Өзгеріс.
бағдарла. | коды | сын | тер
малар |_________________________| немесе |барлығы
әкімшісінің|Әкімші|Бағд.|Кіші |Ерекш.| көбей. |
атауы | | |бағд.| | тілсін |
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
таблицаның жалғасы:
____________________________________________________________
оның ішінде айлар бойынша |
____________________________________________________________|
қаңтар|ақпан|наурыз|сәуір|мамыр|маусым|шілде|тамыз|қыркүйек |
____________________________________________________________|
____________________________________________________________|
таблицаның жалғасы:
__________________________
оның ішінде айлар бойынша |
__________________________|
қазан|қараша|желтоқсан |
__________________________|
__________________________|
МБД директоры __________ (аты-жөні) МОКД, МКД, ХКД
директоры _______ (аты-жөні)
Қазынашылық комитетінің
төрағасы _______________ (аты-жөні)
МОКД директорының
орынбасары _______ (аты-жөні)
Анықтама жасауға
жауапты құрылымдық
бөлімшенің басшысы
_______ (аты-жөні)
Бюджеттік бағдарламаның
мониторингіне жауапты
жергілікті уәкілетті
орган құрылымдық
бөлімшесінің басшысы
__________ (аты-жөні)
Бюджеттік бағдарламаның
мониторингіне жауапты
бюджеттік бағдарламалар
әкімшісі құрылымдық
бөлімшесінің басшысы
__________ (аты-жөні)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 816 қаулысына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оны пайдалану туралы
ЕСЕП
Күні _________
Өлшем бірлігі _________
____________________________________________________________________
Р/с Сомасы
N
____________________________________________________________________
1 2 3
____________________________________________________________________
1 Есептi кезеңнiң басына Ұлттық қордың ақшалай қаражаты
БАРЛЫҒЫ
2 Түсiм БАРЛЫҒЫ
Оның iшiнде:
- шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн жоспардан тыс
түсiмдер
- ресми трансферттер
- Қорды басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер
- Қазақстан Pecпубликасының заңнамасымен тыйым
салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер
3 Пайдалану БАРЛЫҒЫ
Оның iшiнде:
- сыртқы басқарушының комиссиондық сыйақысы
- кастодиандардың қызметiне ақы төлеу
- заң кеңесшiсiнiң төленген қызметтерiн қоса алғанда,
Қорды сенiмдi басқару кезiнде буындауы мүмкiн
басқа да шығыстар
- сыртқы басқармаларды басқару жөнiндегi келiсiмдерi
мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде пайда болуы
мүмкiн шығын сомалары
- Ұлттық Банкке комиссиондық сыйақы
- Жарлықпен көзделген Қордың өзге де шығыстары
4 Есептi кезеңнiң аяғына Ұлттық қордың ақшалай
қаражаты БАРЛЫҒЫ
____________________________________________________________________
Қазынашылық комитетінің басшысы ________________
Қазынашылық комитетінің жауапты атқарушысы ____________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 816 қаулысына
8-қосымша
5-1-қосымша
"БЕКІТЕМІН"
Басшысы
_____________ (аты-жөні)
200_ жылғы "___" _______
Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің жоспары
Айы _________________
Күні ________________
Өлш. бірлігі ________
___________________________________________________________________
| Түсімдердің жоспары, оның | Республика
ББС кодтары | ішінде облыстар, Астана, | бойынша
| Алматы қалалары бойынша | барлығы
____________________________________________________________________
Са.|Сы.|Кіші|Ерек.|Атауы |Ақмола|Ақтөбе|Алматы |және |
на.|ны.|сы. |ше. | | | | | т.б. |
ты |бы |ныбы|лігі | | | | | |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Құрылымдық бөлімшенің басшысы ______________ /аты, жөні
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 816 қаулысына
9-қосымша
5-2-қосымша
"БЕКІТЕМІН"
Басшысы
_____________ (аты-жөні)
200_ жылғы "___" _______
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер жоспарының жобасы
Айы _________________
Күні ________________
Өлш. бірлігі ________
___________________________________________________________________
| Түсімдердің жоспары, оның | Республика
ББС кодтары | ішінде облыстар, Астана, | бойынша
| Алматы қалалары бойынша | барлығы
____________________________________________________________________
Са.|сы.|Кіші|Ерек.|Атауы |Ақмола|Ақтөбе|Алматы |және |
на.|ны.|сы. |ше. | | | | | т.б. |
ты |бы |ныбы|лігі | | | | | |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мемлекеттік органның немесе
орталық атқарушы органның
басшысы ____________________________/ аты, жөні
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 816 қаулысына
10-қосымша
13-1-қосымша
Шетел валютасын айырбастауға арналған
N ___ өтiнiш
_______ жылғы "___" ______
Аумақтық қазынашылық органының атауы: _____________________________
Почталық мекен-жайы: ______________________________________________
Мәмiле жөнiндегi мәселелердi шешуге уәкiлеттiк берілген
қызметкердiң аты-жөнi _____________________________________________
Қазынашылық комитетiнiң
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi
корреспонденттiк шотының N ______________________________________
облыстық қазынашылық басқармасының
Қазынашылық комитетiндегi шотының N: ____________________________
Шетел валютасында қаражатты
пайдалану бағыты: _______________________________
Бiздiң есебiмiзден және бiздiң атымыздан шетел валютасында құралдар сатып алуға мынадай шарттарда мәмiле жасасуды тапсырамыз:
___________________________________________________________________
Валюта түрi | Сатып алу сомасы | Ұлттық Банк | Бағам бойынша
| | бағамы | теңгемен сатып
| | алу сомасы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Өтiнiштiң қолданылу мерзiмi ___ ж. "___" __________ дейiн
Бюджеттiк сипаттағы, ақылы қызметтердiң, демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң қаражаты
---------------------------------
(кepeк емесiн сызыңыз).
Басшы:
МО
Бас бухгалтер:
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 816 қаулысына
11-қосымша
14-1-қосымша
_____________ жағдай бойынша
___________________________________ бюджеттен
(облыстың, Астана, Алматы қалаларының атауы)
алынған бюджеттiк алымдар туралы анықтама
теңге
____________________________________________________________________
N Атауы Сомасы
____________________________________________________________________
1 Бөлуге болатын қaражаттың қалдығы
2 Барлығы кiрiстердiң 3 санаты бойынша түскенi
Оның ішінде:
Салықтық
Салықтық емес
Капиталмен жасалатын операциялардан түсетiн кiрiстер
3 Бюджеттік алулар процентi (ҚР Қаржы министрлiгiнiң ______ N
бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес)
4 Бюджеттік алымдар сомасы (2-жол*3/100 жол)
5 Ағымдағы күннiң басына жете төленбеген сома
6 Жете төленбеген ақыны ескере отырып республикалық бюджетке
аударуға жататын бюджеттiк алулардың сомасы
7 Ағымдағы күннің аяғына жете төленбеген ақының қалдығы
____________________________________________________________________
Қазынашылық
басқармасының бастығы ________________ ________________
(қолы) (аты-жөнi)
Ескерту:
Анықтамаға енгiзiлетiн деректер мынадай түрде анықталады:
- ағымдағы күннiң басына бөлуге болатын қаражаттың кiрiс қалдығы (1-жол) - ИИСК жүйесi бойынша 5-34 "Шоттардағы қалдықтар туралы есеп" нысаны немесе БАСК-М жүйесi бойынша 115 "Бөлуге жататын қалдықтың қозғалысы жөнiндегі ведомость" нысаны деректерiнiң негізiнде;
- "Салықтық", "Салықтық емес" және "Капиталмен жасалатын операциялардан түсетiн кiрiстер" үш санаты бойынша түсiмдердiң барлығы (2-жол) - ИИСК жүйесi бойынша 2-15 "Түсiмдердiң алымы бойынша жыл сайынғы есеп" нысаны немесе БАСК-М жүйесi бойынша 041 "Бюджет кiрiстерi түсiмдерiнiң күн сайынғы ведомосы" нысаны деректерінің негізiнде;
- Бюджеттік алулар процентi (3-жол) - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң тиiстi бұйрығының негізінде;
- республикалық бюджетке аударуға ұйғарылатын бюджеттiк алулар сомасы (4-жол) - (2-жол* 3/100 жол) сияқты.
Жете төленбеген ақыларды ескере отырып, республикалық бюджетке аударуға жататын бюджеттiк алулардың сомасы, (6-жол) мынадай түрде анықталады:
- егер 4 және 5-жолдардың сомасы аз немесе бөлуге жататын кiрiс қалдықтарының 50 процентiне тең болса (1-жол), онда республикалық бюджетке аударуға жататын бюджеттiк алулар сомасы - 4 және 5-жолдардың сомасына теңестiрiледi;
- егер 4 және 5-жолдардың сомасы бөлуге жататын кiрiс қалдықтарының 50 процентiнен артық болса, онда республикалық бюджетке аударуға жататын бюджеттiк алулар сомасы - 4 және 5-жолдардың сомасы сияқты анықталады, бiрақ бөлуге жататын кiрiс қалдықтарының 50 процентiнен аспайды (1-жол);
- 7-жол (4-жол+5-жол-6-жол) сияқты анықталады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 816 қаулысына
12-қосымша
15-1-қосымша
N ____ АНЫҚТАМА
______ бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық
жоспарына өзгерістер енгізу туралы
______________________________ негізінде
200__ ж. "__" ____________
БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі
Жергілікті уәкілетті органның
басшысы ___________(аты-жөні)
20 __ жылғы "___" ________
(мың теңге)
______________________________________________________________
Түсімдердің | Бюджеттік сыныптама коды |Азайтыл.| Өзгер.
атауы |____________________________| сын | барлығы
|санаты|сыныбы| кіші |ерекше.| немесе |
| | |сыныбы| лігі | көбей. |
| | | | | тілсін |
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
ЖИЫНЫ
______________________________________________________________
МБД директоры _____________ (ККД, МКД, СК,
ММЖК,ХҚКД)директоры _______
Түсімдердің мониторингіне
жауапты жергілікті
уәкілетті орган құрылымдық
бөлімшесінің басшысы __________
таблицаның жалғасы
(мың теңге)
____________________________________________________________________
Оның ішінде айлар бойынша
____________________________________________________________________
қаң.|ақпан|нау.|сәуір|ма.|мау.|шілде|тамыз|қыр. |қазан|қара.|жел.
тар | |рыз | |мыр|сым | | |күйек| |ша |тоқсан
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 816 қаулысына
13-қосымша
17-1-қосымша
______ж. "____" ________ N __
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер жоспарларын
өзгертуге арналған өтінім
__________ мынадай өзгерістерді енгізуді өтінеді
ББС коды ______
Өлш. бірлігі ______
___________________________________________________________________
Облыстардың, | Өзгерістер | Өзгерістер
Астана, Алматы|__________________________________| сомасы-
қалаларының |айы|сомасы |айы|сомасы| және т.б. | барлығы
атауы | | | | | |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Мемлекеттік органның
немесе орталық
атқарушы органның
басшысы _________________ / Аты-жөні
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 816 қаулысына
14-қосымша
44-қосымша
Келісілді Бекітемін
Қазақстан Республикасының Қаржы Бюджеттік бағдарламалар
вице-министрі әкімшісінің басшысы
(Жергілікті уәкілетті
органның басшысы)
20__ жылғы "__"____________ 20__ жылғы "__"____________
М.О. М.О.
Кірістердің және мемлекеттік мекемелердің
ақылы қызметтерді іске асыруынан алынатын
қаражаты бойынша шығыстарды қаржыландырудың
жиынтық жоспары
Функционалдық топ Кодтары
Ішкі функция _________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі _________________
Бағдарлама _________________
Кіші бағдарлама _________________
Ақылы қызмет түрлері _________________
мың теңге
___________________________________________________________________
| Жол коды/ | Тоқсандар бойынша сомасы | Жиыны
| ерекшелік |__________________________|
| коды | 1 | 2 | 3 | 4 |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
Кірістер барлығы
010
Жыл басына ақшалай
қаражаттың қалдығы 011
Ағымдағы жылдың
түсімдері 012
Шығыстар барлығы
020
әрбір ерекшелік
бойынша
Бюджеттің кірісіне
аударуға жатады
___________________________________________________________________
Қаржы қызметінің басшысы