Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені жетілдіру бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1962
қаулысына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені жетілдіру бағдарламасында:
"Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімнің реттік нөмірі 10-жолы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі