Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшін алым ставкаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 454 қаулысы

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне  (Салық кодексi) және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 заң күшi бар Жарлығына  сәйкес және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкаларын тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары бекітілсін.

      2. "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 373 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 89-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 16 мамырдағы  
N 454 қаулысымен    
бекiтiлген    

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары

      1. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары:
      1) меншiк, шаруашылық жүргiзу, жедел басқару, сенiмгерлiк басқару, кепiл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқасы) құқықтарының туындауын тiркегенi үшiн:
      пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстарымен және басқа да ұқсас объектілерiмен), шаруашылық құрылыстарына - алым  төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызын;
      тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстарымен және басқа да ұқсас объектiлерiмен), тұрғын үйдегi тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа - алым төлеген күнi қолданыстағы сегiз есе айлық eceптік көрсеткiштi;
      гараждарға - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызын;
      мыналардан тұратын тұрғын үйге жатпайтын мүлiктiк кешендерге (үйлерге, құрылыстарға, ғимараттарға):
      бiр объектiден - алым төлеген күнi қолданыстағы он есе айлық есептiк көрсеткiшті;
      жеке тұрған екiден беске дейiнгi объектiден - алым төлеген күнi қолданыстағы он бес есе айлық есептiк көрсеткiштi;
      жеке тұрған алтыдан онға дейiнгi объектiден - алым төлеген күнi қолданыстағы жиырма есе айлық есептiк көрсеткiштi;
      жеке тұрған оннан жоғары объектiден - алым төлеген күнi қолданыстағы жиырма бес есе айлық есептiк көрсеткiштi;
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн:
      тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстарымен және басқа да ұқсас объектiлерiмен), тұрғын үйдегi тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа, тұрғын үйге жатпайтын мүлiктiк кешендерге (үйлерге, құрылыстарға, ғимараттарға) - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштi;
      2) жер телiмiне құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) тiркегенi үшін:
      меншiк, жердi пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептік көрсеткiштiң 50 пайызын;
      3) сервитутты (объектiлерден тәуелсiз) тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызын;
      4) кондоминиум объектiсiн тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштi;
      5) ипотекалық куәлiк бергенiн және оны кейiннен басқа иесiне берудi тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептік көрсеткiштiң 25 пайызын;
      6) мемлекеттiк тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын;
      7) құқық иесiнiң деректерінің, жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң сәйкестендiрiлген сипаттамасының өзгерiстерiн тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын;
      8) опат болуы, бұзылуы нәтижесiнде және құқығының ауысуына байланысты емес өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлiкке құқықтарының тоқтатылуын тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын;
      9) құқығының үшiншi тұлғаға ауысуына байланысты емес, ауыртпалықтың тоқтатылуын тіркегені үшiн, оның ішінде жылжымайтын мүлiк ипотекасының тоқтатылуын тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын;
      10) олар бойынша мiндеттемелер ипотекамен қамтамасыз етілген банктiк қарыз шарты бойынша талаптардан қайтуды тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын;
      11) құқықтың (құқық ауыртпалығының) немесе өзге де заңи фактiлердiң туындауына негiз болып табылатын шарт талаптарының өзгеруi нәтижесінде құқықтың немесе құқық ауыртпалығының өзгеруiн тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын;
      12) жылжымайтын мүлiкке өзге құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтардың ауыртпалықтарын тiркеген үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызын құрайды.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген тәртiппен мемлекеттiк органдар салық салатын (жүргiзетiн) жылжымайтын мүлiкке құқық ауыртпалығын мемлекеттiк тiркегенi үшiн нөлдiк алым ставкасы белгiленсiн.