Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшін алым ставкаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 454 қаулысы

Жаңартылған

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексiне  (Салық кодексi) және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкаларын тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары бекітілсін.

      2. "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 373  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 89-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2003 жылғы 16 мамырдағы   
N 454 қаулысымен     
бекiтiлген     

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары

      1. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары:
      1) меншiк, шаруашылық жүргiзу, жедел басқару, сенiмгерлiк басқару, кепiл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқасы) құқықтарының туындауын тiркегенi үшiн:
      пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстарымен және басқа да ұқсас объектілерiмен), шаруашылық құрылыстарына - алым  төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызын;
      тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстарымен және басқа да ұқсас объектiлерiмен), тұрғын үйдегi тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа - алым төлеген күнi қолданыстағы сегiз есе айлық eceптік көрсеткiштi;
      гараждарға - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызын;
      мыналардан тұратын тұрғын үйге жатпайтын мүлiктiк кешендерге (үйлерге, құрылыстарға, ғимараттарға):
      бiр объектiден - алым төлеген күнi қолданыстағы он есе айлық есептiк көрсеткiшті;
      жеке тұрған екiден беске дейiнгi объектiден - алым төлеген күнi қолданыстағы он бес есе айлық есептiк көрсеткiштi;
      жеке тұрған алтыдан онға дейiнгi объектiден - алым төлеген күнi қолданыстағы жиырма есе айлық есептiк көрсеткiштi;
      жеке тұрған оннан жоғары объектiден - алым төлеген күнi қолданыстағы жиырма бес есе айлық есептiк көрсеткiштi;
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн:
      тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстарымен және басқа да ұқсас объектiлерiмен), тұрғын үйдегi тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа, тұрғын үйге жатпайтын мүлiктiк кешендерге (үйлерге, құрылыстарға, ғимараттарға) - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштi;
      2) жер телiмiне құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) тiркегенi үшін:
      меншiк, жердi пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептік көрсеткiштiң 50 пайызын;
      3) сервитутты (объектiлерден тәуелсiз) тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызын;
      4) кондоминиум объектiсiн тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштi;
      5) ипотекалық куәлiк бергенiн және оны кейiннен басқа иесiне берудi тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептік көрсеткiштiң 25 пайызын;
      6) мемлекеттiк тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын;
      7) құқық иесiнiң деректерінің, жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң сәйкестендiрiлген сипаттамасының өзгерiстерiн тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын;
      8) опат болуы, бұзылуы нәтижесiнде және құқығының ауысуына байланысты емес өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлiкке құқықтарының тоқтатылуын тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын;
      9) құқығының үшiншi тұлғаға ауысуына байланысты емес, ауыртпалықтың тоқтатылуын тіркегені үшiн, оның ішінде жылжымайтын мүлiк ипотекасының тоқтатылуын тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын;
      10) олар бойынша мiндеттемелер ипотекамен қамтамасыз етілген банктiк қарыз шарты бойынша талаптардан қайтуды тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын;
      11) құқықтың (құқық ауыртпалығының) немесе өзге де заңи фактiлердiң туындауына негiз болып табылатын шарт талаптарының өзгеруi нәтижесінде құқықтың немесе құқық ауыртпалығының өзгеруiн тiркегенi үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 25 пайызын;
      12) жылжымайтын мүлiкке өзге құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтардың ауыртпалықтарын тiркеген үшiн - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызын құрайды.
      2. Мемлекеттік тiркегенi үшiн нөлдiк алым ставкасы белгiленсiн:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген тәртiппен мемлекеттiк органдар салық салатын (жүргізетiн) жылжымайтын мүлiкке құқық ауыртпалығын;
      2) республикалық меншiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган және оның аумақтық органдары үшiн мемлекеттiк меншiкке жатқызылған жылжымайтын мүлiкке құқықты;
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген белгiлi бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде және мерзiмде жүргiзiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезеңмен тiркеу кезiндегi жылжымайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiлелердi.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.09.01. N  891  (қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.