Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі N 368 қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.23. N  1068  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi), 2007.04.24. N  325  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi) қаулыларымен.
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексiне  (Салық кодексi), Қазақстан Республикасының "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы және "Iшкi су көлiгi туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі  заңдарына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.23. N  1068  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi) қаулысымен .

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.24. N  325  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi) қаулысымен .

      2. Қоса берiлiп отырған Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы ақпарат беру ережесi бекітiлсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.23. N  1068  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi) қаулысымен .

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнің          
2003 жылғы 17 сәуірдегі   
N 368 қаулысымен      
 бекiтiлген      

Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы ақпарат беру ережесi

       Ескерту. Тақырыптағы және мәтiндегi "тiркеу" деген сөз "мемлекеттiк тiркеу" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.23. N  1068  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi) қаулысымен .

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы ақпарат беру ережесi Қазақстан Республикасының "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы және "Iшкi су көлiгi туралы" 2004 жылғы 6 шiлдедегi заңдарына сәйкес әзiрлендi және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат беру тәртiбiн айқындайды.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.10.23. N  1068  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi) қаулысымен .

      2. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеудi кемелердi мемлекеттiк тiркеу органы (бұдан әрi - тiркеушi орган) осы кеме тiркелген Қазақстан Республикасының кемелер тiзiлiмiне тиiстi жазба енгiзу жолымен жүзеге асырады.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.10.23. N  1068  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi) қаулысымен .

  2. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру тәртiбi

      3. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тiркеу туралы мәлiметтер барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн ашық болып табылады.

      4. Заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшi бойынша тiркеушi орган он күн мерзiмде кеме тiркелген Қазақстан Республикасының кемелер тiзiлiмiнен үзiндi көшiрме немесе көшiрме нысанында ақпарат беруге мiндеттi. Бұл ретте үзiндi көшiрме:
      1) ипотека туралы мәлiметтер үзiндi көшiрме берiлген күннің алдындағы жұмыс күнiнiң аяғында берiлгенiне сiлтеменi қамтуы;
      2) тiркеушi органның уәкілеттi лауазымды тұлғасының қолы қойылуы және тiркеушi органның мөрiмен куәландырылуы тиiс.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.23. N  1068  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi) қаулысымен .

      5. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат өтеусiз берiледi.

      6. Сол немесе өзге кемеге немесе жасалып жатқан кемеге қатысты ипотека туралы қандай да бiр жазбалар болмаған жағдайда үзiндi көшiрмеде осыған тиiстi сiлтеме болуы тиiс.

Қазақстан Республикасы     
Yкiметінің           
2003 жылғы 17 сәуiрдегi     
N 368 қаулысына        
қосымша          

       Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.10.23. N  1068  (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi) қаулысымен .

Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын
мемлекеттік тiркеу үшін алым ставкалары

      Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшiн алым ставкасы мыналарды құрайды:
      1) жеке тұлғалар үшiн - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiш;
      2) заңды тұлғалар үшiн - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш.