Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу үшін ақы белгілеу туралы және Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі N 368 қаулысы

Жаңартылған

      "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тіркеу үшiн ақы белгiленсiн.
      Ескерту. 1-тармақты қолдану 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N 359 қаулысымен .

      2. Қоса берiлiп отырған Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру ережесi бекітiлсiн.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнің         
2003 жылғы 17 сәуірдегі  
N 368 қаулысымен     
 бекiтiлген     

Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына  сәйкес әзiрлендi және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру және кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тіркеу үшін ақы алу тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеудi Қазақстан Республикасы портының теңiз әкiмшiлiгi (бұдан әрi - тiркеушi орган) Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне, кеме кiтабына немесе жасалып жатқан кемелер тізiлiмiне тиiстi жазба енгiзу жолымен жүзеге асырады.

2. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру тәртiбi

      3. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тiркеу туралы мәлiметтер барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн ашық болып табылады.

      4. Заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшi бойынша тiркеушi орган он күн мерзiмде кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тiркеу тiзiлiмiнен үзiндi көшiрме немесе көшiрме нысанында ақпарат беруге мiндеттi. Бұл ретте үзiндi көшiрме:
      1) ипотека туралы мәлiметтер үзiндi көшiрме берiлген күннің алдындағы жұмыс күнiнiң аяғында берiлгенiне сiлтеменi қамтуы;
      2) тiркеушi органның уәкілеттi лауазымды тұлғасының қолы қойылуы және тiркеушi органның мөрiмен куәландырылуы тиiс.

      5. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат өтеусiз берiледi.

      6. Сол немесе өзге кемеге немесе жасалып жатқан кемеге қатысты ипотека туралы қандай да бiр жазбалар болмаған жағдайда үзiндi көшiрмеде осыған тиiстi сiлтеме болуы тиiс.

Қазақстан Республикасы    
Yкiметінің          
2003 жылғы 17 сәуiрдегi    
N 368 қаулысына       
қосымша         

Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу үшiн ақының мөлшерi

      Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу үшiн ақы Қазақстан Республикасында ақы төлеу күнi қолданылған бiр айлық есептiк көрсеткiштiң негiзiнде, мынадай мөлшерлерде есептеледi:
      жеке тұлғалардан - бiр айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;
      заңды тұлғалардан - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.