Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Приозерный разрезi" Қазақстан-Ресей компаниясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне Қостанай облысындағы Приозерное қоңыр көмiр кен орнын өндiруге Қазақстан Республикасының Үкiметi 1999 жылғы 10 қыркүйекте берген АИ N 163Д сериялы Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрсын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi белгiленген тәртiппен осы қаулыға сәйкес көрсетілген жер қойнауын пайдаланушыға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарлама дайындасын және жiберсiн.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарлама берiлген күнiнен баcтап лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды туындатқан себептердi жою үшiн бiр ай мерзiм белгiленсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі