"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң N 1 аймақаралық салық комитетi" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 31 қаңтар N 114

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексі) 15-бабына  сәйкес, мұнай мен газды өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға салықтық әкiмшiлiк жүргiзудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң аумақтық органдары қызметкерлерiнiң бекiтiлген штат саны лимиттерi шегiнде "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң N 1 аймақаралық салық комитетi" мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрi - Аймақаралық комитет) құрылсын.

      2. Аймақаралық комитеттi қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiн ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Аймақаралық комитет туралы ереженi бекiтсiн, бiр ай мерзiмде Аймақаралық комитеттiң әдiлет органдарында тiркелуiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдануын қамтамасыз етсiн.

      4. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 9 қазандағы N 1102 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 359-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi туралы ережеде:
      1-тармақтың екiншi бөлiгiнде: "Комитеттiң:" деген сөзден кейiн "аймақаралық салық комитеттерi," деген сөздермен толықтырылсын;
      19-тармақтың үшінші абзацында "келісім бойынша" деген сөздерден кейін "аймақаралық салық комитеттерінің," деген сөздермен толықтырылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі