"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң N 1 аймақаралық салық комитетi" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 31 қаңтар N 114

Жаңартылған

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексі)  15-бабына  сәйкес және кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiру, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға салықтық әкiмшiлiк жүргiзудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
       Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.03.  N 101  қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң аумақтық органдары қызметкерлерiнiң бекiтiлген штат саны лимиттерi шегiнде "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң N 1 аймақаралық салық комитетi" мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрi - Аймақаралық комитет) құрылсын.

      2. Аймақаралық комитеттi қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiн ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Аймақаралық комитет туралы ереженi бекiтсiн, бiр ай мерзiмде Аймақаралық комитеттiң әдiлет органдарында тiркелуiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдануын қамтамасыз етсiн.

      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N  1127  қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі