Азаматтық авиация саласындағы кейбiр нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 30 қаңтар N 106

Жаңартылған

      "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес, сондай-ақ азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы заңнаманы одан әрі жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу ережесi;
      2) Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды және олар көрсететiн қызметтердi сертификаттау ережесi;
      3) Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттау ережесi;
      4) Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің           
2003 жылғы 30 қаңтардағы    
N 106 қаулысымен         
бекiтiлген         

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттiк тiркеу
ЕРЕЖЕСI

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы  Заңының , "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы  Заңының  талаптарына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиiстi халықаралық шарттарды ескере отырып, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзiрленген.
      Ереже Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу және олардың Мемлекеттік тiзiлімiн (бұдан әрi - Тiзілiм) жүргізу, әуе кемесiнің Тiзілiмге енгізiлгенiн куәландыратын құжат болып табылатын азаматтық әуе кемелерi, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктi (бұдан әрi - Куәлiк) беру тәртiбiн анықтайды. Куәлiк кеме құжаты болып табылады.
      Ереже аса жеңіл авиацияның әуе кемелерiне де қолданылады.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.12.  N 934  Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының барлық азаматтық әуе кемелерi, сондай-ақ оларға арналған құқықтар және олармен жасалатын мәмiлелер мемлекеттiк тiркеуге жатады.
      Сондай-ақ мәмiлелер мен өзге де заңи фактiлердiң нәтижесiнде азаматтық әуе кемелерiне арналған құқықтардың (ауыртпалықтардың) өзгеруi және тоқтатылуы тiркеуге жатады.
      3. Осы Ережеге сәйкес уәкілеттi орынға берiлетiн барлық құжаттар азаматтық әуе кемесiн пайдаланудың бүкiл мерзiмi iшiнде сақталуға жатады.
      4. Азаматтық әуе кемелерiн тiркеу, Куәлiктердi ауыстыру, Куәлiктердiң телнұсқаларын беру жөніндегі, азаматтық әуе кемесiн Тiзiлiмнен алып тастау туралы Куәліктердi беру жөнiндегi құжаттар азаматтық әуе кемесiн есептен шығарған соң бiр жыл өткенге дейiн сақталады. Есептен шығарғаннан кейiн бiр жыл өткен соң құжаттар белгіленген тәртiппен жойылады.

  2. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелерді мемлекеттiк тiркеу тәртiбi

      5. Азаматтық әуе кемесiн мемлекеттiк тiркеу уәкілетті орган немесе басқа мемлекеттің тиiсті органы берген және Қазақстан Республикасында жарамды деп танылған, азаматтық әуе кемесiнiң Ұшу жарамдылығының сертификаты, Үлгi сертификаты болғанда ғана жүзеге асырылады.
      6. Азаматтық әуе кемесiнiң меншiк иесi немесе пайдаланушы оны мемлекеттік тiркеу үшін уәкілетті органға тиiстi құжаттарды қоса ұсына отырып, өтiнiш бередi.
      7. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынылатын құжаттардың тiзбесiн уәкiлеттi орган белгілейдi.
      8. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу қажеттi құжаттар қоса ұсынылған өтiнiш берiлген күннен бастап 15 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiледi.
      9. Құжаттардың толық емес пакетi ұсынылған жағдайда уәкiлеттi орган қайтару себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге құжаттарды қайтарады.
      10. Уәкiлеттi органның анықтаған кемшiлiктерiн жойған кезде өтiнiш берушi азаматтық әуе кемесiн мемлекеттiк тiркеу үшiн уәкілеттi органға қайтадан өтiнiш бере алады. Бұл ретте мемлекеттiк тiркеу үшін алым төлеу талап етілмейді.
      11. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алынған қаражат республикалық бюджетке аударылады.

  3. Тiзілім жүргiзу тәртібi

      12. Тiзiлімді жүргiзудi уәкiл орган жүзеге асырады.
      13. Шетелдік азаматтық әуе кемелерi, сондай-ақ оларға арналған құқықтар және олармен жасалатын мәмiлелер туралы мәлiметтер Тiзiлiмге оларды шетел мемлекетi әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнен шығарғаннан кейiн ғана енгiзiледi.
      14. Егер азаматтық әуе кемесi екiншi шолу радиолокаторының S режимiне ие болса, онда оған тiркеу кезiнде әуе кемесiнiң 24-биттік адресi берiледi.
      15. Тiзiлiмге енгiзiлген азаматтық әуе кемесi Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігінде де, сол сияқты одан тысқары жерде де ұшуға жiберіледi.
      16. Азаматтық әуе кемесi Тізілімнен мынадай жағдайларда шығарылады:
      1) азаматтық әуе кемесi пайдалану есебiнен шығарылса немесе алынса, азаматтық әуe кемесi бұзылса және оны қалпына келтіру мүмкiн болмаса немесе із-түзсіз жоғалса, егер оны iздестiру тоқтатылса;
      2) азаматтық әуе кемесi белгiленген тәртiппен шетелдік мемлекетке, шетелдiк заңды немесе жеке тұлғаға сатылса немесе берiлсе;
      3) азаматтық әуе кемесi мемлекеттiк немесе эксперименталдық санатқа ауыстырылса;
      4) әуе кемелерін тiркеу рәсiмдерiнде көзделген басқа да жағдайларда.
      17. Азаматтық әуе кемесiн Тiзiлiмнен шығару үшiн меншiк иесi немесе иеленушi уәкілеттi орынға тиiстi құжаттарды қоса ұсына отырып өтініш бередi.
      Азаматтық әуе кемесiн Тiзiлiмнен шығару үшiн ұсынылатын құжаттардың тізбесін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      18. Тiзiлiмнен шығарылған азаматтық әуе кемесiнің куәлігі, сондай-ақ Тiзiлімде осы кемеге қатысты жасалған барлық жазбалар күшiн жояды және Тiзiлiмнен шығарылған сәттен бастап он күндiк мерзімде уәкілетті органға қайтаруға жатады.

  4. Куәлiкті беру тәртiбi

      19. Ұсынылған құжаттардың негiзiнде уәкілеттi орган азаматтық әуе кемесін Тізілімге енгiзедi және Куәлiк (қосымша) бередi және тағайындауына байланысты азаматтық әуе кемесiне мына атаулардың бiрi беріледi:
      1) жолаушылар;
      2) көліктік;
      3) айырбасталымды;
      4) жүк-жолаушылар;
      5) арнайы қолдану;
      6) санитарлық;
      7) жаттығу.

      20. Куәлік ұшулар кезiнде азаматтық әуе кемесiнiң бортында болуы тиiс. Борттық құжаттарды көшірмеге ауыстыруға рұқсат етілмейді.
      21. Куәліктің "Азаматтық әуе кемесiн табыстау туралы белгiлер" бөлiмiне мынадай жағдайларда тиiстi өзгерістер енгiзiледi:
      1) егер Тiзiмге енгiзiлген азаматтық әуе кемесiне берiлген меншік құқығы немесе өзге құқық, сондай-ақ осы құқыққа түсетін ауыртпалықтар басқа заңды немесе жеке тұлғаға ауысатын болса;
      2) азаматтық әуе кемесiнiң пайдаланушысы өзгерген болса.
      22. Куәлiкке өзгерiстер енгiзу үшiн уәкілеттi органға тиiстi құжаттар қоса ұсынылған өтiнiш берiледi. Куәлiкке өзгерiстер енгiзу үшін тиiстi құжаттардың тiзбесiн уәкілеттi орган бекiтедi.
      23. Куәлiкке өзгерiстер енгiзу туралы өтiнiштi қарау мерзiмi 10 жұмыс күнiн құрайды.
      24. Куәлiкке өзгерiстер енгiзу алым өндiрiп алмай жүзеге асырылады.
      25. Азаматтық әуе кемесiн қайта жабдықтағаннан кейiн қызметi өзгерген кезде оған жаңа Куәлiк берiледi. Пайдаланушы Куәлікті ауыстыру үшiн уәкілеттi органға азаматтық әуе кемесiн қайта жабдықтау туралы құжаттар ұсынады.
      26. Азаматтық әуе кемесiне:
      1) абайсыз бүлдiрiп алған;
      2) жоғалтқан;
      3) ұрлатқан жағдайларда Куәлiктiң көшiрмесi берiледi.
      27. Куәлiктi абайсыз бүлдiрген жағдайда, ол ауыстыруға жатады.
      28. Куәлiктi жоғалтып алған немесе оны ұрлатып алған кезде, азаматтық әуе кемесiн пайдалану телнұсқасын алғанға дейiн дереу тоқтатылады. Телнұсқа алу үшiн өтiнiшке жоғалу немесе ұрлану фактiлерiн растайтын құжаттар қоса берiлуi қажет.
      Уәкілеттi орган өтiнiш түскен күннен бастап 7 күн ішінде Куәлiктiң телнұсқасын берудi жүргiзедi.
      Куәліктің телнұсқасын бергенi үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерде мемлекеттiк тiркегені үшiн алым алынады.
      29. Тiзiлiмге енгiзiлген азаматтық әуе кемесiнің меншiк иесi немесе пайдаланушысы уәкiлеттi органға азаматтық әуе кемесiне меншiк құқығы мен басқа да құқықтардың, сондай-ақ сол құқықтарға ауыртпалықтардың, жалдау шарттарының барлық өзгерiстерi, төтенше жағдайлар, азаматтық әуе кемесiнiң жоғалуы, сынуы туралы хабарлайды.
      30. Куәлiкке өзгерту енгiзудi немесе оны ауыстыруды талап ететiн барлық жағдайларда, сондай-ақ Пайдаланушы сертификатының қолданылуы тоқтатылған кезде, Куәлiк өзінің күшiн жояды және инспекторлық ұйғарымды берген кезден бастап он күндiк мерзiмде уәкiлеттi органға қайтаруға жатады.
      31. "Азаматтық әуе кемесiн табыстау туралы белгілер" бөлiмi толық толтырылған Куәлiк кезектi ауыстыру кезiнде әуе кемесiнiң iс қағазында өзге тiркеу құжаттарымен бiрге сақтауға қалдырылады.

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
2003 жылғы 30 қаңтардағы    
N 106 қаулысымен бекiтiлген  
Қазақстан Республикасының   
азаматтық әуе кемелерi, оларға 
арналған құқықтарды және   
олармен жасалатын мәмілелердi 
мемлекеттiк тiркеу ережесiне 
қосымша          

ЕЛТАҢБА
____________________________________________________________

Уәкiлеттi орган

АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕСIН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
КУӘЛIК
N_____

_____________________________________________________________
 1. Мемлекеттiк      2. Азаматтық әуе      3. Азаматтық әуе
  және тiркеу     кемесiнiң үлгiсi және   кемесiнiң сериялық
айырым белгiлерi       тағайындауы        (зауыттық) нөмiрi

      UN
_____________________________________________________________

      4. Меншiк иесi: _______________________

      5. Пайдаланушы ________________________

      6. Осымен осы азаматтық әуе кемесiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi түрде енгiзiлгендiгi куәландырылады.
      7. Осы Куәлiк тiркеу мақсаты үшiн берiлген және азаматтық әуе кемесiне меншiк құқығын куәландыратын құжат болып табылады.

      М.О.                      Уәкiлеттi органның басшысы

                             _______   _______
                             (қолы)   (Т.А.Ә.)

      Берілген күнi 200____ жылғы "_____"________

  АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕСІН ТАБЫСТАУ ЖӨНІНДЕГІ БЕЛГІЛЕР

      Меншік иесі _________________________________________
      Пайдаланушы _________________________________________
      Негіздеме ___________________________________________

      М.О.                       Уәкілетті органның басшысы

                                   ____________________
                                     (қолы, Т.А.Ә.)

      Берілгені күні 200 ____ ж. "____" _________
      _____________________________________________________

       
      Меншік иесі _________________________________________
      Пайдаланушы _________________________________________
      Негіздеме ___________________________________________

      М.О.                       Уәкілетті органның басшысы

                                   ____________________
                                     (қолы, Т.А.Ә.)

      Берілгені күні 200 ____ ж. "____" _________
      _____________________________________________________

      

      Меншік иесі _________________________________________
      Пайдаланушы _________________________________________
      Негіздеме ___________________________________________

      М.О.                       Уәкілетті органның басшысы

                                   ____________________
                                     (қолы, Т.А.Ә.)

      Берілгені күні 200 ____ ж. "____" _________
      _____________________________________________________

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң          
2003 жылғы 30 қаңтардағы    
N 106 қаулысымен        
бекiтілген        

Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау
ЕРЕЖЕСI 

       Ескерту. Мәтінге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.12.  N 934  Қаулысымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды және олар көрсететiн қызметтердi сертификаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы  Заңының , "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы  Заңының  талаптарына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиiстi халықаралық шарттарды ескере отырып, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрленген.
      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларға, сондай-ақ жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаның әуе тасымалын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету және авиациялық жұмыстарды орындау жөнiнде аталған пайдаланушылар көрсететiн қызметтерге сертификаттар бepу тәртібiн белгiлейдi.
      Осы Ереже аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiн пайдаланушыларға қолданылмайды.
      3. Осы Ережеде қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
      1) өтiнiм - өтiнiш берушiнiң сертификаттық тексеру рәсiмдерiнен өту үшiн уәкілетті органға жазбаша өтiнiшi;
      2) өтiнiш берушi - Азаматтық әуе кемесiн пайдаланушының сертификатын алу үшiн уәкiлетті органға өтінiш жасаған жеке немесе заңды тұлға;
      3) сертификаттық талаптар - азаматтық авиацияны сертификаттау саласында нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгіленген талаптар;
      4) сертификаттық тексеру - уәкiлеттi орган жүзеге асыратын авиациялық қызмет көрсету жөнiндегi құралдардың, жабдықтардың, пайдалану рәсiмдерiнiң, технологиялық процестердің, құжаттамалардың, ұйымдық құрылымдардың, сондай-ақ өтініш берушінің әкімшілік, ұшу және жердегi персоналы құзыреттiлiгiнiң сертификаттық талаптарға сай екендiгiн тексеру.
      4. Сертификаттаудың мақсаты адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн авиациялық қызметтердiң қауіпсiздігін қамтамасыз ету болып табылады.
      5. Авиациялық қызметтер сертификаттаудың объектiлерi болып табылады.
      6. Азаматтық әуе кемесiн пайдаланушының сертификаты (бұдан әрі - Пайдаланушы сертификаты) иелiктен шығарылмайтын болып табылады және басқа заңды тұлғаға берiлмейдi.
      7. Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласын және мерзiмiн көрсете отырып, 2 жылдан аспайтын мерзiмге берiледi (1-қосымша).
      8. Пайдаланушы сертификатын берудi, есепке алуды, сондай-ақ сертификаттық талаптардың сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

  2. Сертификаттауды жүргізу тәртібі

      9. Сертификаттауды жүргiзудiң мынадай тәртiбi белгiленедi:
      1) уәкiлеттi органға өтiнiш берушiнiң сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттармен бiрге өтінiмдi беруi;
      2) уәкiлетті органның алдын ала бағалауы және өтiнiм жөнiнде шешiм қабылдауы;
      3) уәкiлеттi органның сертификаттық тексеру жүргiзуi;
      4) шешім қабылдау және Пайдаланушы сертификатын беру (беруден бас тарту).
      10. Сертификаттаудың жалпы мерзiмi 3 (үш) айдан аспауы тиiс.

  3. Өтiнiмдi беру және алдын-ала бағалау

      11. Өтiнiш берушi уәкiлеттi органға сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн уәкілеттi орган бекiткен тiзбе бойынша растайтын құжаттармен бiрге белгiленген нысандағы (2-қосымша) өтінiмдi жiбередi.
      12. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды және 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде ол туралы өтініш берушіге хабарланатын олар бойынша тиісті шешім (3-қосымша) қабылдайды. <*>
       Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.12.03. N  1265  қаулысымен.
      13. Өтінiмдi алдын ала бағалау рәсiмдермен, өтiнiш берушiнiң құжаттарында берiлген тәжiрибемен және әдiстермен жалпы танысуды және олардың сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн тексерудi қамтиды.
      Бұл pетте мынадай мәселелер қаралады:
      1) басқарудың ұйымдық құрылымы, практикасы және негiзгi қағидаттары;
      2) ұшуды ұйымдастыру мен қамтамасыз етудегi басшы құрамның тәжiрибесi, сондай-ақ ұшу қауіпсiздігін қамтамасыз етумен тiкелей байланысты басшы құрам мен мамандар бойынша деректердiң болуы (6-қосымша);
      3) авиациялық персонал штатының жинақталуы және даярлау жүйесi;
      4) өтінiш берушiнiң өзге ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге және әуе кемелерiн жөндеуге, сондай-ақ авиациялық персоналды оқытуға жасасқан келiсiмдерiнiң болуы;
      5) әуе кемелерiн пайдалану құқықтарына келiсiмдердiң болуы және олардың мазмұны (ондайлар болған жағдайда);
      6) авиациялық техникаға қызмет көрсетуге және әуе тасымалын жүзеге асыруға арналған үй-жайдың болуы;
      7) ұшуларды жүргiзу жөнiндегi (4-қосымша) және әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi (5-қосымша) басшылықтардың болуы.
      14. Егер өтiнiш беруші мынадай талаптарға сәйкес болса уәкiлетті орган өтініш бойынша Пайдаланушының сертификатын беру туралы шешiм қабылдай алады:
      1) міндетті сақтандыруды жүзеге асырса;
      2) әуе кемелерінің ұшуы, техникалық пайдаланылуы мен ұшу қауіпсiздігiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi персоналы, жабдықтары, құрылыстары, құжаттамасы, ғимараттары, сертификатталған бөлiмшелері болса;
      3) сертификатталған әуе кемелері болса.
      15. Уәкiлеттi орган өтінiштi қарау барысында мынадай рәсiмдердi жүзеге асырады:
      1) ұсынылған әуе тасымалдарының және (немесе) авиациялық жұмыстардың көлемiн, әуе кемелерiнiң үлгiлерiн, басқару және басшылық ету әдістерiн, өтiнiш берушiнiң басшы орындарды алып отырған мамандарының құқықтарын және міндеттерiн бағалау;
      2) авиациялық персоналдың даярлық дәрежесін анықтау;
      3) ұшу, инженерлік-техникалық құрамның және басқа да мамандардың біліктілігін арттыру және жаттықтыру (тағылымдамадан өткiзу) бағдарламаларының авиациялық талаптарға және азаматтық авиация кадрларын даярлау әрі қайта даярлау жөнiндегi ережелерге сәйкестiгiне алдын-ала бағалау жүргiзу;
      4) өтiнiш беруші ұсынған әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және ұшу пайдаланымын инспекциялау (бақылау), әуе қозғалысын ұйымдастыру, әуе кемелерiнiң және өзге жабдықтардың техникалық жағдайын, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз ететiн қызметтердің жүйесiн және бағдарламасын алдын-ала талқылауды жүргiзу;
      5) өтiнiш беруші орындауы қажет көрсетілiмділік және (немесе) дәлелдi (техникалық) ұшуларды анықтау;
      6) өтінім бойынша шешiм қабылдау.
      16. Егер өтiнiм осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмесе немесе сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттар толық көлемде бермесе, өтiнiм жөнiндегi шешiмде қайтарылу себептерi көрсетiлiп мұндай өтiнiм қайтаруға жатады.
      17. Өтінім бойынша ескертулер болмаған кезде (ескертулер жойылғаннан кейiн), өтінім жөнiндегi шешiмнiң негiзiнде уәкілетті орган сертификаттық тексерудi жүргізу үшiн комиссия құрады.

  4. Сертификаттық тексеру

      18. Осы тексеру барысында өтiнiш берушi ол мәлiмдеген авиациялық қызметтердің сертификаттық талаптарға сай екендігін растауы тиіс.
      19. Сертификаттық тексеру уәкілетті орган бекiтетiн сертификаттық тексерудiң үлгi бағдарламасына сәйкес жүргiзiледi.
      20. Өтiнiш берушіні сертификаттық тексеру оның қызметiнің, ең алдымен, ұшу қауіпсiздiгін қамтамасыз ететiн мәселелермен байланысты аспектілерiн қамтиды.
      21. Өтiнiш беруші өзiнiң қызметiн ұшуларды қамтамасыз етудiң барлық түрлері бойынша сертификаттық талаптарды ескере отырып ұйымдастырады, оларға мыналар жатады:
      1) құқықтық қамтамасыз ету;
      2) қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету;
      3) ұшуда пайдаланылуын қамтамасыз ету;
      4) инженерлiк-авиациялық қамтамасыз ету;
      5) әуе қозғалысын қызмет көрсетумен қамтамасыз ету;
      6) штурмандық қамтамасыз ету;
      7) аэронавигациялық қамтамасыз ету;
      8) метеорологиялық қамтамасыз ету;
      9) әуеайлақтық және әуежайлық қамтамасыз ету;
      10) медициналық қамтамасыз ету.
      Қамтамасыз етудiң көрсетiлген түрлері бойынша (құқықтық қамтамасыз етудi, ұшуда пайдаланылуын қамтамасыз етудi, инженерлiк-авиациялық қамтамасыз етудi қоспағанда) сертификаттық талаптарды iске асыруда өтiнiш берушi қызметін дербес жүзеге асырады және заңнамаға сәйкес осы қызметтік жүзеге acыру үшін басқа тұлғаларды тарта алады.
      22. Ұшу, жердегi қызметтер мен құралдардың жұмысын тексеру қойылған мiндеттерді шешу үшiн жеке құрамның дайындық деңгейiнiң, жердегi құралдардың және жабдықтардың сәйкестiгiн анықтау мақсатында жүргiзіледі.
      23. Бұл ретте ғимараттар мен құрылыстардың тиiстi түрде жабдықталғаны, күзет дабылы, хабардар eту құралдары бар екендiгi және олардың тiкелей арналымы бойынша пайдаланылатындығы тексерiледi және расталады.
      Ангар құрылыстарының, зертханалардың, авиатехниканы жөндеу және оларға қызмет көрсету жөнiндегi цехтардың, әкiмшiлiк ғимараттардың, жолаушы кешендерiнiң, қоймалардың және басқа да құрылыстардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексерiледi.
      24. Ұшу жұмыстарын ұйымдастыру, ұшу құрамының дайындығы және бiлiктiлiк ұшуларды жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс. Экипаж мүшелерiнiң азаматтық авиация саласында тиiстi кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын күшi бар куәлiктерi тиiс.
      25. Өтінiш берушінiң мынадай құжаттамасы тексеруге жатады:
      1) ұшуларды ұйымдастыру және орындау жөнiндегi;
      2) ұшуларды қамтамасыз ету жөнiндегі;
      3) экипаж мүшелерiнiң жеке iстерi;
      4) экипаждың ұшу және жұмыс уақытын есепке алу;
      5) пайдаланымдық және борттық жазулар.
      26. Өтініш берушiнiң өз құрылымында авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiнде сертификатталған қызметінің болуы немесе сертификатталған ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге және авиациялық техниканы жөндеуге тиiсті шарттар жасасуы тиiс.
      27. Егер өтiнiш беруші басқа мемлекетте тiркелген әуе кемелерiн пайдаланса, онда әуе кемелерiнiң иесiмен әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығын сақтау үшiн жауапкершiлiктi белгiлейтiн тиiстi келiсiмдер (шарттар) жасасуы тиiс.
      28. Өтiнiш берушіде барлық пайдаланылатын әуе кемелерiне ұшуға жарамдылық сертификаты немесе Қазақстан Республикасында жарамды деп танылған шетел мемлекетінің ұшуға жарамдылық сертификаты болуы тиiс.
      29. Халықаралық ұшуларды орындау кезiнде өтiнiш бeруші басқа елдердiң әуежайларында өз өкілдерiнiң немесе басқа елдердiң әуежайларында өкілдіктерi бар азаматтық авиация ұйымымен шарт жасасу арқылы техникалық қызмет көрсетудi көздеуі тиiс. Басқа елдердiң әуежайларында техникалық қызмет көрсету тиiстi мемлекеттiң әуежайларында техникалық қызметтi ұйымдастырудың белгiленген тәртібiне сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
      30. Сертификаттық тексеру нәтижелерi бойынша өтiнiш берушінiң объектiлерiнің нақты жағдайын, пайдаланушы сертификатын беру мүмкіндігі (мүмкiн еместiгi) туралы тұжырымдарды, ұсынымдарды көрсетiп, 2 данада сертификаттық тексеру актiсiн (7-қосымша) жасайды. Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және танысу үшiн өтiнiш бepушігe беріледі.
      31. Комиссияның сертификаттық тексеру мерзiмi 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын болуы тиiс.

  5. Пайдаланушы сертификатын беру, беруден бас тарту, қолданылуын тоқтата тұру, қайтарып алу және жарамсыз деп тану

      32. Пайдаланушы сертификатын беру үшiн Пайдаланушы сертификатын беру мүмкiндiгi туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актiсi негiз болып табылады.
      Пайдаланушы сертификатын беру мүмкiндiгі туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актiсi жасалғаннан кейiн уәкiлеттi орган он күндiк мерзiмде Пайдаланушы сертификатын ресiмдейдi және бередi.
      33. Пайдаланушы сертификатын беруден бас тарту мынадай жағдайларда жүргiзiледі:
      1) заңнамалық кесiмдермен осы санаттағы тұлғалар үшін азаматтық әуе кемелерiн пайдалану жөнiнде қызметтер көрсетуге тыйым салынғанда;
      2) өтiнiш берушi ұсынатын қызметтер көрсету сертификаттық талаптары сәйкес келмегенде;
      3) өтiніш берушiге қатысты қызметтердiң осы түрлерiн көрсетуге тыйым салатын соттың шешiмi болғанда.
      34. Пайдаланушы сертификатын беруден бас тартқан кезде өтiнiш бepушігe бас тарту себептерi көрсетiлген дәлелдi жауап берiледi.
      35. Пайдаланушы сертификатының қолданылуы мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
      1) пайдаланушы ұсынатын қызметтеp көрсету сертификаттық талаптарға сәйкес болмағанда;
      2) пайдаланушының өтiнiшi бойынша;
      3) авиациялық қызметтер көрсету саласындағы сертификаттық талаптар өзгерген кезде;
      4) авиациялық қызметтер көрсетудiң технологиялық процесi өзгерген кезде.
      36. Уәкілетті орган тоқтата тұру себептерiн көрсетiп, Пайдаланушы сертификатының қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата алады.
      Пайдаланушы сертификаты олардың негiзiнде тоқтатыла тұрған себептер жойылмаған жағдайда, ол қайтарып алынады.
      37. Пайдаланушы сертификатының қолданылуын қайта қалпына келтiрудi (оны тоқтата тұру жағдайында) уәкiлеттi орган пайдаланушы анықталған кемшiлiктердi жойғаннан кейiн, сондай-ақ ол уәкiлеттi органға растайтын құжаттарды бергеннен және уәкiлеттi орган қажеттi тексерулерді жүргiзгеннен кейiн ғана жүзеге асырады.
      38. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы  Заңында  көзделген жағдайларда Пайдаланушы сертификаты жарамсыз деп танылады.
      39. Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұру, қайтарып алу немесе жарамсыз деп тану жағдайында уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы пайдаланушыға және аэронавигациялық ақпарат қызметiне дереу хабарлайды.
      40. Пайдаланушының сертификатын қайтарып алу, жарамсыз деп тану кезiнде пайдаланушы уәкiлетті органға Пайдаланушы сертификатын дереу қайтаруға тиiс.

  6. Пайдаланушы сертификатына өзгерiстер енгізу және телнұсқасын беру

      41. Пайдаланушының атауы, оның мәртебесi, ведомстволық тиесiлiлiгi өзгергенде және егер сертификаттық талаптарға сәйкессiздiктерге әкеп соқтырмайтын жағдайларда Пайдаланушы сертификатына және Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерге тиiстi өзгерiстер енгiзiледi. <*>
       Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.03. N  1265  қаулысымен.
      42. Пайдаланушы сертификаты бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда уәкiлеттi орган оның өтiнiшi негiзiнде пайдаланушыға телнұсқасын бередi.
      43. Пайдаланушы сертификатына өзгерiстер енгiзу немесе телнұсқасын алу үшiн пайдаланушы қажеттi негіздемелерiмен және бұрын берiлген Пайдаланушы сертификатын қоса бере отырып, уәкiлеттi органға еркiн нысандағы өтініш бередi (жоғалғаннан (ұрланғаннан) басқа жағдайларда).

  7-тарау. Бақылау

      44. Пайдаланушылардың сертификаттық талаптарды сақтауына бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
2003 жылғы 30 қаңтардағы    
N 106 қаулысымен бекітiлген  
Азаматтық әуе кемелерiн    
пайдаланушыларды және олар  
көрсететiн қызметтердi   
сертификаттау ережесiне  
1-қосымша       

       Ескерту. Қосымшаның мәтіні бойынша "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың қызметтерін" деген сөздер "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.03. N  1265 , өзгерту енгізілді - 2007.10.12.  N 934  қаулыларымен.

-----Елтаңба-----
_____________________________________________________________
Уәкілетті орган

Пайдаланушының сертификаты

      N _____

      Осымен пайдаланушы 
____________________________________________________________
____________________________________________________________
             (пайдаланушының атауы)

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ____N____ қаулысымен бекiтiлген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережелерінің талаптарын қанағаттандыратындығын және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметiн pеттейтiн нормативтік құқықтық кесiмдерiнің талаптарын қанағаттандыратындығын куәландырады.
      Пайдаланушы ___________________________________________
_____________________________________________________________
 (авиациялық қызметтердің түрлерi, халықаралық ұшулар және т.б.)
      Қазақстан Республикасының заңнамасына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго қ., 1944 ж.) Қосымшаларына, сондай-ақ қоса берiлiп отырған Пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерде қамтылған пайдалану талаптары мен шектеулерге сәйкес жүзеге асыруға қабiлеттi.
      Осы Сертификат табыстауға жатпайды және ол қашан қайтарып алынғанға немесе оның қолданылуы тоқтатылғанға дейiн күшiн жоймайды. 
      Инспекциялық бақылауды
__________________________________ жүзеге асырады.
(уәкiлеттi органның атауы)

      МО                                      Уәкілеттi
                                          органның басшысы

                                         __________ __________
                                           (қолы)     (Т.А.Ә.)

Күшiне енген күнi: ___ж. "_____"_______
Қолданылу мерзiмi: ___ж. "_____"_______ дейін

Уәкiлеттi орган
_______________________________________________________________
   (пайдаланушының атауы             N ____ сертификат)

  ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)

А бөлiгi - Жалпы ережелер

      1. Қолданылуы. Осы Пайдалану жөнiндегi арнайы ережелер (шектеулер) Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтердi сертификаттау ережесiне және әуе кеңiстiгiнде ұшулар орындалатын шетел мемлекетiнiң нормативтiк құжаттарына сәйкес берiледі.
      2. Анықтамалар мен қысқартулар. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесiнде белгіленген барлық сөздер, сөз орамдары мен қысқартулар, осы пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерде де сондай мәнде қолданылады.
      3. _________________________________________________берiлген
N ____ пайдаланушы сертификаты бар пайдаланушы "____________"
ұшуды орындауға даярланған.
      4. Әуе кемелерiн пайдалануға рұқсат.
      Пайдаланушыға - "____________" ___________________________
(авиациялық қызметтердiң түрлерi) орындау үшін мынадай жасаушылары мен модельдердің әуе кемелерiн пайдалануға рұқсат етiледi:
      _____________________________ желілерде ұшу үшiн:
_________________________________________________________
     Жасаушы      Моделі     Ең жоғары жүк көтергiштiгi
                             және жолаушы сыйымдылығы
_________________________________________________________
       1             2                  3

1-бағанда әуе кемелерiн жасаушы зауыт көрсетiледі; 2-бағанда әуе кемесiнiң үлгiсi және мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, 3-бағанда тоннамен берiлетiн көрсеткiш және жолаушылар саны көрсетiледі.

      _________________       ___________________
        (лауазымы)                (қолы)

      ____жылғы "_____"________

Уәкiлеттi орган
___________________________________________________________
   (пайдаланушының атауы,           N____ сертификат)

  ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)

А бөлiгі - Жалпы ережелер (жалғасы)

_______________ және _______________________ бойынша ұшуды
орындау үшiн экипажды пайдалану жөнiндегi шектеулер.

      Пайдаланушыға "_________" мәлiмделген әуе кемелерін
___________________ бойынша және _________________________
төмендегідей ұшу құрамымен ұшуларды орындауы үшiн пайдалануына
pұқсат етіледі:
___________________________________________________________
    р/с N      Лауазымы             Т.А.Ә.
___________________________________________________________
      1         
___________________________________________________________
      2
___________________________________________________________
      3
___________________________________________________________

      _____________             ____________________
       (лауазымы)                    (қолы)

      ___ жылғы "______"_______

Уәкiлеттi орган
__________________________________________________________
   (пайдаланушының атауы,           N___ сертификат)

  ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)

В бөлiгi - Бағыттардағы рұқсаттар және шектеулер

      "_____________" пайдаланушының әуе кемелерi уағдаласқан мемлекеттердiң қолданылып жүрген нормативтiк құжаттарына және ұшу ережелерiне сәйкес желiлерде ____________ және _____________ ұшуларды орындауға даярлықтан өткен.
____________________________________________________________
    Әуе кемесінің үлгісі       Навигациялық жабдық
____________________________________________________________
____________________________________________________________

Ұшулар рұқсат етілген:
(Қазақстан Республикасының аумағы шегінде - бағыттар мен аймақтар)
(Қазақстан Республикасының аумағынан тыс - бағыттар мен аймақтар)
(ұшулар түрлерi - BҰE, ВҰЕЕ, АБҰЕ)
(күндiзгi және түнгi уақытта)

____________________________________________________________
            Әуеайлақ            Орналасқан жері
____________________________________________________________
____________________________________________________________      

      _____________             ____________________
       (лауазымы)                    (қолы)

      ___ жылғы "______"_______

      

Уәкiлеттi орган
__________________________________________________________
   (пайдаланушының атауы,           N___ сертификат)

  ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)

С бөлiгi - Әуеайлақтардағы рұқсаттар мен шектеулер

      1. Жалпы ережелер. "________" - пайдаланушыға Азаматтық әуеайлақтар тiзiлiмiне және аэронавигациялық ақпараттар жинақтарына енгiзілген Қазақстан Республикасы аумағындағы азаматтық авиация әуеайлақтарын пайдалану құқығы берiледі. Әуеайлақтар мемлекет аумағынан тыс жерде орналасқан жағдайда оларды пайдалану тәртібi сол мемлекеттiң аэронавигациялық ақпарат құжаттарына сай белгiленедi.
      2. Аспаптар бойынша қонуға кiру тәpтібi және әуеайлақтарды пайдалану минимумы.
      а) Аспаптар бойынша қонуға кiру жүйелерi:
      Пайдаланушыға аспаптар бойынша қонуға кiрудiң мынадай жүйелерiн қолдануға рұқсат етіледі:
      - қонуға кiрудiң нақты емес жүйелерi: VOR, VOR/DME, NDB, PAR
      - қонуға кiрудiң нақты жүйелерi: ILS, І санат
                                       ILS, II санат
      Аспаптар бойынша қонуға кiрудiң рұқсат етілген минимумдары:

      _________________________       ______________
     (уәкілеттi органның басшысы)       (қолы)

_____жылғы "____"__________
Ескерту: егер осы әуеайлаққа уәкiлеттi орган әуе кемелерiнiң үлгiлерi бойынша әуеайлақтың ұшу және қону минимумын белгiлемеген жағдайларда пайдаланушы мәлiмделген әуе кемелерi мен әуеайлақтар үшін минимум есептерiн ұсынады.

Уәкiлеттi орган
__________________________________________________________
   (пайдаланушының атауы,           N___ сертификат)

  ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)

D бөлiгi - Техникалық қызмет көрсету

      "___________" пайдаланушының әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi Техникалық қызмет көрсету жөнiндегi басшылық бекiткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында техникалық қызмет көрсетудi және регламенттiк жұмыстарын жүргiзудi реттейтін стандарттарға, нормалар мен ережелерге сәйкес және _______ жылғы N___ техникалық қызмет көрсету шарты бойынша жүзеге асыруға рұқсат етiледі.

      Күрделi және қалпына келтiру жөндеулерiн осы жұмыс түрлерiн орындау құқығына сәйкестiк куәлiгi бар авиакәсiпорындар мен жөндеу зауыттарында ғана жүргiзуге рұқсат етіледі.

      ________________           ______________
         (лауазымы)                 (қолы)

      ___ жылғы "_____"__________

      Шетелге ұшуларды жүзеге асыратын пайдаланушылар үшiн мынадай толықтырулар жасалады:
      - шетелдік әуежайларда техникалық қызмет көрсетудi орындау Халықаралық әуе желiлерiндегi ұшуларды инженерлiк-авиациялық қамтамасыз ету туралы ереженiң талаптарына сәйкес мәлімделген әуе кемелерiнің үлгiлерiнде дербес техникалық қызмет көрсетуге қолданыстағы рұқсаты бар инженерлiк-техникалық персоналға техникалық қызмет көрсетулердiң қолданылып жүрген регламенттерiне және технологияларына сәйкес рұқсат етіледі.

Уәкiлеттi орган
__________________________________________________________
   (пайдаланушының атауы,           N___ сертификат)

  ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)

Е бөлiгi - Әуе кемелері салмағының рұқсат етілген стандарттық сандық нормалары, теңдестірулер және олардың шектеулері

_____________________________________________________________
ӘК үлгісі      Шекті       Шекті теңдестіру  (% есебімен САХ)
               салмақ
_____________________________________________________________
                              артқы          алдыңғы
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

      Шектеулер: Әуе кемелерін шекті салмақтан және теңдестіру шектеулерінен артық пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

      __________________           ________________
        (лауазымы)                     (қолы)

      __ жылғы "____"_________

      Ескерту: Егер жекелеген әуе кемелерінің үлгілік әуе кемелерінен ерекше сипаттамасы болса, онда олар бөлек тізіммен көрсетіледі.

Уәкiлеттi орган
__________________________________________________________
   (пайдаланушының атауы,           N___ сертификат)

  ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)

F бөлігі - Әуе кемелерiмен және жабдықтармен алмасу

      Пайдаланушы Әуе кемелерiмен алмасу туралы А пайдаланушы ____________ мен Б пайдаланушы арасындағы (күнi) шарттың талаптарына cәйкec рұқсат етілген ұшуларды пайдалану нормативтерi мен ережелерiнiң қолданылатын қағидаларына сәйкес орындай алады.
      Мұндай ұшуларды жүзеге асыру _______ және _________ алмасу пункттерi арасында А пайдаланушының пайдалану талаптарының В бөлiгiнде көрсетiлген бағыттар бойынша, Б пайдаланушының пайдалану талаптарында көрсетiлген әуеайлақтарда және авиациялық персонал мен әуе кемелерiнде рұқсат етiледi.
      Ұшулар Б пайдаланушының әуе кемелерiнiң үлгiсiн және ұшу экипажын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
      Б пайдаланушы осы ұшуларға басшылық үшiн жауап бередi.
      Мұндай ұшулар үшiн пайдаланылатын әуе кемелерiн пайдалану мен техникалық қызмет көрсету А пайдаланушының ұшуларды орындау және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi басшылығына және пайдалану талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      __________________           ________________
        (лауазымы)                     (қолы)

      __ жылғы "____"_________

      

Уәкiлеттi орган
__________________________________________________________
   (пайдаланушының атауы,           N___ сертификат)

  ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)

G бөлігі - Жалға алынатын әуе кемелерiн пайдалану
(ӘК жалға алу бойынша шектеулер)

      _____________________________________ пайдаланушыға _________
_______ _______________ әуе кемелерiн пайдалануға, пайдалану нормативтерi мен ережелерiне, сондай-ақ осы пайдалану талаптарына сәйкес ______ жылғы "_____"_______ (А) _________ мен (Б) __________ арасындағы жалдау туралы шарт бойынша жалға алу құқығымен рұқсат етіледі.
      Мұндай ұшуларды жүзеге асыpу осы талаптардың В бөлiмде көрсетiлген бағыттар бойынша және аудандарда және С бөлiгiнде аталған тиiстi әуеайлақтарды пайдалана отырып және осы пайдалану талаптарында көрсетiлген пайдалану минимумдарына сәйкес рұқсат етiледi.
      Мұндай ұшулар (А) пайдаланушының әуе кемелерiнiң үлгiсiн және ұшу экипаждарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
      (А) пайдаланушы осындай ұшуларға басшылық үшiн жауап бередi.

      __________________           ________________
        (лауазымы)                     (қолы)

      __ жылғы "____"_________

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің       
2003 жылғы 30 қаңтардағы 
N 106 қаулысымен бекiтiлген 
Азаматтық әуе кемелерiн  
пайдаланушыларды және олар 
көрсететiн қызметтердi   
сертификаттау ережесiне  
2-қосымша      

Уәкiлетті орган басшысына
_________________________

Пайдаланушы сертификатын алу үшін (Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерге өзгерiстер енгiзуге)
ӨТIНIМ

      ________________________________________________________
      (ішкі (халықаралық) әуе желілерінде ұшуды oрындау үшін Пайдаланушы сертификатын алу, қолданылу мерзiмiн ұзарту, Пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерге өзгерiстер енгізу) мақсатында _________________________________ сертификаттау жүргізудi сұраймын
(өтінiм берушінің толық аты-жөнi)
ұшуды бастау жоспарланған күн
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(ұзарту/өзгерiстер енгiзу кезiнде тиiсiнше қолданылып жүрген
Пайдаланушы сертификатының аяқталу мерзiмi немесе жаңа пайдалану жағдайындағы ұшуды бастау жоспарланған күн көрсетіледi)
      өтiнiш берушi:
      сертификаттау рәсiмдерiн орындауға;
      сертификаттау талаптарына жауап беруге және уәкілеттi органға ұшулардың ұйымдастырылуын, қамтамасыз етiлуiн және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге;
      сертификаттау жөнiндегi шығыстарды төлеуге мiндеттенедi.

      Басшы ________________________
            (лауазымы / қолы / күнi)

      МО
      Бас бухгалтер ______________
                    (қолы/күні)

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2003 жылғы 30 қаңтардағы   
N 106 қаулысымен бекiтiлген  
Азаматтық әуе кемелерiн   
пайдаланушыларды және олар  
көрсететiн қызметтердi    
сертификаттау ережесiне   
3-қосымша      

       Ескерту. Қосымша тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.12.03. N  1265  қаулысымен.

Пайдаланушының сертификатын алуға арналған өтінім
бойынша шешім

      ____ жылғы "_____"________N ____

________________________________________________________
      (авиациялық қызметтердің түрлерi)
________________________________________________________

орындауға Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын алуға
________________________________________________________
________________________________________________________
         (өтiнiш берушiнің атауы)

өтiнiмiн қарап

      Хабарлаймыз:
      1. Сiз ұсынған құжаттар сертификаттық талаптарға сәйкес (сәйкес емес) (сәйкес келмеген жағдайда сәйкессiздiк тармағы көрсетіледi)
________________________________________________________

      2. Сертификаттау _________________________________
                       (нормативтік құжаттардың атаулары) талаптарына сәйкестікке жүргiзiледi

      3. Инспекциялық бақылауды
_______________________________________ жүзеге асырады

                            Уәкiлеттi органның басшысы
                               ________________

Мөр___________
     (қолы)

                ____ жылғы "_____"________

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2003 жылғы 30 қаңтардағы   
N 106 қаулысымен бекiтiлген  
Азаматтық әуе кемелерiн    
пайдаланушыларды және олар  
көрсететiн қызметтердi    
сертификаттау ережесiне    
4-қосымша        

       Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.03. N  1265  қаулысымен.

Ұшуды орындау жөнiндегi үлгi басшылық

      Ұшуды орындау жөнiндегi басшылықты қолданылып жүрген ережелерге, нұсқаулықтарға және ИКАО 9367-AN/914 құжаты мен Ұшуды орындау жөніндегі үлгi басшылығына әдiстемелік құрал ретiнде пайдаланып, әуe кемелерiн пайдалануды реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес өтiнiш берушi дайындайды.
      Басшылық мынадай ақпаратты қамтуы тиiс:
      1-тарау. Жалпы ережелер.
      2-тарау. Ұшуды орындау және олардың өзгерiстерiн бақылау жөнінде басшылыққа қойылатын талаптар.
      3-тарау. Басқарудың, мiндеттердiң ұйымдастырушылық схемасының сипаттамасы және басшылардың жауапкершілігі.
      4-тарау. Авиациялық персоналды дайындау.
      5-тарау. Ұшу құрамының жұмысы мен демалысын қалыптастыру.
      6-тарау. Ұшудың орындалуын бақылау. Жалпы аспектiлер. Ұшуды орындауды қамтамасыз ететiн пайдаланушы персоналдың құрамына кiретiн қызметкерлердiң өкілеттiктерi мен функциялары.
      7-тарау. Ұшулардың жер бетінде қамтамасыз етілуiн бақылау. Ұшуды қамтамасыз ету органдары.
      8-тарау. Ұшуды тiкелей қамтамасыз етудi бақылау.
      9-тарау. Ұшуды дайындау.
      10-тарау. Әуе кемелерiнiң ұшу-техникалық сипаттамасы.
      11-тарау. Бағыттық анықтамалық деректер және карталар.
      Байланыс құралдары, аэронавигациялық құралдар, әуеайлақтар туралы мәлiметтер және пайдаланушының қалауы бойынша өзге де мәлiметтер кiретiн ұшу бағыттары жөніндегі бағыттық анықтамалық деректер.
      Аспаптар бойынша ұшуларға және визуалды ұшуларға арналған әуе кемесiнiң бортындағы аэронавигациялық карталарға қойылатын талаптар.
      12-тарау. Ең төмен абсолюттiк биiктіктер және әуеайлақтарды пайдалану минимумы.
      1) Аумағында ұшу орындалатын мемлекет белгiлеген бағыттардағы ең төмен абсолюттi биіктік.
      2) Егер әуе кемелерiнiң үлгілерi жөнiндегi уәкiлеттi орган осы әуеайлаққа ұшу мен қону үшiн әуеайлақ минимумын белгiлемеген жағдайда, пайдаланушы "Минимумдарды белгiлеу әдiстемесiне" сәйкес уәкiлеттi органға өтінім берiлген әуе кемелерiне әуеайлақ минимумының есептерiн белгiленген нысанда ұсынады.
      13-тарау. Авиациялық оқиғаларды болдырмау және оқиғадан кейiнгi кезеңдегi ұйымдастырушылық қызмет.
      1) Авиациялық оқиғаларды болдырмау Ұшуды орындау жөнiндегi басшылықта қолданыстағы ережелерде, рәсімдерде және қағидаларда көзделген қызметтi толықтыратын қызмет ретiнде қаралады. Бұл қызмет оқиғаға әкеп соқтыруы мүмкін кез келген жағдайлардың, оқиғалар мен жағдаяттардың пайда болуын анықтауға және жоюға немесе болдырмауға бағытталған. Авиациялық оқиғаларды болдырмау бағдарламасы мыналарды қамтуы тиiс:
      1) қауiпсiздiк тұжырымдамасын, әдiстемелiк негiздердi;
      2) АО болдырмау жөнiндегi қызметтi;
      3) ұшу қауіпсiздігін талдауды;
      4) АО болдырмау жөнiндегi iс-шараларды;
      5) авиациялық оқиғаларды тергеу және авариялықтың алдын-алу жөнiндегі жұмысты ұйымдастыруға қатысты нұсқаулықтарды;
      6) пайдаланушының авиациялық оқиғадан кейiнгi кезеңдегi iс-әрекетi тәртібінің нұсқаулығы, мiндеті мен жауапкершiлiгi. Авиациялық оқиға орнындағы әуе кемесi командирiнiң және экипаждың басқа мүшелерiнiң мiндеттерi мен жауапкершiлiгі;
      5), 6) - тармақшаларда көрсетiлген нұсқаулықтар қолданылып жүрген Авиациялық оқиғалар мен соқтығыстарды тергеу туралы ереженiң негiзiнде әзiрленедi.
      14-тарау. Iздестiру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
      15-тарау. Мынадай мәселелердiң тiзбесiн қамтитын авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi шаралар:
      1. Авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бағдарламасы;
      2. Авиациялық қауiпсiздiк қызметi жөніндегi ереже;
      3. Авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету ережесi:
      1) әуе кемелерiнiң қауiпсiздiгiн тексеру;
      2) жолаушыларды, олардың қол жүгін, теңдеме жүктердi, жүктердi, тамақтандыру бортын тексеру;
      3) әуе кемелерi мен әуеайлақ объектілерiн күзету;
      4) қоршау, өткiзу және объективтілiк режим;
      5) заңсыз араласу актiлерiне жауап шаралар;
      6) әуе кемелерінің тұрақтарын күзету жөнiнде арнайы шаралар;
      7) заңсыз араласуға ұшыраған әуе кемелерiне қызмет көрсету;
      8) заңсыз араласу актiсiне қарсы әрекет жөнiндегi операцияның жоспары.
      16-тарау. Құжаттама және оны толтыру.
      17-тарау. Толықтырулар мен есептер.
      18-тарау. "Ұшуды орындау жөнiндегi басшылық" данасын жүргiзу, түзетулер мен толықтырулар енгiзу.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2003 жылғы 30 қаңтардағы    
N 106 қаулысымен бекiтiлген  
Азаматтық әуе кемелерiн   
пайдаланушыларды және олар  
көрсететiн қызметтердi   
сертификаттау ережесiне   
5-қосымша       

Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi үлгi басшылық

      Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi басшылық жалпы құжаттамадан және әрбiр әуе кемесiне арналған ақпараттан тұрады.
      1. Жалпы құжаттамада:
      1) Инженерлік-авиациялық қызметтің құрылымдық схемасын қоса алғандағы әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру туралы ақпарат.
      2) Инженерлік-авиациялық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың міндеттерi, жауапкершiлiгi мен өкiлеттіктерi.
      3) Инженерлiк-авиациялық қызметтiң басшы құрамының және ИАҚ құрылымдық бөлiмшелерi басшыларына кәсiптiк даярлығы туралы қысқаша деректер.
      4) Әуе кемелерiне ТҚК процесiне тiкелей қатысатын инженерлік-техникалық құрам тұлғаларының тiзiмi, олардың бiлiмi, атқарып отырған қызмет, авиатехникаға техникалық қызмет көрсетуге рұқсатының бар болуы көрсетiледi.
      5) Олардың негiзiнде инженерлiк-авиациялық қызмет жұмысы ұйымдастырылған негiзгi құжаттардың тiзбесi.
      6) Инженерлiк-техникалық құрамды авиациялық техникада жұмыс iстеуге жiберудің тәртiбi, осы жұмыстарға рұқсат етудi растайтын құжаттардың бар болуы туралы ақпарат.
      7) Ұшу және инженерлiк-техникалық құрамның авиациялық-техникалық дайындығын ұйымдастыру.
      8) Инженерлiк-техникалық құрамның қозғалтқышты iске қосу мен сынауға, әуе кемелерiн тiркеп cүйреуге және т.б. жiберiлуi туралы ақпарат.
      9) Инженерлiк-авиациялық қызмет орындайтын техникалық қызмет көрсету түрлерiнiң тізбесi.
      10) Халықаралық ұшуларды орындау үшін қосымша жабдықтарды орнатуға байланысты әуе кемелерiнiң әрбiр үлгiсiне техникалық қызмет көрсету регламенттерiн және технологиялық нұсқауларды толықтыру туралы ақпарат.
      11) Халықаралық ұшуларды орындау кезiнде әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру туралы ақпарат.
      12) Авиациялық техниканың жай-күйін бақылау, оның сенiмділігін және әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудiң сапасын қамтамасыз ету туралы ақпарат.
      13) Объективтi бақылау құралдарын пайдаланып ұшу ақпаратын жинауды, ашуды және пайдалануды ұйымдастыру туралы ақпарат.
      14) Басшылық, нөмiрлiк және өндiрiстiк-техникалық құжаттаманы қоса алғанда пайдалану құжаттамасын жүргiзу туралы ақпарат. Басшылық құжаттамаға толықтырулардың түсуін ұйымдастыру.
      15) Әуе кемелеріне басқа ұйымдардың техникалық қызмет көрсетуi жөнiнде жұмыс жүргiзілуiн растайтын құжаттар (шарттар) қамтылуы тиiс.
      2. Әрбiр әуе кемесiне арналған ақпарат:
      1) Халықаралық ұшуларды орындау үшiн орнатылған қосымша жабдықтардың тiзбесi.
      2) Әуе кемесінің жеке ерекшелiктерi (қажет болғанда);
      3) Әуе кемелерінің, оның қозғалтқыштарының тағайындалған ресурсы. Әуе кемесiнің және оның қозғалтқыштарының нақты пайдаланымы.

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2003 жылғы 30 қаңтардағы    
N 106 қаулысымен бекiтiлген  
Азаматтық әуе кемелерiн   
пайдаланушыларды және олар  
көрсететiн қызметтердi    
сертификаттау ережесiне   
6-қосымша       

Ұшу қауіпсіздігiн қамтамасыз етумен тiкелей байланысты басшылық құрам және мамандар жөніндегi деректер

      1. Tегi, аты, әкесiнің аты, атқарып отырған қызметi.
      2. Туған жылы.
      3. Бiлiмi.
      4. Арнайы бiлiмi.
      5. Басшылық қызметтегі жұмысы (атқарып отырған қызметтегi жұмыс өтілін көрсетіп).
      6. Азаматтық авиация маманы куәлігінің нөмiрi, оның қолданылу мерзiмi.
      7. Біліктiлiгін арттыру (күнi, оқу орны, бiлiктiлiктi арттыру бағдарламасы).
      8. Мерзiмдi аттестациядан өту, қорытынды.

      Басшы _____________________
                (күнi, қолы)

      Ескерту: Бiлiмi және арнайы дайындығы туралы құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну қажет.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2003 жылғы 30 қаңтардағы   
N 106 қаулысымен бекiтiлген  
Азаматтық әуе кемелерiн   
пайдаланушыларды және олар  
көрсететiн қызметтердi    
сертификаттау ережесiне    
7-қосымша         

Сертификаттық тексеру актісінің үлгі нысаны

____________________________ 2003 жылғы "____"____________
(уәкілетті органның атауы)

N ____ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия

Төраға: ______________________
         (Т.А.Ә., лауазымы)

Комиссия мүшелері: ________________________
                     (Т.А.Ә., лауазымы)
                   ________________________
                     (Т.А.Ә., лауазымы)
                   ________________________
                     (Т.А.Ә., лауазымы)

      
____________________________________________________ азаматтық
               (ұйымның атауы)

      әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау жүргізілді

                    қорытынды мәтіні

      Төраға: __________________         _______________
                 (Т.А.Ә.)                    (қолы)
      Комиссия мүшелері: ___________     _______________
                           (Т.А.Ә.)         (қолы)
                         ___________     _______________
                           (Т.А.Ә.)         (қолы)
      Актімен таныстым:
      Ұйымның басшысы    ___________     _______________
                           (Т.А.Ә.)         (қолы)

Қазақстан Республикасы        
Үкіметінің              
2003 жылғы 30 қаңтардағы      
N 106 қаулысымен бекiтiлген     

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттау
ЕРЕЖЕСI

       1. Жалпы ережелер

      1. Осы Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы  Заңының , "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы  Заңының  талаптарына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегі қызметтердi сертификаттау тәртібiн белгілейдi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.12.  N 934  Қаулысымен.
      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:
      1) авиациялық техниканы жөндеу - авиациялық техниканың жарамдылығын және жұмысқа қабiлеттілігін қалпына келтiру жөніндегi операциялар кешенi;
      2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығы - авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеудi жүзеге асыратын, осы Ережеде белгiленген тәртіппен авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi сертификат берiлген заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi;
      3) өтінім - өтiнiш берушiнің сертификаттық зерттеу рәсімдерiнен өтуi үшiн уәкiлеттi органға жазбаша өтiнiшi;
      4) өтiніш берушi - Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi қызметке сертификат алу үшін уәкілетті органға өтiнiш берген заңды тұлға;
      5) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi қызметтер сертификаты (бұдан әрi - Сертификат) - авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi қызметтердің сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын құжат (1-қосымша);
      6) сертификаттық талаптар азаматтық авиацияны сертификаттау саласында нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген талаптар;
      7) сертификаттық тексеру - уәкiлеттi орган жүзеге асыратын авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегi қаражатты, жабдықты, пайдалану рәсiмдерiн, технологиялық процестердi, құжаттаманы, ұйымдастырушылық құрылымды, сондай-ақ өтiнiш берушi қызметкер құзыреттiлігінiң сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
      3. Сертификаттаудың мақсаты адамның өмiрi мен денсаулығы үшiн авиациялық қызметтердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
      4. Сертификаттаудың объектілерi авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi қызметтер болып табылады.
      5. Сертификат иелiктен шығарылмайтын болып табылады және басқа адамға берiлмеуге тиiс.
      6. Сертификат үш жылдан аспайтын мерзiмге саласы мен әрекет ету мерзiмi көрсетiле отырып берiледi.
      Сертификаттың әрекет ету мерзiмi аяқталысымен жарамсыз деп есептеледi.
      7. Сертификаттаудың жалпы мерзiмi 3 (үш) айдан аспауы тиiс.
      8. Сертификаттар берудi, есепке алуды, сондай-ақ сертификаттық талаптардың сақталуын бақылауды уәкілеттi орган жүзеге асырады.
      9. Сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу өтiнiш берушiнің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Сертификаттау жөніндегi жұмыстардың жүргiзiлгенi үшiн алынған қаражат республикалық бюджетке аударылады.

  2. Сертификаттауды жүргiзу тәртiбi

      10. Сертификаттауды жүргiзудiң мынадай тәртібi белгiленедi:
      1) өтiнiш берушінiң тиiстi құжаттардың қосымшасымен белгіленген нысандағы өтiнiмдi (3-қосымша) уәкілеттi органға беруi;
      2) алдын ала бағалау және өтінім бойынша шешiм қабылдау;
      3) уәкiлетті органның сертификаттық тексеру жүргiзуi.
      11. Өтiнiмге қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесiн және сертификаттық талаптарды уәкілетті орган белгілейдi.
      12. Уәкілетті орган 30 (отыз) күнтiзбелік күннің iшiнде өтiнiмдi қарайды және өтiнiш берушiге өтiнiм жөнiндегi шешiмдi хабарлайды (4-қосымша).
      13. Егер, өтiнiм осы Ереженiң талаптарына сәйкес болмаған немесе оған қоса берілетiн құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда өтінім қайтару себептерi көрсетіле отырып қайтаруға жатады.
      14. Өтінiм бойынша ескертулер болмаған кезде (ескертулер жойылғаннан кейiн) өтiнiм бойынша шешiмнiң негiзiнде уәкiлеттi орган сертификаттық тексерулер жүргізу үшiн комиссия құрады.
      15. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi қызметтерді сертификаттық тексеру қолдануға болатын мәлімделген қызмет салаларына (2-қосымша) және авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығының сипаттамаларына қарай жүргiзiледi.
      Бұл ретте мыналар тексерiледi:
      1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығының сипаттамасы (көрсеткiштерi) және осы орталықтың сертификаттық талаптарға сәйкестігін растауға мүмкiндiк беретiн тексеру рәсiмдерi iске асырылады;
      2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi қызметтер ұсынудың толықтығы және сапалылығы;
      3) сапаның тұрақтылығы.
      Қажет болған кезде комиссия қосымша ақпарат сұрай алады.
      16. Сертификаттық тексерудiң мерзiмi 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспауы тиiс.
      17. Сертификаттық тексеру уәкілеттi орган бекiтетiн сертификаттық тексерудiң үлгілiк бағдарламасына сәйкес жүргiзіледi.
      18. Сертификаттық тексерудiң нәтижелері бойынша өтiнiш берушi объектiлерiнiң нақты жай-күйi, тұжырымдары, ұсынымдары және Сертификат беру мүмкiндiгі (мүмкіндігі жоғы) туралы қорытынды көрсетiле отырып, екі данада сертификаттық тексеру акті (5-қосымша) жасалады. Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және танысу үшiн өтiнiш берушiге ұсынылады.
      19. Сертификаттарды ресiмдеудi уәкілеттi орган қызметтiң мәлiмделген саласына сәйкес қызмет көрсетулердің, әрбiр түрi бойынша бөлек жүргiзедi.

  3. Сертификат беру және беруден бас тарту

      20. Сертификат беру мүмкiндігі туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру акті Сертификат беру үшін негiздеме болып табылады.
      Сертификат беру мүмкiндігі туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актi жасалғаннан кейiн уәкілетті орган онкүндік мерзiмде Сертификат ресiмдеудi және берудi жүргiзедi.
      21. Сертификат беруден бас тарту мынадай жағдайларда, егер:
      1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызмет көрсетуге осы санаттағы тұлғалар үшiн заңнамалық кесімдермен тыйым салынса;
      2) өтiнiш беруші ұсынған қызметтер сертификаттау талаптарына сәйкес келмесе;
      3) өтiнiш берушiге қатысты оған осы қызметтер түрін көрсетуге тыйым салған сот шешiмi болса.
      22. Сертификат беруден бас тартқан кезде өтiнiш берушiге бас тарту себебi көрсетiле отырып дәлелдi жауап берiледi.

  4. Сертификатқа өзгерiстер енгiзу және телнұсқа беру

      23. Берiлген Сертификаттарды қайта ресiмдеу егер олар сертификаттау талаптарына сәйкес келмеушілiкке әкелмесе, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығының атауы, оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгерген және басқа да өзгерiстер болған жағдайда жүргiзіледi.
      24. Сертификаттың телнұсқасы бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда ол берiлуi мүмкiн.
      25. Сертификатқа өзгерiс енгiзу немесе телнұсқасын алу үшiн авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығы уәкiлеттi органға қажеттi негiздемелермен және тиiсiнше бұрын берілген Сертификатты қоса беру (жоғалу немесе ұрлану жағдайларынан басқа) еркiн нысандағы өтiнiшiн бередi.

  5. Бақылау

      26. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi сертификатталған қызметтердің белгіленген талаптарға сәйкестiгiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      27. Сертификаттың әрекет етуiн тоқтату оның тоқтатылу себептерi көрсетiле отырып, алты айға дейiнгi мерзiмге рұқсат берiледi.
      Сертификаттың әрекет етуiн тоқтату бойынша себептерi жойылмаған жағдайда уәкілеттi орган оны қайтарып алуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің    
2003 жылғы 30 қаңтардағы        
N 106 қаулысымен бекiтiлген       
Авиациялық техникаға техникалық    
қызмет көрсету және жөндеу      
жөніндегі қызметтердi        
сертификаттау ережесiне       
1-қосымша          

Елтаңба

Уәкiлеттi орынның атауы

Уәкiлеттi органның мекен-жайы

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi қызметтердiң
СЕРТИФИКАТЫ

      сериясы ИАС N_____

200 жылғы "__"_________ берілдi 200 __ жылғы "___"_____дейін күшінде болады.
______________________________________________________________
  (ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, банктiк деректерi)

Осы сертификат ____________________________________________
                        (ұйымның атауы)

авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi қызметтердi осы Сертификаттың қосымшасында көрсетiлген қызмет саласына қатысты нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес деп куәландырады.

Сертификат ______________________________________________
                  (уәкiлеттi органның атауы)
________________________________________ комиссиясының

200 жылғы "___"__________N _______ Сертификаттау тексеру (тексерiс) кесiмiнiң негізiнде берiлген.
Инспекциялық бақылауды ___________________________ жүзеге асырады.
                       (уәкілетті органның атауы)

      М.О.                        Уәкілетті органның басшысы

                                  ___________________
                                      қолы, Т.А.Ә.

 
Авиациялық техникаға техникалық  
қызмет көрсету және жөндеу    
жөніндегі сертификатқа қосымша  
сериясы ИАС N _____   

СЕРТИФИКАТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ САЛАСЫ

__________________________________________________________
Р/с      Авиациялық     Жұмыс түрлері       Ескерту
N      техниканың түрі
__________________________________________________________

 
__________________________________________________________

      М.О.                Уәкілетті органның басшысы

                          _________________________
                               қолы, Т.А.Ә.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің    
2003 жылғы 30 қаңтардағы         
N 106 қаулысымен бекiтiлген       
Авиациялық техникаға техникалық     
қызмет көрсету және жөндеу       
жөніндегі қызметтердi         
сертификаттау ережесiне        
2-қосымша           

  Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi ұйымдардың қызмет салалары

      Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi ұйымдардың қызмет салаларына:
      1) әуе кемелерiнiң жекелеген түрлерiне жедел техникалық қызмет көрсету, соның iшiнде ағымдағы жөндеу, күрделi емес ақауларды жою, агрегаттарды және шектелген тiзбе бойынша жиынтық бұйымдарды ауыстыру;
      2) әуе кемелерiнiң жекелеген түрлерiне кезеңдi техникалық қызмет көрсету (жұмыс iстеу бойынша және күнтiзбелiк мерзiмдер бойынша), соның iшiнде авиадвигательдердi ауыстыру, авиациялық техниканы ағымдағы жөндеу, зертханалық тексерулер және агрегаттар мен жиынтық бұйымдарды қалпына келтiру;
      3) "күрделi жөндеусiз" пайдаланатын әуе кемелерiнiң планерiнде, авиадвигательдер мен авиациялық техниканың жиынтық бұйымдарындағы бақылау-қалпына келтiру жұмыстары (жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары);
      4) әуе кемесiнiң интерьерiн жаңарту (қайта жабдықтау);
      5) әуе кемесiн жаңғырту жөнiндегi жұмыстарды және өнеркәсiп бюллетеньдерi бойынша пысықтауларды орындау;
      6) әуе кемелерiн, авиадвигательдер мен жиынтық бұйымдарды (агрегаттарды) оларға жаңа ресурстарды орната отырып (қызмет мерзiмдерiн) күрделi жөндеу жатады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің    
2003 жылғы 30 қаңтардағы         
N 106 қаулысымен бекiтiлген       
Авиациялық техникаға техникалық    
қызмет көрсету және жөндеу      
жөніндегі қызметтердi        
сертификаттау ережесiне       
3-қосымша            

Уәкілетті органның басшысына
____________________________

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi қызметтерді сертификаттауға арналған өтiнімнiң үлгілiк нысаны

      1. Ұйымның атауы ____________________________________
      2. Ұйымды тiркеу орны және тiркеу нөмiрi (шифр)
      _____________________________________________________
      3. Өндiрiстiк базаның орналасқан жерi _______________
      4. Почталық мекен-жайы ______________________________
      5. Телефон ____________
      6. Телеграф ___________
      7. Факс _______________
      8. Есеп шоты ________________________________________
      9. Өтiнiмдi беру себебi (керек емесiн сызып тастаңыз):
         бастапқы сертификаттау,
         жоспар бойынша сертификаттау,
         қызмет саласын кеңейту,
         басқа да себептер (көрсетiңiз)
      10. Өтiнiмнiң мазмұны
      Мен, төменде қол қоюшы, _____________________________
                              (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
      ____________(күні, айы) ________ бекiтiлген (тiркелген) Жарғының (Ереженiң) негiзiнде iс-әрекет ете отырып, мынадай авиациялық техникада әуе кемесi _____________________________
      двигательдер __________________________________________
      әуe бұрандылары _______________________________________
      көмекшi күш қондырғысы ________________________________
      борттық жабдықтар _____________________________________
      төменде берiлген жұмыстардың түрлерiн (кешендерiн) ____
      орындау құқығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi қызметтерге сертификаттау жүргiзудi өтiнемiн.
      11. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуге жауапты басшылық құрам:
_____________________________________________________________
        Лауазымы    Тегі, аты, әкесінің аты        Қолы
_____________________________________________________________
       Басшы
_____________________________________________________________
  ТББ басшысы
_____________________________________________________________
С мен Д техникалық
қызмет көрсету
жөніндегі басшы
_____________________________________________________________
А мен РЭЖ техникалық
қызмет көрсету
жөніндегі басшы
_____________________________________________________________

      12. Сертификаттау жөніндегі жұмыстардың ақысы төленді.

      __________________  __________________ ______________
         (лауазымы)          (қолы)             (Т.А.Ә.)

      __________________           мөр
           (күні)                  орны

      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
2003 жылғы 30 қаңтардағы          
N 106 қаулысымен бекiтiлген        
Авиациялық техникаға техникалық     
қызмет көрсету және жөндеу        
жөніндегі қызметтердi          
сертификаттау ережесiне         
4-қосымша               

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттауға берiлген өтінiм бойынша шешімнің үлгілік нысаны

200 жылғы "___"____________ N_______

      ________________________________________________________
                       (ұйымның атауы)
      ________________________________________________________
                       (объектiнің атауы)

      ________________________________________________________

      _______________________ сертификаттау жүргiзу үшiн
      _____ "____"__________N_____ ұсынылған өтінімді қарап хабарлаймыз:
      1. Сiздер ұсынған құжаттар сертификаттау талаптарына сәйкес (сәйкес емес) (сәйкес келмеген жағдайда сәйкессiздiк тармағы көрсетiледi) _________________________
      2. Сертификаттық тексеру ________ бастап ______ қоса алғандағы кезеңде жүргiзiледі.
      3. Тексерiс ____________________________________________
                   (нормативтiк құжаттың атауы мен белгiленуi)
      ________________ талаптарына сәйкестiкке жүргізiледi
      4. Инспекциялық бақылауды _____________________________
      жүзеге асырады.
      5. Жұмыстар ___________________________________________
      __________________________________негiзiнде жүргiзiледі

                                   Уәкiлеттi органның басшысы

      МО                               ________________ Т.А.Ә.
                                             (қолы)

                                200 ___жылғы "_____"________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің      
2003 жылғы 30 қаңтардағы           
N 106 қаулысымен бекiтiлген         
Авиациялық техникаға техникалық       
қызмет көрсету және жөндеу         
жөніндегі қызметтердi           
сертификаттау ережесiне          
5-қосымша             

Бекітемін          
Уәкілетті органның басшысы     
_________________________     
    қолы, Т.А.Ә.          

200 __жылғы "___"________     

Сертификаттық тексеру актісінің үлгілік нысаны

_________________________ 200 ___жылғы "__"__________N________
(уәкілетті органның атауы)
бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:
      Төраға: __________________
              (Т.А.Ә., лауазымы)

      комиссия мүшелері: ___________________
                         (Т.А.Ә., лауазымы)
                         ___________________
                         (Т.А.Ә., лауазымы)
                         ___________________
                         (Т.А.Ә., лауазымы)

      _________________________________________________________
                        (ұйымның атауы)

      авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтердің сертификаттық тексеруі жүргізілді.

қорытындының мәтіні

      Төраға: __________________     _______________________
                  (Т.А.Ә.)                (қолы)

      Комиссия мүшелері ________     _______________________
                        (Т.А.Ә.)                (қолы)
              __________________     _______________________
                  (Т.А.Ә.)                (қолы)

      Актімен таныстым:
      ұйым басшысы  ____________     _______________________
                       (Т.А.Ә.)                (қолы)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
2003 жылғы 30 қаңтардағы          
N 106 қаулысымен бекiтiлген         

Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесi 

       Ескерту. Мәтінге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.12.  N 934  Қаулысымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы  Заңының , "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы  Заңының  талаптарына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының аса жеңiл авиация саласында сертификаттау жүргiзудiң құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгiлейдi.
      Осы Ереже метеорологиялық мақсатта қолданылатын шар-ұшқыштарға, сондай-ақ басқарылмайтын ұшқышсыз аэростаттарға қатысты қолданылмайды.
      2. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
      1) аса жеңiл авиация қауымдастығы және (немесе) федерациясы - Қазақстан Республикасының аса жеңiл авиация субъектiлерiнiң қызметін үйлестiру үшiн заңды тұлғаларды бiрiктiру жолымен құрылған коммерциялық емес ұйымдар;
      2) өтiнiм - өтiнiш берушiнiң сертификаттық зерттеудiң рәсiмдерiн өту үшiн уәкілеттi органға жазбаша өтiнiшi;
      3) өтiнiш берушi - аса жеңiл авиация саласында сертификаттау жүргiзу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш бiлдiрген жеке немесе заңды тұлға;
      4) сертификаттық талаптар - азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгiленген талаптар.
      3. Сертификаттық тексерiстiң тәртiбi мен үлгi бағдарламасын, сондай-ақ өтiнiш берушi ұсынатын құжаттар тiзбесiн уәкілеттi орган бекiтедi.
      4. Өтінiш беруші ұсынатын құжаттардың көшiрмелерін нотариус куәландырған болуы тиiс.
      5. Өтінiш берушi шетел мемлекеттері берген құжаттарды ұсынған жағдайда, олар мемлекеттік немесе орыс тiлдерiне аударылуы тиiс. Шетел тiлiнен аударманы нотариус куәландырған болуы тиiс.
      6. Сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу өтінiш берушiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Сертификаттау бойынша жұмыстар жүргiзу үшiн алынған қаражат республикалық бюджетке аударылады.
      7. Сертификаттардың берiлуiн, есепке алынуын, сондай-ақ сертификаттық талаптардың сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

  2. Аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң данасын немесе үлгiсiн сертификаттау

      8. Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң данасын немесе үлгiсiн сертификаттауды әуе кемелерiн әзiрлеушiнiң және тиiстi федерациялар мен қауымдастықтардың қатысуымен уәкілеттi орган жүзеге асырады.
      9. Аса жеңіл авиация әуе кемесiнің данасын немесе үлгiсiн сертификаттауды жүргiзу үшін өтiнiш берушi уәкiлетті органға осы әуе кемесi оған сәйкес жасалған техникалық құжаттаманы және двигательдер мен жабдықтарды алдын ала сынау нәтижелерiн қоса ұсына отырып, өтiнiм береді.
      10. Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау үшiн әзiрлеу және аса жеңіл авиация тиiстi қауымдастықтары мен федерациялары уәкілеттi органмен келiсiм бойынша аса жеңіл авиация әуе кемелерiн тексеру жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн техникалық комиссия (бұдан әрi - техникалық комиссия) құрады.
      11. Техникалық комиссия тексеру кезiнде аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң аэродинамикалық және барлық сипаттамалары, конструкциясы, оның жасалу (күрделi жөндеу) сапасы, техникалық жай-күйi бағаланады. Аса жеңiл авиацияның барлық әуе кемелерi үшiн тиiстi техникалық құжаттама тексерiледi.
      12. Техникалық комиссия тексеру нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган өтініш берушiге аса жеңiл авиация әуе кемесi данасының немесе (және) үлгiсiнiң сертификатын (1, 2-қосымша) беруi үшiн негiздеме болып табылатын, ұшуда пайдалану жөнiндегi басшылыққа енгiзiлген ұшу шектеулерiн ескере отырып, аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау актiсiн береді.
      Әуе кемесiн әзiрлеушi Аса жеңiл авиация әуе кемесiнің үлгiсi немесе данасы сертификатының (бұдан әрi - Үлгі сертификаты) иесi болып табылады. <*>
       Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.03. N  1265  қаулысымен.

  3. Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы сертификатын беру

      13. Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы сертификаты (3-қосымша, бұдан әрi - Ұшу жарамдылығының сертификаты) мiндеттi кеме құжаты болып табылады және оны көшiрмеге ауыстыруға рұқсат етілмейді. Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң бортында қабылдау-тапсыру актiсi және ұшуға тапсырма болғанда ғана аса жеңiл авиация әуе кемесiн оны жасайтын зауыттан, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөнiндегi орталықтан тұрақты орналасу орнына дейiн айдауға қолданыстағы ұшу жарамдылығының сертификатынсыз рұқсат етіледi.
      14. Ұшу жарамдылығының сертификатын алу (ұзарту) үшін өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледі:
      Үлгi сертификаты;
      техникалық комиссия берген аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын анықтау және техникалық жай-күйін тексеру актiсi;
      аса жеңiл авиация әуе кемесiн пайдалану құқығын беретiн сатып алу-сату шартының немесе өзге де шарттың көшiрмесi;
      аса жеңiл авиация әуе кемесiн қабылдау-тапсыру актiсiнiң көшiрмесi;
      аса жеңiл авиация әуе кемесiн әзiрлеушінің немесе аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң ресурсын анықтайтын конструкторлық бюроның құжаты.
      15. Ұшу жарамдылығының сертификаты екі жылдан аспайтын мерзiмге берiледі.
      16. Ұшу жарамдылығы сертификатының қолданылуын ұзарту үшін аса жеңіл авиация әуе кемесi жыл сайын техникалық комиссияның куәландыруына жатады, оның нәтижесі оң болған кезде ұшу жарамдылығы сертификатының қолданылу мерзiмi бір жылдан аспайтын мерзiмге ұзартылады.
      17. Ұшу жарамдылығының сертификаты мынадай жағдайларда керi қайтарылып алынуы мүмкiн:
      1) Yлгi сертификаты керi қайтарылғанда;
      2) пайдалану процесінде ұшу жарамдылығына әсер ететiн жойылмайтын ақаулар табылғанда;
      3) аса жеңiл авиация әуе кемесiнің, оның ұшу жарамдылығының бұзылуына әкеп соқтырған зақымдануында;
      4) осы үлгідегi аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң бүкіл паркін, сериясын, данасын немесе үлгiсiн пайдалануды тоқтату туралы белгiленген тәртіппен шешiм қабылданғанда;
      5) әзірлеуші көздемеген ұшу жарамдылығына әсер ететiн жетiлдiрулердi, пайдаланатын нұсқаға қайта жабдықтау жүргізу үшiн ұшуды тоқтатқан жағдайларда.
      18. 17-тармақта аталған жағдайларда пайдаланушы дереу ұшуды тоқтатады және ұшу тоқтатылған күннен бастап он күн мерзiмде уәкiлетті органға тиістi ұшу жарамдылығы сертификатын қайтарады. <*>
       Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.03. N  1265  қаулысымен.
      19. Ұшу жарамдылығының сертификаты абайсызда зақымдалған немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда өтiнiшке сәйкес телнұсқа беру жолымен ауыстыруға жатады.
      20. Ұшу жарамдылығы сертификатының телнұсқасын алу үшін пайдаланушының ұшу жарамдылығы сертификатының жоғалу немесе ұрлану фактісін растайтын құжаттарды өтiнiшке қоса беруi қажет.
      21. Ұшу жарамдылығының сертификаты абайсызда зақымдалған, жоғалған (ұрланған) кезде аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiн пайдалану дереу тоқтатылуы тиiс.
      22. Шетел мемлекетi берген аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығының сертификаты (куәлiгi), оларға сәйкес ол берiлген немесе оған күш берiлген талаптар Қазақстан Республикасында белгiленген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес болған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

  4. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiн пайдаланушыларды және олар көрсететiн қызметтердi сертификаттау

      23. Авиациялық қызметтер сертификаттау объектiлерi болып табылады.
      24. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты (4-қосымша, бұдан әрі - Пайдаланушы сертификаты) иелiктен шығарылмайтын болып табылады және басқа тұлғаға берілуі мүмкiн емес.
      Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласы мен мерзiмi көрсетіліп, 2 жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
      25. Пайдаланушы қайта сертификаттау үшiн қолданыстағы Пайдаланушы сертификаты қолданылу мерзiмiнiң аяқталуынан кем дегенде бір ай бұрын өтiнiм бередi. Олар бойынша өзгерiстер болмаған (немесе жаңарту талап етiлмеген) құжаттарды бiрiншi басшы куәландырған және өтiнiм берген күнмен сәйкес келетiн күнi көрсетiлген көшiрмелер түрiнде ұсынуға рұқсат етiледі.
      26. Сертификаттауды жүргiзудiң мынадай тәртiбi белгiленедi:
      1) уәкiлеттi органға өтiнiш иесiнiң сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса ұсына отырып өтiнiм бepуі;
      2) өтiнiм бойынша алдын ала бағалау және уәкiлетті органның шешiм қабылдауы;
      3) уәкілеттi органның әуе кемесiн әзiрлеушiнің және аса жеңiл авиацияның қауымдастықтарының және (немесе) федерацияларының қатысуымен сертификаттық тексерiс жүргiзуi;
      4) шешiм қабылдау және пайдаланушы сертификатын беру (беруден бас тарту).
      27. Пайдаланушы аса жеңiл авиация әуе кемелерiнiң белгiлi бiр үлгiлерiн пайдалануға және белгiлi бiр авиациялық жұмыстарды орындауға қосымша сертификаттауды мынадай жағдайларда өтедi:
      1) аса жеңiл авиация әуе кемелерiнiң басқа үлгiлерiн сатып алғанда;
      2) авиациялық жұмыстардың басқа түрлерiн орындауға ниетi болғанда.
      28. Сертификаттаудың жалпы мерзiмi бiр айдан аспауы тиiс.
      29. Өтінiм иесi Пайдаланушы сертификатын алу үшін уәкiлеттi органға сертификат талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса ұсына отырып өтінiм жiбередi.
      30. Уәкiлеттi орган сертификат талаптарына сәйкестiктi растайтын құжаттары бap өтiнiмдi 20 (жиырма) күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде қарайды және өтiнiш берушiге өтiнiм бойынша шешiмдi хабарлайды.
      31. Уәкiлеттi орган өтiнiм бойынша Пайдаланушы сертификатын беру туралы шешiмдi, егер өтінiш берушi мынадай талаптарға сәйкес болса қабылдайды:
      1) қызмет көрсетулердiң қажеттi деңгейiн ұсынады;
      2) Аса жеңiл авиация әуе кемесiн ұшуға пайдалану жөнiндегi басшылықтың талаптарына сәйкес аса жеңiл авиация әуе кемелерiн пайдалануды қамтамасыз етедi және бұл ретте тиiстi бақылауды жүзеге асырады;
      3) аса жеңіл авиация әуе кемелерiнiң қолда бap үлгiлерiне сәйкес ұшулар түрлерiн, әуе жолдарын және әуеайлақтарды таңдайды;
      4) аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудiң және авиациялық-техникалық құрам даярлығының тиiстi деңгейiне ие болады;
      5) тиiстi аспаптармен немесе жоспарланатын авиациялық жұмыстар үшiн жабдықпен жарақтандырылған аса жеңiл авиацияның сертификатталған әуе кемелерi бар;
      6) мәлiмделген ұшулардың қауiпсiз орындалуын қамтамасыз етедi;
      7) авиациялық жұмыстар үшiн келiсiлген аудандар, бағыттар мен әуеайлақтары бар;
      8) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi басшы құрамның мiндеттерi мен жауапкершiлiк аясын белгiлейді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырады.
      32. Өтiнiмді алдын ала бағалау барысында уәкiлеттi орган мынадай рәсiмдерді жүзеге асырады:
      1) ұсынылатын авиациялық қызметтердiң көлемiн, аса жеңiл авиация әуе кемелерiнiң үлгiлерiн, өтiнiш берушiнің басшы лауазымдарын атқаратын мамандарының басқару және жетекшiлiк жасау әдістерiн, құқықтары мен мiндеттерiн бағалау;
      2) авиациялық персоналдың даярлық деңгейiн анықтау;
      3) өтiнiш берушi ұсынған аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және ұшуда пайдаланылуын, әуе қозғалысын ұйымдастыруды, аса жеңіл авиация әуе кемелерiнiң және басқа да жабдықтардың, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз ететiн қызметтердiң техникалық жағдайына инспекциялық тексеру (бақылау) жүргiзу жүйесi мен бағдарламасын бағалау;
      4) өтінiш берушiнiң орындау қажет демонстрациялық немесе дәлелдеу (техникалық) ұшуларын анықтау;
      5) өтінiм бойынша шешiм қабылдау және оны өтiнiш берушiге жіберу.
      33. Егер өтiнiм осы Ереже талаптарына сәйкес болмаған немесе сертификат талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, өтiнiм жөнiндегi шешiмде қайтарылу себептерi көрсетiле отырып, өтiнiм керi қайтарылуға жатады.
      34. Өтiнiм бойынша ескертулер болмаған кезде (ескертулер жойылғаннан кейiн) өтiнiм жөнiндегi шешiмнiң негiзiнде, уәкiлетті орган басшысының бұйрығымен сертификаттық тексерiс жүргiзу үшiн аса жеңіл авиация қауымдастығының және (немесе) федерациясының қатысуымен комиссия құрылады.
      35. Өтiнiш беруші өзiнiң қызметiн ұшуды қамтамасыз етудiң барлық түрлерi бойынша сертификаттық талаптарды ескере отырып ұйымдастырады, оларға:
      1) құқықтық қамтамасыз ету;
      2) ұшуда пайдаланылуын қамтамасыз ету;
      3) авиациялық-техникалық қамтамасыз ету;
      4) әуе қозғалысына қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
      5) штурмандық қамтамасыз ету;
      6) аэронавигациялық қамтамасыз ету;
      7) метеорологиялық қамтамасыз ету;
      8) әуеайлақтық және әуежайлық қамтамасыз ету;
      9) медициналық қамтамасыз ету жатады.
      Ұшуды қамтамасыз етудiң көрсетiлген түрлері бойынша сертификаттық талаптарды iске асыру кезiнде өтiнiш берушi қызметiн дербес жүзеге асырады және заңнамаға сәйкес осы қызметтi жүзеге асыру үшiн өзге де тұлғаларды тарта алады.
      36. Ұшу жұмысын ұйымдастыру, ұшу құрамының даярлығы және бiлiктiлiгi ұшудың жүзеге асырылуын реттейтін нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс. Экипаж мүшелерiнiң аса жеңiл авиация саласындағы тиiстi кәсiби қызметiн жүзеге асыруға құқығын куәландыратын қолданыстағы куәліктерi болуы тиiс.
      37. Өтiнiш берушiнің мынадай құжаттамасы мiндеттi тексеруге жатады:
      1) ұшуларды ұйымдастыру мен орындау бойынша;
      2) ұшуларды қамтамасыз ету бойынша;
      3) экипаж мүшелерiнiң жеке iстерi;
      4) экипаждардың ұшу мен жұмыс уақыттарын eceпке алу бойынша;
      5) пайдаланымдық және борттық жазбалары.
      38. Өтiнiш берушi аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығын сақтау жөнiндегi жұмыстарды сертификатталған өз күшiмен не аса жеңiл авиация сапасында жұмыстардың осы түрлерiн орындауға сертификаты бар болса, өзге тұлғаларды тарту арқылы орындайды. Бұл ретте өтiнiш берушi мен аса жеңiл авиация әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетілуін жүргiзетiн ұйым арасында ұшулар қауіпсiздігiн қамтамасыз ету үшiн жауапкершiлiктiң бөлiнуі көзделедi.
      39. Егер өтiнiш бeруші басқа мемлекетте тiркелген аса жеңіл авиация әуе кемесiн пайдаланса, онда аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң иесiмен аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығын сақтауға жауапкершiлікті белгілейтiн тиiсті келiсiм (шарт) жасалуы тиiс. Өтінiш иесiнде аса жеңiл авиацияның барлық пайдаланылатын әуе кемелерiнде қолданылатын ұшу жарамдылығы сертификаты немесе Қазақстан Республикасында күші бар деп танылған шетел мемлекетінiң ұшу жарамдылығы сертификаты (куәлігі) болуы тиiс.
      40. Сертификаттық тексерiс нәтижелерi бойынша өтiнiш берушiнiң объектілерiнiң нақты жай-күйi, пайдаланушы сертификатын беру мүмкiндiктерi (мүмкiн еместiгi) туралы тұжырымдары, ұсынымдары мен қорытындылары көрсетілген сертификат тексерiсiнiң актiсi екi данада жасалады. Уәкiлетті орган құратын комиссияның барлық мүшелерi актiге қол қояды және ол өтінiш иесiне танысу үшiн ұсынылады.
      41. Комиссияның сертификаттық тексеру мерзiмi 10 (он) күннен аспауы тиiс.
      42. Пайдаланушы сертификатын беру мүмкiндiгi туралы қорытындысы бар сертификаттық тексерiс актiсi жасалғаннан кейiн уәкілеттi орган бес күн мерзiмде пайдаланушы сертификатын ресiмдеудi және берудi жүргiзедi.
      43. Пайдаланушы сертификатын беруден бас тарту мынадай жағдайларда жүргiзiледі, егер:
      1) аса жеңіл авиация әуе кемелерiн пайдалану жөнiндегi қызметтердi көрсетуге заңнамалық кесiмдермен осы санаттағы тұлғалар үшiн тыйым салынса;
      2) өтiнiш берушi ұсынатын қызметтер сертификат талаптарына сәйкес келмесе;
      3) өтiнiш берушiге қатысты оған осы қызмет түрiн көрсетуге тыйым салынған сот шешiмi болса.
      44. Пайдаланушы сертификатын беруден бас тартқан жағдайда өтiнiш берушіге бас тарту себебi көрсетiлген дәл жауап берiледі.
      45. Пайдалану сертификатының қолданылуы мынадай негiздер бойынша тоқтатыла тұруы мүмкiн:
      1) пайдаланушы ұсынатын қызметтер сертификат талаптарына сәйкес келмеген кезде;
      2) пайдаланушының өтiніші бойынша;
      3) авиациялық қызмет саласындағы сертификат талаптары өзгерген кезде;
      4) авиациялық қызмет көрсетудiң технологиялық процесi өзгерген кезде.
      46. Уәкiлеттi орган тоқтату себебiн көрсете отырып, алты айға дейiн мерзiмге Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұра алады.
      Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм, егер пайдаланушы уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде тоқтату себептерiн жоя алатын болса ғана қабылданады. Керi жағдайда Пайдаланушы сертификаты керi қайтарылады.
      47. Пайдаланушы сертификатының қолданылуын қалпына келтiрудi уәкiлеттi орган пайдаланушы анықталған кемшiлiктерi жойғаннан, пайдаланушы уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынғаннан және уәкілеттi орган қажетті тексерiстерi жүргiзгеннен кейiн ғана жүзеге асыруы мүмкiн.
      48. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңында көзделген жағдайларда Пайдаланушы сертификаты жарамсыз деп танылады.
      49. Пайдаланушы сертификатын керi қайтарып алғаннан соң немесе оны жарамсыз деп танығаннан кейiн Пайдаланушы сертификатын алуға өтiнiм берген кезде қайта сертификаттау осы Ережеде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      50. Берілген Пайдаланушы сертификаттарын қайта ресiмдеу пайдаланушының атауы, оның мәртебесi, ведомстволық бағыныстылығы өзгергенде және басқа да өзгерiстер болу жағдайында, егер олар сертификаттық талаптарға сәйкессіздікке әкелмейтiн болса жүргiзiледi.
      51. Пайдаланушы сертификаты бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда уәкiлеттi орган пайдаланушыға оның өтінiмiнің негiзiнде тел-нұсқасын береді.
      52. Пайдаланушы сертификатына өзгерiстер енгiзу немесе тел-нұсқасын алу үшін пайдаланушы уәкiлеттi органға еркiн нысанда қажетті негiздемелердi және бұрын берiлген Пайдаланушы сертификатын қоса ұсына отырып (жоғалған немесе ұрланған жағдайдан басқа) өтiнiш бередi.
      53. Өзгерiстер мен толықтырулар, сондай-ақ телнұсқалар Пайдаланушылар сертификаттарының тiзiлiмiнде белгiленедi, одан кейiн Пайдаланушы сертификаты (Пайдаланушы сертификатының телнұсқасы) пайдаланушыға берiледі.
      54. Сертификаттық талаптардың сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Уәкiлетті орган сертификаттық қызметтердің жай-күйі мен сапасының тұрақтылығына байланысты тексеру жүргiзуiн мерзiмдiлiгін белгiлейді.
      55. Тексеру жүргізудің мақсаты:
      1) пайдаланушы қызметінің сертификат талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
      2) сертификат талаптарына пайдаланушы объектiлерiнiң, құжаттамасының сәйкестiгiн тексеру болып табылады.
      56. Тексеру нәтижелерi бойынша пайдаланушы және тексерудi жүзеге асыратын тұлға (тұлғалар) қол қоятын екі данада акті жасалады.
      Уәкiлеттi орган тексеру нәтижелерi бойынша осы Ережеге сәйкес Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұра немесе керi қайтара алады.
      57. Пайдаланушы сертификатының қолданысы тоқтатылғанда, керi қайтарылғанда немесе жарамсыз деп танылғанда уәкілеттi орган пайдаланушыға және аэронавигациялық ақпарат қызметiне қабылданған шешiм туралы хабарлайды.
      58. Пайдаланушы сертификатын керi қайтару, жарамсыз деп тану туралы шешiм оның Пайдаланушы сертификаттары есебiнен шығарылған кезiнен бастап күшiне енеді.
      59. Пайдаланушы сертификаты керi қайтарылған, жарамсыз деп танылған кезде пайдаланушы уәкiлеттi органға Пайдаланушы сертификатын дереу қайтаруы тиiс.

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
2003 жылғы 30 қаңтардағы    
N 106 қаулысымен бекiтiлген  
Аса жеңiл авиация саласындағы  
сертификаттау ережесiне    
1-қосымша       

-----Елтаңба-----

____________________________________________________________
Уәкiлеттi орган

  АСА ЖЕҢIЛ АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕ КЕМЕСI ҮЛГIСIНIҢ CEРТИФИКАТЫ
N_______

      Осымен аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ___________үлгi конструкциясының сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн куәландырады.

      Аса жеңiл авиацияның әуе кемесi үлгiсiнiң негiзгi пайдалану шектеулерi және сипаттамалары осы сертификаттың ажырамас бөлiгi болып табылатын деректер картасында қамтылған.

      МО                                  Уәкiлеттi
                                      органның басшысы
                                      ________ _______
                                      (қолы)  (Т.А.Ә.)

Күшiне енген күнi: ___ж. "____"______
Қолданылу мерзiмi: ___ж. "____"______ дейiн

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң            
2003 жылғы 30 қаңтардағы     
N 106 қаулысымен бекiтiлген    
Аса жеңiл авиация саласындағы   
сертификаттау ережесiне       
2-қосымша             

-----Елтаңба-----

____________________________________________________________
Уәкiлеттi орган

АСА ЖЕҢIЛ АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕ КЕМЕСI ДАНАСЫНЫҢ CEРТИФИКАТЫ
N_______

      Осымен аса жеңiл авиацияның әуе кемесi данасының _________ үлгi конструкциясының сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн куәландырады.

      Аса жеңiл авиацияның әуе кемесi данасының негiзгi пайдалану шектеулерi және сипаттамалары осы сертификаттың ажырамас бөлiгi болып табылатын деректер картасында қамтылған.

      МО                                  Уәкiлеттi
                                      органның басшысы
                                      ________ _______
                                      (қолы)  (Т.А.Ә.)

Күшiне енген күнi: ___ж. "____"______
Қолданылу мерзiмi: ___ж. "____"______ дейiн

      

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң             
2003 жылғы 30 қаңтардағы     
N 106 қаулысымен бекiтiлген    
Аса жеңiл авиация саласындағы   
сертификаттау ережесiне      
3-қосымша   

       Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.12.  N 934  Қаулысымен.          

-----Елтаңба-----

____________________________________________________________
Уәкiлеттi орган

АСА ЖЕҢIЛ АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕ КЕМЕСI ҰШУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ CEРТИФИКАТЫ
N_______

___________________________________________________________
1. Әуе кемесінің  2. Мемлекеттік және тіркеу  3. Сериялық
  үлгісі мен         тану белгілері           (зауыттық)
   мақсаты                UN                    нөмірі
___________________________________________________________

      4. Әуе кемесi Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне __ж. "____"________N_____ енгiзiлген.
      5. Осы сертификат жоғарыда көрсетiлген әуе кемесiне "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго қаласы, 1944 ж.) сәйкес берiлген.
      Осы әуе кемесi, егер ол көрсетiлген құжаттарға және белгiленген пайдалану шектеулерiне сәйкес күтiп ұсталатын және пайдаланылатын болса, ұшуларға жарамды деп есептеледі.
      6. Конструкцияның салмағы (массасы-кг) ________________
      7. САХ % теңдестіру ___________________________________

МО                                       Уәкiлеттi
                                       органның басшысы

                                       ________ _________
                                        (қолы)  (Т.А.Ә.)

Күшiне енген күнi: ___ж. "____"______
Қолданылу мерзiмi: ___ж. "____"______ дейiн

____________________________________________________________
Сертификаттың қолданылу мерзімі _________дейін ұзартылған

Негіздеме

МО                                       Уәкiлеттi
                                       органның басшысы

                                       ________ _________
                                        (қолы)  (Т.А.Ә.)

Ұзарту күні _________________
_____________________________________________________________
Сертификаттың қолданылу мерзімі _________дейін ұзартылған

Негіздеме

МО                                       Уәкiлеттi
                                       органның басшысы

                                       ________ _________
                                        (қолы)  (Т.А.Ә.)

Ұзарту күні _________________
_____________________________________________________________
Сертификаттың қолданылу мерзімі _________дейін ұзартылған

Негіздеме

МО                                       Уәкiлеттi
                                       органның басшысы

                                       ________ _________
                                        (қолы)  (Т.А.Ә.)

Ұзарту күні _________________
_____________________________________________________________

Пайдалану процесінде болған өзгерістер ______________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
2003 жылғы 30 қаңтардағы    
N 106 қаулысымен бекiтiлген  
Аса жеңiл авиация саласындағы  
сертификаттау ережесiне    
4-қосымша        

       Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.12.  N 934  Қаулысымен.

-----Елтаңба-----

____________________________________________________________
Уәкiлеттi орган

АСА ЖЕҢIЛ АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕ КЕМЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ CEРТИФИКАТЫ
АЖА N_______   

Осымен пайдаланушы
____________________________________________________________
____________________________________________________________
            (пайдаланушының атауы)
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң ____N____ қаулысымен бекiтiлген Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесiнiң және Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердің талаптарын қанағаттандыратындығын куәландырады.
      Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго қ., 1944 ж.) қосымшаларына, сондай-ақ қоса берiлiп отырған Пайдалану жөнiндегi арнайы ережелердегi пайдалану талаптарымен шектеулерiне сәйкес (авиациялық қызметтердiң түрлерi, халықаралық ұшулар және т.б.) жүзеге асыруға қабiлеттi.
      Осы Сертификат табыстауға жатпайды және оны қолдану белгiленген тәртіпке сәйкес тоқтатыла тұрғанға немесе басқа да жолмен тоқтатылғанға дейiн күшiнде болады.
      Инспекциялық бақылауды __________________________ жүзеге                                    (уәкiлеттi органның атауы)
асырады.

МО                                       Уәкiлеттi
                                       органның басшысы

                                       ________ _________
                                        (қолы)  (Т.А.Ә.)

Күшiне енген күнi: ___ж. "____"______
Қолданылу мерзiмi: ___ж. "____"______ дейiн