Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 1239 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына  және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң құрылымы;
      3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi;
      4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтілсін.

      2. Мыналар:
      1) 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемелерi (бұдан әрі - Мекемелер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын олардың ұйымдық-құқықтық нысанын, функциялары мен өкiлеттiктерiн сақтау шартымен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiкке беру құқығынсыз облыстардың коммуналдық меншігіне;
      2) "Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесi" және "Балқаш биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесi" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарауына;
      3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Қызыл жиде" республикалық мемлекеттiк табиғат қорғау мекемесi" мемлекеттiк мекемесi Алматы облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.

      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Жасыл Аймақ" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оған Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Ақмола ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi" мемлекеттiк мекемесiн қосу жолымен;
      2) "Ақсу Жабағылы" мемлекеттiк табиғи қорығы" мекемесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Ақсу Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      4. Мына мемлекеттiк мекемелер:
      1) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Сандықтау ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Сандықтау оқу-өндiрiстiк орман шаруашылығы";
      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Талдықорған аудандық аумақтық басқармасы" "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ескелдi аудандық аумақтық басқармасы" болып қайта аталсын.

      5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi және Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) облыс әкiмдерiмен бiрлесiп, 1-қосымшада көрсетiлген мемлекеттiк мекемелердi қабылдау-беру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын;
      2) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен бiрге "Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесi" және "Балқаш биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесi" мемлекеттiк мекемелерiн қабылдау-беру және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау облыстық аумақтық басқармаларын қайта ұйымдастыру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, облыстардың әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.

      7. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2002 жылғы 22 қарашадағы
N 1239 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің құзыретi шегiнде орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      Комитеттің аумақтық органдары - облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармалары бар.

      2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесімдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тілде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде және банктерде шоттары болады.
      Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
      Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      4. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      5. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 31.

      6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті" мемлекеттiк мекемесi.

      7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

      8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi құқықтар берілген жағдайда, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.

2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары

      9. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
      1) орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      2) орман және аңшылық ресурстарын, өсiмдiктер және жануарлар дүниесiнiң өзге де ресурстарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласында мемлекеттiк реттеу;
      3) орман ресурстарының және жануарлар дүниесi ресурстарының қорғалуын, өсiмiнiң молайтылуын және пайдаланылуын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйiн және қызметiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      4) өсiмдiктер және жануарлар дүниесiнiң, үлгілік, бiрегей және сирек ландшафттардың биологиялық алуан түрлілiгiн сақтау болып табылады.

      10. Комитет өз құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды:
      1) нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысады және әзiрлейдi;
      2) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын жасауға қатысады, орман және аңшылық шаруашылығына, epeкшe қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға инвестицияларды тартуға және пайдалануға жәрдемдеседi;
      3) орман заңнамасы, жануарлар дүниесi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнама талаптарының сақталуын бақылау мен қадағалауды;
      4) кеспеағаш есебiн бекiтедi;
      4-1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөнiндегi қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады; <*>
      5) орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн (балық ресурстарынан және басқа да су жануарларынан басқа) қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану, аңшылық шаруашылығын жүргiзу саласындағы ғылыми зерттеулердi және жобалау-iздестiру жұмыстарын ұйымдастырады;<*>
      6) орман орналастыруды, аң аулауды экономикалық жағынан зерттеудi және шаруашылықаралық аң аулау жерлерiн орналастыруды, орман қорының мемлекеттiк есебiн, орман мониторингiн, мемлекеттiк орман кадастрын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, сирек және құрып кету қаупi төнген жануарлар және өсімдіктер дүниесi түрлерiнiң кадастрларын жүргiзудi, Қызыл Кiтапты шығаруды;
      7) жануарлардың (балық ресурстарынан және басқа да су жануарларынан басқа) мемлекеттiк есебiн ұйымдастыруды және жануарлар дүниесiнiң (балықтан және басқа да су жануарларынан
басқа) мемлекеттік кадастрын жүргiзудi; <*>
      8) өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық етедi, оларда заңнамада көзделген барлық қажеттi iс-шараларды жүргiзудi қамтамасыз етедi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желiсiн дамыту жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
      9) өсiмдiктер және жануарлар дүниесi ресурстарын қорғауды, олардың өсiмiн молайтуды және ұтымды пайдалануды, экологиялық, аңшылық пен балық аулау туризмiн дамытуды қамтамасыз етедi;
      10) орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жануарлар дүниесiн (балық ресурстарынан және басқа да су жануарларынан басқа) қорғау, олардың өсімін молайту және пайдалану, биологиялық алуан түрліліктi сақтау саласында халықаралық ынтымақтастыққа қатысады; <*>
      11) өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.18. N 714 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2003.10.02. N 1018 қаулысымен .

      11. Комитет негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн өз құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күші бар нормативтiк құқықтық кесiмдердi шығаруға;
      2) өзiнiң қарауындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органы болуға;
      3) ормандарды қорғау, күзету, өсіру және Қазақстан Республикасының орман қорының барлық аумағында орманды пайдалану жөнiндегi жұмыстар мен iс-шаралардың барлық түрлерiн тексерудi, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзуге және орманды пайдалануды жүзеге асыруға байланысты емес жұмыстарды ормандарда жүргізудің белгiленген тәртiбiнiң сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
      4) орман шаруашылығын жүргізу, орманды пайдалану, ормандарды өсiру, қорғау және күзету ережелерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы орындау үшiн мiндеттi нұсқауларды беруге;
      5) ормандарды пайдалану, өсiру, қорғау және күзету ережелерiн бұзған кезде бекiтiлген ормандарды және кеспеағаш қорын пайдалану құқығын тоқтату және өзгерту туралы тыйым салуға және ұсыныстар енгiзуге;
      6) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе оған келушi азаматтардан, лауазымды тұлғалардан жануарлар дүниесiн пайдалануда белгiленген ережелер мен нормалардың, тыйым салулар мен шектеулердің сақтауын талап етуге, бұзушылықтарды тоқтату туралы орындау үшiн мiндеттi нұсқауларды беруге;
      7) жануарлар дүниесiн өз бетiнше пайдалануды тоқтатуға, оларды жүргiзу кезiнде жануарлар дүниесiн қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi ережелер, нормалар және өзге де талаптар бұзылатын жұмыстарды тоқтатуға;
      8) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан өзiнiң функцияларын орындау үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
      9) өсiмдiктер және жануарлар дүниесiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануға рұқсат бepугe және шарттар жасасуға;
      10) аңшылық билетiн беруге;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға;
      12) Қазақстан Республикасының Үкiметiне:
      ормандарды қорғалу топтарына және санаттарына жатқызу және оларды бiр топтан немесе санаттан екiншiсiне ауыстыру;
      өсiп тұрған сүрек үшiн, жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшін төлемдердiң ставкалары;
      жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған лимиттер мен квоталар жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      13) тиiстi мемлекеттiк органдарға:
      аңшылық шаруашылығын жүргiзу құқығын беру және аң аулау алқаптарын бекітiп беру;
      аңшылық атыс қаруы мен оларға оқ-дәрiлердi әкелу мен әкетуге рұқсаттар беру жөнiнде ұсыныстарды енгiзуге;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

 3. Комитеттiң мүлкi

      12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкi мемлекет берген мүлiктiң есебiнен құралады және негiзгi мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлген өзге де мүлiктен тұрады.

      13. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      14. Комитеттің өзiне бекітiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      15. Комитеттi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады.

      16. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердің орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін жеке жауап бередi.

      17. Төраға осы мақсатта:
      1) Комитеттiң қызметкерлерiн, Комитеттiң аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      2) өз орынбасарларының, Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      3) заңнамада белгiленген тәртіппен Комитеттiң қызметкерлерiн, Комитеттiң аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
      4) бұйрықтарға қол қояды;
      5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде Комитетке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердің ережелерiн бекiтедi;
      6) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
      7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      18. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.

 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2002 жылғы 22 қарашадағы 
N 1239 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң
құрылымы

      Басшылық
      Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу және бақылау басқармасы
      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу және бақылау басқармасы
      Қаржы және ұйымдық жұмыс бөлiмi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2002 жылғы 22 қарашадағы 
N 1239 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың ТIЗБЕСI

      1. "Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесi
      2. "Алматы мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесi
      3. "Ақсу Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесi
      4. "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесi
      5. "Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесi
      6. "Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесi
      7. "Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесi
      8. "Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесi
      9. "Үстiрт мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесi
      10. "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi" мемлекеттiк мекемесi
      11. "Баянауыл мемлекеттiк табиғи паркi" мемлекеттiк мекемесi
      12. "Іле Алатауы мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi" мемлекеттiк мекемесi
      13. "Қарқаралы мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi" мемлекеттiк мекемесi
      14. "Катонқарағай мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi" мемлекеттік мекемесi
      15 "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркi" мемлекеттiк мекемесi
      16. "Қазақ мемлекеттік республикалық ағаш тұқымы мекемесi" мемлекеттiк мекемесi
      17. "Сандықтау оқу-өндiрiстiк орман шаруашылығы" мемлекеттiк мекемесi
      18. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақ мемлекеттiк орман шаруашылығын жобалау жөнiндегi жобалау-iздестіру институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны
      19. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Жасыл Аймақ" республикалық мемлекеттік кәсiпорны
      20. "Қазақ орман орналастыру кәсiпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
      21. "Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны
      22. Алматы орман селекциялық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
      23. "Көкшетау орман селекциялық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
      24. "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
      25 "Семей орманы" мемлекеттiк орман табиғи резерваты мемлекеттiк мекемесi
      26 "Ертiс орманы" мемлекеттiк орман табиғи резерваты мемлекеттiк мекемесi
      26-1. "Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесi
      27-36. <*>
      37. "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі
      Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.01.22. N 75 қаулысымен.
      Ескерту. Тізбе 37-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.02.23. N 213 қаулысымен .
      Ескерту. Тізбе 26-1-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.01. N 249 қаулысымен .

     

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2002 жылғы 22 қарашадағы 
N 1239 қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiстер:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тізбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген бөлiм:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 44-87, 44-88, 44-89, 44-90, 44-91, 44-92, 44-93, 44-94, 44-95, 44-96, 44-97, 44-98, 44-99, 44-100, 44-101-жолдармен толықтырылсын:
"44-87 "Бұқтырма уылдырық шашу-өсiру      Шығыс Қазақстан
       шаруашылығы" қазыналық             облысы,
       кәсiпорны                          Күршiм ауданы
44-88  "Жоғарғы Тобыл балық питомнигi"    Қостанай облысы,
       қазыналық кәсiпорны                Лисаковск қаласы
44-89  "Жезқазған балық питомнигi"        Қарағанды облысы,
       қазыналық кәсiпорны                Жезқазған қаласы
44-90  "Зерендi балық питомнигi"          Ақмола облысы,
       қазыналық кәсiпорны                Зерендi ауданы
44-91  "Қамыстыбас балық питомнигi"       Қызылорда облысы,
       қазыналық кәсiпорны                Арал ауданы
44-92  "Қапшағай уылдырық шашу-өсiру      Алматы облысы,
       шаруашылығы" қазыналық             Еңбекшiқазақ ауданы
       кәсiпорны
44-93  "Қазақ өндiрiстiк бейiмдеу         Алматы қаласы
       станциясы" қазыналық кәсiпорны
44-94  "Қарағанды балық питомнигi"        Қарағанды қаласы
       қазыналық кәсiпорны
44-95  "Қашыр балық питомнигi"            Павлодар облысы,
       қазыналық кәсiпорны                Қашыр ауданы
44-96  "Майбалық балық питомнигi"         Астана қаласы
       қазыналық кәсiпорны
44-97  "Петропавл балық питомнигi"        Петропавл қаласы
       қазыналық кәсіпорны
44-98  "Шардара балық питомнигі"          Оңтүстік Қазақстан
       қазыналық кәсiпорны                облысы, Шардара қаласы
44-99  "Шідертi уылдырық шашу-өсіру       Павлодар облысы,
       шаруашылығы" қазыналық             Екiбастұз ауданы
       кәсiпорны
44-100 "Орал-Атырау бекiре балық өсiру    Атырау қаласы
       зауыты" қазыналық кәсiпорны
44-101 "Атырау бекiре балық өсiру зауыты"
       қазыналық кәсiпорны                Атырау қаласы";

      "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi" деген бөлiмде атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi";
      реттiк нөмiрлерi 305-1, 305-2, 305-3, 305-4, 305-5, 305-6, 305-7, 305-8, 305-9, 305-10, 305-11, 305-12, 305-13, 305-14 және 305-15-жолдар алынып тасталсын.

      2. "Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциядан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 1994 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 569-құжат):
      1, 3-тармақтарда "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген 2-бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Балқаш биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесi   175
Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөнiндегi
аймақтық мекемесi                                           378
Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығы                            28
Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы                            36
Ақсу Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы                     42
Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы                       14
Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы                       32
Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы                         34
Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығы                          24
Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы                          37
Үстiрт мемлекеттiк табиғи қорығы                            29
"Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi                 58
Баянауыл мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi                    43
Iле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі                 256
Қарқаралы мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi                   93
Катонқарағай мемлекеттiк ұлттық табиғи паркі                186
"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркi                  147
Қазақ мемлекеттiк республикалық ағаш тұқымы мекемесi        28
"Сандықтау оқу-өндiрiстiк орман шаруашылығы"
мемлекеттік мекемесi                                        39
Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөнiндегі
мемлекеттiк мекемелер                                       586";
      "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген 4-бөлiм алынып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiнiң жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртiбi жөнiндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесінiң жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртiбi жөнiндегi ережеде:
      2, 7-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" және "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4, 13-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң" және "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақ алынып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына :
      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармалары және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау аумақтық басқармалары оларды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларына қосу жолымен.";
      мынадай мазмұндағы жаңа қосымшамен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2002 жылғы 7 қазандағы 
N 1096 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармалары болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармаларының және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау аумақтық басқармаларының
ТIЗБЕСI

__________________________________________________________________
   Қайта ұйымдастырылатын      |  Қазақстан Республикасы Ауыл
мемлекеттiк мекемелердiң атауы |   шаруашылығы министрлiгiнiң
                               |       Орман және аңшылық
                               | шаруашылығы комитет мемлекеттік
                               |       мекемелерiнiң атауы
__________________________________________________________________
Ақмола облыстық орман және        Ақмола облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi            аңшылық шаруашылығының
аумақтық басқармасы               аумақтық басқармасы
Ақмола облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
aумақтық басқармасы
Ақтөбе облыстық орман және        Ақтөбе облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi            аңшылық шаруашылығының
аумақтық басқармасы               аумақтық басқармасы
Ақтөбе облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Алматы облыстық орман және        Алматы облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi            аңшылық шаруашылығының
аумақтық басқармасы               аумақтық басқармасы
Алматы облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Атырау облыстық орман және        Атырау облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi            аңшылық шаруашылығының
аумақтық басқармасы               аумақтық басқармасы
Атырау облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Шығыс Қазақстан облыстық          Шығыс Қазақстан облыстық орман
орман және биоресурстар           және аңшылық шаруашылығының
жөнiндегi аумақтық басқармасы     аумақтық басқармасы
Шығыс Қазақстан облыстық
жануарлар және өсiмдiктер
дүниесiн мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Жамбыл облыстық орман және        Жамбыл облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi            аңшылық шаруашылығының
аумақтық басқармасы               аумақтық басқармасы
Жамбыл облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Батыс Қазақстан облыстық орман    Батыс Қазақстан облыстық орман
және биоресурстар жөніндегі       және аңшылық шаруашылығының
аумақтық басқармасы               аумақтық басқармасы
Батыс Қазақстан облыстық
жануарлар және өсiмдiктер
дүниесiн мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Қарағанды облыстық орман және     Қарағанды облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi аумақтық   аңшылық шаруашылығының
басқармасы                        аумақтық басқармасы
Қарағанды облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Қостанай облыстық орман           Қостанай облыстық орман және
және биоресурстар жөнiндегi       аңшылық шаруашылығының
аумақтық басқармасы               аумақтық басқармасы
Қостанай облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Қызылорда облыстық орман және     Қызылорда облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi аумақтық   аңшылық шаруашылығының
басқармасы                        аумақтық басқармасы
Қызылорда облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Маңғыстау облыстық орман және     Маңғыстау облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi аумақтық   аңшылық шаруашылығының
басқармасы                        аумақтық басқармасы
Маңғыстау облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Павлодар облыстық орман және      Павлодар облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi            аңшылық шаруашылығының
аумақтық басқармасы               аумақтық басқармасы
Павлодар облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Солтүстiк Қазақстан облыстық      Солтүстiк Қазақстан облыстық
орман және биоресурстар           орман және аңшылық
жөнiндегi аумақтық басқармасы     шаруашылығының аумақтық
Солтүстiк Қазақстан облыстық      басқармасы
жануарлар және өсiмдiктер
дүниесiн мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Оңтүстiк Қазақстан облыстық
орман және биоресурстар
жөнiндегi аумақтық басқармасы
Оңтүстiк Қазақстан облыстық       Оңтүстiк Қазақстан облыстық
жануарлар және өсiмдiктер         орман және аңшылық
дүниесiн мемлекеттiк бақылау      шаруашылығының аумақтық
аумақтық басқармасы               басқармасы".
__________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2002 жылғы 22 қарашадағы 
N 1239 қаулысына    
1-қосымша        

Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң коммуналдық меншiкке берілетiн ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемелерiнiң
ТIЗБЕСI

Ақмола облысы

      1. "Ақкөл" ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік мекемесi
      2. "Барап" ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      3. Үлкен түктi ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      4. "Бұқпа" ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      5. Бұланды ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
      6. Кеңес ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      7. Краснобор ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      8. Куйбышев ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттiк мекемесi
      9. Кiшi түктi ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік мекемесi
      10. Маралды ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      11. Отрадное ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік мекемесi
      12. Степногор ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттiк мекемесi
      13. Ерейментау ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік мекемесi
      14. Ұрымқай ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi

Ақтөбе облысы

      15. Ақтөбе ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      16. Үлкен борсық ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      17. Қарабұтақ ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік мекемесi
      18. Мәртөк ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      19. Темiр ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      20. Ойыл ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      21. Қобда ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi

Алматы облысы

      22. Алакөл ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      23. Лепсi ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      24. Бөрлiтөбе ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      25. Жоңғар ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      26. Жаркент ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      27. Сарқант ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      28. Талдықорған ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      29. Үйгентас ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      30. Үштөбе ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      31. Бақанас ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      32. Қаскелең ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      33. Кеген ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік мекемесi
      34. Күртi ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
      35. Нарынқол ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік мекемесi
      36. Ұйғыр ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      37. Шелек ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi

Атырау облысы

      38. Атырау ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттiк мекемесi
      39. Индер ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
      40. Құрманғазы ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi

Шығыс Қазақстан облысы

      41. Асубұлақ ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
      42. Үлкен нарым ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттiк мекемесi
      43. Bepx-Уба ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттiк мекемесi
      44. Зайсан ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі  мемлекеттік мекемесi
      45. Зырян ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттiк мекемесi
      46. Күршiм ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
      47. Лениногор ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттiк мекемесi
      48. Кiшi оба ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттiк мекемесi
      49. Марқакөл ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттiк мекемесi
      50. Пихта ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
      51. Самара ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
      52. Өскемен ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттiк мекемесi
      53. Черемшан ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттiк мекемесi

Жамбыл облысы

      54. Ақкөл ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік мекемесi
      55. Ақыртөбе ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      56. Байзақ ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік мекемесi
      57. Жамбыл ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      58. Қарақоңыз ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      59. Көктерек ормандар және жануарлар дүниесiн  қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      60. Қосқұдық ормандар және жануарлар дүниесiн  қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      61. Луговое ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      62. Мерке ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      63. Мойынқұм ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      64. Сарысу ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi

Батыс Қазақстан облысы

      65. Ақжайық ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      66. Бөрлi ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      67. Тайпақ ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      68. Орал ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      69. Орда ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      70. Чапаев ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік мекемесi
      71. Шыңғырлау ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      72. Январцев ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi

Қарағанды облысы

      73. Ақтоғай ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      74. Жаңаарқа ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттiк мекемесi
      75. Қарағанды ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
      76. Ky ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
      77. Темiртау ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөнiндегi мемлекеттік мекемесi
      78. Ұлытау ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi

Қызылорда облысы

      79. Арал ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      80. Жалағаш ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      81. Жаңақорған ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      82. Қазалы ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      83. Қармақшы ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      84. Қызылорда ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
      85. Сырдария ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      86. Шиелi ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi

Қостанай облысы

      87. Арақарағай ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттiк мекемесi
      88. Басаман ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттiк мекемесi
      89. Боровое ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттiк мекемесi
      90. Камышин ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттiк мекемесi
      91. Михайлов ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттiк мекемесi
      92. Пригородное ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттiк мекемесi
      93. Семиозер ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
      94. Таранов ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
      95. Ұзынкөл ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      96. Урицкое ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      97. Усаков ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi

Маңғыстау облысы

      98. Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      99. Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi

Павлодар облысы

      100. Максим Горький ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      101. Павлодар ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      102. Өрлiтөбе ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік мекемесi

Солтүстiк Қазақстан облысы

      103. "Ақан cepi" ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      104. Аққайың ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      105. Булаев ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      106. Бұрлық ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      107. Жамбыл ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      108. Есiл ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      109. Мамлют ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      110. Орлиногор ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      111. Петропавл ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
      112. Преснов ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік мекемесi
      113. Сергеев ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемесi
      114. Соколов ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттiк мекемесi

Оңтүстiк Қазақстан облысы

      115. Арыс ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      116. Бадам ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттiк мекемесi
      117. Боралдай ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      118. Отырар ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      119. Созақ ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      120. Төлеби ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      121. Түркістан ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      122. Түлкiбас ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      123. Өгем ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi
      124. Шардара ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2002 жылғы 22 қарашадағы 
N 1239 қаулысына    
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
күші жойылған кейбiр шешімдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан-Сауд Арабиясы халықаралық "ҚазСАЭФ" экологиялық қайырымдылық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 ақпандағы N 258 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 10, 74-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасының жыртқыш құстарын сақтау, қалпына келтiру және пайдалану бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 ақпандағы N 219 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 8, 54-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 14 мамырдағы N 434 қаулысының  2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 14, 125-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы N 198 қаулысының  1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 74-құжат).