Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 және 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 15 қараша N 1216

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
      1) <*>
      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына :
      2-тармақта:
      2) тармақшада "Ауыл шаруашылығы министрлігiнің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада "Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
      3-тармақтың екiншi абзацында ", балық" деген сөз алынып тасталсын;
      10-тармақ мынадай мазмұндағы 79-1), 79-2), 79-3), 79-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "79-1) балық аулауды, балық өсіру-өсiмiн молайту қызметiн мемлекеттiк реттеудi, балық ресурстарын қорғауды жүзеге асырады, балық жiберу, жаңа балық түрлерiн бейімдеу, мелиорациялық-техникалық және балық шаруашылығы саласындағы басқа да iс-шаралар бойынша жұмыс кешенiн ұйымдастырады;
      79-2) балық ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
      79-3) Қазақстан Республикасының Үкiметiне балық ресурстарын пайдалану лимиттерi мен квоталары жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      79-4) тиiстi мемлекеттік органдарға балықты, басқа да су жануарларын кәсіптiк аулауға құқық беру және балық шаруашылығы су қоймаларын бекiту жөнiнде ұсыныстар енгiзеді";
      11-тармақтың 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "балық ресурстарын қорғауға, өсiмiн молайтуға, пайдалануға және балық шаруашылығын жүргiзуге".
      Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.01. N 314 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі