Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 мамырдағы N 652 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 шілде N 786

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Ұялы байланысты пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 мамырдағы N 652  

P000652_

  қаулысына мынадай өзгерiс 
пен толықтыру енгiзiлсiн:
     1-тармақта:
     "орынбасарларының бiреуiне" деген сөздер "орынбасарларына" деген 
сөзбен ауыстырылсын;
     "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң 
төрағасына" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Республикалық 
бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң төрағасына" деген 
сөздермен толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
     Мамандар:
         Икебаева А.Ж.
         Жұманазарова А.Б.