Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 18 маусым N 667

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 P020039_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген реттік нөмірі 6-жолдағы "251" деген сан "252" деген санмен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген реттік нөмірі 7-жолдағы "258" деген сан "268" деген санмен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігі" деген реттік нөмірі 9-жолдағы "140" деген сан "150" деген 
санмен ауыстырылсын;
     "Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі" деген 
реттік нөмірі 14-жолдағы "185" деген сан "186" деген санмен ауыстырылсын;
     "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі 
агенттігі" деген реттік нөмірі 16-жолдағы "31" деген сан "35" деген санмен 
ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы 2002 жылғы 15 шілдеден бастап күшіне енетін 1-тармақтың 
жетінші абзацын қоспағанда, 2002 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
 Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.