Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 797 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 13 мамыр N 518

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 797 P010797_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 268-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мұрағат

 

ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:

     1-бөлімде. Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005

жылдарға арналған бағдарламасының паспорты:

     "Қаржыландыру көзі және көлемі" деген жолдағы "142" деген сан

"114,47" деген санмен ауыстырылсын;

     6-бөлімде. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері:

     екінші абзацтағы "142" деген сан "114,47" деген санмен ауыстырылсын;

     үшінші абзацтағы "50" деген сан "22,47" деген санмен ауыстырылсын;

     8-бөлімде. Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005

жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

     реттік нөмірі 3-жолдың "Орындау мерзімі" деген 5-бағанындағы "2002"

деген сан "2004" деген санмен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.