Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнiнде қызмет көрсету үшiн авиабағыттарға конкурс өткiзу және куәлiктер беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 3 сәуір N 401

Жаңартылған
      Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнiнде қызмет көрсету үшiн тұрақты халықаралық және iшкi авиабағыттарда бәсекелестiктi одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берілiп отырған Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны

тасымалдау жөнінде қызмет көрсету үшiн авиабағыттарға конкурс өткiзу және 
куәлiктер беру ережесi бекiтiлсiн.
     2. "Iшкi және халықаралық авиажелілерiнде жолаушыларды, багажды және 
жүктердi тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған жүйелi 
авиарейстердi орындау құқығына ашық тендерлер өткiзудің тәртiбi туралы 
уақытша ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1997 
жылғы 8 тамыздағы N 1239  

P971239_

  қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                 Yкiметiнің
                                             2002 жылғы 3 сәуірдегi
                                                N 401 қаулысымен
                                                   бекiтiлген
     
     Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнiнде
       қызмет көрсету үшiн авиабағыттарға конкурс өткiзу және
                      куәлiктер беру ережесi
     
                       1. Жалпы ережелер
     


      1. Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнiнде қызмет көрсету үшiн авиабағыттарға конкурс өткiзу және куәлiктер беру ережесi (бұдан әрi - Ереже):
      белгiлi бiр авиабағытта жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнiнде тұрақты авиарейстердi орындау құқығына авиакомпаниялар үшiн конкурс ұйымдастыру тәртiбiн, өткiзу шарттары мен мерзiмдерiн;
      авиабағыттарға арналған куәлiктi берудiң және қайтарудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      2. Конкурс қаржылық негiздеме ұсынатын әрi әуе кемелерiн резервке қою және техникалық сүйемелдеу жөнiндегi қажеттi талаптардың орындалуын, жолаушылар үшiн тиiстi сервис деңгейiмен қауiпсiз тасымалдау шарттарын және белгiлi бiр авиабағытта тұтынушылар үшiн тиiмдi жағдайды қамтамасыз ете алатын авиакомпанияны анықтау мақсатында өткiзiледi.
      Конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша қызметiнiң қаржылық нәтижелерi, әуе кемелерi паркiнің болуы және ұшу қауiпсiздiгi жай-күйi туралы берiлген құжаттардың, сондай-ақ ол ұсынған конкурстық ұсыныстардың негiзiнде белгiлi бiр бағытта тұтынушылар үшiн қауiпсiз және тиiмдi шарттармен тұрақты рейстердiң орындалуын қамтамасыз ете алатын авиакомпания конкурсты ұтты деп танылады.
      3. Конкурсты өткiзудiң бастамашысы (ұйымдастырушысы) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің Азаматтық авиация комитетi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) болады.
      4. Конкурсқа осы Ережемен белгiленген талаптарға сәйкес келетiн авиакомпания қатыса алады.
      5. Конкурсқа жекелеген авиабағыттар да, авиабағыттардың пакеттерi де ұсынылуы мүмкiн.
      6. Конкурс жеңiмпазы авиабағыттарды пайдалануға арналған куәлiк алады.

                      2. Конкурстық комиссияны құру,
                  оның негізгi мiндеттерi мен қызметтерi

      7. Конкурстың өткiзiлуiн қамтамасыз ету және жеңiмпазды анықтау үшiн конкурстық комиссия құрылады (бұдан әрi - комиссия), оның құрамы өкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiледi.
      Комиссия құрамына басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi, сондай-ақ әуе кемелерiнің ұшуларын және жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдануын қамтамасыз етудi ұйымдастыру саласындағы сарапшылар кiре алады.
      8. Конкурстық комиссия мүшелерiнің саны тақ және бес адамнан кем болмауы тиiс.
      9. Комиссия қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қабылдайды және қарайды, конкурсты өткiзедi және жеңiмпаздарды белгiлейдi.

               3. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

      10. Осы Ережеге сәйкес конкурсқа қатысуға бiлiктiлiк талаптарға жауап беретiн, өтiнiш пен басқа да қажеттi құжаттарды уақытылы тапсырған авиакомпаниялар жiберiледi.
      11. Конкурсқа қатысу үшiн авиакомпаниялар мынадай бiлiктiлiк талаптарына сай болуы тиiс:
      1) Қазақстан Республикасында тiркелген және тұрақты халықаралық және (немесе) iшкi әуе тасымалдарын жүзеге асыруға пайдаланушы сертификаты мен лицензиясы бар авиакомпания болып табылуы;
      2) бiр сыныпқа жататын саны кемiнде екi әуе кемесiнен тұратын әуе паркiнің болуы, олар уәкiлеттi орган белгiлеген авиабағытты пайдалану шарттарына сай болуы тиiс; <*>
      3) пайдалану сәтiнен бастап алынуы болжанатын кiрiстi есепке алмағанда бiр ай мерзiмде авиабағыт бойынша ұсынылған кестеге сәйкес, ұшуды қамтамасыз ету үшiн қажеттi мөлшерде ұлттық немесе шетел валютасындағы қаржы қаражаттары болуы;
      4) Қазақстан Республикасының K010209_ Салық Кодексiне сәйкес орындау мерзiмi өзгертiлген салық мiндеттемелерiн қоспағанда, салық және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша бюджет алдында берешегi болмауы;
      5) халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тiркелгенi және кодтарға ие болғаны туралы куәлiгi болуы;
      6) авиатасымалдарды броньдау және сатудың автоматтандырылған жүйелерінің бiрiнде орындар ресурсын орналастыру және жүргiзуге арналған келiсiмнің болуы.
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.25. N 1052
               қаулысымен. P021052_
      12. Тұрақты халықаралық рейстерді орындау үшiн авиакомпания 11-тармақта көрсетiлген талаптарға қосымша Әуе көлігінің халықаралық қауымдастығының (ИАТА) мүшесi болуы тиiс.
      13. Конкурсқа қатысу үшін комиссияның атына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) конкурсқа қатысу үшiн белгiленген нысандағы өтiнiш (1-қосымша);
      2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктің көшiрмесi;
      3) азаматтық әуекемелерiн пайдаланушы сертификатының көшiрмесi;
      4) жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаның тұрақты әуе тасымалдарын орындауға арналған лицензияның көшiрмесi;
      5) сақтандырудың мiндеттi түрлерiнің бар екенiн растайтын сақтандыру полистерінің (шарттарының) көшiрмесi;
      6) әуе кемелерiнің паркi туралы мәлiметтер (олардың үлгілерi, саны, борттық тiркеу нөмiрлерi, олардың техникалық жай-күйi бойынша мәлiметтер әуе кемелерінің ұшу жарамдығын қолдау жөнінде жүргiзiлетiн iс-шаралар);
      7) авиатасымалдарды броньдау және сатудың автоматтандырылған жүйесінде ресурстарды орналастыру туралы келiсiмнің көшiрмесi;
      8) халықаралық бағыттар үшiн ИКАО мен ИАТА-да авиакомпанияның тiркелуi туралы куәлiктерінің көшiрмелерi;
      9) қатаң есептегi бланкiлерінің үлгiлерi;
      10) пайдалану кезеңiнен бастап алынуы болжанатын кiрiстi есепке алмағанда, бiр ай мерзiмде авиабағыт бойынша ұсынылған кестеге сәйкес есепшотта ұшуды қамтамасыз ету үшiн қажеттi мөлшерде ұлттық немесе шетел валютасымен қаржы қаражатының болуы туралы банк анықтамасы;
      11) заңды тұлғаның тiркелу орны бойынша салық органынан бюджет алдында берешегi жоқтығы туралы анықтама;
      12) өтiнiш ұсыну күнiне аудит өткiзiлген бухгалтерлiк есеп берудiң көшiрмесі;
      13) заңды тұлғаның тiркелу орны бойынша салық органы бекiткен былтырғы жылдың жылдық теңгерiмiнің, акционерлер жиналысы үшiн дайындалған пайдалар мен залалдар туралы есептің, сондай-ақ былтырғы жылдың нәтижесi бойынша аудиторлық компаниялардың қорытындысының көшiрмелерi;
      14) акционерлiк қоғам акцияларын орналастыру туралы соңғы тiркелген есептің көшiрмесi. Қосымша эмиссияны жариялаған жағдайда, акционерлік қоғамның акциялары эмиссиясының проспектiсiн тiркеу туралы куәліктің көшiрмесi және орналастыру туралы есеп тiркелген сәтке дейiн жарғы капиталының өсуiн растайтын төлем құжаттарының көшiрмелерi берiледi.
      15) халықаралық және iшкi тұрақты ұшуларды орындаудың және болжамды бағыттар бойынша жекелеген де, түйiстiрiлген де авиабағыттардың таңдап алынған желiсiн дамытудың қысқа мерзiмдi (бiр жылғы) және ұзақ мерзiмдi (үш жылғы) бизнес жоспарлары;
      16) жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктi және почтаны конкурсқа шығарылатын авиабағыттар бойынша тасымалдауды ұйымдастырудың негiзгi шарттары мен талаптарын қамтамасыз ету жөнiндегi конкурстық ұсыныстар.
      14. Конкурсқа қатысу үшiн талап етiлетiн құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде бiр данада берiледi.
      15. 13-тармақтың 10)-16) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар "конкурста ғана ашылсын" деген жазумен жеке жабылған пакетте берiледi.

                4. Ашық конкурс өткiзудi ұйымдастыру

      16. Конкурс жылына бiр рет күзгi-қысқы навигация басталғанға дейiн алдын-ала жүргiзiледi. Уәкiлеттi орган конкурс өткiзу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн комиссия конкурсқа ықтимал қатысушыларды жазбаша хабардар ету жолымен немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы конкурстың жүргiзiлуiнен кемiнде 30 күн бұрын конкурстың негiзгi шарттарын және оның өткізілу мерзiмдерiн жариялайды.
      17. Комиссия ықтимал қатысушылар үшiн конкурсқа шығарылатын авиабағыттар бойынша жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почта тасымалдарын ұйымдастырудың негiзгi шарттары мен талаптарын қамтитын конкурстық құжаттардың пакетiн дайындайды.
      18. Комиссия конкурсты өткiзудің мерзiмдерi мен орнын жариялағаннан кейiн конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiргендер уәкiлеттi органның мекен-жайына қажеттi құжаттарды қоса бере отырып, өтінiм мен конкурстық ұсыныстарды ұсынуға мiндеттi.
      19. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау конкурсты өткiзу күнiнен бiр күн бұрын аяқталады.
      20. Комиссия мәжілісiнің бiрiншi күнi өтінім берушiлер ұсынған құжаттардың толық берiлуiн бағалау және осы Ережеде белгiленген біліктілік талаптарына сай конкурс қатысушыларын анықтау жүргiзiледi.
      21. Барлық қажеттi құжаттарды бермегендiгi немесе бiлiктiлiк талаптарына сай еместiгi үшiн өтiнiмдерi қарауға қабылданудан бас тартылған өтінім берушiлердi комиссия бұл туралы себебiн көрсете отырып конкурстық комиссия мәжiлiсi басталған күнiнен бастап бес күн мерзiмде хабардар етедi.

       5. Ашық конкурсты өткiзу тәртiбi, конкурстық ұсыныстарды бағалау
                           және жеңiмпазды анықтау

      22. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшiн қарауға қабылданған конкурстық ұсыныстарды бағалайды әрi салыстырады және конкурс жеңiмпазын мына өлшемдердi ескере отырып, анықтайды:
      ұсынылатын қызметтердiң сапалық сипаттамаларын;
      бiлiктiлiк негiздерiн, беделiн, сенiмдiлiгiн, авиабағытта тұрақты авиарейстер орындаумен айналысатын конкурсқа қатысушы авиакомпаниялар персоналының кәсiби және басқару бiлiктiлiгiн.
      Конкурстық комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссия мүшелерiнің жалпы санынан көпшiлiк дауыс берiлсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
      Конкурстық комиссия конкурстың қорытындысын конкурстық ұсыныстары бар конверт ашылған күнiнен бастап, 10 күннен аспайтын мерзiмде шығарады.
      23. Комиссия мәжiлiсiнiң соңғы күнiнде комиссия мүшелерінің және конкурсқа қатысушылардың қатысуымен комиссия төрағасы жеңiмпаз қатысушыны атайды.
      24. Конкурс жеңiмпазының және уәкiлеттi органның арасында үш күн мерзiмде келiсiм жасалады, ол бойынша конкурс жеңiмпазы конкурстық ұсыныстарды орындау жөнiнде өзiне мiндеттемелер алады. Конкурс жеңiмпазы уәкiлеттi органмен келiсiм жасаудан бас тартқан кезде, конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазынан кейiн конкурстық ұсынысы жақсы бағаланған қатысушымен келiсiм жасасу жөнiнде келiссөздi бастайды.
      25. Өтінімдердi қарау нәтижесiмен келiспеген жағдайда, конкурс жеңiмпазы жарияланған сәттен бастап 14 күн iшiнде конкурсқа қатысушылар азаматтардың арыздарын қарау тәртiбi туралы заңнамаға сәйкес шағым беруге құқығы бар. (РҚАО-ның ескертуі: Z000107_ (16-бап); U952340_ )

            6. Авиабағыттарға арналған куәлiк берудiң тәртiбi

      26. Авиабағыттарға арналған куәлiктер конкурс жеңiмпазы жарияланған күнiнен бастап 5 күнтiзбелiк күннiң iшiнде конкурс жеңiмпазына берiледi.
      27. Авиабағытқа арналған куәлiк тасымалдау түрлерiн, аптадағы авиабағыттың ұшу жиiлiгi және көрсетiлген куәлiктiң күшi болатын мерзiмi көрсетiліп, бiр жылдан үш жылға дейiнгi мерзiмге берiледi, есепке алу сериялары мен нөмiрлерi болады және қатаң есеп беру құжаты болып табылады. Авиабағытқа арналған куәлiктiң нысаны осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес белгiленедi.

           7. Авиабағыттарға арналған куәлiктерді қайтарып алу
                 және олардың қолданылуын тоқтата тұру

      28. Авиабағыттарға арналған куәлiктердi уәкiлеттi орган:
      осы Iшкi тұрақты рейстер үшiн ереженің 11-тармағында және осы Халықаралық тұрақты рейстер үшiн ереженің 12-тармағында белгiленген біліктiлiк талаптарына авиакомпанияның сай келмеуi туындаған;
      авиакомпания конкурс бойынша қабылданған мiндеттемелер туралы келiсiмдi бұзған;
      конкурстық құжаттамада күмәндi ақпарат анықталған жағдайларда қайтарып ала алады.
      29. Авиабағыттарға арналған куәлiк қайтарып алынған кезде уәкiлеттi орган авиакомпанияға:
      халықаралық авиациялық бағыттар үшiн - жоспарлаған күнге дейiн 45 күн бұрын;
      ішкi авиациялық бағыттар үшiн - жоспарлаған күнге дейiн 15 күн бұрын хабарлама жiбередi.
      30. Уәкiлеттi орган авиабағытқа арналған куәлiктің қолданыла бастаған сәтiнен бастап авиакомпания тұрақты ұшуды 14 күннен астам уақыт орындамаған немесе қатарынан 14 күннен астам ұшудағы үзiлiс болған жағдайда авиабағытқа арналған куәлiктің қолданылуын тоқтатуға құқылы. Егер авиакомпания ұшуды орындамау себептерiн келесi 10 күн iшiнде жоймаса, тоқтатылған авиабағытқа арналған куәлiктi уәкiлеттi орган қайтарып алады.
      31. Куәлiктің күшiн тоқтата тұру себептерi жойылғаннан кейiн куәлiк қайта қолданылады.
      32. Авиакомпания куәлiктің қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу туралы шешiмдерiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
      33. Заңды тұлғаны (ол құқықтық мұрагер болып табылған жағдайда) қайта тiркеу кезiнде еркiн нысанда жазылған өтiнiш және осы Ереженiң 13-тармағының 2)-6) және 8)-10) тармақшаларында көзделген құжаттар берiлген жағдайда, авиабағыттар куәлiктерiн уәкiлеттi орган бiр ай мерзiмде қайта ресiмдеуi тиiс.
      34. Халықтың үздiксiз авиация қатынасына сұранысын қанағаттандыру

үшiн:
     куәландырылмаған авиабағыттарға конкурсты әзiрлеу және өткiзу 
кезеңiнде;
     ықтимал қатысушылардың болмауына байланысты конкурс өткiзу мүмкiн 
болмаған жағдайларда уәкiлеттi орган авиабағыттағы тұрақты ұшудың кестесiн 
осы Ереженің жалпы бiлiктiлiк талаптарына сай және осы авиабағытта тұрақты 
ұшу жобасын ұсынған авиакомпанияларға уақытша (6 айдан аспайтын мерзiмге) 
бекiтуге құқылы.
     
     
                                   Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                   2002 ж. 3 сәуiрдегi
                                   N 401 қаулысымен бекiтiлген
                                   Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және
                                   почтаны тасымалдау жөнiнде қызмет
                                   көрсету үшiн авиабағыттарға конкурс
                                   өткiзу және куәлiктер беру ережесi
                                                  1-ҚОСЫМША
    
                              ӨТIНIШ
     
     _________________________________________________________________
_______________________________________ тасымалдау мақсатында
 (тасымалдау объектiлерi көрсетiледi)
_________________________________________________________ аумағында
   (Қазақстан Республикасы, ТМД елдерi, ХӘЖ)
____________________________________________ авиабағыты бойынша
     (авиабағыттың атауы)
тұрақты авиарейстер орындау құқығына арналған конкурсқа қатысуға
жiберуiңiздi өтiнемiн.
     
                       Ұйым туралы мәлiметтер:
     
1. Меншiк нысаны _____________________________________________________
2. Құрылу жылы _______________________________________________________
3. Заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiк 
______________________________________________________________________
       (нөмiрi, кiм және қашан берген)
     
4. Банктiк деректемелерi _____________________________________________
______________________________________________________________________
  (есепшот N, коресеп шоттар, МФО, банктiң атауы мен орналасқан орны)
5. Заңды мекен-жайы және басқа да деректемелерi ______________________
                       (почталық мекен-жайы, телефон, телефакс, телекс,
     
______________________________________________________________________
   телетайп, телеграфтық және телефондық шақыру белгiлерi, ИКАО, ИАТА,
                                            СИТА, АФТН кодтары)
6. ___________________________________________________________________
          (кәсiпорын бiрiншi басшысының тегі, аты-жөнi)
7. Қоса берiлiп отырған құжаттар _____________________________________
Кәсiпорын басшысы: тегi, аты-жөнi, қолы, күнi.
Өтiнiш 2002 жылғы "___"__________ қарауға қабылданды.
     
     
                                   Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                   2002 ж. 3 сәуiрдегi
                                   N 401 қаулысымен бекiтiлген
                                   Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және
                                   почтаны тасымалдау жөнiнде қызмет
                                   көрсету үшiн авиабағыттарға конкурс
                                   өткiзу және куәлiктер беру ережесi
                                           2-ҚОСЫМША
     
             ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛТАҢБАСЫ
                АВИАБАҒЫТҚА АРНАЛҒАН КУӘЛIК
     
     _________________________________________________________________
                   (заңды тұлғаның толық атауы)
     
     _________________________________________________________________
     
     _________________________________________ тасымалдау мақсатында
         (тасымалдау объектiлерi көрсетiледi)
     _________________________________________ авиабағыты бойынша
               (авиабағыт атауы)
     
     _________________________________________________________________
           (аптасына ұшудың рұқсат етiлген жиiлiктер саны)
     
     тұрақты авиарейстердi орындау құқығына берiлдi.
     
     Авиабағытқа арналған куәлiктi берген орган ______________________
     
     __________________________ (куәлiктi берген органның толық атауы)
     _________________________________________________________________
   
     Басшы ___________________________________________________________
              (куәлiктi берген орган басшысының тегi, аты-жөнi)
     
     _________________________________________________________________
     Куәлiктiң берiлген күнi 2002 жылғы "____"____________
     Куәлiктiң нөмiрi _____________ N ________________
                                    __________________ қаласы
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.