Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 9 ақпан N 195

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай 
өзгерістер енгізілсін:
     1) "Қазақстан Республикасы радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік 
ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1998 жылғы 20 наурыздағы N 237  

P980237_

  қаулысына:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 
радиожиіліктері жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының 
құрамына мыналар енгізілсін:
     
     Алпысбаев              - Қазақстан Республикасының Ұлттық
     Қаныш Хасанұлы           қауіпсіздік комитеті Арнаулы ақпараттық
                              қызметінің 1-орталығы бастығының бірінші
                              орынбасары (келісім бойынша)

     Жақыпбеков             - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Сембек Сәбетұлы          қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік
                              байланысты қамтамасыз ету орталығы
                              бастығының бірінші орынбасары
                              (келісім бойынша)
     
     көрсетілген құрамнан Асанов Қадыржан Нәжентайұлы, Қанғожин Бекболат 
Рашитұлы шығарылсын;


      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 751 P990751_ қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы

Үкіметтік байланыс агенттігі" деген жол мынадай мазмұндағы жолдармен 
ауыстырылсын:
     "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы 
ақпараттық қызметі
     Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік 
байланысты қамтамасыз ету орталығы";
     3) "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы N 1501  

P001501_

  
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 485-құжат):
     3-тармақ алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     
 Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.