"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексiнiң 511
-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары базалық ставкаларының мөлшерлерi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi бiр айлық мерзiмде өзiнiң бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1761 қаулысымен
бекiтiлген
Консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары
базалық ставкаларының мөлшерлерi
Ең төменгi және
барынша жоғары
Р/с Консулдық iс-әрекеттердiң атауы базалық ставкалардың
N мөлшерлерi
(АҚШ доллары немесе
аек-тiң %
____________________________________________________________________
4 Қазақстан Республикасы азаматының
төлқұжатына балалардың деректерiн жазу 5-15 АҚШ доллары
(шығару)
5 Шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктерге виза
беру туралы нотаны жасау және басып
шығару:
Қазақстан Республикасында аек-тiң 50%
шетелде 5-15 АҚШ доллары
6 Шетел азаматтары үшiн виза беру туралы
азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн
пысықтау және Қазақстан Республикасының
дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық
мекемелерiне нұсқау (визалық қолдау)
жолдау:
бiр мәрте келу-кету аек-тiң 20 %
екi немесе одан да көп келу-кету аек-тiң 50 %
7 Қазақстан Республикасына келуге (кетуге) бiр
мәртелiк виза немесе оны үш айға дейiнгi 10-30 АҚШ доллары
мерзімге ұзарту
8 Бiр мәрте келу-кету немесе кету-келу виза.
ларына немесе оларды үш айға дейiнгi 20-60 АҚШ доллары
мерзiмге ұзарту
9 Екi мәрте келу-кету визасы немесе кету-келу
визасы немесе оларды үш айға дейiнгi
мерзімге ұзарту 30-90 АҚШ доллары
10 Yш мәрте келу-кету визасы немесе кету-келу
визасы немесе оларды үш айға дейiнгi 35-105 АҚШ доллары
мерзімге ұзарту
11 Көп мәртелiк виза немесе оны ұзарту мерзiмi:
бiр жылға дейiн 100-200 АҚШ доллары
екi жылға дейiн 200-400 АҚШ доллары
12 Туристтiк виза:
бiр мәрте 30 күнге дейiн 20-40 АҚШ доллары
екi мәрте 60 күнге дейiн 30-60 АҚШ доллары
15 Шетелге жеке iсi бойынша кеткен Қазақстан
Республикасы азаматтарының шетелде
тұрақты тұруға қалу туралы өтiнiштерiн
ресiмдеу 30-300 АҚШ доллары
16 Шетелге тұрақты тұруға келген Қазақстан
Республикасының азаматтарын консулдық
есепке алу:
есепке алу 1-30 АҚШ доллары
есептен шығару тегiн
16-1 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде
шетелдiктердiң асырап алуына берiлген Қазақстан
Республикасының азаматтарын-балаларын
консулдық есепке алу:
есепке алу 500 % aeк
есептен шығару тегiн <*>
17 Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға
келу туралы шетел азаматтары мен
азаматтығы жоқ адамдардың өтiнiшiн 10-100 АҚШ доллары
ресiмдеу
18 Қазақстан Республикасының азаматтығына
қабылдау және қалпына келтiру туралы 15-150 АҚШ доллары
өтiнiштi ресiмдеу
20 Тууды, әкелiктi айқындауды, ұл бала (қыз
бала) асырап алуды тiркеу және тиiстi 10-20 АҚШ доллары
куәлiктердi беру
23 Заңда белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз
кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-
есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз
деп танылған адамдармен, не қылмыс 5-30 АҚШ доллары
жасағаны үшiн үш жылдан кем емес мерзiмге
бас бостандығынан айыруға сотталған
адамдармен некенi бұзуды тiркеу
24 Некеге тұруына байланысты жағдайлардан
басқа реттерде тегiн, атын, әкесiнiң атын
өзгерту туралы материалдарды ресiмдеу,
сондай-ақ ұлтын өзгертудi тiркеу 25-50 АҚШ доллары
25 Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы
мұрағат материалдары бойынша қайталап
куәлiктер беру 20-40 АҚШ доллары
26 Тууы туралы, некеге тiркелгенi, некенiң
бұзылғаны туралы, қайтыс болғандығы
туралы жазбаларды өзгертуге, толықтыруға,
түзетуге және қалпына келтiруге байланысты
куәлiктерді беру 10-20 АҚШ доллары
27 Некеге тiркелу мақсатында шет елдердегi
азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдарына
ұсыну үшiн анықтама беру 10-20 АҚШ доллары
29 Құжаттарды заңдастыру (әрбiр құжат үшiн):
Қазақстан Республикасының аумағында аек-тiң 50%
шет елдерде 5-50 АҚШ доллары
30 Мүлiктi, оның ішiнде автомотокөлiк
құралдарын пайдалану мен иелiк ету және
несие операцияларын жасау құқығына
арналған сенiмхаттарды нотариалды түрде
куәландыру 20-100 АҚШ доллары
31 Түрлi тұлғалар мен мекемелерден банк
мекемелерiндегi пошталық аударым бойынша
ақшаны алуға, сәлемдемелердi, салымға
иелiк етуге арналған хат-хабарды және т.с.
алуға, сенiмхаттарды нотариалды түрде
куәландыру, сондай-ақ алдын-ала сенiм
бiлдiру тәртiбiмен берiлетiн сенiмхаттарды 10-50 АҚШ доллары
куәландыру
32 Бағалауға жатпайтын бөлу шарттарын,
кепiлдiктi және басқа да шарттарды
нотариалды түрде куәландыру 30-60 АҚШ доллары
33 Бағалауға жататын шарттарды нотариалды шарт сомасының 1%,
түрде куәландыру бiрақ 120 АҚШ
долларынан кем емес
35 Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан жылжымайтын мүлiктi иелiктен
айыру туралы шарттардан басқа өзге де
шарттарды нотариалды түрде куәландыру 10-50 АҚШ доллары
36 Бiлiм, жұмыс туралы құжаттардың
көшiрмелерiн, азаматтық хал актiлерiнiң
жазбаларын, сондай-ақ құжаттардың
үзiндiлерiн (әр бетiнiң) және т.б. нотариалды
түрде куәландыру 10-50 АҚШ доллары
37 Қойылған қолдардың түпнұсқалығын
нотариалды түрде куәландыру (әрбiр құжат 10-50 АҚШ доллары
үшiн)
38 Азаматтарға мүлiк және қаржы мәселелерi
бойынша олардың Қазақстан Республикасының
дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық
мекемелерiнде сақтаулы құжаттарынан
үзiндiлер мен көшiрмелердi беру 10-50 АҚШ доллары
39 Аударма жасау мен оның дұрыстығын бiр
мезгiлде нотариалды түрде куәландыру
(әрбiр бетi үшiн):
шет тiлдерiнен аударма 10-50 АҚШ доллары
шет тiлдерiне аударма 10-50 АҚШ доллары
40 Консулдық лауазымды тұлғаның қатысуынсыз
жасалған аударманың дұрыстығын
куәландыру (әрбiр бетiне) 5-15 АҚШ доллары
43 Қамқорлыққа алынған мүлiктi басқару мүлiк сомасының
0,5%, жөнiндегi
есептi бекiту
бiрақ 30 АҚШ
долларынан кем емес
44 Мұралық мүлiктiң тізбесiн жасау, сондай-ақ мүлiк сомасының 1%,
мұралық мүлiктi қорғау жөнiндегi шараларды бiрақ 60 АҚШ
қабылдау долларынан кем емес
45 Мүдделi адамдардың өтiнiштерi негiзiнде мүлiк сомасының 1%,
ұсынылған тiзбе бойынша мүлiкке тексеру бiрақ 60 АҚШ
жүргiзу долларынан кем емес
47 Мұраға берушiнiң өтiнiшi бойынша өсиетхатқа
қандай да бiр өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу 30-100 АҚШ доллары
50 Көпшiлiкке арналған саудада тауарларды түскен соманың 1%,
немесе өзге де мүлiктердi сату бiрақ 60 АҚШ
долларынан кем емес
52 Мұрагерлiктен басқа ақшаны бағалы
қағаздарды және басқа да құндылықтарды жалпы соманың 0,2%
сақтау (ай сайын)
53 Мүлiктi немесе ақша сомаларын тиесiлiгi
бойынша беруге 6 айға дейiнгi мерзiмге
депозитке қабылдау (ай сайын) жалпы соманың 0,2%
55 Шетелден кеме сатып алған жағдайда, оған
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
туымен жүзу құқығына арналған куәлiк беру,
Қазақстан Республикасының заңнамасымен
немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы
болып табылатын халықаралық шарттармен
көзделген Қазақстан Республикасының
кемелерiне қатысты декларациялар мен 30-60 АҚШ доллары
басқа да құжаттарды жасау және куәландыру
56 Консулдық алымдардың осы ставкаларында
айтылмаған, заңды маңызы бар түрлi
сипаттағы анықтамалар беру:
Қазақстан Республикасының аумағында аек-тiң 15%
шетелде 5-30 АҚШ доллары
____________________________________________________________________
Ескертпе: аек - айлық есептiк көрсеткiш
Ескерту. Қосымша толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.01.30. N 111
қаулысымен
.