Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 желтоқсан N 1593. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.07. N 1059 қаулысымен.

Күшін жойған

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Сапа саласындағы конкурс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы N  384  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 11, 125-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға қосымшада:
     Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамына:
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы      - Қазақстан Республикасы                                               Премьер-Министрінің орынбасары,                                      төраға     

Нұрпейісов                     - Қазақстан Республикасының
Қайрат Айтмұхамбетұлы            Мемлекеттік кіріс вице-министрі

Ойнаров                        - Қазақстан Республикасының
Азамат Рысқұлұлы                 Табиғи монополияларды реттеу,
                                 бәсекелестікті қорғау және шағын                                     бизнесті қолдау жөніндегі
                                 агенттігі төрағасының орынбасары

болып енгізілсін;     

"Досқалиев                     - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Жақсылық Ақмырзаұлы              сақтау ісі жөніндегі агенттігінің
                                 төрағасы"     

     деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Досқалиев                     - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Жақсылық Ақмырзаұлы              сақтау министрі";
     көрсетілген құрамнан Даниял Кенжетайұлы Ахметов, Рақымберген Құрманғалиұлы Тоқсейітов, Ольга Алексеевна Марзилович шығарылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі