Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы екi жақты ынтымақтастықты одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Украина Президентi Л.Д. Кучманың Қазақстан Республикасына 2001 жылғы 26-28 қыркүйектегi ресми сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдары (келiсiм бойынша), сондай-ақ мүдделi ұйымдар (келiсiм бойынша) Жоспарда көзделген iс-шараларды iске асыру жөнiнде нақты шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi кемiнде тоқсанына бiр рет Жоспардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 21 қарашадағы
N 1501 қаулысымен
бекiтiлген
Украина Президентi Л.Д. Кучманың Қазақстан Республикасына
2001 жылғы 26-28 қыркүйектегi ресми сапары барысында қол
жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар
ЖОСПАРЫ---------------------------------------------------------------------------
Р/с! Iс-шаралар ! Орындау ! Жауапты орындаушы
N ! ! мерзiмi !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4
---------------------------------------------------------------------------
1. 2001 жылғы 26-28 қыркүйекте қол қойылған халықаралық
шарттардың күшiне енуi жөнiндегi мемлекетiшiлiк рәсімдердi
қамтамасыз ету
1 Қазақстан Республикасының 2002 Қазақстан Республикасының
Yкiметi мен Украина Министрлер жылдың Білім және ғылым
Кабинетi арасындағы Бiлiм және І тоқсаны министрлігі
ғалымдық (ғылыми) дәрежелер
мен ғылымдық атақтар жөнiндегi
құжаттарды өзара тану және
олардың баламалылығы туралы
келiсiм
2 Қазақстан Республикасының -//- Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Мемлекеттік кіріс
мен Украинаның Мемлекеттiк министрлігі
салық әкiмшiлiгi арасындағы
Этил спиртi мен алкоголь
өнiмдерiнiң өндiрiсiне бақылау
саласында өзара iс-қимыл
жасау және ақпарат алмасу
туралы келiсiм
2. Халықаралық шарттарды қол қоюға дайындау
3 Қазақстан Республикасының 2002 Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Украина Министрлер жылдың Қорғаныс министрлігі
Кабинетi арасындағы Әскери қаңтары
техникалық ынтымақтастық
туралы келiсiм
4 Қазақстан Республикасының -//- Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Украина Министрлер Туризм және спорт
Кабинетi арасындағы Туризм жөніндегі агенттігі
саласындағы ынтымақтастық
туралы келiсiм
5 Қазақстан Республикасының -//- Қазақстан Республикасының
Yкiметi мен Украина Министрлер Еңбек және халықты
Кабинетi арасындағы Еңбек әлеуметтік қорғау
көшi-қоны мен мигрант- министрлігі
еңбекшiлердi әлеуметтiк қорғау
саласындағы ынтымақтастық
туралы келiсiм
6 Қазақстан Республикасының -//- Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Украина Министрлер Сыртқы істер министрлігі
Кабинетi арасындағы
Мемлекеттердiң аумақтарында
заңсыз тұрған адамдарды
қабылдау және тапсыру туралы
келiсiм
7 Қазақстан Республикасының -//- Қазақстан Республикасының
Үкiметi, Украина Министрлер Энергетика және
Кабинеті және Ресей минералдық ресурстар
Федерациясының Yкiметi министрлігі
арасындағы ВВЭР-1000
реакторларының ядролық отынын
өндiру жөнiнде бiрлескен
кәсiпорын құру туралы келiсiм
8 Қазақстан Республикасының 2002 Қазақстан Республикасы
Yкiметi, Ресей Федерациясының жылдың Энергетика және
Yкiметi және Украина Министрлер I тоқсаны минералдық ресурстар
Кабинетi арасындағы Басқарып министрлігінің
ұшырылатын орбиталық кешендердiң Аэроғарыш комитеті
ұшуы мен пайдаланылуын қамтамасыз
ету жөнiндегі үкiметаралық
комиссияны құру туралы келiсiм
9 Қазақстан Республикасының -//- Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау жөнiндегi Денсаулық сақтау
министрлiгi мен Украинаның министрлігі
Денсаулық сақтау министрлiгi
арасындағы фармацевтика
өнеркәсiбi саласындағы
ынтымақтастық туралы келiсiм
10 Қазақстан Республикасының 2002 Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң жылдың Мемлекеттік кіріс
Кеден комитетi мен Украинаның ІІ тоқсаны министрлігінің Кеден
Мемлекеттiк кеден қызметi комитеті
арасындағы Кеден iсiндегi
ынтымақтастық туралы
меморандум
3. Түрлi салалардағы ынтымақтастық
11 "Южный" мұнай терминалы мен 2002 Қазақстан Республикасының
"Одесса-Броды" мұнай құбырын жылдың Энергетика және
пайдалана отырып, қазақстан қаңтары минералдық ресурстар
мұнайын тасымалдау жобасына министрлігі, "Қазақойл"
қазақстандық мұнай өндiруші ҰМК (келісім бойынша)
компанияларды тарту жөнiндегi
мәселенi пысықтау
12 Украина ұйымдары мен 2002 Қазақстан Республикасының
кәсiпорындарының газ кен жылдың Энергетика және
орындарының Амангелдi тобын қаңтары минералдық ресурстар
игеруге қатысу мүмкiндiгi мен министрлігі
перспективаларын қарау
13 Кентау трансформатор зауытының 2002 Қазақстан Республикасының
базасында кернеуi 110-550 кВ жылдың Экономика және сауда
электр желiлерi үшiн қуатты І тоқсаны министрлігі
трансформаторлар өндiрiсi
жөнiндегi бiрлескен кәсiпорынды
Қазақстанда құру мүмкiндігiн
қарау
14 Машиналардың түрлерiн, шығару 2002 Қазақстан Республикасының
көлемiн және кооперациялануды жылдың Ауыл шаруашылығы
көздей отырып, ауыл шаруашылығы ІІ тоқсаны министрлігі
техникасының бiрлескен
өндiрiсiнiң ұзақ мерзiмдi
бағдарламасын әзiрлеу және бекiту
15 Қазақстан Республикасы, Ресей 2002 Қазақстан Республикасы
Федерациясы мен Украина жылдың Энергетика және
Президенттерiнiң "Днепр" ғарыш І тоқсаны минералдық ресурстар
бағдарламасы бойынша бiрлескен министрлігінің
мәлiмдемесiн қол қоюға әзiрлеудi Аэроғарыш комитетi
аяқтау
16 Әскери-техникалық өнiмдердi 2002 Қазақстан Республикасының
бiрлескен ғылыми-зертеу және жылдың Қорғаныс министрлігі
тәжiрибелiк-конструкторлық І тоқсаны
жұмыстарды жүргiзу жөнiнде
олардың өзара жеткiзiлiмi,
пайдаланылуы және жөнделуi
жөнiнде нақты ұсыныстар
әзiрлеу және енгiзу
17 Мемлекеттiк бiлiм гранттарын 2002 Қазақстан Республикасының
ұсыну туралы мәселенi пысықтау жылдың Білім және ғылым
ІІ тоқсаны министрлiгi
18 Қолданылып жүрген екi жақты 2002 Қазақстан Республикасының
үкiметаралық келiсiмдердi жылдың Қаржы министрлігі,
ескере отырып, қаржылық қаңтары Қазақстан Республикасының
мәселелердi реттеу жөнiнде Ұлттық Банкі
ұсыныстар беру (келiсiм бойынша)
19 Экономикалық ынтымақтастық 2002 Қазақстан Республикасының
жөнiндегi қазақстан-украина жылдың Сыртқы істер министрлігі
мемлекетаралық комиссиясының ІІІ
5-шi бiрлескен мәжiлiсiн өткiзу тоқсаны
---------------------------------------------------------------------------