"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған:
      Қазақстан Республикасында салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктерін, міндеттерін, сондай-ақ міндетті құрамын белгілеу ережесі;
      мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісінің бірыңғай нысаны бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2001 жылғы 15 қазандағы
N 1328 қаулысымен   
БЕКIТIЛГЕН       

Қазақстан Республикасында салынған объектiлердi
пайдалануға қабылдау жөнiндегi қабылдау және жұмыс
комиссияларының өкiлеттiктерiн, мiндеттерiн,
сондай-ақ мiндеттi құрамын белгілеу
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi қабылдау және жұмыс комиссияларының өкiлеттіктерiн, мiндеттерiн, сондай-ақ мiндеттi құрамын белгiлеу ережесi қабылдау немесе жұмыс комиссияларын тағайындау тәртiбi мен олардың мiндеттi құрамын, салынған объектiлердi (кешендердi) пайдалануға қабылдау кезiнде комиссиялар мен олардың мүшелерiнiң өкiлеттiктерiн және мiндеттерiн анықтайды.
      2. Қабылдау және жұмыс комиссиялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамаға сәйкес тапсырысшының (инвестордың, құрылыс салушының) шешiмiмен құрылады.
      2-1. Осы ережеде мынадай ұғым пайдаланылады:
      "Толық дайындық" - ішкі әрлеу (қаптау, бояу, тұсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталып, таза едендер төселіп, санитарлық-техникалық жабдықтар мен приборлар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық приборлар, асүй газ немесе электр плиталары және пәтерішілік есік блоктары орнатылып салынған ғимараттар.
      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.02. N 357 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Қабылдау комиссиясы

      3. Қабылдау комиссиясының өкiлеттiктерi оны қабылдау үшiн комиссия тағайындалған объектiге (кешенге) ғана қолданылады.
      Қабылдау комиссиясының өкiлеттiктерi тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) оны тағайындаған кезден басталады және объектiнiң пайдалануға дайын екендiгi туралы қорытындымен қабылдау актiсi бекiтiлгеннен кейiн аяқталады.
      4. Қабылдау комиссиясының мiндетiне мыналар кiредi:
      1) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабында көзделген объектiлердi олар бекiтiлген жобаға сәйкес пайдалануға толық дайын болған ретте пайдалануға қабылдау туралы актiнi ресiмдей әрi актiнi бекiту үшiн тапсырысшыға (инвесторға, құрылыс салушыға) бере отырып қабылдау;
      2) объектiнiң (кешеннiң) пайдалануға беруге дайындығына кешендi тексеру жүргiзу;
      3) жұмыстарды орындаушының нормативтiк талаптарды, бекiтiлген жобаны сақтауы жөнiндегi әрекетiн не болған ауытқушылықтарды тексеру және оларды мемлекеттік нормативтермен белгiленген тәртiппен келiсу;
      4) iске қосылатын объектi (кешен) қуатының (сыйымдылығының, өткiзу қабiлетiнiң) бекiтiлген жобадағы көрсеткiштерiмен сәйкестiгiн тексеру;
      5) технологиялық жабдықтар мен инженерлiк жүйелерге бақылау байқауын және сынағын жүргiзу;
      6) жобалау-іздестiру және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалмауына немесе сапасыз орындалуына жол берген адамдарды заңнамада белгiленген тәртiппен жауапқа тарту жөнiнде ұсыныспен бiрге тапсырысшыға (инвесторға, құрылыс салушыға) және бас мердiгерге пайдалануға берiлетiн объектiнiң (кешеннiң) толық дайын еместiгi туралы қорытынды беру;
      7) тапсырысшыдан немесе бас мердiгерден алынған құжаттамаларды өкiлеттiктерi аяқталғаннан кейiн қайтарып беру.
      5. Қабылдау комиссиясы бас мердiгерден салынған объектiлердi пайдалануға қабылдауды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды берудi талап етуге құқылы.
      6. Объектiлердi (кешендердi) пайдалануға қабылдау кезiнде қабылдау комиссиясының құрамына мыналар кiредi:
      1) қабылдау комиссиясының төрағасы болатын тапсырысшының (инвестордың, құрылыс салушының) жауапты өкiлi;
      2) жобаның авторы (авторлары) немесе жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеушiнiң (бас жобалау ұйымының) жауапты өкiлi, сондай-ақ мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясының өкiлi;
      3) жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарының (қызметтерiнiң), мемлекеттік өртке қарсы және мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтерiнiң өкiлдерi, пайдалануға берiлетiн объектiнiң (кешеннiң) бейiнiне (мақсатына) қарай басқа да мүдделi мемлекеттiк қадағалау органдарының өкiлдерi;
      4) мердiгерлердiң, жобалау ұйымдарының өкiлдерi.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30 N 662; 2008.11.18 N 1068 Қаулыларымен.
      7. Қажет болған ретте қабылдау комиссиясының құрамына пайдаланушы ұйымдардың (кәсiпорындардың, мекемелердiң) өкiлдерi де кiредi.
      8. Жобаны әзiрлеушiнiң тұрған жерi (орналасқан жерi) объектi салынып жатқан елдi мекеннен тыс жерде болған жағдайда, осы жобалау ұйымының тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) атына жазбаша өтiнiшi бойынша оның өкiлiнiң орнына қабылдау комиссиясына жергiлiктi жобалау ұйымының өкiлi енгiзiлуi мүмкiн.

3. Жұмыс комиссиясы

      9. Жұмыс комиссиясының өкiлеттiктерi "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабында көзделген объектiлерге (кешендерге) олардың пайдалануға техникалық дайындығын кешендi тексерудi жүзеге асыру үшiн қолданылады.
      Қажет болған ретте тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) көрсетiлген Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабында көзделген объектiлер бойынша да оларды қабылдау комиссиясына ұсынғанға дейiн жұмыс комиссиясын тағайындауға құқылы.
      Жұмыс комиссиясының өкiлеттiктерi тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) оны тағайындаған кезден басталады және пайдалануға берiлетiн объектiнi кешендi тексеру бойынша объектiнiң (кешеннiң) пайдалануға беру дайындығы (толық дайын еместiгi) туралы көрсете отырып, заңнамада белгiленген тәртiппен ресiмделген қорытындыны бергеннен кейiн тоқтатылады.
      10. Жұмыс комиссиясына мынадай өкiлеттiктер берiледi:
      1) мемлекеттiк қабылдау комиссиясының немесе қабылдау комиссиясының объектiнi (кешендi) қабылдауына оның дайын екендiгiне кешендi тексеру жүргiзу.
      Егер, бекiтiлген жобада бұл көзделген жағдайда, толық дайындыққа кейiн сатып алушылардың мүмкiндiктерi мен талаптары ескерiле отырып орындалатын ішкi қаптау, бояу, тұсқағаз жапсыру жұмыстары орындалмаған, таза едендер, санитарлық-техникалық жабдықтар мен құралдар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық құралдар, асүй газ және электр плиталары, пәтерiшiлiк есiк блоктары қондырылмаған қоғамдық ғимараттар жатқызылуы мүмкiн. Бұл орайда объект бойынша сыртқы әрлеу жұмыстары, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы үй-жайларда (ғимараттың бөлiктерiнде) iшкi әрлеу мен монтаждау жұмыстары толық көлемде орындалуға тиiс.
      2) технологиялық жабдықтар мен инженерлiк жүйелерге бақылау сынақтарын жүргiзу;
      3) кешендi тексеру нәтижелерi бойынша оның нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдау комиссиясына немесе қабылдау комиссиясына ұсыну үшiн объектiнiң (кешеннiң) дайын екендiгi туралы немесе толық дайын еместiгi туралы қорытындыны ресiмдеу;
      4) салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау үшiн бас мердiгерден қажеттi құжаттарды берудi талап ету.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.02. N 357 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Жұмыс комиссиясының мiндетiне мыналар кiредi:
      1) орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының және құрастырылған технологиялық, инженерлiк немесе өзге де жабдықтардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау (жобалау-смета) құжаттамаларына, нормативтiк талаптарға (шарттарға, шектеулерге) сәйкестiгiн тексеру;
      2) пайдалана бастауға объектiнiң (кешеннiң) техникалық дайындығын не дайын еместiгiн анықтау;
      3) бас мердiгерден алынған құжаттамаларды өкiлеттiктерi аяқталғаннан кейiн қайтарып беру.
      12. Жұмыс комиссиясының құрамына мыналар кiредi:
      1) комиссияның төрағасы болатын тапсырысшының (инвестордың, құрылыс салушының) жауапты өкiлi;
      2) жобаның авторы (авторлары) немесе жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеушiнiң (бас жобалау ұйымының) жауапты өкiлi;
      3) пайдаланушы ұйымдардың (кәсiпорындардың, мекемелердiң), бас мердiгердiң, қосалқы мердiгер ұйымдардың, қосалқы жобалаушылардың (жобаның арнаулы бөлiмдерiн әзiрлеушiлердiң) өкiлдерi.
      13. Қажет болған ретте жұмыс комиссиясының құрамына мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметтерiнiң, бақылау-қадағалау жұмысын жүзеге асыратын басқа да мүдделi қызметтердiң өкiлдерi кiредi.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30 N 662; 2008.11.18 N 1068 Қаулыларымен.
       14. Жобаны әзiрлеушiнiң тұрған жерi (орналасқан жерi) объектi салынып жатқан елдi мекеннен тыс жерде болған жағдайда, осы жобалау ұйымының тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) атына жазбаша өтiнiшi бойынша оның өкiлiнiң орнына жұмыс комиссиясына жергiлiктi жобалау ұйымының өкiлi енгiзiлуi мүмкiн.

                                   Қазақстан Республикасы
                                   Yкiметiнiң
                                   2001 жылғы 15 қазандағы
                                   N 1328 қаулысымен
                                   БЕКIТIЛГЕН

                                   _______________________________
                                   _______________________________

                                   БЕКIТIЛГЕН
                                   _______________________________
                                   [шешiмнiң (бұйрықтың, қаулының
                                   және т.б) күнi мен нөмiрi,
                                   шешiмге (бұйрыққа, қаулыға және
                                   т.б) қол қойған адамның тегi,
                                   аты, әкесiнiң аты және лауазымы]

         МЕМЛЕКЕТТIК ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ САЛЫНҒАН
            ОБЪЕКТIНI ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ
                            АКТIСI

      Ескерту. Актінің нысанына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2005.06.30 N 662, 2006.07.07 N 647 (алғаш рет ресми жарияланған
күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 2008.11.18 N 1068
Қаулыларымен.

      200 жылғы "__"_______N____         ___________________________
                                       (объектiнiң орналасқан жерi)

     ______________________________________________________________
                  (комиссияны тағайындаған органның атауы)

     200 жылғы "____"_________ N ____ шешiмiмен (бұйрығымен, қаулы-
     сымен және т.б.) тағайындалған мемлекеттiк қабылдау комиссиясы
     мына құрамда:

     төраға _______________________________    ____________________
               (аты, әкесiнiң аты, тегi)             (лауазымы)

     төраға орынбасары - мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясының
     өкiлi ________________________________    ____________________
              (аты, әкесiнiң аты, тегi)              (лауазымы)

     комиссия мүшелерi - өкiлдер:
     тапсырыс берушi

     __________________________________    ________________________
         (аты, әкесiнiң аты, тегi)                (лауазымы)

     пайдаланушы ұйым

     __________________________________    ________________________
         (аты, әкесiнiң аты, тегi)                (лауазымы)

     бас жобалаушы

     __________________________________    ________________________
         (аты, әкесiнiң аты, тегi)                (лауазымы)

     мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары

     __________________________________    ________________________
         (аты, әкесiнiң аты, тегi)                (лауазымы)

     мемлекеттік  өртке қарсы қызмет органдары

     __________________________________    ________________________
         (аты, әкесiнiң аты, тегi)                (лауазымы)

      мемлекеттiк халықты әлеуметтiк қорғау органдары

      __________________________________    ________________________
         (аты, әкесiнiң аты, тегi)                (лауазымы)

     жергiлiктi атқарушы органның өкiлi

     __________________________________    ________________________
         (аты, әкесiнiң аты, тегi)                (лауазымы)

     __________________________________    ________________________
         (аты, әкесiнiң аты, тегi)                (лауазымы)

     басқа да мүдделi ұйымдардың, мекемелердiң және қадағалау ор-
     гандарының өкiлдерi
     ______________________________________________________________
                    (аты, әкесiнiң аты, тегi, лауазымы)

     ______________________________________________________________
                    (аты, әкесiнiң аты, тегi, лауазымы)

     ______________________________________________________________
                     (аты, әкесiнiң аты, тегi, лауазымы)

     ______________________________________________________________
                     (аты, әкесiнiң аты, тегi, лауазымы)

     АНЫҚТАДЫ:

          1. Тапсырысшы (мердiгер тапсырысшымен бiрге)
     ______________________________________________________________
                            (ұйымның атауы)

     ____________________________________________мекен-жайы бойынша
     ______________________________________________________________
      [облыс, аудан, елдi мекен, ықшамаудан, махалла, көше, үйдiң

     ______________________________________________________________
                   нөмiрi] (корпустың)

     ______________________________________________________________
     [объектiнiң атауы және құрылыстың түрi (жаңадан салу, кеңейту,

     ______________________________________________________________
     жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру)] қайта

     пайдалануға қабылдауды ұсынды.

          2. Құрылыс ______________________________________________
                            (шешiм шығарған органның атауы)

     200__жылғы "____"________ N ____ шешiмiнiң (бұйрығының, қаулы-
     сының және т.б.) негiзiнде және ______________________________
                                    (шешiм шығарған органның атауы)

     құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған 200__ жылғы
     "___"_____ N ___рұқсатына сәйкес салынған.

          3. Құрылысты ____________________________________________
                                  (жұмыстың түрлері)

     орындаған бас мердiгер _______________________________________
                                         (ұйымның атауы)

     және _________________________________________________________
                             (жұмыстың түрлерi)

     орындаған қосалқы мердiгер ұйымдар ___________________________
     ______________________________________________________________

     [ұйымдардың атауы және олардың ведомстволық бағыныстылығы,
     әрбiр ұйым (үштен артық ұйым болғанда олардың тiзбесi актiнiң
     ... қосымшасында көрсетiледi) орындаған жұмыстың түрлерi]
     салған.
          4. Құрылысқа арналған жобалау-смета құжаттамасын орында-
     ған бас мердiгер _____________________________________________
               (ұйымның атауы және оның ведомстволық бағыныстылығы)

     және _________________________________________________________
           (құжаттамалардың бөлiмдерiнiң немесе тарауларының атауы)

     орындаған қосалқы мердiгер ұйымдар ___________________________
     ______________________________________________________________

     [ұйымдардың атауы және олардың ведомстволық бағыныстылығы,
     орындалған құжаттамалардың бөлiмдерi мен тараулары (үштен ар-
     тық ұйым болғанда олардың тiзбесi актiнiң ... қосымшасында
     көрсетiледi)] әзiрлеген.
          5. Жобалауға арналған бастапқы деректердi берген
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
      [ғылыми-зерттеу және iздестiру ұйымдарының атауы, бастапқы
     деректердiң тақырыбы (үштен артық ұйым болғанда олардың тiзбе-
     сi актiнiң ... қосымшасында көрсетiледi)]
          6. Құрылыс жоба (үлгi, жеке, қайта қолданылған) бойынша
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     [жобаның нөмiрi, серияның (үлгi жоба бойынша) нөмiрi; тұрғын
     үй-азаматтық мақсаттағы объектiлер бойынша жеке жобалар үшiн
     осы жобаны қолдануға рұқсат берген органның атауы көрсетiледi]
     жүзеге асты.
          7. Жобалау-смета құжаттамасын ___________________________
     ______________________________________________________________
     (объектiге (кезегi, iске қосу кешенi) арналған құжаттаманы
              бекiтушi (қайта бекiтушi) органның атауы]
     200__ жылғы "___"______ N _________ бекiткен.
          8. Құрылыс-монтаж жұмыстары мына мерзiмде жүзеге асты:
     жұмыстың басталуы _________________; жұмыстың аяқталуы _______
                        (айы және жылы)             (айы және жылы)

     құрылыстың ұзақтығы норма бойынша немесе ҚЖҰ бойынша _________
     __________________________________________________________ ай;
     іс жүзiнде ___________________________________________________
          9. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясына мынадай құжаттамалар
     ұсынылды: ____________________________________________________
     ______________________________________________________________
                         (құжаттардың тiзбесi)

     Көрсетiлген құжаттар осы актiге мiндеттi қосымша болып табылады.
          10. Пайдалануға беруге ұсынылған объектiнiң мынадай қуат-
     тылық, өнiмдiлiк, өндiрiстiк алаң, ұзақтық, сыйымдылық, көлем,
     өткiзу мүмкiндiгi, кiре мүмкiндiгi, жұмыс орындары саны және
     с.с. негiзгi көрсеткiштерi бар [мақсатты өнiмдерге немесе
     негiзгi қызмет көрсету түрлерiне сәйкес барлық объектi (тұрғын
     үйлердi қоспағанда) бойынша өлшем бiрлiктерiмен толтырылады]:
     ______________________________________________________________
     Қуатты-   ! Өлшем !   Жоба бойынша    !    Іс жүзінде
     лық,      !бірлігі!___________________!_______________________
     өнiмдiлiк !       !жалпы    !оның     !жалпы (бұрын  !оның
     және      !       !(бұрын   !ішінде   !қабылданған.  !ішінде
     т.б.      !       !қабылдан.!іске қосу!дарды ескере  !іске қо.
               !       !ғандарды !кешені   !отырып)       !ce кеше.
               !       !ескере   !немесе   !              !ні неме.
               !       !отырып)  !кезектегі!              !се ке.
               !       !         !         !              !зектегі
     __________!_______!_________!_________!______________!________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________

     Алғашқы кезеңде жобалық қуатты игеру нормаларына сәйкес жобада
     көзделген көлемде өнiм шығару (қызмет көрсету)

     ______________________________________________________________
       (көлемiн көрсете отырып, өнiмдердi шығарудың нақты басталуы)

     Пайдалануға қабылдауға ұсынылған тұрғын үйдiң мынадай көрсет-
     кiштерi бар:
     ______________________________________________________________
     Көрсеткiштер                  !Өлшем     !Жоба     !Іс жүзінде
                                   !бiрлiгi   !бойынша  !
     ______________________________!__________!_________!__________
     Жалпы алаңы                   !   м2     !         !
     ______________________________________________________________
     Қабаттар саны                 !   қабат  !         !
     ______________________________________________________________
     Құрылыстың жалпы көлемi       !     м3     !            !
     Оның iшiнде жер асты бөлiгi   !     м3     !            !
     Жапсарлас салынған,           !     м2     !            !
     жапсарлас-жанаса салынған     !            !            !
     және жанаса салынған үй-жайлар!            !            !
     ______________________________________________________________

     ______________________________________________________________
     Көрсеткiштер   !  Жоба бойынша        !  №Іс жүзінде
                    !______________________!_______________________
                    !пәтер  ! Пәтер алаңы, ! Пәтер   !Пәтер алаңы,
                    !саны   !     м2       ! саны    !     м2
                    !       !______________!         !_____________
                    !       !жалпы !тұрғын !         !жалпы !тұрғын
     _______________!_______!______!_______!_________!______!______
     Барлық пәтер
     Оның ішiнде:
     ______________________________________________________________
     бiр бөлмелi
     ______________________________________________________________
     екi бөлмелi
     ______________________________________________________________
     үш бөлмелi
     ______________________________________________________________
     төрт бөлмелi
     ______________________________________________________________

          11. Объект бойынша технологиялық және сәулет-құрылыстық
     шешiм мынадай деректермен сипатталады:
     ______________________________________________________________
     (оны орналастыру ерекшелiктерi бойынша, жоспарлау, қабаттылығы,
      негiзгi материалдар мен құрастырмалар, инженерлiк және техни-
      калық жабдықтар бойынша қысқаша техникалық сипаттамалар)

          12. Объектiде жобада көзделген, жеке сынағаннан және ке-
     шендi байқап көргеннен кейiн оны қабылдау туралы актiлер (көр-
     сетiлген актiлердiң тiзбесi осы актiнiң ... қосымшасында бе-
     рiлген) сәйкес мөлшерде жабдық орнатылған.
          13. Жобада көзделген еңбектi қорғау, жарылыс қауiпсiздi-
     гiн, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны
     қорғау және сейсмикаға қарсы iс-шаралар жөнiндегi iс-шаралар
     ______________________________________________________________
                    (орындалуы туралы мәлiметтер)
          14. Суық және ыстық сумен жабдықтаудың, кәрiздiң, жылумен
     жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, энергиямен жабдықтаудың жә-
     не байланыстың тыстағы сыртқы коммуникациялары объектiнi қа-
     лыпты пайдалануды қамтамасыз етедi және қалалық пайдаланушы
     ұйымдар қабылдаған. Қалалық пайдаланушы ұйымдардың анықтамалық
     тiзбесi актiнiң ... қосымшасында берiлген.
          15. Жұмыс комиссиясы анықтаған шалағайлықтар мен ақаулар
     жойылды.
          16. Көгалдандыру, ғимараттарға, жаяужолдарға, шаруашылық,
     ойын және спорт алаңдарына кiрме жолдардың бетiн жабу жөнiн-
     дегi жұмыстар, сондай-ақ ғимараттардың қасбетiн әрлеу элемент-
     терi орындалуы тиiс:
     ______________________________________________________________
        Жұмыстың   ! Өлшем бірлігі !   Жұмыстың  ! Орындалу мерзімі
         түрлері   !               !    көлемі   !
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________

          17. Бекiтiлген жобалау-смета құжаттамасы бойынша сметалық
     құн:
     барлығы _____ мың теңге, оның iшiнде: құрылыс-монтаж жұмыстары
     _________ мың теңге, жабдықтар, аспаптар, мұқаммал_______ мың
     теңге.
          18. Пайдалануға қабылданатын негiзгi қорлардың сметалық
     құны:
     ______ мың теңге, оның ішiнде: құрылыс-монтаж жұмыстары ______
     ______ мың теңге, жабдықтар, аспаптар, мұқаммал____ мың теңге.

          19. Объектiнi тексеру және тиiстi құжаттамалармен танысу
     негiзiнде:
     технологиялық ________________________________________________
                        (тұрғын үйлер бойынша толтырылмайды)
     сәулет-құрылыстық (көлем-жоспарлық және материалдар мен құрас-
     тырмаларды қолдану жөнiндегiнi қоса алғанда) шешiмнiң озықты-
     ғына баға берiлдi.

                Мемлекеттiк қабылдау комиссиясының шешiмi

     Қабылдауға ұсынылған _________________________________________
                                     (объектiнiң атауы)

     ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАНСЫН.

     Мемлекеттiк қабылдау
     комиссиясының төрағасы     ___________________________________
                                              (қолы)

     Мемлекеттiк қабылдау
     комиссиясы төрағасының     ___________________________________
     орынбасары                                (қолы)

     Мемлекеттiк қабылдау
     комиссиясының мүшелерi:    ___________________________________
                                               (қолдары)

     Ескерту: Актiге қол қойылған күн пайдалануға берiлген күн деп
     есептеледi.