Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 558 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 қыркүйек N 1166

Қолданыстағы
      Ауыл шаруашылығы техникасының отандық тауар өндiрушiлерiн қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Мемлекеттiк кiрiс министрлігі белгілеген тәртiппен төленетiн "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Z952235_ Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикiзаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердiң, дәрi-дәрмектердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 14 сәуiрдегi N 558 P970558_ қаулысына (Қазақстан Республикасы ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 16, 131-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген тәртiппен төленетiн "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының

Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде 
пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған 
жабдықтардың, шикiзаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердiң, 
дәрi-дәрмектердiң тiзбесiнде:
     мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 24-1, 24-2, 24-3, 24-4, 25-1, 
25-2, 25-3, 27, 28, 29, 29-1, 49-1, 51-1, 51-2, 57-1, 66, 66-1, 73-1, 
жолдармен толықтырылсын:
"24-1  Кремнийлi құм және кварц құмы                     250510000
24-2   Бетониттi саз                                     250810000
24-3   Периклаз ұнтағы*                                  251990300-ден
24-4   Хромиттіпериклаз қоспасы ХПҚ*                     2519909900-ден
25-1   Құю коксы*                                        270400900-ден
25-2   Металдарды өңдеуге арналған құралдар             
       (нысандарға жағатын майлар, коррозияға қарсы
       майлар)                                           271000940
25-3   Кремний*                                          280469000-ден
27     Натрий нитридi                                    283410000
28     Натрий силикаты*                                  283919000-ден
29     КNО-3 калий селитрасы                             283920000
29-1   Гексохлоритан*                                    290319900-ден
49-1   Калий хлоридi                                     310420500
51-1   Өзге бояулар мен сырлар*                          320820900-ден
51-2   Сыр-бояу өнiмдерi                                 320820990
57-1   Күюге қарсы паста*                                380130000-ден
66     Құю нысандары немесе стержень өндiрiсiнде
       пайдаланылатын, дайын, тұтқыр заттар              382410000
66-1   Төмен және жоғары қысымды полиэтилен*             390110900-ден
73-1   Резинатехникалық бұйымдар (нысанды емес)*         400829900";
     реттiк нөмiрi 75-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"75-12 Абсоцементтi түтiктер*                            681130000-нан";
     мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 75-1, 75-2, 75-3, 75-4, 75-5,
75-6, 75-7, 75-8, 75-9 75-10, 75-11-жолдармен толықтырылсын:
"75-1  Резинатехникалық бұйымдар                         401691000
75-2   Резинатехникалық бұйымдар, резиналық бекiтiлген
       манжеттер                                         401693100
75-3   Кожух, амортизаторлар, ұштамалар, көпшiктер*      401699580-нен
75-4   8701-8705 тауарлы позициялы моторлы көлiк
       құралдарына арналған қатты резинадан басқа,
       ауамен сығымдалған резинадан жасалған
       бұйымдар*                                         401699880-нен
75-5   Бандаж*                                           401700990-нан
75-6   Желiмделген фанера*                               441213900-ден
75-7   Проксинт-жасанды талшықтарынан жасалған
       ине өтетiн талшық*                                560210190-нан
75-8   Қаптамалы винилистерi*                            590310100-ден
75-9   Сынарлас винилистерi*                             590320900-ден
75-10  Мақта-матадан жасалған брезент*                   630611000-нан
75-11  Ысқылауға, ұштауға, жылтыратуға, қиыстыра
       келтiруге немесе кесуге арналған әдiптеусiз
       ысқылау шеңберi мен соған ұқсас бұйымдар,
       қайрайтын тастар, қайрақтар, қолмен ұштауға
       арналған тастар және олардың табиғи тастардан
       жасалған табиғи агломерленген немесе жасанды
       қосындылардан немесе керамикадан жасалған, басқа
       да материалдардан жасалған детальдардың
       жиынтығындағы немесе бұл детальдарсыз бөлiктерi 6804";
       мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 92-1, 92-2, 92-3, 92-4, 93-1,
93-2, 93-3, 93-4, 93-5, 93-6, 93-7, 93-8, 93-9, 93-10, 93-11, 93-12, 
93-13, 93-14, 93-15, 93-16, 93-17, 93-18, 93-19, 93-20, 93-21, 93-22,  
93-23, 93-24, 93-25, 93-26, 93-27, 93-28, 93-29, 93-30, 93-31, 93-32,  
93-33, 93-34, 93-35, 93-36, 94-1, 94-2, 94-3, 94-4-жолдармен 
толықтырылсын:
"92-1  П-89, 90, 91-1-2 магнийлi тотықты кiрпiш, ПХСС-1
       периклазды кiрпiшi*                               690210000-нан
92-2   Динас, электр-династы кiрпiш*                     690220100-ден
92-3   Саз кірпіш*                                       690220910-нан
92-4   Өзге де отқа төзiмдi керамикалық бұйымдар:
       реторталар, тигельдер, муфельдер, ендiрмелер,
       тығындар*                                         690390100-ден
93-1   1-сыныпты, санатты, Л3 құйма шойыны*              720110110-нан
93-2   Л-6 маркалы, Б сыныпты, 2-санатты,
       МЕМСТ 4832-80 құйма шойыны                        720110190
93-3   ПЛ 1 маркалы, А сыныпты, 1-санатты,
       МЕМСТ 805-80 қайта жасалған шойын                 720110300
93-4   Қайта жасалған фосфорлы шойын                     720120000
93-5   1-санатты, 1-сыныпты қайта жасалған шойын         720150100
93-6   Хромникельдi шойын*                               720150900-ден
93-7   МЕМСТ 4755-91 ферромарганецi, ФМН 70
       орташа көмiр тектi, ФМН 78 жоғары көмiр тектi*    720211800-ден 
93-8   ФС 45, МЕМСТ 1415-93 ферросилиций*                720229000-нан  
93-9   ФСМн ферросиликомарганеці                         720230000
93-10  Ферроникель                                       720260000
93-11  Феррованадий                                      720292000
93-12  Ферромагний 611*                                  720299800-ден
93-13  Ыстықтай басылған құрастыру қаңылтыры,
       бедерленген*                                      720840900-ден
93-14  Қалыңдығы 20 мм-ден аса ыстықтай басылған
       құрастыру қаңылтыры*                              720851300-ден
93-15  Қалыңдығы 16, 18, 20 мм ыстықтай басылған     
       құрастыру қаңылтыры*                              720851500-ден
93-16  Қалыңдығы 12, 14 мм ыстықтай басылған
       құрастыру қаңылтыры*                              720851990-нан
93-17  Қалыңдығы 5, 6, 7, 8, 10 мм ыстықтай басылған
       құрастыру қаңылтыры*                              720852990-нан
93-18  Қалыңдығы 3, 3,9-4 мм ыстықтай басылған
       құрастыру қаңылтыры*                              720853900-ден
93-19  Қалыңдығы 2, 2,5 мм ыстықтай басылған
       құрастыру қаңылтыры*                              720854100-ден
93-20  Қалыңдығы 3 мм, суарылған құрастыру
       қаңылтыры*                                        720925000-нан
93-21  Қалыңдығы 1,4, 1,5, 2, 2,5, 3 мм суарылған
       құрастыру қаңылтыры*                              720926900-ден
93-22  Қалыңдығы 0,5, 0,8, 1 мм суықтай басылған
       құрастыру қаңылтыры*                              720927900-ден
93-23  Қалыңдығы 5 мм және одан да көп қабаттама*        721114900-ден
93-24  Қалыңдығы 4 мм қабаттама*                         721119900-ден
93-25  СТ-10, СТ-15, СТ-20 шеңберлi қиылған диаметрi
       80 мм-ден 250 мм-ге дейiн көмiртектi болаттан
       жасалған ыстықтай апталған темiр шыбықтар*        721499310-нан
93-26  Шеңбер диаметрi 80 мм-ден 6 мм-ге дейiн көмiр
       тектi болаттан жасалған ыстықтай апталған темiр
       шыбықтар*                                         721499390-нан
93-27  0,25% дейiн көмiртегiден тұратын көмiр текті
       болаттан жасалған ыстықтай апталған алты қыр      721499500-ден
93-28  СТ-30, 35, 40, 45, 50 шеңберлi қиылған диаметрi
       80 мм-ден
       250 мм-ге дейiнгi көмiр тектi болаттан жасалған
       ыстықтай апталған темiр шыбықтар*                 721499610-нан
93-29  СТ-20, 30, 35, 40, 45, 50 шеңберлi диаметрi 
       80 мм-ден 600 мм-ге дейiнгi көмiр тектi болаттан
       жасалған ыстықтай апталған темiр шыбықтар*        721499690-нан
93-30  0,25% дейiн және одан да көп көмiртегiден
       тұратын ыстықтай апталған көмiр тектi болаттан
       жасалған алты қыр                                 721499800-ден
93-31  Көмiртектi автоматты болаттан жасалған
       ыстықтай апталған темiр шыбықтар*                 721510000-нан
93-32  СТ-20 тiк бұрышты кесiлген суықтай тартылған
       сорты болат шыбықтар                              721550110
93-33  СТ-20 шеберлi қиылған суықтай тартылған
       болат шыбықтар*                                   721550190-нан
93-34  Шеңберлi қиылған СТ-30, -35, -40, -45 сортты 
       суықтай тартылған темiр шыбықтар*                 721550300-ден
93-35  3ПС 63/63/6 маркалы бұрыштама болат*              721650100-ден
93-36  Диаметрi 6 мм болат сым*                          721710390-нан 
94-1   Тез кесетiн болаттан жасалған ыстықтай басылған
       темiр шыбықтар*                                   722810100-ден
94-2   Аспаптық болаттан жасалған ыстықтай
       басылған темiр шыбықтар*                          722830200-ден
94-3   Диаметрi 80 мм-ден астам легирленген болаттан
       жасалған ыстықтай басылған шыбықтар*              722830610-нан
94-4   СВ08Г2С диаметрi 1,2, 1,6 мм. дәнекерлiк сым*     722920000-нан
       реттiк нөмiрi 96-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"96-19 Телекоммуникациялар желiлерiне арналған әуе
       сымдары                                           7614-тең";
       мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 96-2, 96-3, 96-4, 96-5, 96-6, 
96-7, 96-8, 96-9, 96-10, 96-11, 96-12, 96-13, 96-14, 96-15, 96-16, 96-17,
96-18-жолдармен толықтырылсын:
"96-2  Шх15 шарикподшипниктi суықтай тартылған,
       суықтай тартылған түтiктер*                       730431990-нан
96-3   Ыстықтай басылған жiксiз болат түтiктер*          730439910-нан
96-4   Мөлшерi 40/25/1,5 40/40/2 электрмен
       дәнекерленетiн қабырғасы жұқа тiк бұрышты
       қиылған түтiктер                                  730660310-нан
96-5   40/40/2,5 мөлшерлi электрмен дәнекерленетiн
       қабырғасы жұқа тiк бұрышты қиылған түтiктер       730660390-нан
96-6   Зәкiр шынжыры*                                    731582-ден
96-7   Ыстықтай иiлген серiппелер, рессоралар            732020200
96-8   Суықтай иiлген ширатылған созуға арналған
       серiппелер*                                       732020850-ден
96-9   Серiппе қалбырлары*                               732090900-ден
96-10  Ыстық табаншалар*                                 732690930-дан
96-11  Қатырма, бұрыштамалар, коллектор, айырғыштар,
       тұтқалар, кронштейн қақпағы, iлмек, тiзе, алдыңғы
       тiрек, шарнирлер, шестернялар, чекалар*           732690970-ден
96-12  Қалыңдығы 10-12 мм М1 мыс қаңылтыр*               740919000-нан
96-13  Мыс түтiкшелер                                    741110110
96-14  М1 60/10 мыс түтік*                               741110110-нан
96-15  Тазартылмаған никель                              750210000
96-16  Диаметрi 5-9 мм Х20Н80, Х15Н60 никромы*           750522000-нан
96-17  Бастапқы алюминий қорытпалары                     760120100
96-18  Қайталама алюминий қорытпалары                    760120910";
       мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 99, 100, 117-1, 129-1, 194-1,
194-2, 201-1-жолдармен толықтырылсын:
"99    Жұмыс iстейтiн бөлiгi табиғи және синтетикалық
       алмастан жасалған жұмыс бөлiгiмен ауыспалы
       құрал, өзгелерi                                   820790100
100    Титан-кобальт және вольфрам-кобальт кесу
       құралдары үшiн қатты қорытпалы пластиналар*       820900800-ден 
117-1  ЦТК-275/9 көп сатылы турбокомпрессордың
       бөлiктерi*                                        841490900-ден
129-1  Жасанды тоқыма материалдарынан жасалған
       сүзгiлер мен сүзгілiк элементтер*                 842131900-ден,
                                                         842199000-нан
194-1  Гидробөлгiштер*                                   848120100-ден
194-2  Темiр жол көлiгiнiң жылжымалы және жүк тарту
       құрамында пайдаланылатындарынан басқа,
       шариктi подшипниктер, өзгелерi*                   848210900-ден
201-1  Кардан бiлiктер                                   848310410-нан";
       реттік нөмiрлерi 212-1, 212-2, 212-3-жолдар мынадай редакцияда
жазылсын:
"212-4 Шансорғыштарға арналған бөлшектер                 850990100-ден
212-5  Қорғасынды аккумуляторлар: күштi, сұйық
       электролитпен жұмыс
       iстейтiн, басқалары; тұрақты                      850990100,
                                                         850720390,
                                                         850720890-нан
212-6  Кадмий-никельдi аккумуляторлар: герметикалық;
       күшті; басқалары                                  850730910,
                                                         850730930,
                                                         850730980,";
       мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 212-1, 212-2, 212-3-жолдармен 
толықтырылсын:
"212-1 Қуаты 1600 кВА электрлi трансформаторлар*         850422100-ден
212-2  Кернеу өзгерткiштерi*                             850440990-нан
212-3  Аккумулятор батареялары*                          850710810-нан";
       реттiк нөмiрлерi 219-3, 219-4-жолдар мынадай редакцияда
жазылсын:
"219-4 Коммутацияға электрлi немесе электр
       шынжырларын қорғауға арналған немесе электр
       шынжырларына немесе электр шынжырларында
       қосуға арналған электрлi аппаратура; басқа
       құрылғылар                                        853690
219-5  Электр тогын басқару немесе бөлуге арналған 8535
       немесе 8536 тауар позициясының екi немесе одан
       көп құрылғылармен жабдықталған, оның ішiнде
       кернеуі 1000 В аспайтын кернеуi 8517 тауарлы
       позициясының коммутациялық құрылғыларынан
       басқа, 90 тобының аспаптарын немесе
       құрылғыларын аспаптарын және басқарудың
       сандық аппараттарын қамтитын пульттер, панелдер,
       консольдар, үстелдер, электр аппаратурасына
       арналған бөлу калкандары мен негiздемелер,
       басқалар                                          853710";
       мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 219-3-жолмен
толықтырылсын:
"219-3 Ажыратқыштар, қосқыштар, клавиштi
       қосқыштардың блоктары, түйiстiргiштер*            853650900-ден";
       реттiк нөмiрлерi 220-1, 220-2, 220-3, 220-4, 220-5-жолдар мынадай
редакцияда жазылсын:
"220-2 Микропроцессорлық пластикалық карточкалар         854212000-нан
220-3  Теледидар хабарларын тарату түтiкшелерi;
       электрондық-оптикалық өзгерткiштер және
       бейненiң анықтығын күшейткiштерi, басқа да
       фотокадты түтiкшелер
220-4  Термокатоды бар электронды лампалар мен
       түтiкшелер, суық катодпен немесе фотокатодпен
       (мысалы, вакуумды немесе бу немесе газ
       толтырылған лампалар мен түтiктер, сынаптық
       түзеткiштерге арналған лампалар мен түтiктер және
       электронды сәулелендiру түтiктерi, теледидар
       хабарын тарату түтiктерi)                         8540 
220-5  Диодтар, транзисторлар мен осындай жартылай
       өткiзгiш аспаптар; фотосезiмтал жартылай өткiзгiш
       аспаптар, жиналған немесе жиналмаған модульде,
       фотогальваникалық элементтер, монтаждалған
       немесе монтаждалмаған панелдерде; сәулелендіргіш
       диодтар; жинақтамадағы пьезоэлектрикалық
       криссталдар                                       8541
220-6  Электрондық интегралды және микрожинақтау
       жүйелерi                                          8542";
       мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 220-1-жолмен
толықтырылсын:
"220-1 Жарық беру аппаратурасы                           853929920";
       мынадай мазмұндағы реттік нөмiрлерi 222-2, 223-1, 224-1, 231, 232,
233, 234, 263-1-жолдармен толықтырылсын:
"222-2 Автосымдар*                                       854441900-ден
223-1  Кабель өткiзгiш өнiм                              854459800
224-1  Графиттелген электродтар*                         854511009-дан
231    Трактор кабинасын жылытқыштар, амортизаторлар     870829900-ден
232    Тракторға арналған трансмиссиялар*                870850900-ден
233    Каток бiлiгi, дөңгелек бiлiгi, қолтық бiлiгi,     870820990-нан
       шынжыр табанның буын саусағы*
234    Тракторға арналған радиаторлар*                   870891900-ден
263-1  Отырғыш көпшiгi, таяныш*                          940120000-нан".

     2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
          
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
   
 Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.