1. "Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті" жабық акционерлік қоғамында оқу орнының қаражаты және штат саны шегінде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын.
3. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелердi және Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094 P941094_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 40, 439-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы ережеде:
17-тармақтың үшiншi абзацы:
"Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетiнiң," деген сөздерден кейiн "Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университетi," деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Запастағы офицерлер бағдарламасы
бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiнде: "Университеттер" бөлiмі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университеті, Алматы қаласы". 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.