Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған модельдiк келiсiм-шартты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 шілде N 1015

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ заң күшi бар Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзуге арналған модельдiк келiсiм-шарт (бұдан әрi - Модельдiк келiсiм-шарт) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Yкiметінің жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiм-шарттарды жасасу және орындау жөнiндегі құзыреттi органы келiсiм-шарттарды дайындау және жасасу кезiнде Модельдiк келiсiм-шарттың ережелерiн басшылыққа алсын. Бұрын берiлген лицензиялар негiзiнде келiсiм-шарттар жасасарда тиiстi лицензиялардың шарттары сақталсын.
      3. "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiнде

операциялар жүргiзуге арналған модельдiк контрактiнi бекiту туралы" 
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 108  

P970108_

 
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 3, 27-құжат) күшi 
жойылды деп танылсын. 
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                              Қазақстан Республикасы 
                                                   Үкіметінің
                                             2001 жылғы 31 шілдедегі
                                                N 1015 қаулысымен
                                                    бекітілген
     
                            Модельдік 
                           келісім-шарт
     
_________________________________________________________________________
                    мемлекеттік органның атауы,
     
                        (Құзыреттi орган)
                              және
_________________________________________________________________________  
 азаматтың аты-жөнi, заңды тұлғаның, мемлекеттiк және/немесе халықаралық   
                           ұйымның атауы

                            (Мердiгер)
                             арасында
_________________________________________________________________________
     Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операциялардың түрi көрсетілсін

жүргiзуге арналған ______________________________________________________
                   әкімшілік-аумақтық бiрлiктің атауы, кен орны, учаскесi  
                                     (блогы) көрсетілсiн
Қазақстан Республикасының _______________________________________________
                                Кен орнында, учаскесінде (блогында),
_________________________________________________________________________  
     Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрі көрсетілсін

арналған осы Келiсiм-шарт 200__ жылғы "__"_______________________________
                                             мемлекеттік органның атауы
(бұдан әрi - Құзыреттi орган) мен _______________________________________
                                 азаматтың аты-жөні, заңды тұлғаның атауы
(бұдан әрi - "Мердiгер") арасында _______________________________________
                           жер қойнауын пайдалану құқығын растайтын құжат
сәйкес жасалды.
     
                            Кіріспе
     
     1) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Жер қойнауы мен 
ондағы пайдалы қазбалар мемлекет меншiгi болып табылатындығын;
     2) Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларды, ұтымды әрi тиiмдi 
пайдалануға, оның ішiнде _____________________________________________
                                Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
__________________________________ жүзеге асыруға ниет бiлдiретiндiгiн;
  операцияның түрі көрсетілсін
     3) Мердiгердiң Келiсiм-шартқа сәйкес ______________________________
                                         Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
__________________________________ ұтымды әрi тиiмдi жүргiзуге ниетi және 
  операцияның түрі көрсетілсін   
қаржылық мүмкiндiгi бар екендiгiн;
     4) Қазақстан Республикасының Yкiметi Құзыреттi органға Келiсiм-шарт 
жасасуға және орындауға арналған құқық үлесiн бергендiгiн;
     5. Құзыреттi орган мен Мердiгер ___________________________________
                                       Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
___________________________________ жүргiзу кезiнде осы Келiсiм-шарт
   операцияның түрі көрсетілсін   
олардың өзара құқықтары мен мiндеттерiн реттейдi деп уағдаласқандықтарын 
назарға ала отырып,
     Құзыреттi орган мен Мердiгер төмендегiлер туралы келiстi:
     
                     1-бөлiм. Анықтамалар
     


      Осы бөлiмде түсiнiк берiлмеген анықтамалар мен терминдердің Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ Заң күшi бар Жарлығындағы (бұдан әрi - "Жер қойнауы туралы" Жарлық) және Пайдалы қазбалардың жекелеген түрлерi мен техногендiк минералдық құрылымдар туралы заңнамалық кесiмдердегi анықтамалар мен терминдер сәйкес келетiн мағынасы бар.
      1. Жағалаулық сызық - су қоймасының ең көп құйылысы (толтырылған су) нәтижесiнде пайда болған жағалаулық сызықты бiлдiредi. Жағалаулық сызықтың нақты орналасу жерiн белгiлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      2. Өтелетiн шығындар - Келiсiм-шарттың ережелерiне және Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес белгіленген _________________________________________
                                    Жер қойнауын пайдалану жөніндегі ___________________________________________ жүргізуге арналған Қазақстан
      операцияның түрі көрсетілсін Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұстап қалуға жататын шығындарды білдіреді. Z952235_
      3. Мемлекет (Республика) - Қазақстан Республикасын білдіреді.
      4. Келiсiм-шарттың қолданылу жылы - григориан күнтiзбесi бойынша тiзбектеле келетiн 12 айға тең кезеңдi бiлдiредi, Келiсiм-шарт мәтiнiнiң контекстiнде ол Келiсiм-шарттың күшiне енген күнiнен немесе осы енудiң кез келген жылынан басталады.
      5. Тау-кендiк бөлiсiм - Өндiруге арналған Келiсiм-шартқа, қосарланған Барлау мен Өндiруге арналған, Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес Құрылысқа және (немесе) жерасты құрылыстарын пайдалануға арналған Келiсiм-шартқа, Жер қойнауын пайдаланушының Барлау және (немесе) Өндiрумен не Сервитутты жүзеге асырумен байланысты емес Өндiрудi, Жерасты құрылыстарын жүргiзуге құқылы Жер қойнауының участогын сызбалық және сипаттамалық белгiлейтiн Сервитут ресiмделген жағдайда Келiсiм-шарттың ажыратылмас бөлiгi не дербес құжат болып табылатын коммерциялық мақсатта жалпы тараған пайдалы қазбаларды Өндiруге арналған Келiсiм-шартқа қосымшаны бiлдiредi.
      6. Мемлекеттiк орган - Мемлекет атынан белгiлi бiр функцияны жүзеге асыруға құзырет берiлген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органын бiлдiредi.
      7. Геологиялық бөлiсiм - Жер қойнауын пайдаланушы Барлау жүргiзуге құқылы Жер қойнауының учаскесiн сызбалық және сипаттамалық белгiлейтiн Келiсiм-шарттың ажыратылмас бөлiгi болып табылатын Барлауға, қосарланған Барлау мен Өндiруге арналған Келiсiм-шартқа қосымшаны бiлдiредi.
      8. Келiсiм-шарттың күшiне ену күнi - Келiсiм-шарттың 3.1-тармағында көрсетiлген күндi бiлдiреді.
      9. Өндiру - барлық технологиялық операцияларды және Минералдық шикiзаттарды уақытша сақтауды қоса алғанда, мемлекет меншiгiндегi Жер қойнауынан пайдалы қазбаларды, сондай-ақ Техногендiк минералдық түзiлiстердi жер бетiне шығарумен байланысты жұмыстардың барлық кешенiн (операцияларды) бiлдiредi.
      10. Кең тараған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз қажеттерi үшiн өндiру - жалпы кең тараған пайдалы қазбаларға не жер асты суларына қатысты кейін мәмiлелер жасау ниетiнсiз меншiкке не тұрақты немесе уақытша жер қойнауын пайдалану құқығына жататын жер учаскесiнде жүзеге асырылатын Өндiрудi бiлдiредi.
      11. Кеңiнен тараған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта Өндiру - өз қажеттерi үшiн кең тараған пайдалы қазбаларды Өндiруге жатпайтын кең тараған пайдалы қазбаларды кез келген өндiрудi бiлдiредi.
      12. Теңiздiң ластануы - теңiздiк ортаға материалдардың, заттардың, энергияның, шуылдың, дiрiлдердiң қосылуын, сондай-ақ адамдардың денсаулығына, теңiздiң тiрi ресурстары мен экологиялық жүйесiне зиян келтiретiн не келтiруге қабiлеттi не теңiзде не оның жағалауында заңды қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға кедергi туғызатын немесе зиян келтiруге қабiлеттi түрлi тұрпаттағы сәулеленулер мен

өрiстердiң пайда болуын бiлдiредi.
     13. Жер қойнауын пайдалану туралы заңнама - Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 
27 қаңтардағы N 2828  

U962828_

  заң күшi бар Жарлығын, оған өзгерiстер мен 
толықтыруларды және Пайдалы қазбалардың жекелеген түрлерi мен Техногендiк 
минералдық түзiлiстер туралы басқа да заңнамалық кесiмдердi бiлдiредi.
     14. Коммерциялық табылым - Келiсiм-шарттық аумақта Өндiру үшiн 
экономикалық жағынан жарамды бiр немесе бiрнеше Кен орнының табылуын 
бiлдiредi.
     15. Құзыреттi орган - Келiсiм-шарт жасасумен және оны орындаумен 
тiкелей байланысты құқықтар табысталған _________________________________
                                              атқарушы мемлекеттiк
__________________________________________ бiлдiредi.
       органның атауы көрсетілсін
     16. Келiсiм-шарт - Құзыреттi орган мен Мердiгер арасында
_________________________________________________________________________  
                   Кен орнында, Учаскесiнде (блоктарда)
_________________________________________________________________________  
      Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
жүргiзуге арналған осы Келiсiм-шартты, сондай-ақ осы Келiсiм-шартқа барлық 
қосымшаларын бiлдiредi.
     17. Келiсiм-шарттық аумақ - Жер қойнауын пайдаланушы Келiсiм-шартқа 
сәйкес келетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге 
құқылы Геологиялық не Тау-кендiк бөлiсiммен белгiленген аумақ.
     18. Кен орны - _________________________________ табиғи шоғырланудан
                    Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін
тұратын ______________________________  кен орнын бiлдiредi.
           (егер ол ашылған болса) 


      19. Минералдық шикiзат - құрамында Пайдалы қазбасы (Пайдалы қазбалары) бар Жер қойнауының жер үстiне шығарылған (тау жынысы, кендік шикізат және басқалар) бөлігі.
      20. Салық заңнамалары - "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Z952235_ Заңын, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды және Келісім-шарт жасасу сәтінде салықтар мен төлемдерді реттейтін басқа да нормативтік құқықтық кесімдерді білдіреді.
      21. Жер қойнауы - топырақ қабатынан, ол жоқ болған кезде жер бетiнен

және теңiздердiң, көлдердiң, өзендердiң басқа да су айдындарының түбiнен 
төмен орналасқан, ғылыми-техникалық дамуды ескере отырып, Жер қойнауын 
пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге болатын тереңдiкке дейiн 
созылған жер қыртысының бөлiгiн бiлдiредi.
     22. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар - _________________
                                                          Жер қойнауын
______________________________________________________ жүргiзуге арналған
   пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
Келiсiм-шартқа сәйкес Келiсiм-шарттық аумақта ___________________________
                                                Жер қойнауын пайдалану
_______________________________________ жатқызылған барлық жұмыстарды
жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
бiлдiредi.
     23. Мердiгер - Құзыреттi органмен Келiсiм-шарт жасасқан
_________________________________________________________________________
            жеке тұлғаның аты-жөні, заңды тұлғаның, оның ішінде
_________________________________________________________________________  
шетелдiк заңды тұлғаның, сондай-ақ шет мемлекеттiк халықаралық ұйымның     
атауы.
Жер қойнауын пайдаланушыны бiлдiредi.
     24. Үкiмет - Қазақстан Республикасының Yкiметiн бiлдiредi.


      25. Пайдалы қазбалар - материалдық өндiрiсте пайдалануға жарамды жер қойнауындағы қатты, сұйық немесе газ күйiндегi (оның ішiнде жерасты сулары мен емдiк балшықтар) минералдық заттарды бiлдiредi.
      26. Ілеспе пайдалы қазбалар - негiзгi Пайдалы қазбалармен бiрге өндiрiлетiн Пайдалы қазбаның құрамдас бөлiктерiн бiлдiредi.
      27. Кен орындарын әзiрлеудiң оң тәжiрибесi - Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде әдетте Мердiгердiң әлем елдерiнде Барлау және Өндiру кезiнде қолданатын ең оңтайлы, қауiпсiз, тиiмдi және қажеттi тәжiрибесiн бiлдiредi.
      28. Техногендiк минералдық түзiлiстер - тау-кен байыту, металлургиялық және өндiрiстiң басқа да түрлерiнiң құрамында Пайдалы қазбасы (Пайдалы қазбалары) бар өнеркәсiп қалдықтары (қоқыстар, үйiндiлер, қалдықтар және басқалар).
      29. Жұмыс бағдарламасы - Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеу, Барлау және Өндiру жөніндегi жоспарларды қоса алғанда, Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн дайындалған жоспарлардың барлық түрiн бiлдiредi.
      30. Барлау - Пайдалы қазбалардың Кен орындарын iздестiрумен және

оларды бағалаумен байланысты жұмыстарды (операцияны) бiлдiредi.
     31. Тараптар - олар жиынтықта айқындалған Құзыреттi орган мен 
Мердiгердi бiлдiредi.
     32. Қосалқы мердiгер - Мердiгердiң Келiсiм-шарт бойынша 
мiндеттемелерiнiң қандай да бiр бөлiгiн орындау туралы Мердiгермен шарт 
жасасқан заңды немесе жеке тұлғаны бiлдiредi.
     33. Yшiншi жақ - Келiсiм-шарт бойынша Тараптарды қоспағанда 
кез-келген заңды немесе жеке тұлғаны бiлдiредi.
     34. Бекiтiлген қорлар - Пайдалы қазбалардың мемлекеттiк сараптамамен 
бағаланған геологиялық және алынатын қорларын бiлдiредi.
     35. Жер қойнауының учаскесi (блок) - жер қойнауын пайдалануға беру 
үшiн тұйықталған шекарада бөлiнетiн Жер қойнауының геометрияланған бөлiгiн 
бiлдiредi.

                 2-бөлiм. Келісім-шарттың мақсаты



      2.1. Келiсiм-шарттың мақсаты Келiсiм-шарт күшiне енген күнi мемлекеттiң қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес Құзыреттi орган мен Мердiгер арасындағы шарттық өзара қарым-қатынастарды белгiлеу және заңдық ресiмдеу болып табылады.

               3-бөлiм. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі

      3.1. Келiсiм-шарт Құзыреттi органда (уәкiлеттендiрiлген мемлекеттiк орган) Келiсiм-шарттың тiркелгенi туралы сертификатты мiндеттi берумен оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзген сәттен бастап, егер күшiне енудiң өзге де неғұрлым кеш мерзiмдерi Келiсiм-шартта ескерiлмесе, күшiне енедi.
      3.2. Келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi _____________________________

                                            егер Тараптар Келісім-шартта
__________________________________________________ Келiсiм-шарт күшінің
       неғұрлым ерте мерзімді ескермесе
соңғы күні аяқталады.
     3.3. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі тараптардың келісуі бойынша 
Мемлекет заңнамасына сәйкес ұзартылуы мүмкін.
     3.4. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған кезде 
Келісім-шарттың ережелері Тараптардың жазбаша келісімімен өзгертілуі қажет.
     
                   4-бөлім. Келісім-шарттық аумақ
     
     4.1. Мердігер ____________________________________________________
                        Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның 
                                      түрі көрсетілсін
Келiсiм-шарттың ережелерiне сәйкес Келiсiм-шарттық аумақ шегiнде орындайды.
     4.2. Егер ________________________________________________________
             Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
жүргiзу кезiнде Кен орны шоғырының географиялық шекаралары Геологиялық 
немесе Тау-кен бөлiсiмiнде көрсетiлген Келiсiм-шарт аумағынан тысқары 
шығып жатса, онда оны кеңейту туралы мәселе Келiсiм-шарттың ережелерiн 
конкурс өткiзбей өзгерту жолымен шешiледi.
     4.3. ____________________________________________________________
                 (Барлауға немесе Барлау мен Өндiруге арналған
_____________________________________ Келiсiм-шарттық аумақты қайтару,
      Келісім-шарттар үшiн)
Коммерциялық ашу жасалған аумақты қоспағанда, мынадай график бойынша 
жүзеге асырылады:
Келiсiм-шарттың қолданылуының екiншi жылының соңына             %
Келiсiм-шарттың қолданылуының үшiншi жылының соңына             %
Келiсiм-шарттың қолданылуының төртiншi жылының соңына           %
Келiсiм-шарттың қолданылуының бесiншi жылының соңына            %
Келiсiм-шарттың қолданылуының алтыншы жылының соңына            %

         5-бөлiм. Мүлік пен ақпаратқа арналған жеке меншік құқығы

     5.1. ____________________________________________________________
         Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
_________________________________________________________________________  


                    Пайдалы қазбаның түрi көрсетілсін жүргiзу үшiн Мердiгердiң сатып алған барлық материалдық және материалдық емес активтер Мердiгердiң меншiгi болып табылады.
      5.2. Келiсiм-шарттың 5.1-тармағында көрсетiлген мүлiкке меншiк құқығы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес __________________________________
                                        Жер қойнауын пайдалану жөніндегі _______________________________________ қаржыландыруды қамтамасыз ету
      операцияның түрі көрсетілсін үшiн Үшiншi тұлғаның пайдасына берiлуi немесе басқа тәсiлмен ауыртпалануы мүмкін.
      5.3. Жер қойнауының геологиялық құрылымы, ондағы пайдалы қазбалар, Кен орындарының геологиялық өлшемдерi, қорлардың шамасы, әзiрлеу шарттары, сондай-ақ Жер қойнауының өзге де ерекшелiктерi туралы геологиялық есептерде, карталарда және өзге де материалдарда бар ақпарат, егер ол

бюджеттiк қаражат бөлу есебiнен алынса және егер ол Мердiгердiң өз 
қаражатының есебiнен алынса, Мердiгердiң меншiгiнде болады.
     5.4. Мемлекет меншiгiндегi Келiсiм-шарттық аймақ бойынша Жер қойнауы 
туралы ақпаратты Мердiгер Мемлекеттің заңнамасында белгiленген тәртiппен
_________________________________________________________________________  
          Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнінде уәкiлеттiлiк
___________________________ алады.
  берілген органның атауы
     5.5. Мердiгер ______________________________________________________
                              Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
_________________________________________ жүргiзу процесiнде алынған
       операцияның түрi көрсетiлсiн
Жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты мiндеттi түрде
белгіленген стандарт бойынша ____________________________________________
                              Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнінде 
__________________________________________ сақтау, жүйелеу және
    уәкілеттік берілген органның атауы
қорытындылау үшiн тегін табыс етедi.
     5.6. Мердiгердiң қаражаты есебiнен алынған және оларға 
Келiсiм-шарттың 5.5-тармағына сәйкес табыс етiлген Жер қойнауы туралы
геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де мақсаттарға 
пайдалану Мердiгер мен __________________________________________________
                           Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнінде 
______________________________________________ арасында жасалатын бөлек
    уәкілеттік берілген органның атауы
келiсiмнiң негiзiнде айқындалады.
     5.7. Келiсiм-шарт күшiн тоқтатқан кезде барлық геологиялық ақпарат 
Мемлекет меншiгiне көшедi. Мердiгер барлық құжаттар мен бастапқысын қоса 
алғанда өзге де геологиялық, материалдық ақпарат көздерін ________________
                                                           Жер қойнауын
__________________________________________________________________________
    пайдалану және қорғау жөнінде уәкілеттік білдірген органның атауы     
тегін беруге міндетті.
     
         6-бөлiм. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алу және 
                    иеліктен айыруға арналған құқығы
     


      6.1. Соғыс, табиғи зiлзала жағдайында немесе төтенше жағдайлар туралы заңнамада көзделген өзге де жағдайларда Үкiметтiң Мердiгерге тиесілi Пайдалы қазбалардың бiр бөлiгiн немесе барлығын иелiктен айыруға құқығы бар. Иелiктен айыру төтенше жағдайдың бүкiл мерзiмi ішiнде Мемлекеттiң

мұқтажы үшiн қажет көлемде жүзеге асырыла алады.
     6.2. Мемлекет иелiктен айырған Пайдалы қазбалар үшiн заттай немесе 
ақшалай түрде олардың құнын сол күнгі әлемдiк нарықтың бағалары бойынша 
орнын толтыруға кепiлдiк бередi (шетелдiк Мердiгерге ақшалай өтем еркiн 
айналымдағы валютамен ұлттық Мердiгерге Мемлекеттiң ұлттық валютасымен 
төленедi).
     6.3. Мемлекеттiң Мердiгерден ____________________________________
                                   Пайдалы қазбаның түрi көрсетiлсiн 
әлемдiк рыноктың бағаларынан аспайтын баға бойынша ____________________
                                                   сатып алынатындарының 
_______________________________________________________________________
                       шекті көлемi белгіленсін
_______________________________________________________________________
 Пайдалы қазбаның түрi, олардың бағасын белгiлеу тәртiбi мен төлем түрi 
_____________________ алдыңғы кезекте сатып алуға құқығы бар.
     көрсетілсін

            7-бөлiм.  Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері

     7.1. Мердiгердiң:
     7.1.1. Келісiм-шарттық аумақта ___________________________________
                                      Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі
________________________________________ ерекше негiзде жүргiзуге;
    операцияның түрi көрсетілсiн


      7.1.2. Келiсiм-шартта белгіленген шарттарға сәйкес өзiне берiлген Келiсiм-шарттық аумақ шектерiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi кез келген заңды iс-қимылдарды дербес жасауға;
      7.1.3. Таңдауы бойынша өз қызметінiң нәтижелерiн, оның iшiнде ___________________________________ пайдалануға; Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін
      7.1.4. Келiсiм-шарттық аумақта, қажет болған жағдайда белгiленген тәртіппен Мердігерге бөлінген өзге де жер учаскелерінде _______________
                                                          Жер қойнауын _______________________________________________________ жүзеге асыру
     пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін үшiн қажет өндiрiстiк және әлеуметтiк сала объектiлерiн салуға;
      7.1.5. Иелерiмен уағдаластық бойынша Келiсiм-шарттық аумақта да, одан тыс жерлерде де жалпы пайдаланудағы объектiлер мен коммуникацияларды пайдалануға;
      7.1.6. Келiсiм-шарттың 3.3-тармағына сәйкес Келiсiм-шарт күшiнiң мерзімiн ұзарту туралы келiссөздердi бiрiншi кезектегi тәртiппен жүзеге асыруға;
      7.1.7. ____________________________________________________________
             Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияның түрi көрсетілсін жүргiзуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерiн орындау үшiн Қосалқы мердiгерлердi тартуға;
      7.1.8. Келiсiм-шартпен және Мемлекет заңнамасымен белгiленген

шарттарды сақтай отырып, өзiнiң барлық құқығын немесе оның бiр бөлiгін
үшiншi тұлғаларға беруге;
     7.1.9. Келiсiм-шартпен және Мемлекет заңнамасымен белгiленген
шарттарда өз қызметiн тоқтатуға;
     7.1.10. Келiсiм-шарт тоқтатылған жағдайда егер келiсiм-шартта өзгеше 
белгiленбесе, Мердiгердiң өз меншiгiндегi мүлiкке дербес билiк жасауға 
құқығы бар.
     7.1.11. Мердiгердiң құқығы, егер ол Мемлекет заңнамасына қайшы 
келмесе, Тараптардың келiсiмi бойынша толықтырылуы мүмкiн.
     7.2. Мердiгер:
     7.2.1. Тараптардың келiскен Жұмыс бағдарламасын орындауға __________
____________________________________________________________  кiрiсуге;
                  мерзімi белгiленсін       
     7.2.2. ____________________________________________________________
            Жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияның түрi көрсетілсін
жүргiзу кезiнде әлемдiк тәжiрибеде қабылданған стандарттарға негiзделген
неғұрлым тиiмдi әдiстер мен технологияларды таңдауға;
     7.2.3. Келiсiм-шарттық аумақты Келiсiм-шартта көзделген мақсаттарға 
ғана пайдалануға:
     7.2.4. ____________________________________________________________
            Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
     Мемлекет заңнамасы мен Жұмыс бағдарламасына қатаң сәйкестікте 
жүргізуге;
     7.2.5. Басқа тұлғаларға Келісім-шарттық аумақ шектерінде еркін 
жүрiп-тұруға, ортақ пайдаланудағы объектілер мен коммуникацияларды 
пайдалануға немесе жұмыстың кез келген түрiн, оның ішінде ______________
_______________________________________________ басқа табиғи ресурстарды
     Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін
Барлау мен Өндiруге, егер бұл қауiпсiздiктiң ерекше шарттарымен байланысты 
болмаса және мұндай қызмет ________________________________________
                                  Жер қойнауын пайдалану
_______________________________________________ жүргiзуге кедергi          
    жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін   
келтiрмесе, бөгет жасамауға;
     7.2.6. ____________________________________________________________


            Жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияның түрi көрсетілсiн жүргізу жөнiндегі қызметшiлер құрамы мен тұрғындардың қауiпсiздiгін қамтамасыз ететiн белгiленген тәртiппен келiсiлген технологиялық сызбалар мен жобаларды сақтауға;
      7.2.7. Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілеген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында конкурс өткiзумен олардың стандарттарға және басқа да талаптарға сәйкестігі кезiнде Мемлекетте өндiрiлген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнiмдердi мiндеттi түрде қолдануға;
      7.2.8. ____________________________________________________________
            Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияның түрi көрсетiлсiн жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілеген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында конкурс өткiзумен, әуе, темiр жол, су және көлiктiң басқа да түрлерiн пайдалануды қоса алғанда, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi орындау үшiн қазақстандық кәсiпорындарды және ұйымдарды мiндетті түрде тартуға;
      7.2.9. Қызмет көрсетудiң қандай да бiр түрi Қазақстан Республикасында

болмаған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты бойынша шетелдiк 
ұйымдардың қызмет көрсетулерiн пайдалануға;
     7.2.10. ____________________________________________________________
            Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияның түрi көрсетiлсiн
жүргiзу кезiнде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге және жұмыс
орындарын құруға;
     7.2.11. Құзыреттi органға Жұмыстың бағдарламасын, сондай-ақ оны iске 
асыру процесi туралы толық мәлiметтер беруге;
     7.2.12. Келiсiм-шарт бойынша жұмысқа тартылған қазақстандық 
қызметкерлердiң кәсiптiк дайындығын ____________________________________
                                      инвестициялардың жалпы көлемінің 
____________________ қаржыландыруға міндетті.
    кемінде - %-ы


      Бұл ретте қазақстандық кадрларды оқытуға арналған мiндеттеме бойынша қаражат сомасы тартылған қызметшiлердi оқытудағы нақты қажетінен артылған жағдайда, Мердiгер қаражаттың қалған сомасын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің өзара іс-қимылы туралы келiсiмге сәйкес орта бiлiм беру жүйесiнiң басымдықты мiндеттерiн қаржыландыруға пайдаланады. Оқытуға арналған қаражаттың қалған бөлiгi туралы ақпарат жылдық Жұмыс бағдарламасы мен кезектi жылдың бюджетi бекiтiлген соң құзыреттi органға берiледi;
      7.2.13. Қызметтiк функцияларын орындау кезiнде мемлекеттiк бақылау органдарына қажеттi құжаттарды, ақпараттарды кедергiсiз беруге және жұмыс орындарына бөгетсiз өтуге және олар анықтаған тәртiп бұзушылықты уақытында түзетуге мiндеттi.
      7.2.14. ____________________________________________________________
                  Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн Мазмұны туралы ақпаратты, егер мұндай қажеттiлiк туындаса ғана, _________ ____________________________________________________________ тек екiншi
           егер Келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе Тараптың жазбаша келісімiмен үшiншi Тарапқа беруге.
      7.2.15. Салықтар мен бюджетке, басқа да мiндеттi төлемдердi, сондай-ақ жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшiн айыппұлдарды уақытында төлеуге.
      7.2.16. Өз қызметi процесiнде Келiсiм-шарттық аумақта орналасқан мәдени-тарихи маңызы бар объектiлердi сақтауға.
      7.2.17. Келiсiм-шартты орындау жөнiндегi өз қызметiнiң ұзақ мерзiмдi экологиялық салдарын болжауға және бұл болжамдарды Құзыреттi орган мен қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдарға Келiсiм-шарт күшiнiң мерзiмi аяқталуына дейiн кемiнде ________ жылдан кешiктiрмей беруге.
      7.2.18. Келiсiм-шарттық аумақты кен және санитарлық қадағалау, жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы ережелердiң талаптарына сәйкес күйде қалдыруға.
      7.2.19. Жай-күйi Мердiгердiң Келiсiм-шарт жөнiндегi қызметi кесiрiнен бұзылған жер учаскелерi мен басқа да табиғат объектiлерiн Мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес одан әрі пайдалануға болатындай жағдайға дейін қалпына келтіруге міндетті.
      7.3. Құзыреттi органның мiндеттерi:
      7.3.1. Келiсiм-шарт шарттарының орындалуы мен бұзылуын Мемлекет

заңнамасында көзделген тәртiппен және негiздерде қамтамасыз ету;
     7.3.2. Жердi пайдалану құқығында Мердiгерге Келiсiм-шартқа сәйкес жер 
учаскесiнiң берiлуiн қамтамасыз ету.
     7.4. Құзыреттi органның құқықтары:
     7.4.1. Келiсiм-шарт шарттары бойынша Мердiгермен келiссөздерде 
Мемлекеттi таныту;
     7.4.2. Мердiгерден Келiсiм-шарт талаптарының орындалуының есебiн 
берудi үнемi талап ету. Келiсiм-шарт шарттарына қатысты өзге де ақпаратты 
сұрату.
     7.4.3. Мердiгердiң, оның iшiнде ____________________________________
                                        Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі
________________________________________ Келiсiм-шарттың шарттарын
      операцияның түрi көрсетiлсiн
орындау жөнiндегi қызметiне қатысты құжаттаманы жүргiзуiн тексеру.
     7.4.4. Келiсiм-шарт аумағында _____________________________________
                                      Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі
________________________________________ жататын кез-келген жұмысқа қол
     операцияның түрі көрсетілсін
жеткiзу.

                     8-бөлiм. Жұмыс бағдарламасы
     
     8.1. Мердiгер _____________________________________________________


               Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияның түрi көрсетілсін Құзыреттi органмен келiсiлген Жұмыс бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады;
      8.2. Жұмыс бағдарламасы Кен орындарын әзiрлеудiң оң тәжiрибесi ескерiле отырып, техникалық-экономикалық есептер мен негiздемелердiң, Кен орны қорларының (егер ол ашылған және қорды тиiстi мемлекеттiк орган бекiткен болса) сараптамалық бағалануы не болмаса Жер қойнауы учаскелерi (блоктары) және басқа да материалдар негiзiнде әзiрленедi.
      8.3. Мердiгер келiсiлген Жұмыс бағдарламасын өзгерту және/немесе

толықтыру туралы ұсыныстар енгiзе алады. Жұмыс бағдарламасына өзгерiстер, 
толықтырулар мен түзетулер Тараптардың екеуара келiсiмімен жазбаша түрде 
енгiзiледi.
     8.4. Мердiгер жыл сайынғы Жұмыс бағдарламасын жер қойнауын пайдалану 
және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органмен немесе оның аумақтық 
бөлiмшесiмен келiседi.

                         9-бөлiм. Барлау кезеңі
     
     9.1. Барлау кезеңi Келiсiм-шартқа сәйкес ___________________________
                                              (бірақ алты жылдан аспайды)
тізбектi жылдан тұрады және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес 
келiсушi Тараптардың өзара келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн _________
_________________________________________________________________________  
(бiрақ әр кезеңi екі жылға дейiнгi ұзақтықпен кемiнде екi рет болуы керек)


      Бұл ретте Тараптар Келісім-шарттық аумақта Барлау жүргiзудi

жалғастыру үшiн қалдырған бөлiктi алдын ала белгiлеуге және Жұмыс 
бағдарламасына тиiстi өзгерiстер енгiзуге тиiс.
     9.2. Мердiгер Барлауды Келiсiм-шарт күшiне енгеннен кейiн __________
_________________________________________________________________________  
           (Келiсiм-шартта белгіленген мерзiмнен кешiктiрмей)
бастауы тиiс. Мердiгер Барлауды бастаудың нақты күнi туралы Құзыреттi
органды ______ күн бұрын, алдын ала хабардар етедi.
     9.3. Барлаудың жүргiзiлу шамасына қарай Мердiгер Келiсiм-шарт пен 
Жұмыс бағдарламасына сәйкес Коммерциялық табу жасалған аумақты қоспағанда, 
Келiсiм-шарт аумағын қайтаруға мiндеттенедi.
     9.4. Мердiгер Келiсiм-шартқа сәйкес Жер қойнауының қайтарылатын 
учаскелерiн айқындайды және бұл туралы Құзыретті органға _________________
                                                     мерзімін көрсету керек
күн бұрын ____________________ дейiн хабарлайды.
           мерзiмi көрсетiлсiн


      9.5. Қайтарылатын учаскелер Мемлекеттiң қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысты заңнамаларының барлық талаптарына сәйкес болуы тиiс. Мердiгер қайтарылатын аумақтар мен тiкелей мақсатта пайдалану үшiн жарамды жағдайға дейiн ________________________________________

                            Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
________________________________________ жүргiзу салдарынан бүлiнген басқа
    операцияның түрі көрсетілсін
да табиғи объектiлердi өз есебiнен қалпына келтiредi.
     9.6. Егер Келiсiм-шарттық аумақта Коммерциялық табу жасалмаса немесе 
Кен өндiру кезеңiне көшу туралы шешiм қабылданбаса, онда Келiсiм-шарт өз 
күшiн Барлау кезеңi, оның мерзiмi ұзартылу мүмкiндiгi ескерiле отырып, 
аяқталысымен тоқтатады. Егер Мердiгер Келiсiм-шарт бойынша жұмысын 
жалғастырудан бас тартса, онда ол Келiсiм-шарттық аумаққа деген барлық 
құқығынан айырылады және бұдан әрі Келісім-шарт бойынша шеккен зиянының 
орнын қалай да бір толтыруға таласа алмайды.

                    10-бөлiм. Коммерциялық табу
     
     10.1. Егер Мердiгер оның айтуы бойынша Өндiруге қолайлы болатындай 
Кен орнын __________________________________________ ашса, бұл туралы
              Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін
Құзыреттi органға дереу хабар бередi және қорларға сараптамалық баға беру 
жөнiндегi Уәкiлеттi органға тапсыру үшiн қорлардың есебi және олардың 
бағалануы туралы _______ күн ішiнде есеп даярлайды.
     10.2. Уәкiлеттi орган Жер қойнауын пайдалану туралы заңнамада 
белгiленген тәртiппен Кен орны қорларына мемлекеттiк сараптамалық баға 
берудiң орындалуын қамтамасыз етедi.
     10.3. Коммерциялық табу Мердiгерге Өндiру кезеңiне көшуге (өндiруге 
арналған Келiсiм-шарт, егер де тек Барлауға Келiсiм-шарт бiрiншi рет 
жасалса) ерекше құқық бередi.
     10.4. Коммерциялық табу кезiнде Мердiгердiң Коммерциялық табуға 
байланысты шеккен шығындарының орнын толықтай немесе iшiнара толтыруға 
құқығы болады.
     10.5. Егер Барлау нәтижесiнде Коммерциялық табу болмаса, онда 
Мердiгердiң Барлау кезеңiнде шеккен шығындарының орнын толтыру құқығы 
болмайды.

                     11-бөлiм. Өндіру кезеңі
     
     11.1. Мердiгерге Келiсiм-шарт аумағында ________ тiзбектi жыл бойы
__________________________________________________________________________ 
  (бiрақ жиырма бес жылдан артық емес, ал iрi және бiрегей кен орындары 
                     бойынша 45 жылға дейiн)
Өндiруге ерекше құқық берiледi.
     11.2. Мердiгер Өндiруге _______________________________ күннен
                                (мерзiмi белгіленуi керек) 
кешiктiрмей немесе Өндiру бағдарламасы келiсiлгеннен кейiн (Барлауға
және Өндiруге арналған Келiсiм-шарттар үшiн) _____________________________
                                              (Келісім-шарт күшiне енген
______________________________________________ кiрiседi. 
күнi (Өндiруге арналған Келiсiм-шарттар үшiн) 

               12-бөлiм. Есепке алу және есеп беру
     
     12.1. Мердiгер Мемлекет заңнамасына сәйкес Келiсiм-шарт бойынша
_____________________________________________________________ қатысты есеп
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрi көрсетілсін
жүргiзуге және есепке алу құжаттарын белгiленген мерзiмде сақтауға 
міндеттенедi.
     12.2. Мердiгер дейiн 1-3 ЛКУ нысаны (лицензиялық-келiсiм-шарттық 
ережелердiң орындалғаны туралы есеп) бойынша есеп-қисап тіркелген өткен 
_______________ қызметi туралы Құзыреттi органға толық ақпарат бередi.
 жылы, тоқсаны    
     12.3. Мердiгер Мемлекет белгiлеген заңнамадағы мерзiм мен тәртiппен 
мемлекеттiк органдарға өз қызметi туралы есеп берiп отырады.
     12.4. Құзыреттi органның Мердiгердiң Келiсiм-шарт қағидаларын
сақтауына тексеру жүргiзуге құқығы бар және өзiнiң өкiлдерi арқылы
Мердiгердiң _____________________________________________________________
            Жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияның түрі көрсетілсін
жүргiзуi кезiнде қатыса алады.

                 13-бөлiм. ________________________ Өлшеу
                            Пайдалы қазбаның түрі

     13.1. Келiсiм-шарттық аумақта өндiрiлген _________________________
                                                Пайдалы қазбаның түрi
_______________________ өлшеу және таразылау жұмыстарын Мердiгер
      көрсетілсін
Мемлекетте қолданылатын әдiстер мен тәжiрибеге сәйкес жүргiзедi.
     13.2. Мердiгер әр __________________________ сайын метрология
                        мерзімділігі көрсетілсін
және стандарттау жөнiндегi Уәкiлеттi орган өкiлдерiнiң қатысуымен
__________________________________________________ өлшеу және таразылау
        Пайдалы қазбаның түрi көрсетілсін
үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен аспаптарын сынақтан өткiзедi.
     13.3. Егер сынақ немесе тексеру кезiнде жабдықтар немесе аспаптарда 
ақау байқалса, бүлiну мерзiмін анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, ақау 
мерзiмi ақау табылған күнге дейiнгi алдыңғы өлшеу уақытының жартысы 
ретiнде белгiленедi.
     13.4. Егер Мердiгер қолданылып жүрген әдiстерге өзгерiстер енгiзудi 
қажет деп тапса немесе орнатылған өлшегіш аспаптарды ауыстырғысы келсе, 
онда ол бұл туралы Метрология және стандарттау жөніндегі уәкілетті органды 
оның өкілдерінің осы өзгерістер мен ауыстыруларға қатысуларына мүмкіндік 
беру үшін ________ күннен кешіктірмей хабардар етуі тиіс.

           14-бөлім. Қосалқы мердігерлік жұмыстарды орындау
     
     14.1. Мердiгер Құзыреттi органға жылдық Жұмыс бағдарламасының 
құрамында келесi күнтiзбелiк жылда жасалуы қажет қосалқы мердiгерлiк 
жұмыстардың жоспарын, материалдарды, жабдықтарды жеткiзуге және қызмет 
көрсетуге арналған қосалқы келiсiм-шарттардың тiзбесiн, сондай-ақ 
қазақстандық және шетелдiк әлеуеттi қосалқы мердiгерлердiң тiзбесiн 
ұсынады.
     14.2. Мердiгер Қосалқы мердiгерлердi, әдетте, жұмысқа конкурстық 
негiзде алады.
     14.3. Қосалқы мердiгерлiк келiсiм-шарттардың орындалуына Мердiгер 
Мемлекет заңнамасына сәйкес жауап бередi.

                     15-бөлiм. Қаржыландыру



      15.1. Мердiгер Келiсiм-шарт бойынша өз қызметiн толық қаржыландыруды Тараптармен келiсiлген Жұмыс бағдарламасына сәйкес өз жауапкершiлiгiне алады.
      15.2. Мердiгер, егер Мемлекет заңнамасына қайшы келмесе, өз қызметiн қаржыландыру үшiн несиенi Мемлекет ішiнде және одан тысқары жерлерде кез-келген валютамен еркiн ала алады.
      15.3. Мердiгердiң Келiсiм-шартты орындау мақсатында Келiсiм-шарт бойынша түсiмдер мен кiрiстердi бiлдiретiн ақша қаражатын алу үшiн Мемлекеттiң банктерiнде сияқты одан тысқары жерлерде де ұлттық та және шетел валютасындағы да шоттары болуы мүмкiн.
      15.4. Келiсiм-шартқа сәйкес есеп айырысудың барлық түрлерi Мемлекет заңнамасымен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      15.5. Мердiгер мен Қосалқы мердiгерлер валюталық операцияларды валюталық реттеу туралы Мемлекет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

                  16-бөлiм. Салықтар мен төлемдер

      16.1. Мердiгер Келiсiм-шарт негiзiнде жүзеге асыратын қызметi бойынша, егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Халықаралық Келiсіммен өзге де ережелер белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішiнде "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24

сәуiрдегi N 2235  

Z952235_

  Заңына (бұдан әрi - Салық кодексi) сәйкес 
Келiсiм-шарттың күшiне енетiн күнiнен бастап қолданылатын салықтар мен 
төлемдердi төлеуге мiндеттенеді.
     Осы Келiсiм-шарт бойынша жүзеге асырылатын қызметi бойынша салықтар 
мен төлемдердi есептеу мақсатында Мердігер бірыңғай салық төлеушi ретiнде 
қарастырылады.
     16.2. Мердiгер мынадай салықтар мен төлемдердi төлейдi:
     16.2.1. Табыс салығы.
     Мердiгер табыс салығын Салық кодексінің __________ бөлiмiне сәйкес 
төлейдi.
     16.2.1.1. Мердiгер табыс салығын есептеудi Салық кодексiнiң _____ 
бабында көрсетiлген ставкалар бойынша жүргiзедi.
     16.2.1.2. Декларация _____________
     16.2.2. Қосымша құн салығы.
     Мердiгер қосымша құн салығын Салық кодексінiң _________ бөлiмiне 
сәйкес төлейдi.
     16.2.2.1. Мердiгер қосымша құн салығын есептеуді Салық кодексiнiң
_____ бабында көрсетiлген ставкалар бойынша жүргiзедi.
     16.2.2.2. Декларация ____________
     16.2.3. Акциздер __________
     Мердiгер акциз салығын Салық кодексiнiң _______ бөлiмiне сәйкес 
төлейдi.
     16.2.3.1. Декларация _____________
     16.2.4. Құнды қағаздар эмиссиясын тiркеу және мемлекеттiк тiркеуге 
жатпайтын акциялар эмиссиясына ұлттық бiрегейлiк нөмiрiн беру үшiн 
салынатын алым.
     16.2.5. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын арнайы салықтар мен 
төлемдер:
     Мердiгер Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын арнайы төлемдерді 
Салық кодексінің _______ бөліміне сәйкес төлейді.
     16.2.5.1. Жазылу бонусы
     16.2.5.1.1. Мердігер жазылу бонусын ________ мөлшерiнде төлейдi.
     16.2.5.1.2. Декларация.
     16.2.5.2. Коммерциялық табу бонусы
     16.2.5.2.1. Мердігер коммерциялық табу бонусын _____ мөлшерінде 
төлейдi.
     16.2.5.2.2. Декларация ___________
     16.2.5.3. Роялти ___________     
     Мердігер роялтиді пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша 
бөлек-бөлек төлейдi.
     16.2.5.3.1. Мердігер роялтиді ______ ставкасы бойынша төлеуді 
жүргiзедi.
     16.2.5.3.2. Декларация ____________
     16.2.5.4. Yстеме пайдаға салынатын салық
     16.2.5.4.1. Мердiгер үстеме пайдаға салынатын салыққа есептеудi
және төлеудi жүргiзедi.
     16.2.5.4.2. Декларация ____________
     16.2.5.4.3. Пайданың iшкi нормасы ____________
     16.2.6. Әлеуметтiк салық.
     Мердiгер әлеуметтiк салықты Салық кодексiнiң _____ бөлiмiне сәйкес 
төлейдi.
     16.2.6.1. Мердiгер әлеуметтiк салықты есептеудi салық кодексiнiң 
_____ бабында көрсетiлген ставкалар бойынша жүргiзедi және _______ бапқа 
сәйкес төлейдi.
     16.2.6.2. Декларация ____________
     16.2.7. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы 
бойынша жүргенi үшiн жиналатын алым.
     16.2.8. Жер салығы.
     Мердiгер жер салығын Салық кодексiнiң _______ бөлiмiне сәйкес төлейдi.
     16.2.8.1. Мердiгер _____ жер салығын есептеудi жүргiзедi.
     16.2.8.2. Жер салығын төлеу Салық кодексiнiң _______ бабында 
белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
     16.2.8.3.1. Декларация ____________
     16.2.9. Көлiк құралдарына салынатын салық.
     Мердiгер көлiк құралдарына салынатын салықты Салық кодексiнiң _______ 
бөлiмiне сәйкес төлейдi.
     16.2.9.1. Мердiгер көлік құралдарына салынатын салықты есептеудi 
Салық кодексiнiң _______ бабында көрсетiлген ставкалар бойынша жүргiзедi.
     16.2.9.2. Мердiгер салықты есептеу және төлеу тәртiбiн Салық 
кодексiнiң ______ бабына сәйкес жүргiзедi.
     16.2.9.3. Декларация ____________
     16.2.10. Заңды тұлғалардың мүлкiне салынатын салық.
     Мердiгер заңды тұлғалардың мүлкiне салынатын салықты Салық кодексiнiң 
_____ бөлiмiне сәйкес төлейдi.
     16.2.10.1. Мүлiкке салынатын салық _____ мөлшерде төленедi.
     16.2.10.2. Мердiгер заңды тұлғалардың мүлкiне салынатын салықты 
есептеудi және төлеудi Салық кодексiнiң ______ бабында көрсетiлген 
тәртiппен жүргiзедi.
     16.2.10.3. Декларация ____________
     16.2.11. Заңды тұлғаларды тiркеу үшiн алым.


      Мердiгер заңды тұлғаларды тiркеу үшiн алымды төлемнің осы түрiн төлеу жөніндегi мiндеттемелер туындаған сәттегi қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес төлейдi.
      16.2.12. Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым.
      Мердiгер қызметтiң жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшiн алымды төлемнiң осы түрiн төлеу жөнiндегi мiндеттемелер туындаған сәттегi қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес төлейдi.
      16.2.13. Аукциондық сатудан алынатын алым
      Мердiгер аукциондық сатудан алынатын алымды төлемнiң осы түрiне төлеу жөнiндегi мiндеттемелер туындаған сәттегi қолданылып жүрген заңнамада белгiленген тәртiппен мерзiмдерде және мөлшерде төлейдi.
      16.2.14. Қазақстан Республикасының радиожиiлiк ресурстарын пайдаланғаны үшiн салынатын төлемдер.
      Мердiгер Қазақстан Республикасының радиожиiлiк ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемдi төлемнiң осы түрiне төлеу жөнiндегi мiндеттемелер туындаған сәтте қолданылып жүрген заңнамада белгiленген тәртiппен, мерзiмдерде және мөлшерлерде төлейдi.
      16.2.15. Алматы қаласының рәмiздерiн фирмалардың атауларында, қызмет көрсету белгiлерiнде және тауарлық белгiлерде пайдаланғаны үшiн алым.
      Мердiгер Алматы қаласының рәмiздерiн фирмалардың атауларында, қызмет көрсету белгiлерiнде және тауарлық белгiлерде пайдаланғаны үшiн алымды төлемнiң осы түрiне төлеу жөнiндегi мiндеттемелер туындаған сәтте қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес төлейдi.
      16.2.16. Заңды (мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттiк мекемелер және коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалардан "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген сөздердi олардың фирмаларының атауларында, қызмет көрсету белгiлерiнде және тауарлық белгiлерде (толық түрде, сондай-ақ кез-келген сөз тiркестерiнде) пайдаланғаны үшiн алымдар.
      Мердiгер заңды (мемлекеттік кәсiпорындардан, мемлекеттiк мекемелерден басқа) тұлғалардан "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген сөздердi (толық түрде, сондай-ақ кез-келген сөз тiркестерiнде) пайдаланғаны үшін алымдарды төлемнің осы түріне төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған күні қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес төлейді.
      16.2.17. Кеден төлемдері.
      Мердiгер кеден төлемдерiн кеден декларациясын және өзге де құжаттарды Қазақстан Республикасының кеден органдары қабылдаған күннен бастап қолданылып жүрген "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Z952368_ Заңына сәйкес төлейдi.
      16.2.18. Су ресурстарының жер бетiндегi көздерiн пайдаланғаны үшiн төлем.
      Мердiгер су ресурстарының жер бетiндегі көздерiн пайдаланғаны үшiн төлемнiң осы түрiне төлеу жөнiндегі мiндеттемелер туындаған сәтте қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес төлейдi.
      16.2.19. Орманды пайдаланғаны үшiн ақы төлеу.
      Мердiгер орманды пайдаланғаны үшiн (орман табысы) төлемдi төлемнiң осы түрiне төлеу жөнiндегі мiндеттемелер туындаған сәтте қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес төлем жасайды.
      16.2.20. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшiн айыппұлдар.
      16.2.20.1. Мердiгер қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдi төлемнiң осы түрiне төлеу жөнiндегi мiндеттемелер туындаған сәтте қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес төлейдi.
      16.2.20.2. Мердiгер табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшiн айыппұлдарды, мұндай бұзушылықтар жасалған сәтте қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес төлейдi.
      16.2.21. Мiндеттi зейнетақы жарналары.
      Мердiгер мiндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасы азаматтарының жалақы қорынан мiндеттемелер пайда болған сәтте қолданылатын заңнамада белгiленген мөлшерде және тәртiпте ұстайды.
      16.2.22. Мемлекеттік баж.
      Мердiгер мемлекеттiк бажды төлемнiң осы түрiне төлеу жөнiндегi міндеттемелер туындаған сәтте қолданылып жүрген заңнамада белгiленген тәртiппен, мерзiмдерде және мөлшерлерде төлейдi.
      16.2.23. Төлем жасайтын көздерден салықтарды ұстау. Жауапкершiлiк.
      16.2.23.1. Мердiгер төлем жасайтын көздерден салықтар ұстап қалуды және аударуды, соның iшiнде несие бойынша дивидендтер мен пайыздарға төлемнiң осы түрiн төлеу жөнiндегi мiндеттемелер туындаған сәтте қолданылып жүрген Салық заңнамасымен белгiленген тәртiппен, мерзiмдерде және мөлшерлерде, халықаралық келiсiмдердiң және Қосарлы салық салуды болдырмау туралы конвенциялардың шарттарымен жүргізедi.
      16.2.23.2. Мердiгер Салық заңнамасының нормаларына сәйкес төлем жасайтын көздерден ұсталатын салықтардың бюджетке ұстаудың толықтығына және уақытылы аударылуына жауап бередi.
      16.2.24. Қызметшiлерге салық салу.
      Мердiгердiң қызметшiлерi төлеу жөнiндегi мiндеттемелер туындаған сәтте қолданылып жүрген Салық заңнамасына сәйкес салықтар мен төлемдердi төлейдi.
      16.3.1. Қосалқы мердiгерлерге салық салу.
      16.3.1.1. Мердiгерге қызметтер (жұмыстар) көрсететiн Қосалқы мердiгерлерге және олардың өз қызметшiлеріне салықтар мен төлемдердi төлеу жөнiндегi мiндеттемелер туындаған сәтте қолданылып жүрген салық заңнамасына сәйкес жүргiзедi.
      16.3.1.2. Мердiгер көзден салықты ұстап қалу жөнiндегi мiндеттемелерiн қоспағанда, өзiнiң Қосалқы мердiгерлерiнiң салық мiндеттемелерi үшiн жауап бермейдi.
      16.4. Құқықтарды қайта табыстау салығын салу.
      Құқықтарды қайта табыстаудан алынатын кiрiстер қайта табыстау сәтіне қолданылып жүрген Салық заңнамасына сәйкес салық салуға жатады.
      16.5. Трансферттiк бағаның құралуы.
      16.5.1. Мердiгер мәмiле жасалу кезiнде қолданылатын баға, нарықтық бағадан ауытқыған кезде салық қызметiнiң органдары трансферттi бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау туралы заңнамаға сәйкес салық салу объектiлерiн түзетуге құқылы екендiгiн мойындайды.
      16.5.2. Салық қызметi мұндай операцияларды жүргiзуді растаған кезде Мердiгер Салық заңнамасымен белгiленген салық төлеудiң тәртiбiн, мерзiмiн және мөлшерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiкте болады.
      16.6. Жалпы салықтық жауапкершiлiк.
      Келiсiм-шарттың шарттары бойынша төленетiн салықтар мен төлемдер Мердiгердi Келiсiм-шартта көзделмеген мiндеттемелердi жүзеге асырғандығы үшiн салық мiндеттемелерi пайда болған күнге заңнамада белгiленген салықтар мен төлемдердi төлеу мiндетiнен босатпайды.
      16.7. Салықтық шекара.
      Мердiгер салықтар мен төлемдердi есептеу мақсатында, Келiсiм-шарт бойынша кiрiстер мен ұстап қалуларды келiсiм-шарттың шегінен тыс қызмет бойынша кiрiстермен және ұстап қалулармен бiрiктiре алмайды.
      16.8. Салықтар мен төлемдерді төлеу және есептеу.
      16.8.1. Барлық салықтар, төлемдер және баж салығы, егер заңнамада өзгеше көзделмесе, теңгемен немесе кейiннен республикада оның орнына пайдаланылатын валютамен төленедi.
      16.8.2. Кез-келген салықтар мен төлемдер заңнамада белгiленген тәртiппен, мерзiмдерде және мөлшерде төленедi.
      16.8.3. Салықтар мен төлемдер заңнамада белгiленген тәртiппен республиканың салық немесе қаржылық қызмет органдары көрсеткен шоттарда есепке алынады.
      16.9. Айыппұл ықпал шаралары.
      16.9.1. Салық заңнамасын бұзғаны үшiн айыппұлдар бұрмалаушылықтар жасалған сәтте қолданып жүрген заңнамаға сәйкес қолданылады.
      16.9.2. Салықтар мен төлемдердi бюджетке уақытылы төлемегендiгi үшiн өсiмдер осы сомаларды төлеу күнi қолданылып жүрген Салық заңнамасымен белгiленген көлемде қолданылады.
      16.9.3. Салықтық сипаты жоқ төлемдер бойынша айыппұл ықпал шаралары бұзушылықтар жасалған сәтте қолданылып жүрген заңнамада көзделген мөлшерлерде төленедi.
      16.10. Салық режимiнiң тұрақтылығы.
      16.10.1. Келiсiм-шарттың Салықтық режимiне Келiсiм-шарт тараптарының жазбаша келiсiмi бойынша өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзiлгеннен басқа жағдайларда олар Келiсiм-шарт бойынша Республика мен Мердiгердiң бастапқы экономикалық мүдделерiнiң арақатынасына өзгерiстер әкелмесе Келiсiм-шартпен белгiленген Салықтық режим Келiсiм-шарт мерзiмi аяқталғанға дейiн өзгерiссiз қолданылады. Бұл ретте Тараптардың бастапқы экономикалық мүдделерiнiң арақатынасы Келiсiм-шартты жасасу сәтiнде бекiтiледi.
      16.11. Ақпаратқа қол жеткiзу.
      16.11.1. Мердiгер қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес Мердiгердiң кез-келген банк шоттарына қатысты ақпаратқа, соның iшiнде республикадан тысқары шетелдiк банктерде ашылғандарына да, Қазақстан Республикасы салық органдарының қол жеткiзулерi тиiс екендiгiн мойындайды.
      16.11.2. Мердiгер Республиканың салық және қаржы қызметтерiнiң

қызметкерлерi, олардың құзыреттерi шектерiнде жүзеге асыратын 
тексерiстердi жүргiзу кезiнде Келiсiм-шарт шеңберiнде орындалатын қызметке 
қатысты барлық сұрату жасалған және қажеттi ақпаратты беруге міндетті.
     16.11.3. Мердiгер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен 
Мемлекеттiк кiрiс министрлігі жүргiзiп отырған мониторингi шеңберiнде 
деректер базасын құрау үшiн негiзгi экономикалық, бухгалтерлiк және 
салықтық көрсеткiштер бойынша барлық қажеттi ақпаратты электронды немесе 
өзге де тәсiлмен ұсынуға мiндеттi.

                      17-бөлiм. Бухгалтерлік есеп

     17.1. Мердiгер Мемлекет заңнамасымен белгiленген бухгалтерлiк есеп 
жүргiзу тәртiбiне сәйкес Келiсiм-шартты жүзеге асыруға байланысты барлық 
кiрiстер мен шығыстардың толық және дәл бухгалтерлiк есебiн жүзеге асыруға 
мiндеттенедi.
     17.2. Мердiгердiң барлық бухгалтерлiк кiтаптары мен есептiк құжаттары 
Мемлекеттің заңнамасымен белгiленген олардың құзыреттерiне сәйкес 
Құзыреттi органдар мен мемлекеттiк органдардың тексерiсi үшiн қол 
жеткiзiлiмде болады.

                        18-бөлiм. Сақтандыру

     18.1. Мердiгер Келiсiм-шарт күшiне енген күннен соң _________ күн 
ішiнде ______________________________________________________________


             Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетілсін байланысты болатын кәсiпкерлiк тәуекелдердi, мүлiктi және жауапкершiлiкті сақтандыру бағдарламасын дайындайды және Құзыреттi органға келiсуге бередi.
      18.2. Сақтандыру _________________________________________________
                      Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн жүргiзу орнына жеткiзiлген жүктердi тасымалдау және жинап қоюмен; ______________________________________________________ жүргізу процесінде Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн жалға алынған немесе лизинг бойынша пайдаланылатын мүлiктi қоса алғанда Мердiгердiң мүлкiмен;

     жердi қоса алғанда, қоршаған табиғи ортаның ластануымен және жердi 
суландыру мен қалпына келтiрудi қоса алғанда, қоршаған табиғи ортаға 
келтiрiлген зиянның салдарын жоюға арналған шығыстармен;
     Yшiншi тұлғалардың алдындағы жалпы азаматтық-құқықтық 
жауапкершiлiкпен байланысты мүлiктiк тәуекелдер мен жауапкершiлiк үшін 
көзделедi.
     18.3. Мердігер өзінің қызметшілерін сақтандыруды жүзеге асыруға 
міндетті.
     18.4. Мердігер өзінің қалауы бойынша Мемлекеттің заңнамасына сәйкес 
сақтандыру компаниясын таңдап алады.

               19-бөлiм. Тарату және тарату қоры
     
     19.1. Келiсiм-шарт күшiнiң мерзiмi бiтуiне дейiн _____ күнде, ал 
Өндiруге арналған Келiсiм-шартта Келiсiм-шарттың қолданылуының басталуынан 
екi жыл кешiктiрмей, Мердiгер таратуға кететiн шығындардың сметасын қоса 
алғанда, өзiнiң қызметiн тарату салдарының бағдарламасын Құзыреттi органға 
бекiтуге тапсыруы тиiс.
     19.2. Тарату бағдарламасында Келiсiм-шарт аумағында Мердiгердiң 
қызмет процесiнде пайдаланылған ғимараттары мен жабдықтарын қашықтату 
немесе тарату көзделiнуi тиiс.
     19.3. Тарату бағдарламасын орындауды толық қаржыландыруды қамтамасыз 
ету үшiн Мердiгер ________________________________________ мөлшерiнде 
тарату қорын құрады.
     19.4. Тарату қорына ______________ мөлшерiнде қаржыны ____________ 
______________________________________________ Мердiгер Қазақстан          
          кезеңдiлiгi анықталсын 
Республикасының аумағындағы кез-келген банкiге арнаулы депозиттiк шотқа 
аударады және _________________________________________________________
                Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн 
жөнiндегi шығындар құрамына енгiзедi.
     Мердiгер қорды пайдалануды Жер қойнауын пайдалану және қорғау 
жөнiндегi өкiлетті органмен келiсумен Құзыреттi органның рұқсатымен жүзеге 
асырады.


      19.5. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерiнен асып кетсе, Мердiгер тарату жұмыстарын қосымша қаржыландыруды жүзеге асырады.
      19.6. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерiнен кем болып шықса, ақшалай қаражаттың артығы мердiгерге берiледi және салық салынатын табысқа енгiзiледi.
      19.7. Егер Мемлекет Келiсiм-шарт күшiнiң мерзiмi бiткен соң, Мердiгердiң оған берген ғимараттардың барлығын немесе бiр бөлiгiн өз жауапкершiлiгіне алып, пайдалануды жалғастыру туралы шешiм қабылдаса, мұндай жағдайда Мердiгер тарату бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ешқандай жауапкершiлiк алмайды және тарату қорында жинақталған барлық активтерге қатысты барлық құқықтарды Мемлекетке бередi.

         20-бөлiм. Жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау

      20.1. Келiсiм-шартты орындау процесiнде Мердiгер Жер қойнауын және

қоршаған ортаны қорғауға қатысты Мемлекет заңнамасын сақтауға, және 
тұрғындардың өмiрi мен денсаулығын қорғау;
     Пайдалы қазбаларды ұтымды және кешендi пайдалануды қамтамасыз ету;
     табиғи ландшафтты сақтау және бүлiнген жерлердi, басқа да 
геоморфологиялық құрылымдарды қалпына келтiру;
     жер сiлкiнiстерiнiң, көшкiндердiң, су басулардың, топырақтың шөгуiнiң 
алдын алу мақсатында Жер қойнауының жоғарғы бөлiктерiнiң энергетикалық 
жай-күйінiң қасиеттерiн сақтау мақсатында барлық қажеттi шараларды 
қолдануға міндеттi:
     20.2. __________________________________________________________
             Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн 
жүргізу кезiнде Мердiгер басымдылық тәртiппен мынадай талаптарды орындауға 
мiндеттi:
     1) экологиялық талаптар:
     қоршаған табиғи ортаны сақтау;
     жердiң техногендiк шөлейттенуiн болдырмау;
     топырақтың су және жел эрозиясына ұшырауын болдырмау;
     ластануды болдырмау үшiн тартылатын және тұщы сулы жерлердi оқшаулау;
     жер асты суларының сарқылуының және ластануының алдын алу;
     жер қойнауын пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы 
заңнамаға сәйкес келетiн басқа да талаптар.
     2) Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар:
     Жер қойнауын пайдалануға, оның iшiнде Кен өндiруге байланысты емес 
мақсаттар үшiн берiлген _____________________________________________


                               Пайдалы қазбаның түрi көрсетілсін Кен орындары мен Жер қойнауының учаскелерiндегі қорлардың шамасы мен құрылымын анық бағалау үшiн Жер қойнауының озымды толық геологиялық зерделенуiн қамтамасыз ету;

     __________________________________________________________
       Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн 
барлық кезеңдерінде Жер қойнауын ресурстарын ұтымды және кешенді 
пайдалануды қамтамасыз ету;
     __________________________________________________________ толық
                  Пайдалы қазбаның түрi көрсетілсін
шығарылуын қамтамасыз ету;
     Кен орнын әзiрлеу кезiнде Жер қойнауынан шығарылған және Жер 
қойнауында қалған Пайдалы қазбалар мен iлеспе компоненттерiне, минералды 
шикiзаттарды Ұқсату өнiмдерi мен өндiрiс қалдықтарына нақтылы есеп жүргiзу;
     Жер қойнауын _______________________________________________
                       (Барлау, Өндіру, сондай-ақ Өндірумен
________________________________________________________________________   
          байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және пайдалану)
кезiндегi қауiптi техногендiк процестерден сақтандыратын қоршаған табиғи 
ортаны қорғау жөнiндегi Мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес Жер 
қойнауын пайдалану;
     Жер қойнауын су басудан, өрттен, қопарылыстан, жоғарғы қабаттардың 
төмен опырылуынан, сондай-ақ оның сапасын төмендететiн немесе Кен орнын 
пайдалануды және әзiрлеудi қиындататын басқа да апаттық факторлардан 
қорғау;
     _______________________________________________________________


          Жер қойнауын пайдалану операциясының түрiн көрсету керек жүргiзу кезiнде Жер қойнауының ластануын болдырмау;
      Келiсiм-шарттың 29-бөлiмiмен белгіленген _________________________
                                                 Жер қойнауын пайдалану ________________________________________________________________________
                      операциясының түрi көрсетiлсiн тоқтата тұру, тоқтату тәртiбiн және Келiсiм-шарттың 19-бөлiмiмен белгiленген Кен орындарын әзiрлеу объектілерiн тарату тәртiбiн сақтау;
      су жинау алаңдары мен жер асты су қорлары қабаттарының орындарында оларды қордалануды болдырмау мақсатында, өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды үю және орналастыру кезiнде санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету;
      3) санитарлық-гигиеналық талаптар:
      санитарлық қорғау аумағын ұйымдастыру;
      санитарлық қорғау аумағының көрiктендiрiлуiн қамтамасыз ету;
      барлық жабдықтар, құбырлар, қолданылатын химиялық құралдар және соған ұқсас санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының рұқсат еткендерiнен болуы тиiс;
      санитарлық-гигиеналық жағдайды қалпында ұстауға бағытталған санитарлық-гигиеналық iс-шараларды жүзеге асыру, өндiрiстiк сырқаттар мен жарақаттың алдын алу;
      қызметкерлердiң денсаулығын нығайту үшiн қолайлы жағдайлар туғызу;
      қоршаған ортаның мониторингiн қамтамасыз ету.
      Мердiгер _______________________________________________________
                Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетілсiн объектiлерiнiң геологиялық, гидрогеологиялық, экологиялық, инженерлiк-геологиялық және технологиялық зерделеудiң толықтығын және нақтылығын қамтамасыз етедi.
      20.3. Мердiгер осы Келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметiн бастамас бұрын жоспарланған қызметтiң қоршаған табиғи ортаға ықпалын бағалауды жүргiзуi және мемлекеттiк табиғат қорғау органдарынан табиғатты пайдалануға рұқсат алуы керек.
      20.4. Мердiгер осы Келiсiм-шарт бойынша өз қызметiнiң нәтижесiнде жер қойнауына және қоршаған ортаға әсерiн зерделеу және терiс ықпалды уақытылы жою жөнiндегі шаралар қабылдау мақсатында олардың мониторингiн жүргiзуi тиiс.
      20.5. Мердiгер қоршаған ортаның жай-күйiн бұзушылықты жою, қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге және табиғатқа келтiрiлген шығынды толық көлемде өтеуге міндеттi.
      20.6. Жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың

сақталуы үшiн Мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге 
асырады.
     20.7. Мердiгер Келiсiм-шарттық аумақтың қоршаған ортасының жай-күйін 
сақтау жөнiндегi жұмыстарды орындайды.
     20.8. Мердiгер Мемлекет заңнамасына сәйкес Келiсiм-шарт күшi 
тоқтатылғаннан кейiн немесе Келiсiм-шарт аумағын кезең-кезеңiмен қайтару 
кезiнде, Келiсiм-шарт аумағын тiкелей мақсаты бойынша одан әрi пайдалану 
үшiн жарамды жағдайда тапсырады.
     20.9. Келiсiм-шартты қолдану уақытында қоршаған ортаның жай-күйiнiң, 
сондай-ақ Келiсiм-шарттық аумақтың бүлінуi (нашарлауы) тiкелей, мақсатқа 
пайдалануға жарамды жай-күйге дейiн Мердiгердiң есебiнен қалпына 
келтiрiледi.

          21-бөлім. Тұрғындар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі
     
     21.1. Мердiгер Келiсiм-шартқа сәйкес _______________________________
                                          Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
_________________________________________________________________________
                  операциясының түрі көрсетілсін
__________________________________________________________ жүргізу
           Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін     
кезiнде Мемлекет заңнамасында көзделген жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу
жөнiндегi нормалар мен ережелердiң орындалуын қамтамасыз етуi, сондай-ақ 
апаттар мен кәсiби сырқаттардың алдын алу және жою жөнiндегi iс-шараларды 
жүргізуi тиiс.
     21.2. Егер адамдардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп туғызатын болса
_________________________________________________________________________  
      Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
жүргiзуге тыйым салынады.
     21.3. ______________________________________________________________  


             Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін жүргiзу кезiнде техникалық қауiпсiздiк және өндiрiстiк тазалық ережелерi мен нормаларын сақтауға мемлекеттiк бақылауды уәкілеттi мемлекеттiк органдар өз құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.
      21.4. ______________________________________________________________
            Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін жүргізу кезінде қауiпсiз жүргiзудi қамтамасыз ету жөніндегi негiзгi талаптар мыналар болып табылады:
      жұмыстарға арнайы дайындығы мен бiлiктiлiгi бар адамдарға, ал тау-кен жұмыстарын басқаруға - тиiстi бiлiмi бар адамдарға рұқсат беру;
      _________________________________________________________ жүргізу
    Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін кезiнде онымен айналысатын адамдарды арнайы киiмдермен, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;
      тиiстi қауiпсiздiк талаптары мен тазалық нормаларына сәйкес келетiн машиналарды, жабдықтар мен материалдарды қолдану;
      жарылғыш заттар мен жару құралдарын тиiсiнше сақтау және жұмсау, есебiн жүргiзу, сондай-ақ оларды дұрыс және қауiпсiз пайдалану;
      жұмыстардың технологиялық циклын және қауiптi жағдайларды болжауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi және жеткiлiктi геологиялық, маркшейдерлiк және өзге де бақылаулар кешенiн жүргiзу, қауіптi аймақтарды дер кезiнде анықтау және тау-кен жұмыстарының жоспарларына енгiзу;
      техникалық құжаттамалар мен апаттарды жою жоспарларын, жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу шекараларын нақтылайтын мәлiметтермен уақытылы толықтырып отыру;
      Кен орындарын әзiрлеудiң жобалық жүйелерiн (Қатты пайдалы қазбалар

үшiн), Әзiрлеудiң және Кен орындарын (мұнай, газ және жер асты сулары 
үшiн) жайластырудың жобалары мен технологиялық сызбаларын сақтау.
     21.5. Мердiгердiң лауазымды адамдары, қызметкерлердiң және/немесе 
тұрғындардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төнуi туындаған кезде 
жұмыстарды жедел тоқтатуға және адамдарды қауiпсiз жерге тасуға және бұл 
туралы Құзыреттi және жергiлiктi атқару органдарына хабардар етуге 
мiндеттi.
     21.6. Мердiгер оның шарттық мiндеттемелер мен еңбек мiндеттерiн 
атқаруы кезiнде азаматтың денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес толтырады.

             22-бөлiм. Мердігердің келісім-шарттың
             Шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілігі

     22.1. Мердiгер жасасқан мәмiлелер Мемлекет заңнамасында көзделген 
негiздер бойынша заңсыз деп танылады  

K941000_

 .
     22.2. Мердiгер Келiсiм-шарттың 22.1-тармағында көрсетiлген 
iс-қимылдардың салдарлары үшiн Құзыреттi органның және Yшiншi тұлғалардың 
алдында толық жауапкершiлiкте болады.
     22.3. Көрсетiлген мәмiлелердi жасауда, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының заңнамаларын басқа да бұзылушылықтарға кiнәлi адамдар 
заңмен белгiленген тәртiптiк, материалдық, әкiмшiлiк және қылмыстық 
жауапкершiлiкте болады.

                  23-бөлiм. Кездейсоқ оқиға



      23.1. Келiсiм-шарт бойынша қандай да болмасын мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер бұл орындамаушылық немесе тиiсiнше орындамаушылық тежеусiз күшке (кездейсоқ оқиғаға) байланысты болса Тараптардың ешқайсысы ешқандай жауапкершiлiкке тартылмайды.
      23.2. Тежеусiз күштiң мән-жайларына мынадай мән-жайдың жағдайлары кезiндегi төтенше және күтпеген жағдаяттар жатады, мысалы: әскери жанжалдар, табиғат апаттары, табиғи зiлзалалар (өрт және т.с.). Келтiрiлген тiзбе бәрiн толық қамтыған болып табылмайды.
      23.3. Тежеусiз күш мән-жайлары туындаған жағдайда, одан зардап шегушi Тарап бұл туралы кездейсоқ оқиға мән-жайлары басталған күнiн және сипаттамасын анықтаған жазбаша хабарламаны тапсыру немесе поштамен жiберу жолымен екiншi Тарапқа дереу хабарлайды.
      23.4. Кездейсоқ оқиға мән-жайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешімін іздеу үшін дереу кеңес өткізеді және мұндай мән-жайлардың салдарларын барынша азайту мәліметі үшін барлық құралдарды пайдаланады.
      23.5. Кездейсоқ оқиға мән-жайларымен байланысты Келiсiм-шарт бойынша жұмыстардың толық немесе ішiнара тоқтауы кезiнде, бұл жұмыстардың жүргiзiлу кезеңі кездейсоқ оқиғаның қолданылу мерзiмiне ұзартылады және кездейсоқ оқиға тоқтатылған сәттен бастап қайта жаңғыртылады.

                     24-бөлiм. Құпиялылық

      24.1. Келiсiм-шартты орындау процесiнде қандай да болмасын Тараптың алған немесе сатып алған ақпараты құпия болып табылады. Тараптар Мемлекет заңнамасында көзделген қажетті есеп берулер құрастыру үшiн құпия ақпаратты пайдалана алады.
      24.2. Тараптардың екiншi Тараптың келiсiмiнсiз құпия ақпаратты Үшiншi тұлғаларға мынадай жағдайларды қоспағанда беруге құқығы жоқ:
      егер бұл ақпарат сотта іс қарауды жүргiзу барысында пайдаланылса;
      ақпарат Мердiгерге қызмет көрсететiн Үшiншi тұлғаға мұндай Yшiншi Тарап мұндай ақпаратты құпия қарап және оны Тараптар белгiлеген мақсаттарға және белгiленген мерзiмдерде ғана пайдалануға мiндеттеме алу шартымен берiлген жағдайда;
      ақпарат Мердiгер қаржылық қаражат алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпаратты құпия деп қарап және оны тек көрсетiлген мақсаттарға ғана пайдалануға мiндеттеме алу шартымен берiлген жағдайда.
      24.3. Тараптар, Мемлекет заңнамасына сәйкес, Келiсiм-шарттық аумақта ______________________________________________________________ жүргiзуге Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін қатысты барлық құжаттардың, ақпараттардың және есептердiң құпиялығын сақтау мерзiмiн айқындайды.

                 25-бөлiм. Құқықтар мен міндеттерді тапсыру

      25.1. Келiсiм-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi Үшiншi тұлғаға тапсыруға, жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге тапсыруды қоспағанда, тек Құзыретті органның жазбаша рұқсатымен ғана жол берiледi. Құзыреттi орган, егер негiзгi ұйым Құзыретті органға Келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелерiн толық орындауға еншiлес заңды тұлғамен ортақ кепілдік

берсе, Жер қойнауын пайдалану құқығын кез-келген жағдайда, еншілес ұйымға 
кез-келген тапсырудан бас тартуға құқығы жоқ.
     25.2. Келiсiм-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi тапсыруға 
байланысты шығыстарды Мердiгер көтередi және мемлекет тарапынан орны 
толтырылмайды.
     25.3. Мердiгер Келiсiм-шартта қандай да болмасын қатысуын сақтаған 
уақытқа дейiн, ол және ол құқықтар мен мiндеттердi берген Yшiншi тұлға 
Келiсiм-шарт бойынша ортақ жауапкершiлiкте болады.

                 26-бөлім. Қолданылатын құқық
     
     26.1. Келiсiм-шарт және Келiсiм-шарт негiзiнде қол қойылған басқа да 
келiсiмдер үшiн, егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын 
халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының 
құқығы қолданылады.
     26.2. Мердiгер өзіне Келiсiм-шарттық аумақта және онымен iргелес 
учаскелерде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Мемлекет алған Халықаралық 
мiндеттемелердi сақтауға өзiне міндеттеме қабылдайды.

                   27-бөлiм. Дауларды шешу тәртібі
     
     27.1. Тараптар Келiсiм-шарттан туындайтын барлық даулар мен 
келiспеушiлiктердi келiссөздер жолымен шешу үшiн барлық шараларды 
қабылдайды.
     27.2. Егер дау туындаған сәттен бастап _____________ күн ішiнде 
даулы мәселе келiссөздер жолымен шешiлмесе, онда Тараптар оны шешу үшiн 
мынадай органдарға тапсырады:
     заңнамаға сәйкес осыған ұқсас дауларды қарауға уәкiлеттi Мемлекеттiң 
сот органдарына немесе;
     мынадай арбитраж органдарының біреуіне _________________________
                                                  (тек шетелдік
_______________________________________________________________________;   
             Мердігерлер және бірлескен кәсіпорындар үшін)


      Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi конвенцияға (ИКСИД конвенциясы) сәйкес 1995 жылғы 18 наурызда Вашингтонда құрылған қол қою үшін ашық инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталығы (бұдан әрi - орталық), егер Мердiгердiң мемлекетi осы конвенцияның мүшесi болса немесе;

     егер Мердiгердiң мемлекетi ИКСИД конвенциясының мүшесi болмаса, 
орталықтың қосымша мекемесiне (қосымша органның тәртiбi бойынша қызмет 
ететін) немесе;
     Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНСИТРАЛ) Халықаралық Сауда құқығы жөніндегі 
комиссиясының арбитраждық регламентіне сәйкес құрылатын арбитраж 
органдарына немесе;
     Стокгольмдегi Халықаралық Сауда палатасының Арбитраждық институты 
жанындағы арбитраждық қарауға, немесе:
     Мемлекеттiң Сауда-өнеркәсiптiк палатасы жанындағы арбитраж 
комиссиясына _________________________________________________________
                     Жоғарыда көрсетілген органдардың бірін
______________________________________________________________________
                           таңдап алу керек     

             28-бөлiм. Келісім-шарт тұрақтылығының кепілдігі
     
     28.1. Келiсiм-шарт ережелерi Келiсiм-шарттың қолданылуының бүкiл 
мерзiмi iшiнде өзгерiссiз қалады.


      28.2. Мердiгердiң жағдайын қиындататын, Келiсiм-шарт жасалған соң қабылданған заңдардағы өзгерiстер мен толықтырулар Келiсiм-шартқа қолданылмайды.
      28.3. Заңнамаларға Келiсiм-шарт бойынша iске асыру қызметiн бұдан әрi жүзеге асыру мүмкiн еместiгіне алып келетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлген жағдайда, Келiсiм-шартқа Тараптардың жазбаша келісiмімен Тараптар мүдделерiнiң алғашқы белгiленген теңгерiмдiлiгiн қалпына келтiру үшiн өзгерiстер енгiзiледi. Бұл ретте Тараптардың алғашқы кезектегi экономикалық мүддесінің ара қатынасын өзгертудi уәкiлеттi орган және/немесе Мердiгер белгілейдi.

            29-бөлiм. Келісім-шарттың қолданылуын тоқтату
                      және тоқтата тұру шарттары

      29.1. Құзыреттi орган егер:
      Келiсiм-шарттың қызметiмен байланысты жұмыстардың ықпал ету аумағында жұмыс iстейтiн немесе тұратын адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнсе, Келiсiм-шарттың қолданылуын мiндеттi түрде тоқтатады.
      29.2. Құзыреттi орган Келiсiм-шарттың қолданылуын мынадай жағдайларда:
      Мердiгер Келiсiм-шартта және Жұмыс бағдарламасында көзделмеген қызметтi жүзеге асырған кезде;
      Мердiгер өз қызметiнiң процесiнде Мемлекеттiң жер қойнауын, қоршаған табиғи ортаны қорғау және жұмыс жүргiзудiң қауіпсiздiгi бөлiгiнде Мемлекет заңнамасын бұзған кезде;
      Мердiгер өзiнiң қызметiнiң процесiнде Келiсiм-шартта белгiленген салық төлеу және басқа да міндеттi төлемдердi төлеу тәртiбiн бұзған кезде;
      Мердiгер Келiсiм-шарттағы құқықтарын Үшiншi тұлғаға тапсыруды Келiсiм-шарттың 25-бөлiмiн толықтай немесе ішiнара бұза отырып тапсыру кезiнде;
      Жұмыс бағдарламасының шеңберiнде тежеусiз күш жағдайларында (кездейсоқ оқиға) байланысты жағдайларды қоспағанда, Мердiгер өндiрiстi мерзiмiнен артық ________ күнге тоқтатса;
      осы Келiсiм-шарт бойынша ақпараттық құпияны сақтау туралы шарттарды бұзған кезде тоқтата тұруға құқылы.
      29.3. Мердiгер Келiсiм-шарттың қолданылуын тоқтата тұруға мәжбүр еткен себептердi жойғанын хабарлағаннан кейiн оның қолданылуы одан әрi жалғастырылады.
      29.4. Келiсiм-шарт тек мынадай жағдайларда ғана қолданылуы мерзiмiнен бұрын:
      Мердiгер Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес Барлауды Өндiрудi, бiрлескен Барлау мен Өндiрудi не Құрылысты және (немесе) жерасты құрылыстарын пайдалануды тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауды туғызған себептердi жоюдан бас тартқан кезде не осы себептердi жою үшiн жеткiлiктi мерзiмде оларды жоймаған кезде;
      егер жер қойнауын пайдаланушы Келiсiм-шартта белгiленген жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларға кiрiспеген жағдайда;
      адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп туғызумен байланысты жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды тоқтата тұруды туғызған себептердi жою мүмкiн емес жағдайда;
      Мердiгер Келiсiм-шартпен не жұмыс бағдарламасымен белгiленген мiндеттемелерiн айтарлықтай бұзған жағдайда;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Жер қойнауын пайдалану құқығы қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кепiлдiкке салынғаннан басқа жағдайларды қоспағанда, Мердiгер банкрот деп танылған жағдайда K941000_ ;
      Жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес Келiсiм-шарт заңсыз

деп танылса тоқтатылады.
     29.5. Келiсiм-шарттың қолданылуы осы Келiсiм-шарттың 29.4-тармағында 
көрсетiлген себептер бойынша Мердiгер Құзыреттi органнан Келiсiм-шарттың 
қызметiн қолданылу мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы жазбаша хабар алғаннан 
кейiн ________ күннен соң тоқтатылады.
     29.6. Тараптар Мердігерге Келiсiм-шарттың қолданылуын тоқтату туралы 
ескертудi тапсыру сәтiне орындалмай қалған ағымдағы мiндеттемелерiн 
орындаудан босатылмайды.

                    30-бөлiм. Келісім-шарт тілі

     30.1. Осы Келiсiм-шарттың мәтiнi қазақ және орыс (басқа) тiлдерiнде 
жүргiзiледi және барлық даналары бiрдей.
     30.2. Мәтiннiң нұсқалары арасында келiспеушiлiктер мен даулар 
туындаған жағдайда _______________________ нұсқасы артықшылықты күшке 
                    қалайтын тілді көрсету
ие болады.     
     30.3. Тараптар ________ тiлдерi қатынас тiлдерi ретiнде 
қолданылатындығына уағдаласады. Келiсiм-шарт күшiне енген күннен бастап
_________________________________________________________________________
     Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрi көрсетілсін 
жүргiзуге қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат ______________________
тiлдерiнде жүргізiледi.
     30.4. Әкiмшiлiк қызметке қатысты құжаттама мен ақпарат мемлекеттік 
және орыс тiлдерiнде жасалады.

                     31-бөлiм. Қосымша ережелер

     31.1. Осы Келiсiм-шартты iске асыруға байланысты талап етiлетiн 
барлық хабарламалар мен құжаттар, осы Келiсiм-шарт бойынша Тараптардың 
әрқайсысына ұсынылған және жеткiзiлген деп, оларды алу фактiсi бойынша 
есептеледi.
     31.2. Хабарламалар мен құжаттар тiкелей қолға тапсырылады немесе 
мынадай мекен-жайларға: пошта, тапсырыс авиапоштасы, факс, телекс немесе 
телеграф бойынша жiберiледi.

     Құзыреттi органның мекен-жайы:           Мердiгердiң мекен-жайы:
             телекс                                   телекс
            телеграф                                 телеграф

     Құзыреттi органның атынан                Мердiгердiң атынан
     _________________________                _______________________



      31.3. Осы Келiсiм-шарт бойынша мекен-жайлар өзгерген кезде

Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама ұсынуы тиiс.
     31.4. Келiсiм-шарттың барлық қосымшалары оның құрамды бөлiктерi 
ретінде қаралады. Қосымшалардың және Келісім-шарттың өзінің ережелерінің 
арасында қандай да бір айырмашылық болған кезде, Келісім-шарттың негiз 
қалаушы мәнi болады.
     31.5. Келiсiм-шарт ережелерiне қайшы келмейтiн Келiсiм-шартқа 
енгiзiлетін түзетулер мен толықтырулар Тараптардың жазбаша келiсiмiмен 
ресiмделедi. Мұндай келiсiм Келiсiм-шарттың құрамдас бөлігі болып табылады.
     Осы Келiсiм-шартты 200__ жылғы _____________ (айы) _________ (күні) 
Қазақстан Республикасының қаласында Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi жасасты.

     Құзыреттi орган                         Мердiгер
     қолы __________________                 қолы __________________
     лауазымы ______________                 лауазымы ______________   
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.