1. "2001 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 155 P010155_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 47-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3 369 740 000 (үш миллиард үш жүз алпыс тоғыз миллион жеті жүз қырық мың) теңге сомасына 276 000 (екі жүз жетпіс алты мың) тоннаға дейінгі көлемде - 2001 жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде қаржыландыру арқылы жеткізілім шарты негізінде;";
1-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "213 780 000 (екі жүз он үш миллион жеті жүз сексен мың) теңге сомасына 14 000 (он төрт мың) тоннаға дейінгі көлемде - 2001 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде қаржыландыру арқылы жеткізілім шарты негізінде;"; 2-тармақтағы: "екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген 2001 жылғы егіннің астығын екі деңгейлі мемлекеттік сатып алу ережесінде: атауындағы "екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын; 1-тармақтағы "екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақта: бірінші абзацтағы "Екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын; екінші абзацтағы "Екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.