Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 маусым N 813

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір 
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                      Қазақстан Республикасы
                                           Үкіметінің
                                     2001 жылғы 12 маусымдағы
                                        N 813 қаулысымен
                                              бекітілген
     
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
         енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
     


      1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 P990626_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 215-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:
      10-тармақтың 2) тармақшасында "ағымдағы шоттарға" деген сөздер "шоттарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету;
      2) кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік тағайындауларға сәйкес республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру;";
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстарын, сондай-ақ ақылы қызметтерді, депозиттік сомаларды сатудан және демеушілік пен қайырымдылық көмек түрінде мемлекет және мемлекеттік мекемелер алатын қаражаттар бойынша шоттарды есепке алуды қамтамасыз ету;";
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) екінші деңгейдегі банктер және банктік қызметтердің тиісті түрлерін көрсетуге арналған лицензиясы бар ұйымдар арқылы мемлекеттік мекемелерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;";
      12) тармақшада "жүргізудің әдістемесін" деген сөздер "жүргізудің тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) тармақша алынып тасталсын;
      12-тармақта:
      1) тармақшадағы "қызмет көрсету" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Қазынашылық органдарының шоттарындағы қаражаттың ағымдағы қалдықтарын оларды тиімді орналастыру жолымен басқаруды жүзеге асыруға;";
      мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8-1) ұсынылған есептілікке сәйкес бекітілген сметадан тыс қаражат жұмсау туралы мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауларына ағымдағы бақылауды жүзеге асыруға;
      8-2) мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп туралы заңнаманың сақталуы үшін ағымдағы бақылауды жүзеге асыруға;
      8-3) мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінде жолсыздықтар анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға және оларды қаржы бақылау органдарының қарауына жіберуге;";
      9) және 18) тармақшалар алынып тасталсын;
      19) тармақшада "әдістемелік" деген сөз алынып тасталсын;
      21) тармақшада "(әдістемелік)" деген сөз алынып тасталсын;
      22-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "22-1) тек қана мемлекеттік бюджетке қатысты және оның қаражаты есебінен олардың жүзеге асырылуын үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, ұлттық және шетел валютасында мынадай жекелеген банктік операцияларды:
      заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банктік шоттарын ашуды

және жүргізуді;
     аударым операцияларын: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аудару 
жөніндегі тапсырмаларын орындауды;
     есеп операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге 
борыштық міндеттемелерін есепке алуды (дисконттауды);
     ақшалай нысанда несиелерді ұсынудың заемдық операцияларын;
     заңды және жеке тұлғалардың тапсырмасы бойынша есеп айырысуларды 
жүзеге асыруды;
     аккредитивті ашу (қою) және растау және ол бойынша міндеттемелерді 
орындауды жүзеге асыруға;";
     17-тармақта "үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;
     19-тармақта:
     3) тармақшада "қызметшілеріне" деген сөз "қызметкерлеріне" деген 
сөзбен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
     "5-2) Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінің құрылымын және штат 
кестесін бекітеді;";


      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің құрылымы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүйесінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 наурыздағы N 338 P000338_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 11-12, 125-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау комитеті туралы ережеде:
      11-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-1) мемлекеттік мекемелерге, мемлекеттік кәсіпорындарда және мемлекеттің қатысуы бар ұйымдарда бухгалтерлік есеп жөніндегі заңнаманың сақталуын және қаржылық есептіліктің жасалуын бақылауды жүзеге асыруды;
      5-2) өздері үшін аудит міндетті мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуін бақылауды жүзеге асыруды;";
      6) тармақшада "мекемелерде" деген сөзден кейін ", кәсіпорындарда" деген сөзбен толықтырылсын;
      11) тармақшада "бюджет кірісіне" деген сөздерден кейін "уақытылы" деген сөзбен толықтырылсын;
      12-тармақта:
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексінің 176 (екінші бөлімінде), 177, 178, 185-187, 204-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану;";
      мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "13-1) соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы K010155_ кодексінің 172, 188-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға;
      13-2) Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитетінің төрағасына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 167-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау және істерді қарау үшін тексерулер және тексерістердің материалдарын беруге;".
      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 87 P010087_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 22-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті туралы ережеде:
      16-тармақтың екінші абзацында "тағайындайтын және қызметтен босататын

орынбасары" деген сөздер "тағайындайтын және қызметтен босататын екі 
орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын:
     18-тармақтың 1) тармақшасында "өз орынбасары" деген сөздер "өз 
орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
     19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "19. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін Төраға уәкілетті берген 
орынбасарлардың бірі атқарады.".
     4. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2001 жылғы 9 ақпандағы N 214  

P010214_

  қаулысына:
     көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер, агенттіктер мен 
ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
     реттік нөмірі 3-жолда:
     3-бағанда "877" деген сан "889" деген санмен ауыстырылсын;
     1) тармақшаның 3-бағанында "154" деген сан "148" деген санмен 
ауыстырылсын;
     көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен 
ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерінің штат санының 
лимиттерінде:
     реттік нөмірі 2-жолдың 3-бағанында:
     1) тармақшадағы "4180" деген сан "3951" деген санмен ауыстырылсын;
     2) тармақшадағы "250" деген сан "280" деген санмен ауыстырылсын.
     
     
                                      Қазақстан Республикасы
                                           Үкіметінің
                                     2001 жылғы 12 маусымдағы
                                        N 813 қаулысымен
                                              қосымша
     
     
                                      Қазақстан Республикасы
                                           Үкіметінің
                                     1999 жылғы 24 мамырдағы
                                        N 626 қаулысымен
                                              бекітілген
     
             Қазақстан Республикасының
       Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің
                      құрылымы
     
     Басшылық
     Республикалық бюджеттің жиынтық қаржылық жоспарын қалыптастыру және 
шығыстарды қаржыландыру басқармасы
     Бюджет жөніндегі бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы
     Бюджеттердің атқарылуын, бухгалтерлік есеп және аудитті ұйымдастыру 
басқармасы
     Қолма-қол ақша және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасы
     Ұйымдастыру және бақылау жұмыстары басқармасы
     Төлем операциялары басқармасы
     Түсімдерді есепке алу және бөлу басқармасы
     Қазынашылықтың жүйесін алып жүру және технологиялық қамтамасыз ету 
басқармасы
     
     
     
 Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.