1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн
дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Қазақстан Республикасының Yкiметiне жыл сайын Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есеп тапсырсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 797 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы 1. Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасының ПАСПОРТЫ Бағдарламаның Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың атауы 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы Бағдарламаны "Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың әзiрлеу үшiн 2001-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы негiздеме Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 26 қаңтардағы N 146 P010146_ қаулысы Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және негiзгi қоғамдық келiсiм министрлiгi; әзiрлеушiлер Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетi Iске асырылу 2001-2005 жылдар мерзiмi Бағдарламаның Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытуды мақсаты және жетiлдiрудi қамтамасыз ету Бағдарламаның Мұрағат саласының жұмыс істеуiнiң оңтайлы моделiн мiндеттерi жасау, оны нарықтық экономика жағдайына бейiмдеу Ақпараттық ресурстарды жинақтау, жүйелеу, іздестiру және пайдалану тетiктерiн жетiлдiру Саланың материалдық-техникалық базасын дамыту Негiзгi Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және iс-шараларды қоғамдық келiсiм министрлiгi; орындаушылар Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетi. Қаржыландыру Бағдарламаны қаржыландырудың негiзгi көзi көзi және көлемi республикалық бюджет болып табылады. Бағдарламаны іске асыру үшiн 2002-2005 жылдарға бюджет қаражатына ең төменгi есептiк қажеттiлiк 114,47 миллион теңгенi құрайды. Оның жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңымен нақтыланатын болады. Халықаралық ұйымдардың гранттық көмегiн тарту көзделедi. <*> Күтiлетiн түпкi Мұрағат саласының қызметiн жетiлдiру; мемлекеттiк нәтиже мұрағат мекемелерiнiң нарықтық экономика жағдайына бейiмделуiн аяқтау; мемлекеттiк мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жаңарту және оларды қазiргi стандартқа жақындату Ескерту. 1 бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.13. N 518 қаулысымен. P020518_ 2. Кiрiспе
Мемлекеттiк тетiктiң жұмыс iстеуiнiң бұлжымас шарттарының бiрi оны ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мұратты орындауда мұрағат ісi және құжат жасау маңызды орынға ие болады. Мұрағаттар қоғамның ғылыми, мәдени және әлеуметтiк қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында мемлекеттік органдарға өткендi шолатын құжаттық ақпаратты оңтайлы түрде және көлемде пайдалануға бередi.
Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 26 қаңтардағы N 146 P010146_ қаулысына сәйкес әзiрлендi.
Бағдарламаны әзiрлеу мұрағат саласындағы қазiргi ұйымдастырушылық және құқықтық қатынастарды жетiлдiру мемлекеттiк мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жаңалау халықаралық мұрағат ұйымдарында Қазақстанның беделiн көтеру қажеттiлiктерiнен туындады.
Бағдарламада құжаттық мұраны қалыптастыру мен сақтауда салааралық сипаты бар мұрағат iсiн дамытудың әлемдiк практикасының тәжiрибесi мен қазiргi үрдiстерi ескерiлген.
Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар "Қазақстан-2030" K972030_ стратегиясымен анықталған елiмiздiң рухани және мәдени дамуының мақсаттары мен мiндеттерiне жауап бередi.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
Мұрағат ісiнiң қазiргi жағдайына бiрқатар келеңсiз факторлар әсер етуде. Олардың ішiнде, ең алдымен, мұрағат саласының нормативтiк құқықтық базасының толық еместiгiн, қаржыландыру практикасының қажеттi мөлшерiнiң ең төменгi деңгейде екендiгiн атап өту қажет.
Қазақстан Республикасындағы ұйымдық-құқықтық нысандағы барлық ұйымдарда құжаттау мен құжаттама басқарудың көптеген мәселелерi құқықтық регламенттеу мен ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi, мемлекеттiк органдар үшiн бiрыңғай электрондық құжат айналымы жүйесiн құруды, мемлекеттiк және ведомстволық мұрағаттарда Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, оларды материалдық-техникалық, қаржымен және кадрмен қамтамасыз етудi талап етедi.
Мемлекеттiк сақтауға түскен ақпараттардың өсуi мен саланың кадрлық әлеует динамикасының арасында сәйкессiздiк байқалады. Соның iшiнде, тәуелсiздiк алған жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттары екi есеге ұлғайып, iстер 16 миллионға дейiн жеткен кезде, мемлекеттiк мұрағат мекемелерiндегi штаттар саны екi есеге жуық, яғни, мамандар 1905-тен 1093-ке дейiн қысқарды. Мемлекеттiк органдар құрылымына бiрнеше рет оңтайландыру жүргiзiлген кезде, құралған және сақтауда тұрған құжаттар көлемi азаймағанына қарамастан, көбiнесе iс жүргiзу және мұрағат саласындағы қызметкерлер қысқартуға ұшырайды.
Мемлекеттiк мұрағаттардың материалдық-техникалық базасы моральдық және материалдық жағынан тозған, қазiргi стандартқа сай емес. Ұзақ уақыттан берi республиканың орталық мемлекеттiк мұрағаттарында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан облыстық мемлекеттiк мұрағаттарында сақталған істер мен құжаттардың көлемi шектi мөлшерден едәуiр асады. Республикада жиырма жылдан астам уақыт iшiнде мемлекеттiк мұрағаттың үлгiлiк ғимараттары салынбаған, ал әкiмшiлiк ғимараттарды жобалау кезiнде құжаттарды ведомстволық сақтау үшiн арнайы үй-жайлар ескерiлмейдi. Осы уақытқа дейiн Алматы облысының, Астана қаласының мемлекеттiк мұрағаттарының жеке ғимараттары жоқ, барлық қалалық, аудандық мұрағаттар бейiмделген үйлерге орналасқан, Көкшетау қалалық мұрағатының ғимараты апатты жағдайда деп танылған.
Мұрағаттарды қазiргi өрт сөндiру, күзет және өртке қарсы сигнализация құралдарымен қамтамасыз ету қолайсыз жағдайда қалып келедi. Тозығы жеткен технологиялық жабдықтар және тиiстi қаржының бөлiнбеуi құжаттарды сақтауды қолайлы температуралық-ылғалдылық режимде ұстауға, олардың физикалық-химиялық сақталуын тиiстi деңгейде қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi. Осындай себептерден Ұлттық мұрағат қорының неғұрлым құнды бөлiктерiнiң түпнұсқаларын жоғалудан немесе бүлiнуден сақтау үшiн сақтық көшiрмелеу, сақталу көлемiн ықшамдау мақсатында құжаттарды осы заманғы жеткiзушi құралдарға көшiру мәселелерi жүзеге асырылмай отыр. Жеке меншiкте және жеке мұрағаттарда, сондай-ақ басқа елдердiң мұрағаттарындағы ғылыми-тарихи және мәдени құндылықтары бар құжаттарды (көшiрмелерiн) сатып алу мүмкiндiгi жоқ.
Компьютерлiк мұрағаттық технологияны, мемлекеттiк мұрағаттарды компьютерлендiрудi енгiзу қазiргi заманғы қажеттiлiктен артта қалған, бүгiнгi күнi 226 мекемеде тек 160 компьютер ғана есепте бар.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамыту және жетiлдiрудi қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламада қойылған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделген: мұрағат ісi мен құжаттама жүйесiн дамытуды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру; нарықтық экономика жағдайында мұрағат iсiн дамытудың және мұрағат саласының жұмыс істеуiнiң оңтайлы моделiн жасау; ақпараттық ресурстарды жинақтау, жүйелеу, iздестiру мен пайдаланудың қазiргi заманғы тетiгiн құру; мұрағат саласының материалдық-техникалық базасын дамыту. 5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi Бағдарламада қойылған мақсат пен мiндеттердi орындау мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүреді. 1. Нормативтiк құқықтық базаны дамыту.
2001-2005 жылдары мұрағат ісiнiң нормативтiк құқықтық базасы жетiлдiрiледi. Бiрiншi кезекте нарықтық экономика жағдайынан туындайтын неғұрлым маңызды проблемаларды шешуге бағытталған мұрағат iсiнде жаңа ағымдар пайда болуы мен технологиялар әкелуге ықпал жасайтын негiз қалаушы нормативтiк құқықтық құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi әзiрлеу көзделедi.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Z980326_ Заңына, "Ұлттық мұрағат қоры туралы" Р991538_ ережеге, мұрағат құжаттарына меншiк құқығын, құжаттың жаңа түрлерiн, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштердегi құжаттарды жинақтау, сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу және пайдалану мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды мемлекеттiк есепке алу, ережелерiне және құжаттардың сақталу мерзiмiне қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделедi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорындағы Құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттiк сақтық қоры туралы, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары шығарудың тәртiбi туралы ережелердi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарында құжаттау мен құжаттама басқарудың үлгiлiк ережесiн, Ведомстволық мұрағаттарда жұмыс істеудiң негiзгi ережелерiн әзiрлеу көзделуде.
2. Ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы мұрағаттар мен құжаттама басқарудың уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының, мұрағаттар мен құжаттама басқарудың жергiлiктi уәкiлетті мемлекеттiк органдарының, мемлекеттiк мұрағаттардың қызметi мұрағат ісi бойынша негiзгi нормативтiк құқықтық кесiмдердi іске асыруға жәрдемдесетiн ғылыми-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеуге бағытталады. Алда дыбыстық-бейнелiк, электрондық, ғылыми-техникалық құжаттамалармен жұмыс істеудiң әдiстемелiк құралдарын дайындау, мұрағат ұйымдарының қызметiндегi ұйымдық-өкiмдiк құжаттамалардың мемлекеттiк стандарттарын, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтаудың техникалық шарттарын әзiрлеу мiндетi тұр. Мұрағат құжаттарын сипаттау, іздеу, есепке алу жөнiнде және оларға ғылыми-анықтамалық аппаратты жасауда халықаралық стандарттарды зерттеп бiлу және енгiзу ұйымдастырылады. Бiрыңғай электрондық құжаттама айналымының жүйесiне көшуге байланысты құжаттармен жұмыс жасаудың мүлде жаңа технологиясының бiрқатарын әзiрлеу мiндетi алда тұр.
3. Материалдық-техникалық жарақтау және кадрмен қамтамасыз ету.
Мемлекеттiк мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын нығайту және мұрағат мекемелерiнiң қызметкерлерiн даярлау (қайта даярлау) жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.
Құжаттық тарихи-мәдени мұраның қауiпсiз және ұзақ сақталуын қамтамасыз ететiн оңтайлы жағдайлар мен параметрлер құру үшiн өрт сигнализациясының заманға сай жүйесi мен өрт сөндiру құралдарын қондыру, микроклимат жасау, сақтаудың температуралық-ылғалдылық режимiн бақылау құралы орнатылады. Стеллаждық, микрофильм мен фотокөшiрме жасау жабдықтарын сатып алу және iшiнара ауыстыру көзделуде.
Мемлекеттiк мұрағаттардың қажетiн қосымша мұрағат қоймалары мен компьютерлiк техникалар арқылы қанағаттандыру көзделедi.
Отандық жоғарғы оқу орындарында, мемлекетаралық және республикалық орталықтарда кадрларды даярлау, мұрағат және іс жүргiзу қызметкерлерiнiң кәсiптiк деңгейiн көтеру мемлекеттiк мұрағаттардың қалыпты жұмыс істеуiн қамтамасыз етуге бағытталған.
4. Мұрағат ісiн ақпараттандыру және құжаттама жүргiзу.
Бұл бағыт мұрағат ісiн дамытуда басымдыққа айналады. "Мұрағат ісi" бағдарламалық кешенiнiң негiзiнде "Республикалық қор тiзiмдемесi" ақпараттық дерекқорын құру аяқталады. Мұрағат ісi тәжiрибесiнде автоматтандырылған технологияны жан-жақты енгiзу мақсатында мұрағат қорларына автоматтандырылған ғылыми-анықтамалық аппаратты құру жөнiнде жұмысты жандандыру, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi кезеңiндегi "Ұлттық мұрағат қорының дерек көздерiн жинақтаудың" республикалық және жергiлiктi дерекқорларын бағдарламалық қамтамасыз ету мен жасау жөнiндегi жұмыстар өрiстетiлетiн болады. Қазақстан тарихына қатысты бiрегей жазба дереккөздердi сақтау, сақтаудағы құжаттамалар көлемiн ықшамдау үшiн құжаттарды жаңа жеткiзушiлерге көшiру, өше бастаған мәтiндердi қайта қалпына келтiру бойынша жаңа мұрағаттық технологиялар енгiзiле бастайды. Интернет жүйесiнде жеке сайт әзiрлеу және оны ашу жоспарланады. Мемлекеттiк органдардың бiрыңғай электрондық құжат айналымын құруға қатысу, оны сынақтан өткiзу көзделедi.
5. Мұрағат құжаттарын пайдалану.
Мұрағат мекемелерiнiң қызметiнде мемлекет пен қоғамды өткендi шолатын құжаттық ақпаратпен қамтамасыз етуде ақпараттық қызмет рыногiнiң сұранысына негiзделген дәстүрлi және жаңа нысандар мен әдiстерге негiзделедi. Мемлекеттік органдардың iшкi және сыртқы саясаттың өзектi мәселелерi жөнiндегi мұрағаттық ақпаратқа қажеттерiн қанағаттандыруға, тарихи ғылымның дереккөздер базасын кеңейтуге басты назар аударылады.
Бұрынғы құпия мұрағат құжаттарын құпиясыздандыруды аяқтау, тарихи деректердi жоспарлы түрде жариялау, тұрақты және көшпелi көрмелер ұйымдастыру жоспарланады. Қазақстан Республикасы үшiн тарихи және мәдени құндылықтарға ие шет мемлекеттердiң мұрағаттарынан құжаттарды (көшiрмелердi) іздестiру және сатып алу жөнiнде шаралар жүзеге асырылады.
Бағдарламаның қойылған мақсаттары мен мiндеттерiн орындау
кезең-кезеңiмен мемлекеттiк бюджеттiң материалдық мүмкiндiктерi шегiнде және бiрiншi кезекте ескерiле отырып, жүзеге асырылады. 6. Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi Бағдарлама мақсаттарына жетуге бағытталған жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджетпен бекiтiлген қаражат шегiнде жүзеге асырылуға тиiс. 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыруға ең төменгi есептiк қажеттiлiк 114,47 миллион теңгенi құрайды, соның iшiнде жылдар бойынша: 2002 - 22,47 млн. теңге; <*> 2003 - 35 млн. теңге; 2004 - 35 млн. теңге; 2005 - 22 млн. теңге. Бағдарламаны қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға арналған бюджет заңнамасын қалыптастыру барысында нақтыланатын болады. Ескерту. 6 бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.13. N 518 қаулысымен. P020518_ 7. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтиже Бағдарламаны iске асыру: мұрағат саласы жұмыс істеуiнiң нормативтiк құқықтық базасын кеңейтуге;
есеп жүргiзу, сақтауды ұйымдастыру және құжаттарды пайдалану мәселелерi бойынша мемлекеттiк мұрағаттық мекемелер, ведомстволық және жекеменшiк мұрағаттардың қызметiнiң нормативтерi мен стандарттарын әзiрлеуге;
мұрағат ісiн дамытудың басымдықты бағыттарын мақсатты қаржыландыруды жүзеге асыруға;
мемлекеттiк және ведомстволық мұрағаттарды материалдық-техникалық жарақтауды жақсартуға және оны қазiргi стандарттарға жақындатуға;
республикалық мемлекеттiк мұрағаттарда (Алматы қаласында), сақтауда тұрған мұрағат қорының бiрегей бөлiгiн сақтау үшiн оңтайлы жағдайды қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасына байланысты шет мемлекеттердiң мұрағаттарынан ғылыми-тарихи және мәдени құндылығы бар құжаттарды (көшiрмелерiн) iздестiру және сатып алу бағдарламаларын әзiрлеуге және оны iске асыруға кiрiсуге;
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрамын және мазмұнын байытуға;
автоматтандырылған жаңа мұрағаттық технологияларды әзiрлеуге және енгiзуге;
сақтауда тұрған құжаттама көлемiн ықшамдауды, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының аса құнды бөлiгiнiң құжаттарын сақтық көшiрмелеудi жаңа жеткiзушiге көшiру арқылы жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Жалпы алғанда, Бағдарламаны iске асыру мемлекеттiк мұрағат мекемелерiнiң нарықтық экономика жағдайына бейiмделу процесiн аяқтауға, 2006 жылы шамамен 17,5 миллион iске дейiн жететiн Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының сақталуын жақсартуға жеткiзедi. Бағдарламаға сәйкес
жұмыс істеп тұрған мұрағат қоймаларын кеңейту және жаңа мұрағат қоймаларын салу Ұлттық мұрағат қоры мен қызметкерлердiң еңбек қызметi мен олардың зейнетақымен қамсыздандыруға ақша аударуы жөнiндегi резервтiк алаңдар жасауға мүмкiндiк туғызады. 8. Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары --------------------------------------------------------------------------- Рет! Іс-шараның атауы ! Аяқтау нысаны ! Жауапты ! Орындау N ! ! ! орындаушы ! мерзімі --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 --------------------------------------------------------------------------- 1. Қазақстан Республикасы Қазақстан Қазақстан 2001 Ұлттық мұрағат қорындағы Республикасы Республикасының жылдың IV Құжаттар көшiрмелерiнiң Үкіметінің Мәдениет, тоқсаны мемлекеттiк сақтық қоры қаулысының ақпарат және туралы ереженi әзiрлеу Жобасы қоғамдық келісім министрлігі, Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті 2. Қазақстан Республикасының Қазақстан Мұрағаттар мен 2001 мемлекеттiк ұйымдарында Республикасы құжаттаманы жылдың ІІІ құжаттау және құжаттама Үкіметінің басқару тоқсаны басқарудың үлгiлiк қаулысының жөніндегі ережесiн әзiрлеу Жобасы комитет 3. Ұлттық мұрағат қорының Қазақстан Мұрағаттар мен 2004 құжаттарын Қазақстан Республикасы құжаттаманы жылдың І Республикасынан тысқары Үкіметінің басқару тоқсаны <*> әкетудiң тәртiбi туралы қаулысының жөніндегі ереженi әзiрлеу Жобасы комитет 4. Қазақстан Республикасының Бұйрық Мұрағаттар мен 2001 мұрағаттық қорларының, құжаттаманы жылдың IV Ұлттық мұрағат қорының басқару тоқсаны құжаттарын тарихи-мәдени жөніндегі мұраның аса құнды комитет объектiсiне жатқызудың тәртiбi туралы ереженi әзiрлеу 5. Қазақстан Республикасының Бұйрық Мұрағаттар мен 2001-2005 Ұлттық мұрағат қорының құжаттаманы жылдар құжаттарын құжаттау, басқару сақтау, өңдеу, есепке жөніндегі алу мен пайдалану комитет жөнiндегi мемлекеттiк, салалық стандарттар, техникалық шарттар әзiрлеу 6. Ведомстволық мұрағаттарда Нормативтік Мұрағаттар мен 2001 жұмыс істеудiң негiзгi құқықтық құжаттаманы жылдың IV ережелерiн әзiрлеу кесім басқару тоқсаны жөніндегі комитет 7. Мемлекеттiк ұйымдардың Бұйрық Мұрағаттар мен 2001 қызметiнде құралатын құжаттаманы жылдың IV құжаттардың, оларды басқару тоқсаны сақтаудың мерзiмдерi жөніндегі көрсетiлген үлгiлiк комитет тiзбесiн әзірлеу 8. Мемлекеттiк мұрағаттардың Нормативтік Мұрағаттар мен 2002 сақтап отырған құқықтық құжаттаманы жылдың ІІ құжаттарының көлемiне кесім басқару тоқсаны қарай штаттық санының жөніндегі нормативтерiн әзiрлеу комитет 9. Саланы қазiргi заманғы Қазақстан Қазақстан Жыл сайын өрт сөндiру жабдықтарымен, Республикасының Республикасының желтоқсан өрт және күзет Үкіметіне есеп Мәдениет, сигнализация жүйелерiмен, ақпарат және температуралық-ылғалдылық қоғамдық келісім режимдерiн бақылау және министрлігі, сақтау, оның iшiнде Мұрағаттар мен кондиционер және құжаттаманы вентиляция құрылғылармен, басқару стеллаж, көшiрмелердi жөніндегі көбейткiш және микрофильм комитет техникасымен жарақтау 10. Қазақстан Республикасы Қазақстан Қазақстан 2002-2005 Ұлттық мұрағат қорындағы Республикасының Республикасының жж. IV Құжаттар көшiрмелерiнiң Үкіметіне есеп Мәдениет, тоқсаны мемлекеттiк сақтандыру ақпарат және қорын құру қоғамдық келісім министрлігі, Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитет 11. Мәтiнi өшуге айналған Қазақстан Қазақстан 2002-2005 құжаттарды қалпына Республикасы Республикасының жж. келтiруге және жаңа Үкіметіне есеп Мәдениет, IV тоқсаны жеткiзушiдегi аса құнды ақпарат және құжаттардың сақтандыру қоғамдық келісім қорын жасау жөнiндегi министрлігі, компьютерлiк Мұрағаттар мен технологияларды енгiзудi құжаттаманы жүзеге асыру басқару жөніндегі комитет 12. Қазақстан Республикасының Бұйрық Мұрағаттар мен 2005 ж. тәуелсiздiк кезеңiндегi құжаттаманы І тоқсаны мемлекеттiк мұрағаттардың басқару жүйелi тiзiмдемелерiне жөніндегі құжатты ақпараттарды жiктеу комитет схемасын әзiрлеу 13. Қызметiнiң негiзгi Қазақстан Қазақстан 2001-2005 бағыттары бойынша Республикасының Республикасының жж. автоматтандырылған Үкіметіне есеп Мәдениет, IV тоқсаны мұрағаттық технологияларды ақпарат және әзiрлеу және енгiзу: қоғамдық келісім - электронды құжат министрлігі, айналымын ұйымдастыру; Мұрағаттар мен - мұрағат қорларын құжаттаманы есепке алу; басқару - құжаттардың физикалық жөніндегі сақталуын қамтамасыз етудi комитет бақылау; - мұрағаттық құжаттарды пайдалануды есепке алу; - толықтырудың көздерi болып табылатын мекемелердiң тiзiмiн жүргiзу; - ғылыми-анықтамалық аппарат жүргізу 14. Мұрағат қызметiнiң Бұйрық Мұрағаттар мен 2001 ж. WЕВ-парағын дайындау құжаттаманы IV тоқсаны басқару жөніндегі комитет 15. Қазақстан Республикасы Қазақстан Қазақстан Жыл сайын үшiн тарихи және мәдени Республикасының Республикасының желтоқсан құндылықтары бар Үкіметіне есеп Мәдениет, құжаттарды (көшiрмелерiн) ақпарат және iздестiру мен сатып алу қоғамдық келісім шараларды жүзеге асыру министрлігі, Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитет 16. Жаңа жеткiзушiлерге Бұйрық Қазақстан 2001-2005 дыбыстық-бейнелiк Республикасының жж. құжаттамаларды көшiру Мәдениет, шараларын ақпарат және ұйымдастырушылық- қоғамдық келісім техникалық іс-шараларды министрлігі, iске асыруға кiрiсу Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитет 17. Мемлекеттiк сақтауға Бұйрық Мұрағаттар мен 2002-2005 құжаттарды, оның iшiнде құжаттаманы жж. электронды басқару жеткiзгiштердегiнi қоса жөніндегі алғанды iрiктеудiң комитет теориясы мен практикасы бойынша әдiстемелiк құралдар әзiрлеу 18. Республикалық және Қазақстан Мұрағаттар мен Жыл сайын аймақтық ғылыми- Республикасының құжаттаманы желтоқсан практикалық Үкіметіне есеп басқару конференциялар, жөніндегі семинарлар, көрмелер комитет өткiзудi ұйымдастыру 19. Мұрағат ісi, құжаттану Қазақстан Қазақстан Жыл сайын және археография саласында Республикасының Республикасының желтоқсан мамандар даярлауды, Үкіметіне есеп Мәдениет, мемлекеттiк мұрағат ақпарат және мекемелерi, ұйымдардың қоғамдық келісім мұрағаттық және іс жүргiзу министрлігі, қызметiндегi Мұрағаттар мен қызметкерлерiнiң кәсiби құжаттаманы бiлiктiлiгiн көтерудi басқару Қазақстан Республикасының жөніндегі жоғары оқу органдары, комитет ғылыми орталықтары арқылы ұйымдастыру 20. Мұрағат ісi саласындағы Қазақстан Мұрағаттар мен 2001-2005 халықаралық ынтымақтастық Республикасының құжаттаманы жж. жөнiнде келiсiмдер мен Үкіметіне есеп басқару IV тоқсаны шарттарды iске асыруды жөніндегі жалғастыру комитет --------------------------------------------------------------------------- Ескерту. 8 бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.13. N 518 қаулысымен. P020518_ Мамандар: Багарова Ж.А., Икебаева А.Ж.