Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 маусым N 797

Қолданыстағы
      Мұрағат iсi саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн

дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - 
Бағдарлама) бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм 
министрлiгi Қазақстан Республикасының Yкiметiне жыл сайын Бағдарламаның 
iске асырылу барысы туралы есеп тапсырсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                           2001 жылғы 11 маусымдағы
                                               N 797 қаулысымен
                                                 бекітілген
     
              Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың
                  2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы

           1. Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың
                2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасының
                                  ПАСПОРТЫ
     
     Бағдарламаның     Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың
     атауы             2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
     
     Бағдарламаны      "Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың
     әзiрлеу үшiн      2001-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы 
     негiздеме         Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы
                       26 қаңтардағы N 146  

P010146_

  қаулысы

     Бағдарламаны      Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және
     негiзгi           қоғамдық келiсiм министрлiгi;
     әзiрлеушiлер      Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және
                       қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мұрағаттар мен
                       құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетi
     
     Iске асырылу      2001-2005 жылдар
     мерзiмi
     
     Бағдарламаның     Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытуды
     мақсаты           және жетiлдiрудi қамтамасыз ету
     
     Бағдарламаның     Мұрағат саласының жұмыс істеуiнiң оңтайлы моделiн
     мiндеттерi        жасау, оны нарықтық экономика жағдайына бейiмдеу
                       Ақпараттық ресурстарды жинақтау, жүйелеу, іздестiру
                       және пайдалану тетiктерiн жетiлдiру
                       Саланың материалдық-техникалық базасын дамыту
     
     Негiзгi           Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және
     iс-шараларды      қоғамдық келiсiм министрлiгi;
     орындаушылар      Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және
                       қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мұрағаттар мен
                       құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетi.
     
     Қаржыландыру      Бағдарламаны қаржыландырудың негiзгi көзi
     көзi және көлемi  республикалық бюджет болып табылады.
                       Бағдарламаны іске асыру үшiн 2002-2005 жылдарға
                       бюджет қаражатына ең төменгi есептiк қажеттiлiк 142
                       миллион теңгенi құрайды. Оның жыл сайынғы көлемi
                       тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы
                       Қазақстан Республикасы Заңымен нақтыланатын болады.
                       Халықаралық ұйымдардың гранттық көмегiн тарту
                       көзделедi.

     Күтiлетiн түпкi   Мұрағат саласының қызметiн жетiлдiру; мемлекеттiк
     нәтиже            мұрағат мекемелерiнiң нарықтық экономика жағдайына
                       бейiмделуiн аяқтау; мемлекеттiк мұрағаттардың 
                       материалдық-техникалық базасын жаңарту және оларды
                       қазiргi стандартқа жақындату

                         2. Кiрiспе



      Мемлекеттiк тетiктiң жұмыс iстеуiнiң бұлжымас шарттарының бiрi оны ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мұратты орындауда мұрағат ісi және құжат жасау маңызды орынға ие болады. Мұрағаттар қоғамның ғылыми, мәдени және әлеуметтiк қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында мемлекеттік органдарға өткендi шолатын құжаттық ақпаратты оңтайлы түрде және көлемде пайдалануға бередi.
      Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 26 қаңтардағы N 146 P010146_ қаулысына сәйкес әзiрлендi.
      Бағдарламаны әзiрлеу мұрағат саласындағы қазiргi ұйымдастырушылық және құқықтық қатынастарды жетiлдiру мемлекеттiк мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жаңалау халықаралық мұрағат ұйымдарында Қазақстанның беделiн көтеру қажеттiлiктерiнен туындады.
      Бағдарламада құжаттық мұраны қалыптастыру мен сақтауда салааралық сипаты бар мұрағат iсiн дамытудың әлемдiк практикасының тәжiрибесi мен қазiргi үрдiстерi ескерiлген.
      Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар "Қазақстан-2030" K972030_ стратегиясымен анықталған елiмiздiң рухани және мәдени дамуының мақсаттары мен мiндеттерiне жауап бередi.

             3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау

      Мұрағат ісiнiң қазiргi жағдайына бiрқатар келеңсiз факторлар әсер етуде. Олардың ішiнде, ең алдымен, мұрағат саласының нормативтiк құқықтық базасының толық еместiгiн, қаржыландыру практикасының қажеттi мөлшерiнiң ең төменгi деңгейде екендiгiн атап өту қажет.
      Қазақстан Республикасындағы ұйымдық-құқықтық нысандағы барлық ұйымдарда құжаттау мен құжаттама басқарудың көптеген мәселелерi құқықтық регламенттеу мен ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi, мемлекеттiк органдар үшiн бiрыңғай электрондық құжат айналымы жүйесiн құруды, мемлекеттiк және ведомстволық мұрағаттарда Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, оларды материалдық-техникалық, қаржымен және кадрмен қамтамасыз етудi талап етедi.
      Мемлекеттiк сақтауға түскен ақпараттардың өсуi мен саланың кадрлық әлеует динамикасының арасында сәйкессiздiк байқалады. Соның iшiнде, тәуелсiздiк алған жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттары екi есеге ұлғайып, iстер 16 миллионға дейiн жеткен кезде, мемлекеттiк мұрағат мекемелерiндегi штаттар саны екi есеге жуық, яғни, мамандар 1905-тен 1093-ке дейiн қысқарды. Мемлекеттiк органдар құрылымына бiрнеше рет оңтайландыру жүргiзiлген кезде, құралған және сақтауда тұрған құжаттар көлемi азаймағанына қарамастан, көбiнесе iс жүргiзу және мұрағат саласындағы қызметкерлер қысқартуға ұшырайды.
      Мемлекеттiк мұрағаттардың материалдық-техникалық базасы моральдық және материалдық жағынан тозған, қазiргi стандартқа сай емес. Ұзақ уақыттан берi республиканың орталық мемлекеттiк мұрағаттарында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан облыстық мемлекеттiк мұрағаттарында сақталған істер мен құжаттардың көлемi шектi мөлшерден едәуiр асады. Республикада жиырма жылдан астам уақыт iшiнде мемлекеттiк мұрағаттың үлгiлiк ғимараттары салынбаған, ал әкiмшiлiк ғимараттарды жобалау кезiнде құжаттарды ведомстволық сақтау үшiн арнайы үй-жайлар ескерiлмейдi. Осы уақытқа дейiн Алматы облысының, Астана қаласының мемлекеттiк мұрағаттарының жеке ғимараттары жоқ, барлық қалалық, аудандық мұрағаттар бейiмделген үйлерге орналасқан, Көкшетау қалалық мұрағатының ғимараты апатты жағдайда деп танылған.
      Мұрағаттарды қазiргi өрт сөндiру, күзет және өртке қарсы сигнализация құралдарымен қамтамасыз ету қолайсыз жағдайда қалып келедi. Тозығы жеткен технологиялық жабдықтар және тиiстi қаржының бөлiнбеуi құжаттарды сақтауды қолайлы температуралық-ылғалдылық режимде ұстауға, олардың физикалық-химиялық сақталуын тиiстi деңгейде қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi. Осындай себептерден Ұлттық мұрағат қорының неғұрлым құнды бөлiктерiнiң түпнұсқаларын жоғалудан немесе бүлiнуден сақтау үшiн сақтық көшiрмелеу, сақталу көлемiн ықшамдау мақсатында құжаттарды осы заманғы жеткiзушi құралдарға көшiру мәселелерi жүзеге асырылмай отыр. Жеке меншiкте және жеке мұрағаттарда, сондай-ақ басқа елдердiң мұрағаттарындағы ғылыми-тарихи және мәдени құндылықтары бар құжаттарды (көшiрмелерiн) сатып алу мүмкiндiгi жоқ.
      Компьютерлiк мұрағаттық технологияны, мемлекеттiк мұрағаттарды компьютерлендiрудi енгiзу қазiргi заманғы қажеттiлiктен артта қалған, бүгiнгi күнi 226 мекемеде тек 160 компьютер ғана есепте бар.

                   4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

     Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамыту 
және жетiлдiрудi қамтамасыз ету болып табылады.
     Бағдарламада қойылған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу 
көзделген:
     мұрағат ісi мен құжаттама жүйесiн дамытуды реттейтiн нормативтiк 
құқықтық базаны жетiлдiру;
     нарықтық экономика жағдайында мұрағат iсiн дамытудың және мұрағат 
саласының жұмыс істеуiнiң оңтайлы моделiн жасау;
     ақпараттық ресурстарды жинақтау, жүйелеу, iздестiру мен пайдаланудың 
қазiргi заманғы тетiгiн құру;
     мұрағат саласының материалдық-техникалық базасын дамыту.

         5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi

     Бағдарламада қойылған мақсат пен мiндеттердi орындау мынадай негiзгi 
бағыттар бойынша жүреді.
     1. Нормативтiк құқықтық базаны дамыту.


      2001-2005 жылдары мұрағат ісiнiң нормативтiк құқықтық базасы жетiлдiрiледi. Бiрiншi кезекте нарықтық экономика жағдайынан туындайтын неғұрлым маңызды проблемаларды шешуге бағытталған мұрағат iсiнде жаңа ағымдар пайда болуы мен технологиялар әкелуге ықпал жасайтын негiз қалаушы нормативтiк құқықтық құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi әзiрлеу көзделедi.
      Осы мақсатта Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Z980326_ Заңына, "Ұлттық мұрағат қоры туралы" Р991538_ ережеге, мұрағат құжаттарына меншiк құқығын, құжаттың жаңа түрлерiн, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштердегi құжаттарды жинақтау, сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу және пайдалану мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды мемлекеттiк есепке алу, ережелерiне және құжаттардың сақталу мерзiмiне қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделедi.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорындағы Құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттiк сақтық қоры туралы, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары шығарудың тәртiбi туралы ережелердi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарында құжаттау мен құжаттама басқарудың үлгiлiк ережесiн, Ведомстволық мұрағаттарда жұмыс істеудiң негiзгi ережелерiн әзiрлеу көзделуде.
      2. Ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету.
      Қазақстан Республикасы мұрағаттар мен құжаттама басқарудың уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының, мұрағаттар мен құжаттама басқарудың жергiлiктi уәкiлетті мемлекеттiк органдарының, мемлекеттiк мұрағаттардың қызметi мұрағат ісi бойынша негiзгi нормативтiк құқықтық кесiмдердi іске асыруға жәрдемдесетiн ғылыми-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеуге бағытталады. Алда дыбыстық-бейнелiк, электрондық, ғылыми-техникалық құжаттамалармен жұмыс істеудiң әдiстемелiк құралдарын дайындау, мұрағат ұйымдарының қызметiндегi ұйымдық-өкiмдiк құжаттамалардың мемлекеттiк стандарттарын, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтаудың техникалық шарттарын әзiрлеу мiндетi тұр. Мұрағат құжаттарын сипаттау, іздеу, есепке алу жөнiнде және оларға ғылыми-анықтамалық аппаратты жасауда халықаралық стандарттарды зерттеп бiлу және енгiзу ұйымдастырылады. Бiрыңғай электрондық құжаттама айналымының жүйесiне көшуге байланысты құжаттармен жұмыс жасаудың мүлде жаңа технологиясының бiрқатарын әзiрлеу мiндетi алда тұр.
      3. Материалдық-техникалық жарақтау және кадрмен қамтамасыз ету.
      Мемлекеттiк мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын нығайту және мұрағат мекемелерiнiң қызметкерлерiн даярлау (қайта даярлау) жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.
      Құжаттық тарихи-мәдени мұраның қауiпсiз және ұзақ сақталуын қамтамасыз ететiн оңтайлы жағдайлар мен параметрлер құру үшiн өрт сигнализациясының заманға сай жүйесi мен өрт сөндiру құралдарын қондыру, микроклимат жасау, сақтаудың температуралық-ылғалдылық режимiн бақылау құралы орнатылады. Стеллаждық, микрофильм мен фотокөшiрме жасау жабдықтарын сатып алу және iшiнара ауыстыру көзделуде.
      Мемлекеттiк мұрағаттардың қажетiн қосымша мұрағат қоймалары мен компьютерлiк техникалар арқылы қанағаттандыру көзделедi.
      Отандық жоғарғы оқу орындарында, мемлекетаралық және республикалық орталықтарда кадрларды даярлау, мұрағат және іс жүргiзу қызметкерлерiнiң кәсiптiк деңгейiн көтеру мемлекеттiк мұрағаттардың қалыпты жұмыс істеуiн қамтамасыз етуге бағытталған.
      4. Мұрағат ісiн ақпараттандыру және құжаттама жүргiзу.
      Бұл бағыт мұрағат ісiн дамытуда басымдыққа айналады. "Мұрағат ісi" бағдарламалық кешенiнiң негiзiнде "Республикалық қор тiзiмдемесi" ақпараттық дерекқорын құру аяқталады. Мұрағат ісi тәжiрибесiнде автоматтандырылған технологияны жан-жақты енгiзу мақсатында мұрағат қорларына автоматтандырылған ғылыми-анықтамалық аппаратты құру жөнiнде жұмысты жандандыру, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi кезеңiндегi "Ұлттық мұрағат қорының дерек көздерiн жинақтаудың" республикалық және жергiлiктi дерекқорларын бағдарламалық қамтамасыз ету мен жасау жөнiндегi жұмыстар өрiстетiлетiн болады. Қазақстан тарихына қатысты бiрегей жазба дереккөздердi сақтау, сақтаудағы құжаттамалар көлемiн ықшамдау үшiн құжаттарды жаңа жеткiзушiлерге көшiру, өше бастаған мәтiндердi қайта қалпына келтiру бойынша жаңа мұрағаттық технологиялар енгiзiле бастайды. Интернет жүйесiнде жеке сайт әзiрлеу және оны ашу жоспарланады. Мемлекеттiк органдардың бiрыңғай электрондық құжат айналымын құруға қатысу, оны сынақтан өткiзу көзделедi.
      5. Мұрағат құжаттарын пайдалану.
      Мұрағат мекемелерiнiң қызметiнде мемлекет пен қоғамды өткендi шолатын құжаттық ақпаратпен қамтамасыз етуде ақпараттық қызмет рыногiнiң сұранысына негiзделген дәстүрлi және жаңа нысандар мен әдiстерге негiзделедi. Мемлекеттік органдардың iшкi және сыртқы саясаттың өзектi мәселелерi жөнiндегi мұрағаттық ақпаратқа қажеттерiн қанағаттандыруға, тарихи ғылымның дереккөздер базасын кеңейтуге басты назар аударылады.
      Бұрынғы құпия мұрағат құжаттарын құпиясыздандыруды аяқтау, тарихи деректердi жоспарлы түрде жариялау, тұрақты және көшпелi көрмелер ұйымдастыру жоспарланады. Қазақстан Республикасы үшiн тарихи және мәдени құндылықтарға ие шет мемлекеттердiң мұрағаттарынан құжаттарды (көшiрмелердi) іздестiру және сатып алу жөнiнде шаралар жүзеге асырылады.
      Бағдарламаның қойылған мақсаттары мен мiндеттерiн орындау

кезең-кезеңiмен мемлекеттiк бюджеттiң материалдық мүмкiндiктерi шегiнде 
және бiрiншi кезекте ескерiле отырып, жүзеге асырылады.

            6. Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi

     Бағдарлама мақсаттарына жетуге бағытталған жұмыстарды қаржыландыру 
республикалық бюджетпен бекiтiлген қаражат шегiнде жүзеге асырылуға тиiс.
     2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыруға ең төменгi 
есептiк қажеттiлiк 142 миллион теңгенi құрайды, соның iшiнде жылдар 
бойынша:
     2002 - 50 млн. теңге;
     2003 - 35 млн. теңге;
     2004 - 35 млн. теңге;
     2005 - 22 млн. теңге.
     Бағдарламаны қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға арналған 
бюджет заңнамасын қалыптастыру барысында нақтыланатын болады.

               7. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтиже

     Бағдарламаны iске асыру:
     мұрағат саласы жұмыс істеуiнiң нормативтiк құқықтық базасын кеңейтуге;


      есеп жүргiзу, сақтауды ұйымдастыру және құжаттарды пайдалану мәселелерi бойынша мемлекеттiк мұрағаттық мекемелер, ведомстволық және жекеменшiк мұрағаттардың қызметiнiң нормативтерi мен стандарттарын әзiрлеуге;
      мұрағат ісiн дамытудың басымдықты бағыттарын мақсатты қаржыландыруды жүзеге асыруға;
      мемлекеттiк және ведомстволық мұрағаттарды материалдық-техникалық жарақтауды жақсартуға және оны қазiргi стандарттарға жақындатуға;
      республикалық мемлекеттiк мұрағаттарда (Алматы қаласында), сақтауда тұрған мұрағат қорының бiрегей бөлiгiн сақтау үшiн оңтайлы жағдайды қамтамасыз етуге;
      Қазақстан Республикасына байланысты шет мемлекеттердiң мұрағаттарынан ғылыми-тарихи және мәдени құндылығы бар құжаттарды (көшiрмелерiн) iздестiру және сатып алу бағдарламаларын әзiрлеуге және оны iске асыруға кiрiсуге;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрамын және мазмұнын байытуға;
      автоматтандырылған жаңа мұрағаттық технологияларды әзiрлеуге және енгiзуге;
      сақтауда тұрған құжаттама көлемiн ықшамдауды, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының аса құнды бөлiгiнiң құжаттарын сақтық көшiрмелеудi жаңа жеткiзушiге көшiру арқылы жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
      Жалпы алғанда, Бағдарламаны iске асыру мемлекеттiк мұрағат мекемелерiнiң нарықтық экономика жағдайына бейiмделу процесiн аяқтауға, 2006 жылы шамамен 17,5 миллион iске дейiн жететiн Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының сақталуын жақсартуға жеткiзедi. Бағдарламаға сәйкес

жұмыс істеп тұрған мұрағат қоймаларын кеңейту және жаңа мұрағат қоймаларын 
салу Ұлттық мұрағат қоры мен қызметкерлердiң еңбек қызметi мен олардың 
зейнетақымен қамсыздандыруға ақша аударуы жөнiндегi резервтiк алаңдар 
жасауға мүмкiндiк туғызады.

       8. Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005       
  жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
---------------------------------------------------------------------------
Рет!      Іс-шараның атауы     ! Аяқтау нысаны !    Жауапты     ! Орындау
 N !                           !               !   орындаушы    ! мерзімі
---------------------------------------------------------------------------
 1 !             2             !       3       !        4       !    5     
---------------------------------------------------------------------------
1.  Қазақстан Республикасы      Қазақстан       Қазақстан        2001 
    Ұлттық мұрағат қорындағы    Республикасы    Республикасының  жылдың IV
    Құжаттар көшiрмелерiнiң     Үкіметінің      Мәдениет,        тоқсаны
    мемлекеттiк сақтық қоры     қаулысының      ақпарат және
    туралы ереженi әзiрлеу      Жобасы          қоғамдық келісім
                                                министрлігі,
                                                Мұрағаттар мен 
                                                құжаттаманы 
                                                басқару жөніндегі 
                                                комитеті
     
2.  Қазақстан Республикасының   Қазақстан       Мұрағаттар мен   2001
    мемлекеттiк ұйымдарында     Республикасы    құжаттаманы      жылдың ІІІ
    құжаттау және құжаттама     Үкіметінің      басқару          тоқсаны
    басқарудың үлгiлiк          қаулысының      жөніндегі
    ережесiн әзiрлеу            Жобасы          комитет
     
3.  Ұлттық мұрағат қорының      Қазақстан       Мұрағаттар мен   2002 
    құжаттарын Қазақстан        Республикасы    құжаттаманы      жылдың І
    Республикасынан тысқары     Үкіметінің      басқару          тоқсаны
    әкетудiң тәртiбi туралы     қаулысының      жөніндегі
    ереженi әзiрлеу             Жобасы          комитет
     
4.  Қазақстан Республикасының   Бұйрық          Мұрағаттар мен   2001
    мұрағаттық қорларының,                      құжаттаманы      жылдың IV
    Ұлттық мұрағат қорының                      басқару          тоқсаны
    құжаттарын тарихи-мәдени                    жөніндегі
    мұраның аса құнды                           комитет
    объектiсiне жатқызудың 
    тәртiбi туралы ереженi 
    әзiрлеу
     
5.  Қазақстан Республикасының   Бұйрық          Мұрағаттар мен   2001-2005
    Ұлттық мұрағат қорының                      құжаттаманы      жылдар
    құжаттарын құжаттау,                        басқару          
    сақтау, өңдеу, есепке                       жөніндегі
    алу мен пайдалану                           комитет
    жөнiндегi мемлекеттiк, 
    салалық стандарттар, 
    техникалық шарттар 
    әзiрлеу
     
6.  Ведомстволық мұрағаттарда   Нормативтік     Мұрағаттар мен   2001
    жұмыс істеудiң негiзгi      құқықтық        құжаттаманы      жылдың IV
    ережелерiн әзiрлеу          кесім           басқару          тоқсаны
                                                жөніндегі 
                                                комитет
     
7.  Мемлекеттiк ұйымдардың      Бұйрық          Мұрағаттар мен   2001
    қызметiнде құралатын                        құжаттаманы      жылдың IV
    құжаттардың, оларды                         басқару          тоқсаны
    сақтаудың мерзiмдерi                        жөніндегі
    көрсетiлген үлгiлiк                         комитет
    тiзбесiн әзірлеу
     
8.  Мемлекеттiк мұрағаттардың   Нормативтік     Мұрағаттар мен   2002
    сақтап отырған              құқықтық        құжаттаманы      жылдың ІІ
    құжаттарының көлемiне       кесім           басқару          тоқсаны
    қарай штаттық санының                       жөніндегі
    нормативтерiн әзiрлеу                       комитет
     
9.  Саланы қазiргi заманғы      Қазақстан       Қазақстан        Жыл сайын
    өрт сөндiру жабдықтарымен,  Республикасының Республикасының  желтоқсан
    өрт және күзет              Үкіметіне есеп  Мәдениет,
    сигнализация жүйелерiмен,                   ақпарат және
    температуралық-ылғалдылық                   қоғамдық келісім
    режимдерiн бақылау және                     министрлігі,
    сақтау, оның iшiнде                         Мұрағаттар мен
    кондиционер және                            құжаттаманы
    вентиляция құрылғылармен,                   басқару
    стеллаж, көшiрмелердi                       жөніндегі
    көбейткiш және микрофильм                   комитет
    техникасымен жарақтау
     
10. Қазақстан Республикасы      Қазақстан       Қазақстан        2002-2005
    Ұлттық мұрағат қорындағы    Республикасының Республикасының  жж. IV   
    Құжаттар көшiрмелерiнiң     Үкіметіне есеп  Мәдениет,        тоқсаны
    мемлекеттiк сақтандыру                      ақпарат және
    қорын құру                                  қоғамдық келісім           
                                                министрлігі, 
                                                Мұрағаттар мен 
                                                құжаттаманы 
                                                басқару 
                                                жөніндегі 
                                                комитет
     
11. Мәтiнi өшуге айналған       Қазақстан       Қазақстан        2002-2005
    құжаттарды қалпына          Республикасы    Республикасының  жж.
    келтiруге және жаңа         Үкіметіне есеп  Мәдениет,        IV тоқсаны
    жеткiзушiдегi аса құнды                     ақпарат және
    құжаттардың сақтандыру                      қоғамдық келісім
    қорын жасау жөнiндегi                       министрлігі,
    компьютерлiк                                Мұрағаттар мен
    технологияларды енгiзудi                    құжаттаманы
    жүзеге асыру                                басқару
                                                жөніндегі
                                                комитет
     
12. Қазақстан Республикасының   Бұйрық          Мұрағаттар мен   2005 ж.
    тәуелсiздiк кезеңiндегi                     құжаттаманы      І тоқсаны
    мемлекеттiк мұрағаттардың                   басқару
    жүйелi тiзiмдемелерiне                      жөніндегі
    құжатты ақпараттарды жiктеу                 комитет
    схемасын әзiрлеу
     
13. Қызметiнiң негiзгi          Қазақстан       Қазақстан        2001-2005
    бағыттары бойынша           Республикасының Республикасының  жж.
    автоматтандырылған          Үкіметіне есеп  Мәдениет,        IV тоқсаны
    мұрағаттық технологияларды                  ақпарат және
    әзiрлеу және енгiзу:                        қоғамдық келісім
    - электронды құжат                          министрлігі,
    айналымын ұйымдастыру;                      Мұрағаттар мен
    - мұрағат қорларын                          құжаттаманы
    есепке алу;                                 басқару
    - құжаттардың физикалық                     жөніндегі
    сақталуын қамтамасыз етудi                  комитет
    бақылау;
    - мұрағаттық құжаттарды 
    пайдалануды есепке алу;
    - толықтырудың көздерi 
    болып табылатын
    мекемелердiң тiзiмiн 
    жүргiзу;
    - ғылыми-анықтамалық 
    аппарат жүргізу
     
14. Мұрағат қызметiнiң          Бұйрық          Мұрағаттар мен   2001 ж.
    WЕВ-парағын дайындау                        құжаттаманы      IV тоқсаны
                                                басқару
                                                жөніндегі
                                                комитет

15. Қазақстан Республикасы      Қазақстан       Қазақстан        Жыл сайын
    үшiн тарихи және мәдени     Республикасының Республикасының  желтоқсан
    құндылықтары бар            Үкіметіне есеп  Мәдениет,
    құжаттарды (көшiрмелерiн)                   ақпарат және
    iздестiру мен сатып алу                     қоғамдық келісім
    шараларды жүзеге асыру                      министрлігі,
                                                Мұрағаттар мен 
                                                құжаттаманы 
                                                басқару 
                                                жөніндегі 
                                                комитет
     
16. Жаңа жеткiзушiлерге         Бұйрық          Қазақстан        2001-2005
    дыбыстық-бейнелiк                           Республикасының  жж.
    құжаттамаларды көшiру                       Мәдениет,
    шараларын                                   ақпарат және
    ұйымдастырушылық-                           қоғамдық келісім
    техникалық іс-шараларды                     министрлігі,
    iске асыруға кiрiсу                         Мұрағаттар мен 
                                                құжаттаманы 
                                                басқару 
                                                жөніндегі 
                                                комитет
     
17. Мемлекеттiк сақтауға        Бұйрық          Мұрағаттар мен   2002-2005
    құжаттарды, оның iшiнде                     құжаттаманы      жж.
    электронды                                  басқару
    жеткiзгiштердегiнi қоса                     жөніндегі
    алғанды iрiктеудiң                          комитет
    теориясы мен практикасы
    бойынша әдiстемелiк 
    құралдар әзiрлеу
     
18. Республикалық және          Қазақстан       Мұрағаттар мен   Жыл сайын
    аймақтық ғылыми-            Республикасының құжаттаманы      желтоқсан
    практикалық                 Үкіметіне есеп  басқару
    конференциялар,                             жөніндегі
    семинарлар, көрмелер                        комитет
    өткiзудi ұйымдастыру
     
19. Мұрағат ісi, құжаттану      Қазақстан       Қазақстан        Жыл сайын
    және археография саласында  Республикасының Республикасының  желтоқсан
    мамандар даярлауды,         Үкіметіне есеп  Мәдениет,
    мемлекеттiк мұрағат                         ақпарат және
    мекемелерi, ұйымдардың                      қоғамдық келісім
    мұрағаттық және іс жүргiзу                  министрлігі,
    қызметiндегi                                Мұрағаттар мен
    қызметкерлерiнiң кәсiби                     құжаттаманы
    бiлiктiлiгiн көтерудi                       басқару
    Қазақстан Республикасының                   жөніндегі
    жоғары оқу органдары,                       комитет
    ғылыми орталықтары арқылы 
    ұйымдастыру 

20. Мұрағат ісi саласындағы     Қазақстан       Мұрағаттар мен   2001-2005
    халықаралық ынтымақтастық   Республикасының құжаттаманы      жж.
    жөнiнде келiсiмдер мен      Үкіметіне есеп  басқару          IV тоқсаны
    шарттарды iске асыруды                      жөніндегі
    жалғастыру                                  комитет
---------------------------------------------------------------------------
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Икебаева А.Ж.