Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 маусым N 777

Жаңартылған

      Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы басқарудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1 - 8. <*>
      Ескерту. 1 - 8-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.11. N 1116 қаулысымен .  
      9. Мыналардың:
      1) Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 23 қарашадағы N 967 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 45, 654-құжат):
      2) "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Мемлекеттiк автомобиль инспекциясының арнаулы баспа өнiмдерiн дайындау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 маусымдағы N 651 қаулысының ;
      3) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Iшкi iстер органдарының мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 4 сәуiрдегі N 433 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 12, 143-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі