Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 шілдедегі N 421 Жарлығын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 сәуір N 567

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Астана қаласының арнайы экономикалық аймағын тарату туралы" 2000 жылғы 28 шілдедегі N 421 U000421_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір

шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
     2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 19 наурыздағы 
N 3872 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 15 мамырдағы N 440  

P980440_

  қаулысының
күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
                  
                                           Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің
                                          2001 жылғы 27 сәуірдегі
                                             N 567 қаулысымен
                                                   бекітілген

           Қазақстан Республикасы Үкіметінің
        кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
     
     1. 
<*>

     Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.21. N 985
              қаулысымен. 

P010985_

 


      2. "Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органның орталық аппараты қызметкерінің өзі тұрып жатқан қызметтікке теңестірілген тұрғын үйді сатып алу шартының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 маусымдағы N 592 P980592_ қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органның орталық аппараты қызметкерінің өзі тұрып жатқан қызметтікке теңестірілген тұрғын үйді сатып алу шартында:
      кіріспедегі: "Ақмола арнайы экономикалық аймағының Әкімшілік кеңесінің" деген сөздер "Астана қаласы әкімінің, жанындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараты қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1316 P981316_ қаулысында:

     2-тармақтағы "Ақмола арнайы экономикалық аймағының Әкімшілік Кеңесі" 
деген сөздер алынып тасталсын.
     4. "Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы 
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қарашадағы
N 1770  

P991770_

  қаулысында:
     1-тармақтағы "- Астана қаласы арнайы экономикалық аймағы әкімшілік 
кеңесі төрағасының," деген сөздер алынып тасталсын;
     4-тармақтағы "- Астана қаласы арнайы экономикалық аймағы әкімшілік 
кеңесінің төрағасы" деген сөздер алынып тасталсын.
               
 
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.