Сапа саласындағы конкурс туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 наурыз N 384

Жаңартылған
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 P000367_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылдан бастап сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын алуға конкурстар және "Қазақстанның жақсы тауарлары" республикалық конкурсы жыл сайын ұйымдастырылсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.27. N 1727
               қаулысымен. P011727_
      2. Қосымшаға сәйкес құрамда сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру жөніндегі комиссия құрылсын.
      3. Қоса беріліп отырған:
      1) Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру ережесі;
      2) "Қазақстанның жақсы тауарлары" республикалық конкурсын өткізу ережесі;
      3) Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
      4. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті 2001 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын алуға материалдарды ресімдеу, ұсыну және сараптау ережесін, Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан

Республикасы Үкіметінің сыйлығын алуға конкурсқа қатысушыларды бағалау 
ережесін, Өнімдерге сараптық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесін 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірлесін 
және бекітсін.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                     Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                       2001 жылғы 26 наурыздағы
                                          N 384 қаулысына
                                                қосымша
     
      Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы
         Үкіметінің сыйлығын беру жөніндегі комиссия құрамы
     
      ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.07. N 1593            
               қаулысымен.  

P011593_

 
     
     Нұрпейісов                - Қазақстан Республикасының
     Қайрат Айтмұхамбетұлы       Мемлекеттік кіріс вице-министрі 
<*>

     
     Ойнаров                   - Қазақстан Республикасының
     Азамат Рысқұлұлы            Табиғи монополияларды реттеу,        
                                 бәсекелестікті қорғау және шағын     
                                 бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі  
                                 төрағасының орынбасары 
<*>

         
     Құлекеев                  - Қазақстан Республикасының
     Жақсыбек Әбдірахметұлы      Экономика және сауда министрі,
                                 төрағаның орынбасары 
<*>

     
     Досқалиев                 - Қазақстан Республикасы Денсаулық
     Жақсылық Ақмырзаұлы         сақтау министрі 
<*>

     
     Андрющенко                - Қазақстан Республикасының
     Александр Иванович          Экономика және сауда вице-министрі
     
     Нұрқиянов                 - Қазақстан Республикасының
     Төлеухан Мұратқанұлы        Ауыл шаруашылығы вице-министрі
     
     Ерғожин                   - Қазақстан Республикасының
     Еділ Ерғожаұлы              Білім және ғылым вице-министрі,
                                 Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                 ғылым академиясының академигі
     
     Ыдырышев                  - Қазақстан Республикасы
     Рахметолла Баязиұлы         Премьер-Министрі Кеңсесінің
                                 Өндірістік сала және инфрақұрылым
                                 бөлімінің консультанты
     
     Пірімқұлов                - Қазақстан Республикасы
     Керім Пірімқұлұлы           Экономика және сауда министрлігінің
                                 Стандарттау, метрология және
                                 сертификаттау жөніндегі
                                 комитетінің төрағасы
     
     Сармурзина                - Қазақстан Республикасы
     Раушан Ғайсақызы            Энергетика және минералдық
                                 ресурстар министрлігінің Мемлекеттік
                                 активтерді басқару департаментінің
                                 директоры, химия ғылымының докторы
     Кәкен                      - Қазақстан Республикасының
     Қарлығаш Ғазизқызы           Көлік және коммуникациялар
                                  министрлігі аппараты басшысының
                                  орынбасары
     
     Кононова                   - Қазақстан Республикасы Сауда-
     Татьяна Ильинична            өнеркәсіп палатасының вице-президенті
                                  (келісім бойынша)
     
     Шамсутдинова               - Қазақстан тұтынушылар ұлттық
     Светлана Юрьевна             лигасының президенті (келісім бойынша)
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                            2001 жылғы 26 наурыздағы
                                                N 384 қаулысымен
                                                   бекітілген
     
          Сапа саласындағы жетістіктері үшін 
           Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                 сыйлығын беру ережесі
     


      1. Сапа саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) ұйымның өнімдер немесе көрсетілетін қызметтер сапасы - саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізген, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені, сондай-ақ ұйымның сапаны басқаруда жоғары тиімді әдістерді енгізгені үшін жыл сайын конкурстық негізде беріледі.
      2. Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру жөніндегі комиссия ұсынысымен (бұдан әрі - Комиссия) жыл сайын салтанатты жағдайда 12-ден аспайтын сыйлық беріледі. Марапаттау рәсімі Дүниежүзілік сапа күніне орайластырылады.
      3. Сыйлықты беру жөніндегі конкурс тиісті қаржы жылына арналған тиісті республикалық бюджетте осы мақсат үшін көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады. Комиссия шешімнің негізінде конкурс жеңімпаздарына сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі сыйлығының иегері атағы беріледі.
      4. Сыйлықты алуға тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен айналысатын, жұмыстарды жүзеге асыратын (қару-жарақ пен әскери техника өндірісін қоспағанда) әр түрлі меншік нысанындағы ұйымдар үміткер бола алады.
      Конкурсқа ұйымдар мынадай номинациялар бойынша қатысады:
      1) алкогольді өнімдер шығаруды жүзеге асыратын ұйымдар;
      2) тамақ өнімдерін (алкоголь өнімдерді қоспағанда) шығаруды жүзеге асыратын ұйымдар;
      3) өндіруші салалар мен металлургия өнеркәсібі ұйымдары;
      4) азық-түлік емес өнімдер тобын шығаруды жүзеге асыратын әрі шағын және орта бизнес кәсіпорындары санатына жатпайтын ұйымдар;
      5) шағын және орта бизнес кәсіпорындары санатына жататын ұйымдар;
      6) өзге қызметтерді көрсететін, басқа жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдар.
      Номинациялардың әрқайсысы бойынша сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығы иегерінің екі дипломын тапсыру көзделген.
      5. Өнімнің бір түрі бойынша сыйлық алған иегер ұйымды оны алуға сол түрі бойынша қайталап ұсынуға екі жыл бойы жол берілмейді.
      6. Ұйымдардың сапа саласында конкурсқа ұсынатын жұмыстарының нәтижесі, конкурсқа қатысуға өтінім бергенге дейін бұл нәтижелер практикада кемінде жарты жыл бұрын іске асырылған жағдайда ғана, қарауға қабылданады.
      7. Комиссия жыл сайын, кезекті конкурс өткізілетін жыл алдындағы желтоқсан айында, бұқаралық ақпарат құралдарында осы конкурстың өткізілетіні туралы хабарлайды.
      Комиссия тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының ұйымдарына шақыру, конкурсқа қатысу талаптарына және шарттарына сәйкестікке ұйымдардың өзін-өзі бағалауы басшылығын жібереді.
      8. Конкурсқа қатысқысы келген ұйымдар Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетіне белгіленген үлгідегі өтінімді береді.
      9. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті конкурсқа 
қатысушы ұйымдар ұсынған материалдарды сараптау үшін Комиссияға береді.
     10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру жөніндегі 
комиссия конкурсқа қатысушыларға кеңес хаттамасының негізінде Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру туралы шешім қабылдайды.
     11. Сыйлыққа ие болған ұйымдарға "Сапа саласындағы жетістіктері үшін 
Қазақстан Республикасы Үкіметі сыйлығының иегері" атағы беріледі, диплом 
мен сыйлық эмблемасы тапсырылады.
     12. Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің сыйлығы иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында 
жарияланады.
     13. Сыйлық эмблемасының және иегер дипломының сипаттамасын Қазақстан 
Республикасының Үкіметі бекітеді.
     14. Иегер ұйым сапа саласындағы өз жұмысының тәжірибесімен танысуға, 
көмек көрсетуге міндетті.
     15. Конкурсқа қатысқан барлық ұйым сапа саласындағы қызметіне баға 
және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар алады.
     
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                          Үкіметінің
                                     2001 жылғы 26 наурыздағы
                                       N 384 қаулысымен
                                            бекітілген
           
            "Қазақстанның жақсы тауарлары"
        республикалық конкурсын өткізу ережесі
     


      1. "Қазақстанның жақсы тауарлары" конкурсын ресми ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті.
      2. Конкурстың негізгі мақсаты:
      1) мемлекеттік, өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың отандық өнімдердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарын жандандыру;
      2) Қазақстан рыногын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдермен молықтыруға көмек көрсету;
      3) отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқарудың және қамтамасыз етудің осы заманғы әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау және көмек көрсету;
      4) сапа проблемаларын шешу қажеттігіне мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;
      5) қазақстандық сапалы өнімдер өндірушілер аттарын қалыптастыру;
      6) халық арасында сапа идеясын кең тарату болып табылады.
      3. Конкурсқа халық тұтынатын тауарлар мен тамақ өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін аймақтық конкурстық комиссияға белгіленген мерзімнен кешіктірмей өтінім және белгілі бір құжаттар жинақтамасын

тапсыру қажет.
     Құжаттар жинақтамасының құрамы:
     1) сапа мен қауіпсіздік туралы сертификаттар және қорытындылар 
(сәйкестік сертификаты, экологиялық сертификат, гигиеналық қорытынды 
ж.т.б.) көшірмесі;
     2) сапа жүйесіне немесе өндіріске арналған сертификат көшірмесі 
(болған ретте);
     3) өнімдердің негізгі тұтыну қасиеттерін сандық мәнде негізгі 
параметрлерін және жай-жапсарын көрсете отырып, сипаттау.
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                         2001 жылғы 26 наурыздағы
                                             N 384 қаулысымен
                                                бекітілген
     
               Сапа саласындағы жетістіктері үшін
          Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын
             беру жөніндегі комиссия туралы ереже
     


      1. Сапа саласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) консультациялық-кеңесші орган болып табылады және мемлекеттік басқару органдарының басшылары, сапаны басқару саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандар, қоғамдық бірлестіктер өкілдері ішінен құрылады.
      Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және ол Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті қызметкерлері ішінен құрылған Комиссияның жұмыс органның ұсынысы бойынша қайта қаралады.
      Комиссия құрамы және оның өзгерісі туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      2. Комиссияға мынадай функциялар жүктеледі:
      1) Сапа саласында Қазақстан Республикасы Үкіметі сыйлығын (бұдан әрі - сыйлық) алуға конкурс өткізу туралы хабарлау;
      2) конкурсқа қатысушылар ұсынатын материалдарды ресімдеу жөніндегі талаптарды және оларды ұсыну шарттарын белгілеу;
      3) конкурсқа қатысушылардан түсетін материалдарды қабылдау және конкурсқа одан әрі қатысушы ұйымдарды іріктеу;
      4) түскен материалдарды сараптауға сапа жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды және білімнің тиісті салаларындағы мамандарды тарта отырып, қарау;
      5) конкурсқа одан әрі қатысуға жіберілмеген конкурс қатысушыларына сараптық қорытындыларды жіберу;
      6) сыйлық беру туралы ұсыныстық хаттамалық шешім қабылдау;
      7) сыйлық иегерлерін марапаттау рәсімін ұйымдастыру;
      8) сыйлық иегерлерінің тәжірибесін және жетістіктерін таратуға көмек көрсету.
      3. Комиссия жұмысын мемлекеттік басқару органдарымен, атқарушы өкіметпен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асырады.
      Комиссия сыйлық алуға ұсынылған материалдарды алдын ала қарау және

жан-жақты бағалау, олар бойынша қорытындылар мен ұсыныстар дайындау үшін 
секциялар мен сарапшылар топтарын құрады.
     4. Комиссия мәжілісі оның жұмыс органының бастамасы бойынша 
қажеттілігіне қарай өткізіледі.
     Комиссия мәжілісі Комиссия мүшелері құрамының кемінде 2-3-сі болған 
ретте құқықты деп есептеледі.
     Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы жәй көпшілік дауыспен 
қабылданады.
     Ұйымға сыйлық беру үшін оған кемінде 3/4 дауыс берілуі тиіс.
     5. Комиссияның сыйлық беру туралы шешімі Комиссияның ашық дауыс беруі 
нәтижесі бойынша қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс 
берген шешім қабылданды деп есептеледі.
     Шешім хаттамамен ресімделеді. Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің өкімі үшін ұсыныстық сипатта болады.
     
     
     
     
 Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.