2001 жылы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 наурыз N 329

Қолданыстағы
      "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z000131_ Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы төлемдерінің мөлшерін 455 теңгеге (2000 жылы 3500 теңге мөлшерінде белгіленген ең аз зейнетақы төлемінің 13 пайызы) арттыруды жүргізсін. Бұл ретте арттыруды қоса есептегендегі зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2001 жылы белгіленген ең аз зейнетақы мөлшері - 4000 теңгеден кем болмауға тиіс.
      2. "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттырудың тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1854 P991854_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж.,

N 53, 528-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
     Ереженің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Осы Ережеге сәйкес жыл сайын оларды арттыруды қоса есептегенде 
10000 теңгеден аспауға тиісті Орталықтан төленетін көрсетілген сомадан 
аспайтын зейнетақы төлемдерінің мөлшері арттырылады".
     3. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі     


 Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.