1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгінiң "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында аталған оқу орнына бөлiнген қаражат пен штат санының шегінде әскери кафедра құру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттігi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгімен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын.
3. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердің (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тізбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094 P941094_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 40, 439-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы ережеде:
17-тармақтың үшiншi абзацында:
"Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрiк университетi" деген
сөздерден кейiн ", Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы" деген сөздермен толықтырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiнде: "Медицина академиялары" деген тарау мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы" Шымкент қаласы". 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.