1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
1) 2001 жылғы егiннiң 9353-90 МЕМСТ-ға сай бидайдың үшiншi сыныпты жұмсақ сорттарын, есепке алынған салмағының бiр тоннасы үшiн қосымша құн салығын қоса алғанда және бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылатын тұлғалар үшiн - қосымша құн салығын есептемегенде, франко-элеватор шартымен 80 (сексен) АҚШ долларына баламалы баға бойынша 5 276 553 656 (бес миллиард екі жүз жетпіс алты миллион бес жүз елу үш мың алты жүз елу алты) теңгеге дейін сомаға 448 970 (төрт жүз қырық сегіз мың тоғыз жүз жетпіс) тоннаға дейiнгi көлемде, бұл ретте: <*>
2 686 740 863 (екі миллиард алты жүз сексен алты миллион жеті жүз қырық мың сегіз жүз алпыс үш) теңгеге дейін сомаға 229 970 (екі жүз жиырма тоғыз мың тоғыз жүз жетпіс) тоннаға дейінгі көлемде - 2001 жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде қаржыландыру арқылы жеткізілім шарты негізінде; <*>
2 589 812 793 (екі миллиард бес жүз сексен тоғыз миллион сегіз жүз он екі мың жеті жүз тоқсан үш) теңгеге дейін сомаға 219 000 (екi жүз он тоғыз мың) тоннаға дейiнгi көлемде - күзде, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қосымша шешiмiнiң негiзiнде; <*>
2) 2001 жылғы егiннiң 6293-90 МЕМСТ-ға сай үшiншi сыныпты күрiш дақылының есепке алынған салмағының бiр тоннасы үшiн қосымша құн салығын қоса алғанда және бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылатын тұлғалар үшiн - қосымша құн салығын есептемегенде, франко-элеватор шартымен 100 (жүз) АҚШ долларына баламалы баға бойынша 136 846 344 (жүз отыз алты миллион сегіз жүз қырық алты мың үш жүз қырық төрт) теңгеге дейiн сомаға 9 289 (тоғыз мың екi жүз сексен тоғыз) тоннаға дейiнгi көлемде, бұл ретте: <*>
48 046 344 (қырық сегiз миллион қырық алты мың үш жүз қырық төрт) теңге сомасына 3 289 (үш мың екi жүз сексен тоғыз) тоннаға дейінгі көлемде - 2001 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде қаржыландыру арқылы жеткізілім шарты негізінде; <*>
88 800 000 (сексен сегіз миллион сегіз жүз мың) теңгеге дейiн сомаға 6 000 (алты мың) тонна көлемiнде - күзде, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қосымша шешiмiнiң негiзiнде, тек отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерден ғана мемлекеттiк сатып алу жүргiзудi қамтамасыз етсiн. <*>
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi 2001 жылғы 1 қыркүйекке дейiн белгiленген тәртiппен күзгi сатып алудың шарттарын регламенттейтiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын енгiзсiн. <*>
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.04.06. N 449 қаулысымен. P010449_ Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.04. N 915 қаулысымен. P010915_ ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.06. N 1151 қаулысымен. P011151_ 2. Қоса берiлiп отырған 2001 жылғы егiннiң астығын мемлекеттік сатып алу ережесi бекiтiлсiн. <*> Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.04. N 915 қаулысымен. P010915_ 3. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы 2001 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агент болып белгiленсiн. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 155 қаулысымен бекiтiлген Ескерту. Ереже өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.04. N 915 қаулысымен. P010915_ 2001 жылғы егiннiң астығын мемлекеттік сатып алу ережесi <*> І. Сатып алу шарттары
1. 2001 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алудың тағайындалуы - азық-түлiктiк астықтың мемлекеттiк резервiн жаңалау үшiн астықты жеткізілім шарты негiзiнде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге көктем мен жазда тұқым, жанар-жағармай материалдарын, тыңайтқыштарды, гербицидтердi, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн қосалқы бөлшектердi сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға немесе сатып алуға мақсатты түрде қаражат бөлу арқылы астық өндiрiсiн мемлекеттік қолдау. <*>
2. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi (бұдан әрi - Сатушы) - бұл өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн тауарлық өндiрумен айналысатын заңды немесе жеке тұлға.
3. Сатып алу тек екiншi деңгейлi банктердiң кепiлдемесi арқылы жүргiзiледi және "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Корпорация) арқылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі (бұдан әрi - Ауылшарминi) тендерлiк негiзде iрiктеген желiлiк астық қабылдау кәсiпорындарында жүзеге асырылады.
Сатып алуға қатысуға оларға рұқсат беру үшiн астық қабылдау кәсiпорындарын iрiктеудiң негізгi өлшемдерi - сақтау қызметi үшiн ең төменгi тарифтер. <*>
4. Бiр сатушы 15 мың тоннаға дейiнгi көлемдегi астыққа бiр өтiнiм ғана бере алады.
II. Сатып алуды жүргiзу мен оны қаржыландырудың тәртiбi
5. Осы қаулы жарияланғаннан кейiн Корпорация республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында астықты сатып алуға және сақтауға рұқсат етiлген астық қабылдау пункттерiнiң тiзiмiн, өтiнiмдердi беру мен оларды комиссияның қарауы мерзiмдерiн және басқа да шарттарын жариялайды.
6. Өз астығын сатуға мүдделi сатушылар Ауылшарминi мен Корпорацияның өкiлдерiнен Ауылшарминi құрған комиссияға екiншi деңгейлi банктердiң Сатушыға кепiлдеме беру ниетi туралы хатын мiндеттi түрде көрсету арқылы өтiнiмдердi, жердi пайдалану құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн тапсырады.
"Қазақстанның Астық Одағы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң, Қазақстан фермерлерi ұлттық федерациясының және басқа да ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң ұсыныстары бойынша комиссия құрамына олардың да өкiлдерi ене алады.
7. Комиссия сатушылардың тiзiмiн ең төменгi өтiнiмнен бастап мынадай кезекпен белгiлейдi: 1 мың тоннаға дейiн; 2 мың тоннаға дейiн; 5 мың тоннаға дейiн; 10 мың тоннаға дейiн; 15 мың тоннаға дейiн.
Тең жағдайда шаруа (фермерлiк) қожалықтарына артықшылық берiледi.
8. Комиссия анықтаған сатушы, Корпорацияның облыстық өкiлдiктерiмен
астық жеткiзiлiмi туралы шарт жасасады. Yлгi шарт нысанын Ауылшарминi бекiтедi. Шарт жасасу үшiн сатушы салық қызметi органдарынан сатушы қосымша құн салығын немесе бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылатынын растайтын анықтаманы, екiншi деңгейлi банктiң кепiлдемелiк мiндеттемесiн көрсетедi. 9. Ауылшарминi Корпорациямен бiрлесiп жеткiзiлiм шарттары бойынша Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасындағы арнаулы шоттан Сатушының шотына ақшаны теңгемен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң төлем жасалатын күнгi бағамы бойынша аударады. III. Сатып алынған астықты сақтау 10. Сатып алынған астықты сақтау Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегi N 1506 P991506_ қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 11. Астық қабылдау кәсiпорындары, үлгiлiк нысанын Ауылшарминi бекiтетiн, сатып алынған астықты сақтауға Корпорациямен шарт жасасады. IV. Сатып алынған астықты сату және қаржы ресурстарын қайтару 12. Сатып алынған астықты сатуды Корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
13. Мемлекеттiк ресурстардың астығын сатудың шарттары, мерзiмдерi
және ең төменгi бағасы Ауылшарминiмен келiсiм бойынша рынок конъюнктурасы негiзiнде анықталады. Бұл ретте ең төменгi баға, мемлекеттiк ресурстардың астығын сақтау шығындарын есепке алумен бiрге, сатып алу бағасынан төмен болмауы тиiс. 14. Астықтың мемлекеттiк сату ресурстарын сатудан түскен қаражат, оның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн Корпорацияның комиссиялық сыйақыны және астықтың мемлекеттiк ресурстарын сақтау, сату шығыстарын шегере отырып, оны алғаннан кейiн 3 банктiк күн ішiнде республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылады. V. Сатып алуға қатысушылардың жауапкершiлiгi 15. Сатып алуға қатысушылардың жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады. Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.