ҚК-нiң 67-бабын қолдану жөнiндегi сот практикасы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2001 жылғы 21 маусым N 4

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кiнәлi адамның жәбiрленушімен татуласуына байланысты ҚК-нiң K970167_ 67-бабының негізiнде қылмыстық жауапкершiлiктен босату жөніндегi сот тәжiрибесiнiң қорытындыларын талқылап, соттардың аталған заңның нормаларын бiрыңғай қолдануы мақсатында төмендегiдей түсiндiрме беру жөнiнде қаулы етеді:

      1. Тараптарды татуластыру институтын дұрыс қолдану жәбірленушiнiң қылмыстық процестегі рөлi мен белсенділігін арттыруға, оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын тез қалпына келтiруге жәрдемдеседi, сонымен бiрге кiшiгірiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысты алғаш рет жасаған, соңынан жәбiрленушiмен татуласу және зиянның есесiн толтыру түрiнде байқалатын оң тәртiбiмен танылған кiнәлi адамдарға адамгершiлiкпен қарауға бағытталған.
      2. ҚК-нiң 67-бабына сәйкес жәбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершiлiктен босату мына төрт негiздiң жиынтығы болғанда ғана мүмкiн болады:
      а) кiнәлi адамның қылмысты алғаш рет жасауы;
      б) кiнәлi адам жасаған әрекеттiң кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатуы;
      в) кiнәлi адамның жәбiрленушiге келтiрген зиянның есесiн толтыруы;
      г) қылмысты жасаған адамның жәбiрленушiмен татуласуы.
      Осы аталған негiздердiң ең болмағанда бiреуi болмаған жағдайда ҚК-нiң 67-бабын қолдануға болмайды.
      Заңның осы талаптарының, кiнәлi адамның жәбiрленушiмен татуласуына байланысты, қозғалуы мен тоқтатылуының ерекше тәртiбi ҚIЖК-нiң Z970206_ 32-бабының 2-бөлiгінде, 33, 37-баптарында көрсетiлген жеке айыптау iстерiне қолданылмайтынын назарда ұстау қажет.
      3. Қылмыстар санатын ауырлық дәрежесi бойынша ҚК-нiң 67-бабы қолданылуы мүмкiн кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыстар деп дәрежелеу кезiнде ҚК-нiң 10-бабының 2 және 3-бөлiктерінің талаптарын қатаң басшылыққа алу қажет.
      4. Бiрiншi рет жасалған қылмысқа, адамның шын мәнiсiнде бiрiншi рет жасаған әрекетi не қайталанып жасаған әрекетi, бiрақ егер адам бұрын жасалған қылмысы үшiн заңмен белгіленген тәртiппен қылмыстық жауапкершiлiк пен жазадан босатылса не оның сотталғандығы жойылса немесе алынса жатады.
      Адам екi және одан да көп қылмыс жасаған жағдайда (олар бiрнеше рет жасалған жағдайларда, сондай-ақ шын мәнiсiндегі әрi таза жиынтықты алып қарағанда) олардың бiрде бiреуi үшiн жауапкершiлiк туралы мәселе шешiлмеген кезде ҚК-нiң K970167_ 67-бабын қолдануға жол берiлмейдi, өйткенi мұндай адамдарды бiрiншi рет қылмыс жасаған адамдар деп тануға болмайды. Бұл ретте осы әрекеттердiң әрқайсысы үшiн қылмыстық қудалаудың бiр өндiрiсте не өз алдына бөлек қылмыстық iсте жүзеге асырылуы маңызды емес.
      5. Кiнәлi адам есесiн толтыруға жататын зиянға қылмыс арқылы жәбірленушiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлетiн немесе моральдық кез келген зиянды жатқызу қажет, бұл ретте тек тiкелей шығындар ғана емес, сонымен бiрге қылмысқа байланысты, оның iшiнде өкiлге жұмсалатын шығынды қоса алғанда, алдын ала тергеуге, сотқа қатысуға байланысты жұмсалған шығындарды зиянға жатқызған дұрыс.
      Зиянның есесiн толтыру бүлiнген мүлiктi қалпына келтiру, ұрланған мүлiктi қайтарып беру немесе тап сондай мүлiктi ұсыну, ақшалай өтем төлеу, дәрi-дәрмектердi, санаторлық-курорттық жолдамаларды сатып әперу, жәбiрленушiнiң алдында кешiрiм сұрау түрiнде және заңмен тыйым салынбаған басқа да нысандарда болуы мүмкiн.
      6. Жәбiрленушiге нақтылы қандай зиян келтiрiлгенiн және кiнәлi адамның оның есесін толық толтырғанын мұқият анықтау қажет. Келтiрiлген зиян үшiн жасалатын өтем кiнәлi адамның тұрғысынан емес, жәбiрленушiнiң көзқарасымен алып қарағанда жеткiлiктi болуға тиiс.
      Қылмыстық қудалау органдары мен сот жәбiрленушiнiң есесiн толтыруға жататын зиянның көлемi туралы талабын шектеуге құқылы емес.
      Тараптардың арасында зиянның көлемi туралы даудың болуы татуласпағандықты бiлдiредi және кiнәлi адам мұндай жағдайда ҚК-нiң 67-бабының негізiнде қылмыстық жауапкершіліктен босатылуға тиiс емес.
      Зиянның есесiн толтыру тараптардың татуласуы мен кiнәлi адамды қылмыстық жауапкершiлiктен босату туралы шешiм қабылдаудың алдында шынайы iске асуға тиiс. Жәбiрленушiнiң зиянның есесiн толтыру туралы кiнәлi адамға қойған талабынан ерiктi түрде бас тартуы кiнәлi адамның осы зиянның есесiн толтыру мiндетiн орындамауы болып бағалануға тиiс емес және тараптардың өз бетімен татуласуы үшiн кедергі бола алмайды.
      ҚК-нiң K970167_ 67-бабын қолдану үшiн зиянның кiмнiң, атап айтқанда кiнәлi адамның тiкелей өзiнiң немесе оның өтiнiшi бойынша туыстарының, басқа адамдарының не ұйымның есесiн толтыруы кедергi болмайды.
      7. Татуласу жәбiрленушiнiң кiнәлi адамға қарсы қозғалған қылмыстық iстi тоқтату туралы өтінiшi түрiнде болады. Жәбiрленушінiң еркiн бiлдiруi жазбаша арызбен ресiмделедi немесе алдын ала тергеу барысында одан сұрақ алу хаттамасында не сот отырысының хаттамасында көрсетiледi.
      8. Жәбiрленушінiң оның татуласу құқығын жүзеге асыру кезiнде өз еркiн ерiктi түрде және емiн-еркiн бiлдiруi iс бойынша дәлелдеу пәнiне кiредi. Жәбiрленушiнiң кiмнiң болса да күштеуiмен берген арызы кiнәлi адамды қылмыстық жауапкершiлiктен босату үшiн негiз бола алмайды.
      Басқа адамдардың (туыстардың, дос-жарандардың, қызметтестердiң, мемлекеттiк ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiнiң және т.б.) тараптардың келісiмi бойынша татуласу рәсiмiне қатысуы жәбiрленушiнiң ерiктiлігін және татуласу құқығына еркiндігінiң барын бiлдiредi.
      Қылмыстық қудалау органдары мен сот қандай да болмасын мақсатпен тараптардың татуласу процесiне қатысуға құқылы емес, олар бар болғаны жәбiрленушi мен кiнәлi адамға татуласу құқығын түсiндiруге тиiс.
      9. Қылмыстық қудалау органдары мен соттар адамдарға жәбiрленушi мәртебесiн берген кезде заңның талаптарын қатаң сақтап, жәбiрленушi деп танудан негiзсiз бас тартуы, сондай-ақ шын мәнiсiнде жәбiрленушi болып табылмайтын адамға жәбiрленушiнiң құқықтарын заңсыз беру оқиғаларын тәжiрибеде болдырмаулары қажет.
      ҚІЖК-нiң Z970206_ 75-бабы бойынша жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға да жәбiрленушi болуы мүмкiн. Қылмыстық қудалау органдары мен сот жәбiрленушінiң өкiлi ретiнде кiнәлi адаммен татуласуға қатысатын заңды тұлғаның өкiлеттігін тексеруге тиiс. Мұндай өкiлеттiктер iске қатысуға арналып берiлген сенiмхатта көрсетiлуi керек.
      Жәбiрленушi жоқ iстер бойынша ҚК-нiң K970167_ 67-бабын қолдануға болмайды.
      10. Кәмелетке толмаған (он төрт жастан он сегіз жасқа дейiнгi) не әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған жәбiрленушiнiң кiнәлi адаммен татуласуы жәбiрленушiнiң заңды өкiлiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге асуы мүмкiн.
      Заңды өкiлдер болып табылатын адамдардың шеңберi ҚIЖК-нiң 7-бабының 22-тармағында белгіленген және кеңейтiлуге жатпайды.
      11. Егер жәбiрленушi кәмелетке толмаған (он төрт жасқа жетпеген), сондай-ақ әрекет қабiлетi жоқ деп танылған азамат болса, олардың құқықтарын, оның iшiнде татуласу құқығын толық көлемiнде заңды өкiлдер жүзеге асырады.
      Қылмыстық қудалау органдары мен сот ҚК-нiң 67-бабын қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде заңды өкiлдердiң татуласу құқығын жәбiрленушiнiң өзiне залал келтiретiндей етiп пайдалануына жол бермеуге тиiс.
      12. Қылмыстың салдары жәбiрленушiнiң өлiмiне душар еткен iстер бойынша ҚК-нiң 67-бабы қолданылуы мүмкiн. Мұндай iстер бойынша, ҚIЖК-нiң K970167_ 75-бабының 11-бөлiгiне сәйкес, қайтыс болған адамның қылмыстан моральдық зиян шеккен жақын туыстары жәбiрленушiлер болып таныла алады. ҚIЖК-нiң 38-бабына сәйкес оларға осы қылмысты жасаған адаммен татуласу құқығы тиесiлi.
      Жәбiрленушілердiң ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асыралып алынған балалары, бiрге туған және өгей аға-інілерi, апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi оның жақын туыстары болып табылады. ҚIЖК-нiң 7-бабының 24-тармағында көрсетiлген осы адамдардың тiзбегі түпкiлiктi болып табылады және кеңейтiлуге жатпайды.
      13. ҚIЖК-нiң 38-бабының 1-бөлiгiне сәйкес, адамды оның жәбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершiлiктен босатуды реттейтiн заңның нормасы (ҚК-нiң 67-бабы) факультативтiк (мiндеттi емес) болып табылады. Сот, прокурор, сондай-ақ тергеушi мен анықтаушы орган прокурордың келiсiмiмен сотқа дейiн iс жүргізу сатысында осындай босатуды қылмыстың барлық мән-жайын және кiнәлi адамның жеке басын ескере отырып өз қалауы бойынша қолдана алады.
      14. Заң екi және одан да көп объектiге қол сұғатын қылмыстар туралы iстер (мысалы, бұзақылық, әскери қылмыс және т.б.) бойынша ҚК-нiң 67-бабын қолдануға жол бередi. Осы санаттағы iстер бойынша қылмыстық процесті жүргізетiн орган, тiкелей қылмыспен моральдық, денесiне немесе мүлкiне зиян келтiрген барлық адамдарды заңға сәйкес жәбiрленушiлер деп тануға мiндетті.
      Осы санаттағы iстер бойынша кiнәлi адамды қылмыстық жауапкершiлiктен босату туралы мәселенi шешу кезiнде кiнәлi адаммен татуласқан жәбiрленушiнiң айқындамасымен қатар, әрекеттiң өзiнiң сипаты мен қоғамдық қаупiн, сондай-ақ кiнәлi адамның жеке басын, қылмыстың болу салдары мен iстiң басқа да елеулi мән-жайларын ескеруi қажет. Егер жәбiрленушiлердiң ең болмағанда бiреуiмен татуласу болмаса кiнәлi адам ҚК-нiң 67-бабының негізiнде қылмыстық жауапкершiлiктен босатуға жатпайды.
      15. ҚIЖК-нiң Z970206_ 38-бабының 1-бөлiгiне сәйкес ҚК-нiң 67-бабын қолдану үшiн негiздер болған кезде сот қылмыстық iстi қысқарту не кiнәлi адамды қылмыстық жауапкершiлiктен босату жөнiнде айыптау үкiмiн қабылдауға құқылы.
      Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы iстi алдын ала тыңдау сатысында және басты сот талқылауының кез келген сатысында шығарылуы мүмкiн.
      Yкiм тек басты сот талқылауы аяқталғаннан кейiн шығарылуы мүмкін.
      Сот ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотқа берiлген кiнәлi адамның әрекеттерiнде шын мәнiсiнде кiшiгiрiм және орташа ауырлықтағы қылмыс құрамы және ҚК-нiң 67-бабын қолдану үшiн негiз бар деп таныған жағдайларда да үкiм шығарады.
      16. Заң, қылмыстық iстi ҚК-нiң 67-бабының негiзiнде қысқартуды ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатуға жатқызады. Iс қысқартылғанға дейiн кiнәлi адам мен жәбiрленушiге iстi қысқартудың негiзiнiң құқықтық салдары мен осы негiз бойынша iстi қысқартуға қарсылық бiлдiру құқығы түсiндiрiлуге тиiс. Жәбiрленушiге, сондай-ақ оның ҚК-нiң 67-бабы бойынша iс қысқартылғаннан кейiн, осы iс бойынша сол кiнәлi адамға қатысты сол айып бойынша қылмыстық қудалауды жаңғырту туралы мәселе қоюға құқылы емес екенiн түсiндiру қажет.
      Егер сезiктi, айыпкер немесе жәбiрленушi iстiң қысқартылуына қарсы болса, онда ҚIЖК-нiң 38-бабының 5-бөлiгiне сәйкес iстiң қысқартылуына жол берiлмейдi. Мұндай жағдайда iс бойынша өндiрiс кәдуiлгi тәртiп бойынша жалғастырылады.
      17. Қылмыстық қудалау органдары немесе сот шығарған қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы, сондай-ақ үкiм заң бойынша осы процессуалдық құжаттарға қойылатын талаптарға (тиiсiнше ҚIЖК-нiң 269-бабының 5-8 бөлiктерi, 307, 325, 377-380, 383-баптары) сәйкес болуға тиiс. Бұған қоса онда ауырлық дәрежесi бойынша қылмыс санаты көрсетiле отырып әрекетке заңды түрде баға берiлуге, адамның осы қылмысты бiрiншi рет жасап отырғаны расталуға, татуласудың ерiктi түрде болғаны аталып өтiлуге, келтiрiлген зиянның есесiн толтырудың нақтылы қалай iске асқаны көрсетiлуге тиiс.
      18. Татуласу туралы арыз тек анықтау, алдын ала тергеу кездерiнде және бiрiншi сатыдағы сотта берiледi. Қылмыстық қудалау органы мен сот, татуласу үшiн қажеттi жоғарыда атап көрсетiлген шарттар жиынтығы болған жағдайда, ҚК-нiң 67-бабын қолдану туралы мәселенi талқылауға және

қабылданған шешiмдi дәлелдеуге тиiс. 
     19. ҚIЖК-нiң  

Z970206_

  438-бабына сәйкес, егер бiрiншi сатыдағы сотта 
ҚК-нiң  

K970167_

  67-бабын қолдану үшiн негіз бола алатын мән-жайлар 
анықталған, алайда сот осы заңды заңсыз немесе негізсiз қолданбаған 
жағдайларда ғана ҚК-нiң 67-бабының негізiнде кассациялық және қадағалау 
тәртiбiмен қылмыстық жауапкершiлiктен босатуға жол берiледi. 
     
     Қазақстан Республикасы Жоғарғы 
     Сотының Төрағасы 
     
     Пленум хатшысы, 
     Қазақстан Республикасы 
     Жоғарғы Сотының судьясы 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.