Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану жөнiндегi сот практикасы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2001 жылғы 21 маусым N 4

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қылмыс жасаған адамның жәбiрленушімен татуласуына байланысты ҚК-нiң 67-бабының  негізiнде қылмыстық жауапкершiлiктен босату жөніндегi сот тәжiрибесiнiң қорытындыларын талқылап, соттардың аталған заңның нормаларын бiрыңғай қолдануы мақсатында төмендегiдей түсiндiрме беру жөнiнде қаулы етеді: <*>
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      1. Тараптарды татуластыру институтын дұрыс қолдану жәбірленушiнiң қылмыстық процестегі рөлi мен белсенділігін арттыруға, оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын тез қалпына келтiруге жәрдемдеседi, сонымен бiрге кiшiгірiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасаған, соңынан жәбiрленушiмен татуласу және зиянның есесiн толтыру түрiнде байқалатын оң тәртiбiмен танылған адамдарға адамгершiлiкпен қарауға бағытталған. <*>
      Қылмыстық процесті жүргізуші орган кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамға және жәбірленушіге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК-нің) 67-бабына сәйкес татуласу құқығын, негіздері мен тәртібін түсіндіруге міндетті. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      2. ҚК-нің 67-бабы кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстар жасаған адамдарға қолданылады. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстың санатын анықтау барысында ҚК-нің 10-бабының  2 және 3-бөліктерінің талаптары қатаң басшылыққа алынуға тиіс. <*>
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      3. ҚК-нің 67-бабының 1-бөлігіне сәйкес кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған адам мынадай негіздер жиынтығы болған жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатылуға жатады:
      а) жасаған әрекеті онша ауыр емес қылмыстар санатына жатса;
      б) қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласса;
      в) қылмыс жасаған адам жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырса.
      Бұл орайда адамның мұндай қылмысты алғаш рет жасағанының не оның әрекеттерінде қылмыстардың бірнеше мәрте жасалғанының, жиынтығының немесе қайталанғанының, оның бұған дейінгі үкім бойынша жазасын өтегендігінің немесе жазасын өтеу барысында не сынақ мерзімі ішінде немесе үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған кезде не мерзімінен бұрын-шартты босатылғанда жазаның қалған өтелмеген бөлігінде жаңа қылмыс жасағанының маңызы болмайды.
      Заңның нақ осы нормасы бойынша орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер мынадай негіздердің жиынтығы болса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылуға жатады:
      а) жасаған әрекеті орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатпаса және адамның қайтыс болуымен немесе жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты болмаса;
      б) қылмыс алғаш рет жасалса;
      в) қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласса;
      г) қылмыс жасаған адам жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырса.
      Осы аталған негіздердің ең болмағанда біреуі орындалмаған жағдайда ҚК-нің 67-бабының 1-бөлігін қолдануға болмайды. <*>
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      3-1. ҚК-нің 67-бабының 2-бөлігі бойынша орташа ауырлықтағы кез келген қылмысты жасаған адам, әкеп соққан қылмыс салдарына, сондай-ақ оның әрекеттерінде қылмыстардың бірнеше рет жасалғанына, жиынтығына немесе қайталанғанына қарамастан, мынадай негіздер болған жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін:
      а) жасаған әрекеті орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына  жатса;
      б) қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласса;
      в) қылмыс жасаған адам жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырса.
      Осы аталған негіздердің ең болмағанда біреуі болмаған жағдайда, ҚК-нің 67-бабының 2-бөлігін қолдануға болмайды.
      ҚК-нің 67-бабында көрсетілген істі қысқарту негіздері жәбірленушімен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК-нің) 32-бабының  2-бөлігімен, 33-бабымен , 37-бабының  1-бөлігінің 5, 6-тармақтарымен көзделген, қозғалуы және қысқартылуы ерекше тәртіппен қаралатын жеке айыптау істеріне қолданылмайды. <*>
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      4. Өлімге душар етуге немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамға ҚК-нің 67-бабының  1-бөлігін қолдану туралы мәселені шешу кезінде бірінші рет жасалған қылмыс деп адамның шын мәнінде алғаш рет жасаған әрекеті не бірінші рет жасамаған, бірақ егер бұрын жасалған қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық жауапкершіліктен босатылған немесе жазадан толық босатылған не соттылығы жойылған немесе алынған әрекеті танылуға тиіс (ҚК-нің 77-бабы ).
      Екі және одан да көп қылмыс жасаған (бірнеше рет жасалған және қылмыстардың нақты жиынтығы жағдайларында), олардың бірде-бірі үшін жауапкершілік мәселесі шешілмеген адамды бірінші рет қылмыс жасаған деп есептеуге болмайды. Бұл орайда осы әрекеттердің әрқайсысы үшін қылмыстық қудалаудың бір істе немесе дербес қылмыстық істерде жүргізілуінің маңызы болмайды. <*>
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      5. Қылмыс жасаған адамның есесiн толтыруға жататын зиянға қылмыс арқылы жәбірленушiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлетiн немесе моральдық кез келген зиянды жатқызу қажет, бұл ретте тек тiкелей шығындар ғана емес, сонымен бiрге қылмысқа байланысты, оның iшiнде өкiлге жұмсалатын шығынды қоса алғанда, алдын ала тергеуге, сотқа қатысуға байланысты жұмсалған шығындарды зиянға жатқызған дұрыс. <*>
      Зиянның есесiн толтыру бүлiнген мүлiктi қалпына келтiру, ұрланған мүлiктi қайтарып беру немесе тап сондай мүлiктi ұсыну, ақшалай өтем төлеу, дәрi-дәрмектердi, санаторлық-курорттық жолдамаларды сатып әперу, жәбiрленушiнiң алдында кешiрiм сұрау түрiнде және заңмен тыйым салынбаған басқа да нысандарда болуы мүмкiн.
      Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      6. Жәбiрленушiге нақтылы қандай зиян келтiрiлгенiн және қылмыс жасаған адамның оның есесін толық толтырғанын мұқият анықтау қажет. Келтiрiлген зиян үшiн жасалатын өтем кiнәлi адамның тұрғысынан емес, жәбiрленушiнiң көзқарасымен алып қарағанда жеткiлiктi болуға тиiс. <*>
      Қылмыстық қудалау органдары мен сот жәбiрленушiнiң есесiн толтыруға жататын зиянның көлемi туралы талабын шектеуге құқылы емес.
      Тараптардың арасында зиянның көлемi туралы даудың болуы татуласпағандықты бiлдiредi және қылмыс жасаған адам бұл жағдайда ҚК-нің 67-бабының негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін емес. <*>
      Зиянның есесiн толтыру тараптардың татуласуы мен қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапкершiлiктен босату туралы шешiм қабылдаудың алдында шынайы iске асуға тиiс. Жәбiрленушiнiң зиянның есесiн толтыру туралы қылмыс жасаған адамға қойған талабынан ерiктi түрде бас тартуы қылмыс жасаған адамның осы зиянның есесiн толтыру мiндетiн орындамауы болып бағалануға тиiс емес және тараптардың өз бетімен татуласуы үшiн кедергі бола алмайды. <*>
      ҚК-нiң 67-бабын қолдану үшiн зиянның кiмнiң, атап айтқанда қылмыс жасаған адамның өзінің немесе оның өтiнiшi бойынша туыстарының, басқа адамдарының не ұйымның есесiн толтыруы кедергi болмайды. <*>
      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      7. Татуласу жәбiрленушiнiң қылмыс жасаған адамға қарсы қозғалған қылмыстық iстi тоқтату туралы өтінiшi түрiнде болады. Жәбiрленушінiң еркiн бiлдiруi жазбаша арызбен ресiмделедi немесе алдын ала тергеу барысында одан сұрақ алу хаттамасында не сот отырысының хаттамасында көрсетiледi. <*>
      Айыпталушыға (сотталушыға) материалдық талаптардың болмауына байланысты жазаны жұмсарту туралы жәбірленуші өтініш түсірген жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші орган қылмыс жасаған адам мен жәбірленушінің арасында татуласудың болғанын және ҚК-нің 67-бабын қолдану үшін қажетті өзге де негіздердің бар екенін анықтауға міндетті. <*>
      Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      8. Жәбiрленушінiң оның татуласу құқығын жүзеге асыру кезiнде өз еркiн ерiктi түрде және емiн-еркiн бiлдiруi iс бойынша дәлелдеу пәнiне кiредi. Жәбiрленушiнiң кiмнiң болса да күштеуiмен берген арызы қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапкершiлiктен босату үшiн негiз бола алмайды. <*>
      Басқа адамдардың (туыстардың, дос-жарандардың, қызметтестердiң, мемлекеттiк ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiнiң және т.б.) тараптардың келісiмi бойынша татуласу рәсiмiне қатысуы жәбiрленушiнiң ерiктiлігін және татуласу құқығына еркiндігінiң барын бiлдiредi.
      Қылмыстық қудалау органдары мен сот қандай да болмасын мақсатпен тараптардың татуласу процесiне қатысуға құқылы емес, олар бар болғаны жәбiрленушi мен қылмыс жасаған адамның татуласу құқығын, негіздері мен тәртібін түсiндiруге тиiс. <*>
      Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      9. Қылмыстық қудалау органдары мен соттар адамдарға жәбiрленушi мәртебесiн берген кезде заңның талаптарын қатаң сақтап, жәбiрленушi деп танудан негiзсiз бас тартуы, сондай-ақ шын мәнiсiнде жәбiрленушi болып табылмайтын адамға жәбiрленушiнiң құқықтарын заңсыз беру оқиғаларын тәжiрибеде болдырмаулары қажет.
      ҚІЖК-нiң 75-бабы  бойынша жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға да жәбiрленушi болуы мүмкiн. Қылмыстық қудалау органдары мен сот жәбiрленушінiң өкiлi ретiнде қылмыс жасаған адаммен татуласуға қатысатын заңды тұлғаның өкiлеттігін тексеруге тиiс. Мұндай өкiлеттiктер iске қатысуға арналып берiлген сенiмхатта көрсетiлуi керек. <*>
      Жәбiрленушi жоқ iстер бойынша ҚК-нiң 67-бабын қолдануға болмайды.
      Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      10. Кәмелетке толмаған (он төрт жастан он сегіз жасқа дейiнгi) не әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған жәбiрленушiнiң қылмыс жасаған адаммен татуласуы жәбiрленушiнiң заңды өкiлiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге асуы мүмкiн. <*>
      Заңды өкiлдер болып табылатын адамдардың шеңберi ҚIЖК-нiң 7-бабының  22-тармағында белгіленген және кеңейтiлуге жатпайды.
      Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      11. Егер жәбiрленушi кәмелетке толмаған (он төрт жасқа жетпеген), сондай-ақ әрекет қабiлетi жоқ деп танылған азамат болса, олардың құқықтарын, оның iшiнде татуласу құқығын толық көлемiнде заңды өкiлдер жүзеге асырады.
      Қылмыстық қудалау органдары мен сот ҚК-нiң 67-бабын қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде заңды өкiлдердiң татуласу құқығын жәбiрленушiнiң өзiне залал келтiретiндей етiп пайдалануына жол бермеуге тиiс.

      12. Адамның өліміне душар еткен немесе денсаулығына ауыр зиян келтірген орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша ҚК-нің 67-бабының 2-бөлігі қолданылуы мүмкін. Өлімге душар етуге байланысты қылмыстық істер бойынша, ҚІЖК-нің 75-бабының  11-бөлігіне сәйкес, қылмыспен моральдық зиян келтірілген және ҚК-нің 67-бабымен көзделген негіздер болған жағдайда, осы қылмысты жасаған адаммен татуласу құқығы соларға жататын жәбірленушілер қайтыс болған адамның жақын туыстары болып таныла алады. <*>
      Жәбiрленушілердiң ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асыралып алынған балалары, бiрге туған және өгей аға-інілерi, апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi оның жақын туыстары болып табылады. ҚIЖК-нiң 7-бабының 24-тармағында көрсетiлген осы адамдардың тiзбегі түпкiлiктi болып табылады және кеңейтiлуге жатпайды.
      Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      13. Заңға сәйкес ҚК-нің 67-бабының 1-бөлігінде көзделген норманы, қылмыстық қудалау органдары мен сот адамды қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін негіздер жиынтығы болған жағдайда, қолдануға міндетті. <*>
      Ескерту. 13-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      13-1. ҚК-нің 67-бабының 2-бөлігінде көзделген заңның нормасын қолдану міндетті емес (факультативтік) болып табылады. Сот, прокурор, сондай-ақ тергеуші мен анықтау органы прокурордың келісімімен сотқа дейін іс жүргізу сатысында қылмыстың барлық мән-жайларын және сезіктінің, айыпталушының (сотталушының) жеке басын ескере отырып осындай босатуды өз қалауы бойынша қолдануға құқылы.
      Бұл орайда жәбірленушінің кінәлімен татуласқандығынан басқа әрекеттің сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесі, кінәлінің жеке басы, қылмыстан туындаған салдарлар және істің басқа да елеулі мән-жайлары ескерілуге тиіс.
      Өлімге душар еткен немесе денсаулығына ауыр зиян келтірген салдарлар өзінен-өзі ҚК-нің 67-бабының 2-бөлігін қолдану үшін бөгет болып табылмайды, алайда кінәліні қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шешім қабылдау кезінде істің басқа да мән-жайларымен қатар сезіктінің, айыпталушының (сотталушының) жеке басы туралы деректер де ескерілуге тиіс. <*>
      Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      13-2. Адам кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстармен бірге ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасаған жағдайларда да, егер ол кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша жәбірленушілермен татуласқан болса, заңмен көзделген негіздер жиынтығы бар болғанда ҚК-нің 67-бабының қолданылуына шектеу қойылмайды.
      Бұл орайда ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар бойынша іс жүргізу ҚІЖК-не сәйкес жалғасады.
      Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстар сыбайласып жасалған жағдайларда ҚК-нің 67-бабының қолданылуы тек қана жәбірленушімен татуласқан адамдарға қатысты қолданылуы мүмкін. Жәбірленушімен татуласуға қол жеткізбеген қылмысқа қатысушы сыбайластарға қатысты іс өндірісі ҚІЖК-не сәйкес жалғасады.
      Адам кішігірім немесе орташа ауырлықтағы бірнеше қылмыстар жасаған жағдайларда, оның жәбірленушімен татуласуының жекелеген эпизодтары бойынша ҚК-нің 67-бабы қолданыла отырып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Қылмыс жасаған адамды айыптаудың жәбірленушімен татуласуға қол жеткізілмеген қалған эпизодтары бойынша іс өндірісі ҚІЖК-не сәйкес жалғасады. <*>
      Ескерту. 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      14. Заң екi және одан да көп объектiге қол сұғатын қылмыстар туралы iстер (мысалы, бұзақылық, әскери қылмыс және т.б.) бойынша ҚК-нiң 67-бабын қолдануға жол бередi. Осы санаттағы iстер бойынша қылмыстық процесті жүргізетiн орган, тiкелей қылмыспен моральдық, денесiне немесе мүлкiне зиян келтiрген (соның ішінде және заңды тұлғалардың) заңға сәйкес жәбiрленушiлер деп тануға мiндетті. <*>
      Егер жәбiрленушiлердiң ең болмағанда бiреуiмен татуласу болмаса қылмыс жасаған адам ҚК-нiң 67-бабының негізiнде қылмыстық жауапкершiлiктен босатуға жатпайды. <*>
      Ескерту. 14-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      15. ҚIЖК-нiң 38-бабының 1-бөлiгiне сәйкес ҚК-нiң 67-бабын қолдану үшiн негiздер болған кезде сот қылмыстық iстi қысқарту не қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапкершiлiктен босату жөнiнде айыптау үкiмiн қабылдауға құқылы. <*>
      Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы iстi алдын ала тыңдау сатысында және басты сот талқылауының кез келген сатысында шығарылуы мүмкiн.
      Yкiм тек басты сот талқылауы аяқталғаннан кейiн шығарылуы мүмкін.
      Сот ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотқа берiлген
адамның әрекеттерiнде шын мәнiсiнде кiшiгiрiм және орташа ауырлықтағы қылмыс құрамы және ҚК-нiң 67-бабын қолдану үшiн негiз бар деп таныған жағдайларда да үкiм шығарады. <*>
      Ескерту. 15-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      16. Заң, қылмыстық iстi ҚК-нiң 67-бабының негiзiнде қысқартуды ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатуға жатқызады. Iс қысқартылғанға дейiн адам мен жәбiрленушiге iстi қысқартудың негiзiнiң құқықтық салдары мен осы негiз бойынша iстi қысқартуға қарсылық бiлдiру құқығы түсiндiрiлуге тиiс. Жәбiрленушiге, сондай-ақ оның ҚК-нiң 67-бабы бойынша iс қысқартылғаннан кейiн, осы iс бойынша сол қылмыс жасаған адамға қатысты сол айып бойынша қылмыстық қудалауды жаңғырту туралы мәселе қоюға құқылы емес екенiн түсiндiру қажет. <*>
      Егер сезiктi, айыпкер немесе жәбiрленушi iстiң қысқартылуына қарсы болса, онда ҚIЖК-нiң 38-бабының 5-бөлiгiне сәйкес iстiң қысқартылуына жол берiлмейдi. Мұндай жағдайда iс бойынша өндiрiс кәдуiлгi тәртiп бойынша жалғастырылады.
      Ескерту. 16-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      17. Қылмыстық қудалау органдары немесе сот шығарған қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы, сондай-ақ үкiм заң бойынша осы процессуалдық құжаттарға қойылатын талаптарға (тиiсiнше ҚIЖК-нiң 269-бабының  5-8 бөлiктерi, 307, 325, 377 - 380, 383-баптары ) сәйкес болуға тиiс. Онда сондай-ақ ауырлық дәрежесі бойынша әрекетке қылмыс санатының көрсетілуімен заңды баға берілуге, болған татуласудың еріктілігі аталып өтуге, келтірілген зиянның есесін толтырудың нақты қалай жасалғаны көрсетілуге, ал өлімге душар етуге немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес қылмыс жасаған адамға ҚК-нің 67-бабының  1-бөлігін қолдану жағдайларында, сонымен бірге адамның осы қылмысты бірінші рет жасап отырғаны расталуға тиіс. <*>
      Ескерту. 17-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      18. Татуласу туралы арыз тек анықтау, алдын ала тергеу кездерiнде және бiрiншi сатыдағы сотта үкім шығару үшін сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін берiледi. Қылмыстық қудалау органы мен сот, жәбірленушімен татуласуға байланысты адамды қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін заңмен көзделген негіздер жиынтығы болған жағдайда, ҚК-нiң 67-бабын қолдану туралы мәселенi талқылауға және қабылданған шешiмдi дәлелдеуге тиiс. <*>
      Ескерту. 18-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      19. ҚІЖК-нің 405, 410, 412-баптарына, 415-бабының  3-бөлігінің 1-тармағына және 467-бабының  7-бөлігіне сәйкес, егер бiрiншi сатыдағы сотта ҚК-нiң 67-бабын  қолдану үшiн негіз бола алатын мән-жайлар анықталған, алайда сот осы заңды заңсыз немесе негізсiз қолданбаған жағдайларда ғана ҚК-нiң 67-бабының негізiнде апелляциялық және қадағалау тәртiбiмен қылмыстық жауапкершiлiктен босатуға жол берiледi. <*>
      Ескерту. 19-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 6 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы
      Сотының Төрағасы

      Пленум хатшысы,
      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы