"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 қаңтардағы N 40 Қаулысы

Жаңартылған

      Авариялық-құтқару күштерi мен құралдарын басқару жүйелерiн жетілдiру, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу қызметiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiнiң Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын. 

      2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi болып мыналар айқындалсын: 
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты қабылдау және өңдеу; 
      тұрақты дайындық күштерiн орнықты және үздiксiз басқаруды және оларды төтенше жағдайларды жоюға арналған құралдармен қамтамасыз ету. 

      3. Мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне тиiстi қаржылық жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 

      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен: 
      Мекеменiң жарғысын  P990119_  бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн  Z952198_  қамтамасыз етсiн; 
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      1) "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi органдарының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдары қызметкерлерiнiң шектi штаттық санын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 6 қазандағы N 1006 қаулысына: 
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: 
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
      "Республикалық дағдарыс орталығы 25"; 
      "Жиыны" деген жолдағы "2086" деген сан "2111" деген санмен ауыстырылсын; 
      2) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 қыркүйектегi N 1433  P991433_  қаулысына: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктер, агенттiктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерiнiң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қызмет етушi штат санының лимиттерiндегi:
      реттiк нөмiрi 12-жолда 3-бағандағы "1369" деген сан "1344" деген санмен ауыстырылсын;
      3) <*>
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.01.25.  N 53  қаулысымен. 

      6. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі