1. "Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 ақпандағы N 211 P960211_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 8, 58-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
5-тармақта "Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер
"Экономика және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген, Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 6-тармақта "Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің" деген сөздер "Экономика және сауда министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 қаңтардағы N 35 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ҚҰРАМЫ Жандосов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Ораз Әлиұлы орынбасары, төраға Құлекеев - Қазақстан Республикасының Экономика және Жақсыбек Әбдірахметұлы сауда министрі, төрағаның орынбасары Әбіқаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Нұртай Әбіқайұлы бірінші вице-министрі Досаев - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ерболат Асқарбекұлы Зверьков - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуни. Вадим Павлович кациялар вице-министрі Кәкімжанов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс Зейнолла Халидоллаұлы министрі Келімбетов - Қазақстан Республикасының Стратегиялық Қайрат Нематұлы жоспарлау жөніндегі агенттігінің төрағасы (келісім бойынша) Құзытбаева - Қазақстан Республикасының Әділет Ажар Қилымбекқызы вице-министрі Марченко - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Григорий Александрович төрағасы (келісім бойынша) Мусина - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Лилия Сәкенқызы вице-министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.