1992 жылғы 13 наурыздағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 қаңтар N 34

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының

халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 
жылғы 12 желтоқсандағы N 2679  

U952679_

  заң күші бар Жарлығының 16-бабы 
1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 
қаулы етеді:
     1. 2000 жылғы 20 маусымда Мәскеу қаласында жасалған 1992 жылғы 13 
наурыздағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген 
саясат жүргізу туралы келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы 
хаттама бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
     
     
       1992 жылғы 13 наурыздан Стандарттау, метрология және            
         сертификаттау саласында келісілген саясатты жүргізу туралы 
            келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
                                 ХАТТАМА
                      
                          Ресми расталған мәтін
     


      1992 жылғы 13 наурыздан Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясатты жүргізу туралы келісімнің қатысушы-мемлекеттерінің Үкіметтері,
      сертификаттау жөніндегі органдарды, сынақ және өлшеу жүргізу зертханаларын тіркеу саласында келісілген саясатты жүргізудің қажеттілігін танып, сондай-ақ:
      - еркін сауда аймағын құру кезінде Достастықтың қатысушы-мемлекеттерінің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастығында тосқауылды жоюға ықпал ететін, жалпы нормативтік-техникалық және метрологиялық қамтамасыз етуді әрі қарай дамыту және сақтау үшін жағдайлар құру;
      - Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетінің бірге өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;
      - 1999 жылғы 2-ші сәуірден ТМД органдарының құрылымын жетілдіру және қайта қалыптастыру туралы Мемлекет басшылары кеңесінің Шешімін жүзеге асыру мақсаттарында

      төмендегілер туралы келісті:

      1. 1992 жылғы 13 наурыздан Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясатты жүргізу туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1.1. Келісімнің мәтіні бойынша "стандарттау, метрология және сертификаттау" сөздері "қызметтің осы салаларында стандарттау, метрология, сертификаттау және тіркеу" сөздеріне ауыстырылсын.
      1.2. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес туралы Ереже жаңа редакцияда берілсін (қоса беріліп отыр).
      2. 1995 жылғы 3 қарашадан Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясатты жүргізу туралы келісімге Хаттаманың күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, ал заңнамасы күшіне ену үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауды талап ететін мемлекеттер үшін - аталған рәсімдерді орындағаны туралы ескертпені депозитарийге сақтауға берген күнінен бастап. Осы хаттамаға қол қойылған мерзімнен бастап үш айдың ішінде мемлекеттердің осындай рәсімдерді орындаудың қажеттілігі туралы депозитарийге хабарлайды.
      4. Осы Келісімді пайдалануға және түсіндіруге қатысты даулы мәселелер

консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.

     Мәскеу қаласында 2000 жылғы 20 маусымда орыс тіліндегі бір түпнұсқа 
данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 
Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір 
мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.
     
     Әзербайжан Республикасы               Молдова Республикасы
     Үкіметінің атынан                     Үкіметінің атынан               
      
     Армения Республикасы                  Ресей Федерациясы 
     Үкіметінің атынан                     Үкіметінің атынан               
      
     Беларусь Республикасы                 Тәжікстан Республикасы
     Үкіметінің атынан                     Үкіметінің атынан               
      
     
     Грузия                                Түркменстан
     Үкіметінің атынан                     Үкіметінің атынан               
      
     
     Қазақстан Республикасы                Өзбекстан Республикасы
     Үкіметінің атынан                     Үкіметінің атынан               
      
     
     Қырғыз Республикасы                   Украина
     Үкіметінің атынан                     Үкіметінің атынан               
      
     
     Мәскеу-20.06.2000
     
     
                                
                            1992 жылғы 13 наурыздан 2000 жылғы 20 маусымнан
                            Стандарттау, метрология және сертификаттау
                            саласында келісілген саясатты жүргізу туралы
                            келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу
                            туралы Хаттамаға қосымша 
     
            Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі
                       мемлекетаралық кеңес туралы
                                 ЕРЕЖЕ
     
                           1. Жалпы ережелер
     


      Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) үйлестіруді жүргізеді, қызметтің осы салаларында стандарттау, метрология, сертификаттау және тіркеу саласында келісілген саясатты жүргізу жөніндегі шешімдерді дайындайды және қабылдайды.
      1992 жылғы 13 наурыздан Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясатты жүргізу туралы келісімнің қатысушы-мемлекеттерінің өкілетті өкілдерінен Кеңес құрылады (бұдан әрі - Келісім).
      Қызметтің осы салаларында стандарттау, метрология, сертификаттау және тіркеу саласында келісілген саясатты жүргізу жөніндегі Кеңестің жұмыстарын орындау және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетіне материалдарды дайындау үшін Кеңес Стандарттар жөніндегі бюроны құрады.
      Стандарттар жөніндегі бюроның мекен-жайы Минск қаласы болып табылады.
      Кеңестің және оның жұмысшы органының ресми тілі орыс тілі болып табылады.

                            2. Кеңестің функциялары

      Кеңес мынадай функцияларды орындайды:
      стандарттау, метрология, сертификаттау және тіркеу саласында мемлекетаралық ынтымақтастық бойынша бірлескен қызметінің нысандарын және басымдықты бағыттарын дайындау және келісу;
      ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын, ғылыми-техникалық бағдарламаларды, жоспарлар мен жобаларды қарайды және қабылдайды;
      қатысушы-мемлекеттер үкіметтеріне бекітуге ұсыну, ал өкілеттігі бар болғанда - Келісіммен қарастырылған қызметінің бекітілген салалары бойынша құжаттарды бекіту;
      мемлекетаралық стандарттар туралы шешімдер қабылдау, қызметтің осы салаларында стандарттау, метрология, сертификаттау және тіркеу жөніндегі бірлескен жұмыстарды жүргізу процедуралары мен ережелерін дайындау және қабылдау;
      ТМД Экономикалық кеңесінің жанында экономикалық мәселелер жөніндегі Комиссияның, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің және Кеңеске бекітілген қызметінің салалары бойынша Достастықтың өзге мемлекетаралық (үкіметаралық) органдарының мәжілістеріне материалдарды дайындайды;
      қызметтің осы салаларында стандарттау, метрология, сертификаттау және тіркеу жөніндегі мақсатты бағдарламаларды және техникалық жобаларды орындау үшін шығыс сметасын қарау және келісу, оларды қаржыландыру көздері бойынша ұсынымдар дайындау;
      ғылыми-техникалық комиссияларды және техникалық комитеттерді Кеңестің жанында құру туралы шешім қабылдау, олардың жұмыс жоспарларын және шығыс сметаларын бекіту;
      қызметінің бекітілген салалары бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүргізу.
      Мемлекетаралық стандарттау, метрология, сертификаттау және тіркеу саласында ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және жұмыстардың тиімділігін арттыруға ықпал ететін, сондай-ақ қызметтің осы салаларында стандарттау, метрология, сертификаттау және тіркеу жөніндегі халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастықты қамтамасыз ететін, мемлекетаралық, ұйымдық, құқықтық, ғылыми-техникалық және өзге шараларды дайындау және жүзеге асыру мақсатында Кеңес қабылданған нормаларға сай өзін өзі қаржыландыратын коммерциялық ұйымдарды (бюджеттен тыс қаржыландырылатын ұйымдар, олардың қызметінің мақсаты пайда табу болып табылмайды) құру туралы ұсынымдарды Достастықтың құзыретті органдарына енгізе алады.
      Кеңес қызметінің бекітілген салалары бойынша өзге де функцияларды орындай алады, олар Келісімнің қатысушы-мемлекеттерінің үкіметтері бекіткен қосымша өкілеттіктермен айқындалады.

                   3. Кеңесте мемлекеттердің өкілдігі

      Кеңесте өкілдер болып Келісімге қатысушы-мемлекеттердің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдарының басшылары табылады, оларға мемлекетінің атынан Кеңестің мүшесі болу құқығы және осы Кеңеске жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті өкілеттіктер беріледі.
      Кеңестің мүшелері:
      Кеңес қызметінің барлық түрлеріне шешуші дауыс құқымен қатысады;
      қызметтің осы салаларында стандарттау, метрология, сертификаттау және тіркеу жөніндегі мемлекетаралық ынтымақтастықтың әр түрлі мәселелерін Кеңесте талқылауға бастамалау;
      қызметтің көрсетілген түрлерінде мемлекетаралық ынтымақтастықтың нақты мәселелері бойынша өз мемлекеттерінің позициясы туралы Кеңесті ақпараттандырады;
      ұлттық органдардың қызметі туралы ақпаратпен алмасады және қызметтің осы салаларында стандарттау, метрология, сертификаттау және тіркеу жөніндегі мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықтың нақты нысандарында өз мемлекетінің қатысу мәселелері бойынша Кеңестің өзге мүшелерімен келіссөздер жүргізеді;
      Кеңес мәжілісінің стенограммаларын, Кеңестің және Стандарттар жөніндегі бюроның ғылыми-техникалық комиссияларының ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты, сондай-ақ ынтымақтастықтың нақты бағыттары бойынша ақпаратты жүйелі алып отырады;
      сұранымы бойынша Кеңеске және Стандарттар жөніндегі бюроға мемлекетаралық мүддені көрсететін, нақты мәселелер бойынша стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың қызметі туралы қажетті ақпаратты жібереді.

                     4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

      Қызметтің осы салаларында стандарттау, метрология, сертификаттау және тіркеу жөніндегі Кеңеспен қабылданған шешімдер ұлттық заңнамаларға сәйкес Келісімге қатысушы-мемлекеттерде қолданысқа енгізіледі.
      Кеңес өзінің мәжілістерін қажет болған жағдайда, кемінде жарты жылда бір рет өткізеді. Мәжілістерге Кеңес мүшелерінен басқа шешуші дауыс құқығынсыз мемлекеттердің өзге өкілдері, Келісімге қатысушы-мемлекеттер өнеркәсібінің жетекші салаларынан өкілдер қатыса алады. Мәжілістерде мемлекеттер делегацияларының құрамына кеңесшілер мен сарапшылардың қажетті саны енгізіле алады.
      Кеңестің мәжілістеріне кеңес беру құқығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің өкілі қатысады.
      Достастықтың қатысушы-мемлекеттерінің әрқайсысы оның өкілі тұлғасында кемінде бір жыл мерзіміне ротация принципі негізінде кезекпен Кеңесте Төрағалық жүргізіледі. Төраға Кеңес мәжілістерін басқарады және мәжілістер арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады.
      Мәжілістердің күн тәртібі Кеңес мүшесінің көпшілік дауысымен бекітіледі.
      Нақты мемлекетаралық бағдарламалар, техникалық жобалар және ынтымақтастық жөніндегі шешімдер консенсус негізінде Кеңестің мүшелерімен қабылданады.
      Кез келген қатысушы-мемлекеттің мүдделеріне қатысты шешімдер, оны ұсынатын Кеңес мүшесі жоқ болғанда қабылдана алмайды.
      Процедуралық мәселелер жөніндегі шешімдер көпшілік дауыспен қабылданады.
      Кеңестің Төрағасы:
      өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және экономиканың басқа салаларын дамыту бойынша көпжақты келісім шегінде бағдарламалардың бірлескен жобаларын дайындауға қатысу үшін Достастыққа қатысушы-мемлекеттердің мамандарын стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың келісімі бойынша қамтиды;
      кеңес беру дауысы құқымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесінің жанында экономикалық мәселелер жөнінде Комиссия мәжілісінің жұмыстарына қатысады.
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесінің жанында Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің, қызметтің осы салаларында стандарттау, метрология, сертификаттау және тіркеу мәселелері бойынша басқа мемлекетаралық органдардың жұмыстарына Кеңес Төрағасының тапсырмасы бойынша, Кеңестің басқа өкілі қатыса алады.
      Мәжілістер арасындағы кезеңде Кеңестің мүшелері өз мемлекеттерінде Кеңестің қабылдаған шешімдерін жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді, Кеңестің ұйымдарымен және өздерінің араларында құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының атқарушы комитетімен байланыстарды қолдайды.

              5. Стандарттар жөніндегі бюро

      Стандарттар жөніндегі бюро Кеңеспен құрылады және Кеңес қызметінің негізгі бағыттары бойынша тұрақты жұмыс істейтін мамандардан құралады. Кеңесші-ұйымдастырушылардың сандық құрамы Кеңеспен айқындалады.
      Өзінің қызметінде Стандарттар жөніндегі бюро Кеңес туралы Ережені, Қызметтің осы салаларында стандарттау, метрология, сертификаттау және тіркеу мәселелері бойынша келісілген саясатты жүргізу мәселелері жөнінде қабылданған, мемлекетаралық келісімдер мен өзге құжаттарды, Кеңеспен бекітілетін Стандарттар жөніндегі бюро туралы Ережені басшылыққа алады.
      Стандарттар жөніндегі бюро өзінің қызметін жүргізу үшін орналасқан мемлекетінің заңнамаларына сәйкес заңды тұлғаның статусын ресімдейді және есеп шоты және өзінің атаулары бар мөрі бар.
      Стандарттар жөніндегі бюро қажетті жайлармен қамтамасыз етіледі, оргтехникамен, байланыспен, Кеңеске қызмет көрсету үшін көлікпен және оның дұрыс жұмыс істеуі үшін басқа да атрибуттармен жабдықталады.
      Кеңестің жұмысын ұйымдастыруға және аппаратты ұстауға байланысты,

Стандарттар жөніндегі бюроның шығындары бюджеттік емес көздерден 
аударылған, Келісімге қатысушы-мемлекеттердің стандарттау, метрология және 
сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың жыл сайынғы салымдары, 
сондай-ақ ақпараттық-консультациялық және әдістемелік-ұйымдастырушылық 
қызметтерінің нәтижелерінде түскен қаржылар, мемлекетаралық стандарттау 
жөніндегі жұмыстарға шаруашылық субъектілердің төлемдері есебінен 
жүргізіледі.
     
          1992 жылғы 13 наурыздан Стандарттау, метрология және            
         сертификаттау саласында келісілген саясатты жүргізу туралы 
        келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға
                           Әзербайжан Республикасының
                                 ЕРЕКШЕ ПІКІРІ
     
     Халықаралық құқықтық субъектілігін қарастыратын, Кеңес туралы 
Ереженің сегізінші азат жолынан, сондай-ақ 2 бөлімнің тоғызыншы және 
оныншы азат жолдарынан және 4 бөлімнің бірінші азат жолынан "техникалық 
комитеттер" мәнін алып тастап, оларға жаңа құрылымдар құру және Келісімге 
қатысушы-мемлекеттерде Кеңестің шешімдерін күшіне енгізу.
     
     Әзербайжан Республикасы
     Премьер-министрінің
     Бірінші орынбасары
     
             1992 жылғы 13 наурыздан Стандарттау, метрология және         
         сертификаттау саласында келісілген саясатты жүргізу туралы 
            келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
                             Хаттаманың жобасына
                             Грузияның ескертпесі
     
     Кеңестің халықаралық құқықтық субъектілігін қарастыратын ережелер 
алып тасталсын (2-тармақ, 9-азатжол).

     
            1992 жылғы 13 наурыздан Стандарттау, метрология және           
         сертификаттау саласында келісілген саясатты жүргізу туралы 
             келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
                                  Хаттамаға
                      Молдова Республикасының ескертпесі

     Кеңестің халықаралық құқықтық субъектілігін қарастыратын ережелер 
алып тасталсын.

     Молдова Республикасының
     Премьер-Министрі
     
       
            1992 жылғы 13 наурыздан Стандарттау, метрология және         
         сертификаттау саласында келісілген саясатты жүргізу туралы 
             келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
                Хаттаманың жобасына Өзбекстан Республикасының     
                                 ескертуі

     Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық 
кеңес туралы Ереженің екінші бөлімінде "Кеңестің функциялары" 10 және 11 
азатжолдары алынып тасталсын.     
     
     
                            ТМД үкімет Кеңесі
                   мәжілісінің күн тәртібінің 8-тармағына
                            Украина ескертпесі
     
     "1992 жылғы 13 наурыздан Стандарттау, метрология және сертификаттау 
саласында келісілген саясатты жүргізу туралы келісімге толықтырулар мен 
өзгерістер енгізу туралы Хаттама туралы"
     
                                        2000 жылғы 20 маусым
     
     "Кеңестің халықаралық құқықтық субъектілігін қарастыратын ережелер 
алып тасталсын".
     
     
     Украинаның Премьер-Министрі
     
          


      Қоса беріліп отырған мәтін Мәскеу қаласында 2000 жылғы 20 маусымда

өткен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшыларының Кеңесі 
мәжілісінде қабылданған, 1992 жылғы 13 наурыздан Стандарттау, метрология 
және сертификаттау саласында келісілген саясатты жүргізу туралы Хаттаманың 
дәлме дәл көшірмесі болып табылатынын растаймын. Жоғарыда аталған 
Хаттаманың түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы 
Комитетінде сақталады.
     
     Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
     Атқарушы комитетінің -
     Атқарушы хатшысының
     Төрағасының орынбасары
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.