Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 8 желтоқсан N 1825. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 732 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 732 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды мемлекеттiк-бiлiмдiк несиелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 20 шiлдедегi N 1018 қаулысына P991018_ (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 35, 317-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      2-тармақта "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi мен Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, заңнамада белгiленген тәртiппен екi айлық мерзiмде мемлекеттiк студенттiк несие беру тәртiбi туралы нұсқаулықты әзiрлесiн және бекiтсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісi жөнiндегi агенттiгiнен түсетiн несиелiк ресурстарды қабылдау және оларды мемлекеттiк бiлiмдiк несие бойынша жоғары бiлiмдi мамандар даярлауды жүзеге асырушы заңды тұлғаларға аудару үшiн, сондай-ақ қарыз алушылардың қаражатты қайтаруын есепке алу және бақылау үшiн белгiленген тәртiппен Астана қаласы Қазынашылық басқармасында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қаржы орталығы" мемлекеттiк мекемесiн депозиттiк шот ашуды қамтамасыз етсiн.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандар даярлауды несиелендірудің ережесінде:
      2 және 3-тармақтарда "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi мен Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлігіне,", "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi мен Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiне", "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мемлекеттiк бiлiмдiк және мемлекеттiк студенттiк несиелер республиканың жоғары оқу орындарында (бұдан әрi - жоғары оқу орындары) оқу үшiн қарыз алушылардың Қазақстан Республикасының тұрақты кiрiс көзi бар еңбекке қабiлеттi азаматының немесе заңды тұлғаның кепiлдiгiн ұсынуы арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрi - қарыз алушылар) теңгемен берiледi. Қарыз алушылардың жекелеген санаттарына (жетiм балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және т.б.) мемлекеттік білімдік және мемлекеттiк студенттiк несиелер көрсетiлген кепiлдiк берусiз, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен берiледi.
      Басқа мемлекеттердiң азаматтары болып табылатын ұлты қазақ адамдардың мемлекеттiк бiлiмдiк несиелер мен мемлекеттiк студенттiк несиелер алуға Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең құқығы бар.
      5. Несие қаражатын бөлу ай сайын жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бiлiмдiк несие 15 (он бес) жылға дейiн, мемлекеттiк студенттiк несие 10 (он) жылға дейiн мерзiмге берiледi. Несие мерзiмiн есептеу үш жақты несие келiсiмi (бұдан әрi - үш жақты келiсiм) жасалған күннен басталады. Қарыз алушының несиенi өтеуi жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн алты айдан соң басталады. Төлемдер Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қаржы орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрi - Қаржы орталығы) депозиттiк шоты арқылы жылына кемiнде екi рет кезеңдiлiкпен республикалық бюджетке теңгемен төленедi.
      6. Қаржы орталығы үш банкi күнi ішiнде несиелердi өтеу немесе игерiлмеген несие қаражаттарын қайтару шотына түскен қаржыларды республикалық бюджет кiрiсiне аударады.";
      7 және 10-тармақтар алынып тасталсын;
      11 және 13-тармақтарда "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі" және "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" және "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақта "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеден" деген сөздер алынып тасталсын;
      14-тармақта "және несие беру сәтіндегі бағада оқудың бүкіл мерзіміне несиенің мөлшерін көрсете отырып," деген сөздер алынып тасталсын;
      15-тармақ алынып тасталсын;
      16, 18, 19, 28, 29, 34-тармақтарда "банк-агенттің", "Банк-агент" және "банк-агентке" деген сөздер "Қаржы орталығының", "Қаржы орталығы" және "Қаржы орталығына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Кәмелетке толмаған қарыз алушылар ата-аналарының, асырап алушылардың немесе қорғаншылардың келісімімен үш жақты келісім жасайды.";
      17-тармақ алынып тасталсын;
      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. Дәлелді себеппен (ауру) мемлекеттік білімдік несие бойынша оқуды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, қарыз алушы, оның оқуына жұмсалған соманы осы Ереженің 5-тармағында көзделген тәртіппен қайтаруға міндетті. Дәлелсіз сипаттағы себептермен (академиялық үлгермеуіне, оқу тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін және т.б. бұзуына байланысты) мемлекеттік білімдік несие бойынша оқуын тоқтатқан жағдайда, қарыз алушы, оның оқуына жұмсалған соманы оқуды тоқтатқан күнінен бастап бір жыл ішінде қайтаруға міндетті.
      21. Қарыз алушыға академиялық демалыс берілген жағдайда несие мерзімі қарыз алушы, жоғары оқу орны және Қаржы орталығы арасындағы үш жақты келісімге тиісті қосымша келісімді ресімдеу арқылы академиялық демалыс кезеңіне ұзартылады. Уәкілетті органның бұл қарыз алушының несиесі бойынша қаржы бөлуі академиялық демалыс кезеңіне тоқтатылады және студенттің оқуын жалғастыруы туралы жоғары оқу орны бойынша бұйрық шыққаннан кейін қайтадан басталады.";
      27-тармақ алынып тасталсын;
      29-тармақта екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жоғары оқу орнының студенттік несие қаражатын беруі үш жақты келісім шарттарына сәйкес қолма-қол ақшамен немесе қарыз алушылардың кәртішке-шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.";
      30-тармақ алынып тасталсын;
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "31. Дәлелді себеппен (ауру) оқуды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, қарыз алушы, берілген студенттік несие сомасын осы Ереженің 5-тармағында көзделген тәртіппен қайтаруға міндетті. Дәлелсіз сипаттағы себептермен (академиялық үлгермеуіне, оқу тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін және т.б. бұзуына байланысты) немесе өз тілегі бойынша оқуын тоқтатқан жағдайда, қарыз алушы, оның оқуына жұмсалған соманы оқуды тоқтатқан күнінен бастап бір жыл ішінде қайтаруға міндетті.";
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "33. Қаржы орталығы түскен несие қаражаттарының сомалары туралы белгіленген нысан бойынша қарыз алушылар, мамандықтар мен курстар бөлінісінде тоқсан сайын Уәкілетті органдарға мәліметтер беріп отырады. Бұл ретте мәліметтерде қарыз алушылардың мемлекеттік білімдік несиелендіру шеңберінде жасасқан шарттарының нөмірлері мен күндері көрсетілуі тиіс.";
      мынадай мазмұндағы 35-тармақпен толықтырылсын:
      "35. Уәкілетті мемлекеттік органдар жоғары оқу орындарына аударылған несие қаражаттарының сомалары туралы, мамандықтар топтары бойынша жоғары оқу орындары мен қарыз алушылар бөлінісінде несиелерді өтеу және игерілмеген қаржыларды қайтару сомалары туралы жыл сайын Қазақстан

 

Республикасының Қаржы министрлігіне мәліметтер беріп тұрады.".

     2. Осы қаулы күшіне енгеннен кейін пайда болған құқықтық қатынастарға

осы қаулы қолданылады.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және

жариялауға жатады.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.