Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 7 желтоқсан N 1822

Қолданыстағы

     Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді 
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  

Z990438_

 
сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған:
     Электр энергиясын пайдалану ережесі;
     Жылу энергиясын пайдалану ережесі;
     Коммуналдық қызмет көрсетулерді ұсыну ережесі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда 
министрлігі бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді осы қаулыға 
сәйкес келтірсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                           Үкіметінің
                                           2000 жылғы 7 желтоқсандағы
                                           N 1822 қаулысымен
                                           бекітілген
     
            Электр энергиясын пайдалану ережелері
     
                     1. Жалпы ережелер
     


      1. Осы ереже энергия өндiретiн, энергиямен жабдықтайтын және энергия беретiн ұғымдардың энергияны тұтынушылармен арадағы қарым-қатынасын және рыноктағы қуатты айқындайды.
      2. Тұрмыстық тұтынушылар мен кондоминиум объектiлерiн энергиямен жабдықтауға байланысты мәселелер коммуналдық қызмет көрсету ережелерiмен реттеледi.
      Коммуналдық қызмет көрсету ережелерiнде қамтылмаған, тұрмыстық тұтынушылар мен кондоминиум объектiлерiн энергиямен жабдықтауға байланысты мәселелер осы Ереженiң тиiстi баптарымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
      Ереже рыноктың барлық қатысушылары үшiн, олардың меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, мiндеттi.
      Электр қуаты мен электр энергиясы рыноктағы тауар болып табылады.
      3. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар:
      Энергиямен қамтитын ұйымның абонентi - электр қондырғылары энергия беретiн ұйымның желiлерiне тiкелей қосылған, электр желілерiнiң баланстық бағыныштылығы жағынан онымен шекарасы бар, электр энергиясын пайдалану құқығы мен шарттары энергиямен жабдықтайтын ұйыммен шартталған тұтынушы (жеке және заңды тұлға).
      Авариялық бронь - электрмен үздiксiз жабдықтау объектiлерiне берiлуi олар үшiн қондырғыларды сақтайтын және объектiлердiң жұмысының бұзылуын болдырмайтын, сондай-ақ апаттық, экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптардың немесе адам өлiмiне жол бермейтiн ең аз қажеттi электр қуаты.
      Энергожүйенің электр энергиясының балансы - энергожүйедегі электр энергиясын тұтынудың, электр желiлерiндегi оның өз мұқтаждарына кететiн шығынының басқа энергожүйелерден қуаттың ағып келуiн есепке алғандағы энергожүйедегi электр энергиясын өндiру мөлшерiне сәйкестiлiгiн сипаттайтын көрсеткiштер жүйесi.
      Блок-станция - электр жүйесiнде жұмыс істейтiн және оның диспетчерлiк қызметiн жедел басқаратын, бiрақ ведомстволық бағыныштылығы бойынша кәсiпорындар жүйесінiң қатарына кiрмейтiн электр станциясы.
      Электр желiсiнiң баланстық бағыныштылық шекарасы энергия беретiн ұйымдар мен абонент арасындағы электр желiсiн бөлетiн, электр желiсiнiң баланстық бағыныштылығы немесе шартпен айқындалатын нүкте.
      Тұтынушының энергоқондырғысын жүктеу кестесi - тұтынушының электр қондырғысының уақыт iшiндегi қисық өзгеруi.
      Технологиялық бронь - технологиялық процестердi аяқтау үшiн тұтынушыға қажеттi қуаты.
      Шартты қуат - энергиямен жабдықтаушы ұйымның энергиямен қамтуы шегiне жеткен кезеңдегi абоненттің электрмен жабдықтаушы ұйыммен келiсiлген есептiк сағаттық қуаты.
      Есепке алудың бақылау құралы - көрсеткіштерi негiзiнде сол желi нүктесiндегi бақылау үшiн пайдаланылатын электр энергиясының шығыны айқындалатын есепке алу құралы.
      Энергоқондырғының (энергоқондырғылардың топтары) жүктеме шегi - энергоқондырғының тұтынушыны (энергоқондырғылардың топтары) белгiленген уақыт аралығында жабдықтауының барынша мәнi.
      Ескерту: белгiленген уақыт аралығына күн, апта, ай, жыл алынады.
      Энергожүйенiң жүктеме шегi - белгiлi бiр уақыт кезеңiнде энергожүйенi белсендi түрде жүктеудiң барынша жоғары мәнi.
      Электр қондырғыларының қуаты (электр қондырғылардың топтары) - электр қондырғылардың (электр қондырғы тобының) электр энергиясын қабылдаушыларға, электр желiлерiндегi шығынды қосқанда, сол уақыт ішінде беретiн барлық белсендi қуаты.
      Үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерi (ҮЭО) - технологиялық себептермен байланысты үздiксiз электрмен жабдықтауды керек ететiн шаруашылық инфрақұрылымның объектілерi, оларды ажыратып тастау адам өлiмiне, өмiршең объектiлердiң жұмысының бұзылуына, апаттық экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптарға әкелiп соғады.
      Жергiлiкті мәндегi үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерi тiзбесiн облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi бекiтетiн, және авариялық бронь мөлшерiнде электр энергиясын берiп отыру үшiн төлемдi жергiлiктi бюджеттің есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттiк нысандағы үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерi.
      Республикалық мәндегi үздiксiз электрмен жабдықтау объектілерi - тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетiн, авариялық бронь мөлшерiнде электр энергиясын берiп отыру үшiн төлемдi республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен оларға электр энергиясын тұтыну бойынша шығыстарға арналып бөлiнген сома шегiнде министрлiктер мен ведомстволар бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілiктерi жүзеге асыратын мемлекеттiк нысандағы үздіксiз электрмен жабдықтау объектiлерi.
      Электр энергетикасы объектiлерi - электр қуаты мен электр энергиясын өндiруге, беруге, бөлуге арналған электр станциясы, қосалқы станция, электр өткізу желiлерi.
      Ақырғы есеп - пайдаланылған электр энергиясы мен қуаты үшiн есептесу мерзiмiнiң бiтуiне қарай абонентпен есептесу.
      Кондоминиум объектiсiн басқару органы - бөлме (пәтер) меншiк иелерiнің кооперативi, тұрғын үй, тұрғын үй - құрылыс кооперативтерi және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн осындай ұйымдардың басқа да нысандары.
      Төлем құжаты - энергиямен жабдықтайтын ұйымның немесе абоненттiң есеп шотына ақшалай қаражатты аударуға негiз болатын төлем талабы, төлем тапсырмасы, төлеу туралы есеп, абоненттiк кiтапша, сондай-ақ қолма-қол төлеу жүзеге асырылатын шақыру қағазы.
      Тұтынушы - электр энергиясын шарттық негiзде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға.
      Тұтынушы-жүктеменi реттеушi - жұмыс режимi энергетикалық жүйенi немесе электр станциясын энергиямен жабдықтау кестесiн теңестiру және ең аз сағатта жабдықтау мөлшерiн көбейту үшiн максимум сағат iшiнде электр тұтынуды шектеу мүмкiндiгiн қарастыратын электр энергиясын тұтынушы.
      Коммерциялық есеп жүргiзу аспабы (есеп жүргiзудiң есептеу құралы) - электр қуатын, электр және жылу энергиясын коммерциялық тұрғыда есептеуге арналған, белгіленген тәртiппен пайдалануға рұқсат етiлген техникалық қондырғы.
      Электр энергиясын қабылдаушы - электр энергиясын қабылдау және пайдалану үшiн арналған қондырғы немесе құрал.
      Тұтынушының электр қондырғыларының жалғанған қуаты - электр желiлерiне тікелей жалғанған трансформаторлар мен электр энергиясын тұтынушының қабылдағыштарының атаулы қуаттарының сомасы.
      Аралық есеп - есептеу мерзiмi ішіндегi пайдаланылған электр энергиясы мен қуатына абоненттің ішінара ақы төлеуi.
      Есептеу кезеңi - абонент пайдаланған электр энергиясы мен қуат үшiн ақы төленуi және ескерiлуi тиiс уақыт кезеңi.
      Реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаны (тарифтi) мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын өкiлетті мемлекеттiк орган.
      Сараптама ұйымы - электр энергетикасы және энергия үнемдеу мәселелерi бойынша энергетикалық сараптаманы жүргiзу үшін белгіленген тәртiппен тiркелген ұйым.
      Электр энергиясының рыногы - энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушы арасындағы шарт негiзiнде жұмыс iстейтiн, электр қуаты мен электр энергиясын сатып алу-сату және беру жөнiндегi қарым-қатынастар жүйесi.
      Электр тұтыну құрылымы - бүкiл электр тұтынуды тұтынушылардың тұрпаты бойынша үлеспен бөлу.
      Энергиямен жабдықтаушы ұйымның қосалқы абонент - энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентiнiң электр желiсіне тiкелей жалғанған тұтынушы.
      Электр энергиясына тариф - пайдаланылған электр энергиясына ақы алу үшiн белгіленген ставкалардың жүйесi.
      Электр энергиясы шығынын есепке алу нүктесi - электрмен жабдықтау схемасының нүктесi, мұнда өлшеуiш құралдың (есептеу құралы, есепке алу жүйесi және т.б.) көмегiмен немесе басқа да тәсiлмен коммерциялық есептер кезiнде пайдаланылатын электр энергиясы мен қуат шығынының мәнi айқындалады. Есепке алу нүктесi, әдетте, электр желiсiнiң баланстық бағыныштылық шекарасына сәйкес келуi тиiс және энергиямен жабдықтау мен электр энергиясын тасымалдауға жасалған шартта көрсетiлуi тиiс.
      Электр қондырғылардың белгiленген қуаты - техникалық шарттарға немесе жабдыққа берiлген төлқұжатқа сәйкес электр қондырғы демалмастан ұзақ жұмыс iстейтiн барынша белсендi электр қуаты.
      Электр қондырғы - электр энергиясын өндiретiн, жасайтын, беретiн, бөлетiн, тұтынатын қондырғы.
      Электр энергетикасы - электр қуаты мен электр энергиясын өндiру, беру, бөлу, пайдалану саласы.
      Энергия берушi ұйым - өзiне қарайтын электр желiстеріне электр қуаты мен электр энергиясын беру мен бөлудi жүзеге асыратын ұйым.
      Энергия өндiрушi ұйым - электр энергиясын өндiрудi жүзеге асыратын ұйым.
      Энергияны үнемдеу - отын-энергетикалық ресурстарды тиiмдi және үнемдеп пайдалануға бағытталған қызмет (ұйымдық, ғылыми, практикалық, ақпараттық).
      Энергиямен жабдықтайтын ұйым - өндiрiлген немесе сатып алынған электр қуаты мен электр энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым.

                2. Электрмен жабдықтауды ұйымдастыру

      4. Электр қуаты мен электр энергиясы рыногында электр энергиясын сатып алу-сату электр желiлерi және/немесе электр қондырғылары энергиямен жабдықтаушы немесе энергия берушi ұйымның электр желiлерiне жалғанған тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйымның арасында жасалған энергиямен жабдықтау шартының негiзiнде жүзеге асырылады.
      5. Электр энергиясына рыногына қатысушылардың аймақтық және/немесе жергiлiкті деңгейдегі электр еркін кірiп-шығуын қамтамасыз ету және рынок субъектiлерi арасында аталған желiлер бойынша мәмiле жасау кезiндегi қарым-қатынасты реттеу аймақтық және/немесе жергiлiкті деңгейдегi электр желiлерi бойынша электр беру ережелерi арқылы реттеледi.
      6. Тұтынушы мен энергия өндiрушi, энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдар арасында туындайтын пiкiр қайшылықтары белгiленген тәртiппен сотта шешiледi.
      7. Тұтынушының электр энергиясын пайдалануына тек қана энергиямен жабдықтаушы ұйым мен тұтынушы (абонент) арасында жасалған шарт негiзiнде жол берiледі.
      Шартқа тұтынушы жалғанған электр желiлерiнiң баланстық бағыныштылық жігiн бөлу, екі жақтың тұтыну жауапкершiлiктерiнiң актiсi, авариялық және технологиялық бронь актiсi және белгiленген тәртiппен жасалған басқа да құжаттар тiркеледi.
      8. Электрмен жабдықтау туралы авариялық және технологиялық бронь актісi абонентпен және энергиямен жабдықтаушы ұйыммен бiрлесе отырып жасалады.
      Тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға авариялық және технологиялық бронь бойынша алатын электр энергиясы үшiн ақы төлеуге кепiлдiк бередi, ал энергиямен жабдықтаушы ұйым - авариялық және технологиялық бронь тiзбесiне кiретiн объектiлердi электрмен үздiксіз жабдықтауға.
      9. Тараптардың келiсуi бойынша субабонент энергиямен жабдықтаушы ұйыммен энергия жабдығына бiр уақытта көпжақты шартқа отыра алады, ал абонентпен - оның техникалық мүмкiндiктерi толық болған жағдайда абонент желілерi бойынша энергияны тасымалдауға.
      10. Көпжақты шартта абонент пен қосалқы абоненттiң мәлiметтері: аты, қуаты, электр тұтынуы, тұтынушылардың тарификациялық топтары және басқа да мәлiметтер.
      Абонент техникалық мүмкiндiктерi бола тұра өз желілерi бойынша электр энергиясын тасымалдауға субабонент пен энергиямен ұйым арасында шарттың жасалуына кедергi келтiре алмайды.
      11. Абонент тұтынатын электр қуатын шартта көрсетiлген мәннен (техникалық ережелерi бойынша қуат шеңберiнде) көтеру, сондай-ақ жаңа субабоненттердi қосуға тек қана энергиямен қамтамасыз етушi ұйымның рұқсатымен энергия жабдығына тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана рұқсат етiледi.
      12. Абонент өзiне қарайтын желiлерге 1000 В дейiнгi кернеудегi

электр қондырғыларын шартта көрсетiлген қуат шеңберінде, энергиямен 
жабдықтаушы ұйымның қосымша рұқсатынсыз-ақ қоса алады, ал 1000 В жоғары 
болса - жалғанған қуатқа қарамастан, тек қана энергиямен жабдықтаушы 
ұйымның рұқсатымен ғана.
     13. Тұтынушы, егер де бұл заңға қайшы келмесе, электр өндiрушi 
ұйыммен тiкелей электр энергиясының жеткiзiлуiне шарт жасаса алады. Мұндай 
жағдайда электр энергиясын энергия беретiн ұйымдардың желілерi арқылы 
жіберу электр энергиясын тасымалдауға арналған жекелеген шарттар негiзiнде 
жүзеге асырылады.
     
      3. Тұтынушылардың электр қондырғыларын жалғауға арналған
                       техникалық ережелер
     
     14. Электр желісiне жаңа қуаттарды қосуға арналған техникалық 
ережелердi тұтынушының жазбаша өтiніш бойынша желi иелерi бередi.
     Тұтынушының өтiнiшiнде мыналар болуы керек:
     1) салынып жатқан (қайта жөнделiп жатқан) объектiнiң толық аты және 
ситуациялық жоспары тiркелген мекен-жайы;
     2) объектiнiң ең жоғары жүктемесi, оның сипаты - тұрақты, уақытша, 
маусымды;
     3) жылдар бойынша электр жүктемесiн енгiзу мерзімдері;


      4) толық және жекелеген технологиялық қондырғылардағы электр қабылдағыштардың электр жабдықтау сенiмдiлiгi жөнiндегi санаты;
      5) өтiнiш жасалған қуатты негiздеу;
      6) техникалық ережелердiң ықпал ету мерзiмi.
      15. Электр желiлерiнiң иелерi тұтынушыдан немесе оның тапсырмасы бойынша жобалау ұйымынан өтiнiш алғаннан кейiн екi апта iшiнде қайта құрылатын немесе кеңейтiлетiн iстеп тұрған кәсiпорындарды, құрылыстарды немесе жекелеген өндiрiстердi энергиямен жабдықтауға алдын ала ережелер бередi. Алдын ала ережелер жалғанатын объектiлердiң барлық қосылғандағы қуаты 1000 кВт асқан жағдайда берiледi.
      16. Объектiнi электр желiлерiне қосуға арналған алдын ала жағдайларда объектiнi қоректендiретiн әуе және кабельдiк желiлер жұмыс iстейтiн қосу нүктелерi (қосалқы станция, электр станциясы, электр өткiзгiш желiлер), кернеу, нүктелердегi кернеудiң күтiлген деңгейi көрсетiледi.
      17. Тұтынушылардың жаңа кәсiпорындарды, ғимараттарды, жекелеген өндiрiстерде немесе сырттан энергиямен жабдықтау схемасын өзгертудi қажет ететiн кеңейтiлетiн және қайта жөнделетiн пайдаланып жүрген объектiлердi энергиямен жабдықтау жөнiндегi жоба шешiмдерiн келiсу тұтынушы жалғанған желiнiң иесiмен жүргiзіледi.
      18. Кәсiпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кезектерiн немесе жекелеген өндiрiстердi электр желiлерiне қосуға техникалық ережелердi тұтынушыға желілердің иесi құрылыс үшiн алаң бөлу туралы акт бекiтілгеннен кейiн бiр ай мерзiм iшiнде бередi.
      19. Қуаттың көп жұмсалуын болдырмайтын, бiрақ тұтынушыны энергиямен сырттан жабдықтау схемасын өзгертетiн энергиямен жабдықтау сенiмдiлiгi жөнiндегi санаттылықты қайта жөндеген немесе өзгерткен жағдайда соңғысы желiлерінiң иесiнен бұған техникалық ережелерiн алуы тиiс.
      20. Электрмен жабдықтайтын ұйымның абонентiнiң желiлерiнен қоректенетiн қосалқы абоненттер, электр қондырғылар техникалық ережелердi абоненттерден алады.
      21. Электр желiлерiне абоненттi қосуға арналған техникалық ережелердi мыналар көрсетiледi:
      1) объектiнi қоректендiретiн әуе және кабельдiк желілер жұмыс iстейтiн қосу нүктелерi (қосалқы станция, электр станциясы, электр өткiзгiш желiлер), кернеу, нүктелердегi кернеудiң күтiлген деңгейi көрсетiледi;
      2) жаңа тұтынушының пайда болуымен байланысты - сымдардың қиылысуын көбейту, трансформаторлардың қуатын ауыстыру немесе арттыру, бөлу қондырғыларының қосымша әшiкшелерiн салу және т.б.) қазiргi желiлердi күшейту жөнiндегi негiзделген талаптар;
      3) қысқа уақыт шалынысатын тоқты есептеу мәнi, релейлiк қорғауға, автоматикаға, телемеханикаға, байланысқа, оқшаулауға және кернеуден асып кетуден қорғауға қойылатын талаптар;
      4) реактивтi қуатты өтеу электр энергиясының сапасын бақылау мен есепке алу, желiге жалғанған нүктедегi электр энергиясының сапасына тұтынушының ықпал ету дәрежесi жөнiндегi, тұтынушыны энергиямен қамтудың тәулiктiк кестесiн реттеу жөнiндегi талаптар;
      5) субабоненттердiң, тұтынушының желiсіне жалғанған, олардың жүктемесi мен электр энергиясын тұтынуы туралы алдағы мәлiметтерi көрсетiлген тiзiмi;
      6) пайдалануға рұқсат етiлген қуат;
      7) техникалық ережелердiң әсер ету мерзiмi.
      22. Тұтынушы объектіде құрылыс жұмысы басталғанға дейiн кәсiпорынның, ғимараттың, очередьтiң немесе жекелеген өндiрiс жобаларының тиiсті бөлiмдерi мен белгiленген тәртiппен бекiтiлген жұмысшы сызбаларды сараптау жүргізетін өкілетті органның арнайы рұқсаты бар, он күн мерзім ішінде қабылданған жоба шешімдерінің техникалық ережелер мен қолданылып жүрген нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкестігін тексеретін және қорытынды беретін сараптау ұйымдарын таныстырады.
      Жекелеген жағдайларда, егер қосымша сараптаушыларды тарту талап етілсе, аталған жобалық құжатты қарау мерзімін бір айға дейін ұзартуға болады.
      Абоненттен техникалық ережелерді алған қосалқы абонент энергияны өткізуші ұйыммен келісу үшін абонентке оның желілеріне кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды жалғауға арналған жоба құжатын көрсетеді.
      23. Объект иесі өзгерген жағдайда энергиямен жабдықтауға шартты қайта жасасу қажет және техникалық ережелерді де қайта рәсімдеу керек.
      24. Тұтынушы жалғанған желілердің иесі берген техникалық ережелердің орындалуы тұтынушылар мен олардың жобалау ұйымдары үшін міндетті.
      25. Бұрын жұмыс істеген ұйымдардың базасында қайта құрылған және қайта құрылатын ұйымдар үшін техникалық ережелерді алу міндетті. Техникалық ережелерді беру және қайта рәсімдеу үшін ақы алынбайды.

         4. Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға жіберу

      26. Барлық қайта жалғанатын және қайта жөнделетін электр қондырғылары нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес болуы тиіс, жобалау, техникалық қабылдау-тапсыру құжаттарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
      27. Пайдалануға жіберілгенге дейін электр қондырғылар қабылдау-тапсыру сынағынан өтуі керек және оны тұтынушы монтаждау ұйымынан акт бойынша қабылдап алуы тиіс. Энергия беруші ұйымдар, тұтынушылар табылған кемшіліктерді жойғаннан және Уәкілетті органның сараптау өткізуге белгіленген тәртіппен сараптау ұйымның қорытындысын алғаннан кейін тұрақты пайдалануға тұтынушының электр қондырғыларын өздерінің электр желілеріне қосып алады.
      Қысым беру Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органдарының рұқсатымен жүзеге асырылады.
      28. Электр қондырғыларға маусымдық сипаттағы жұмыспен кернеу беруді техникалық тексеруден кейін желілерінің иесі жүргізеді.
      29. Электр қондырғыларды пайдалануға жіберу тәртібі қосалқы абоненттердің қайта жөнделген және қайта құрастырылған қондырғыларына жүреді.
      30. Электр қондырғылар меншік түріне қарамастан, тұтынушыда электр техникалық қызметші мен электр шаруашылығына жауапты тұлға және сараптау жүргізуге өкілетті органның арнайы рұқсаты бар сараптау ұйымының қорытындысы болған жағдайда ғана пайдалануға жіберіледі. Объектіні (бөлмені) жалға берген жағдайда электр шаруашылығы үшін жауапкершілік жалға беруші тарапынан электр шаруашылығына жауап беретін тұлғаға, егер шартта басқаша көзделмесе, жүктеледі.
      31. Тұтынушылардың электр қондырғыларында монтаж жетіспеушілігі, жалғауға берілген техникалық ережелерден және талаптар нормативтік-техникалық құжаттардан ауытқушылық байқалса, сондай-ақ бұл қондырғылармен жұмыс істейтін қызметшілер дайындықсыз болса, оларды пайдалануға жіберуге рұқсат етілмейді.
      32. Электр қондырғының иесі ауысқан жағдайда, оны жұмысқа қосуға рұқсат белгіленген тәртіппен электрмен жабдықтауға шарт жасалғаннан кейін беріледі.

         5. Электр энергиясын тұтыну ережелері мен режимі

      33. Барлық тұтынушыларға, меншік нысанына қарамастан, электр энергиясын жіберу жылдық, тоқсандық, айлық жоспарларға және энергиямен жабдықтауға жасалған шартқа сәйкес тұтынушыға электр энергиясын жіберудің күндік кестесіне сәйкес энергиямен жабдықтайтын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергетикасы объектілерінің ерекше жұмыс режимін енгізу және тұтынушыларға электр энергиясын берудің Бас диспетчерлік басқармасы жүйелік оператормен бірлесіп бекіткен тәртібіне сәйкес электр энергиясы мен қуатты тұтыну кестесін өзгертуі мүмкін.
      34. Шартта абоненттің өзі пайдаланатын электр энергиясының мөлшерін өзгерте алу құқығы көзделуі тиіс, сондай-ақ электр энергиясының қосымша мөлшерін беруді энергиямен қамтамасыз етумен жабдықтаушы ұйым отырғызған шығынның орнын абоненттің толтыруы тиіс екендігі айтылады.
      35. Абонентте өзінің жеке электр станциясы (блок-станция) болған жағдайда энергиямен жабдықтайтын ұйымнан және блок-станция арқылы электр энергиясын өндіруден электр энергиясын жіберу шамасы көрсетіле отырып, электрді тұтынудың шарттық шамасы белгіленеді.
      36. Өнеркәсіптік, оған теңестірілген тұтынушылар мен ауылшаруашылық тұтынушылар міндетті:
      1) электр энергиясына деген алдағы сұранымды анықтау мақсатында бір жылға электр балансты және одан арғы болашақты құру;
      2) электр желілеріндегі авариялық жағдайларда энергиямен жабдықтайтын ұйымның жүктемені азайту (ажыратып тастау) немесе белгіленген тәртіппен бекітілген энергияны тұтынуды шектеу мен ажыратып тастау кестесіне сәйкес электрді тұтынуды шектеу туралы талаптарын орындау;
      3) электр желісінің баланстық бағыныштылық шекарасында энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия беруші ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес тұтынушының электр қабылдағыштарының жұмысымен байланысты электр энергиясының сапасы көрсеткіштерінің мәнін қолдау;
      4) электр қондырғылардағы шартта айтылғандай реактивтік қуатты өтеу деңгейін қолдау;
      5) жұмыс күндері мен демалыс күндеріне арналған электр жүктемелерінің күндік кестесін жасап, энергиямен жабдықтайтын ұйымға беру.
      37. Электр энергиямен тұтынудың белгіленген шарттық режимдері бұзылған жағдайда тұтынушыларға мынадай ықпал ету шаралары қолданылады:
      1) электрді тұтыну мен қуат режимдерін сақтамаған жағдайда осы ереженің 68-тармағына сәйкес электр энергиясын жіберуді мәжбүрлікпен шектеу;
      2) электр энергиясы мен қуаттың бес есе құнынан аспайтын шамада тұтынушыға айыппұл салу. Қуаттың шарттық шамасы көтерілгені үшін ақы төлеу, егер де шартқа тиісті өзгерістер енгізілмесе, тұтынушыға шарттан асып кететін қуат шамасын одан әрі пайдалануға құқық бермейді;
      3) Энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымның баланстық шекарасында тұтынушының кінәсінен электр энергиясының сапасы төмендеп кеткен жағдайда тарифке үстеме қосу. Үстеме жазу жасалған шартқа сәйкес әрбір сапа көрсеткіш бойынша жүргізілуі мүмкін.

           6. Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі тараптардың
                    жауапкершілігі мен міндеттемелері

      38. Электр қондырғыларының иелері арасындағы электр қондырғылардың жайы мен олардың қызметі үшін жауапкершіліктің аражігі баланстық бағыныштылығымен және шартпен айқындалады және энергия жабдығы туралы шартқа тіркелетін, электр желілердің баланстық бағыныштылығы мен тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлетін актіде белгіленеді.
      39. Кернеуі 1000 В және одан да жоғары электр қондырғылардың жағдайы мен қызметі үшін жауапкершілік аражігі мыналарға белгіленеді:
      1) сырт жақтағы әуе желiсiнің өтпелi изоляторының жалғағышында, жабық бөлу қондырғылары мен ашық бөлу қондырғылары изоляторларының созылған портальды тізбегiнiң керiлген қысқышынан жасалған сымның шығар жерiнде;
      2) жабдықтаушы және ығыстырылған желiлердiң кабельдiк немесе әуемен кірер ұшында.
      Бұл жерде 1) және 2) тармақшалардағы жалғағыштардың жай-күйi үшiн жауапкершiлiкті қосалқы станцияны пайдаланатын ұйым арқалайды.
      Дәнекерi кеткен, әртүрлi ұйымдарға жататын 1000 В жоғары кернеулi электр беретін желiлердiң жай-күйi мен қызметiне жауапкершiлiктiң аражігі дәнекерi кеткен негізгi желiнiң тіреуішінде белгiленедi. Дәнекерi кеткен жерлердi жалғастырушы қысқыштардың жайына қарамағына негізгi желi кiретін ұйым жауап бередi.
      Тараптардың келiсiмi бойынша шарт арқылы электр қондырғыларды пайдалану ерекшелiктерiмен шартталған басқа да негiзделген жауапкершiлiк аражiгі белгiленуi мүмкiн.
      40. Тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы 1000 В дейiнгі кернеудегі электр қондырғыларының күйi мен қызметi үшiн жауапкершiлiк аражігі мына жағдайларға байланысты белгiленедi:
      1) ғимаратқа орнатылған бiрiншi изолятордағы жабдықтаушы желiнi жалғайтын жерде - әуеде тармақтанғанда;
      2) ғимаратқа кiрердегi жабдықтаушы кабельдiң ұштарында кабель енетiн жерде.
      Кондоминиум объектiсi болып табылатын үйлердегi, сондай-ақ мекемелер мен басқа да өндiрiстiк емес тұтынушыларға қарайтын үйлердегі электр желілердiң баланстық бағыныштылық шекарасындағы жалғағыштардың күйi үшiн жауапкершiлiк энергия берушi ұйымға жүктеледi.
      Аталған тармақта көрсетiлген баланстық шекарасы сәйкес келмеген жағдайда олар тiкелей шартта айқындалады.
      41. Тұтынушы осы ереже мен басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкес өз қарамағындағы электр қондырғылардың техникалық жағдайына, қауiпсiздiк техникасына және олардың пайдаланылуына, энергия мен қуатты тұтынудың шарттағы шамасына, жедел тәртiптiң сақталуына жауап бередi.
      42. Тұтынушы барлық есеп схемасының бұзылуы мен есептеу құралдарындағы ақаулар туралы, жабдықтаушы желiлердiң сөнiп қалуымен байланысты болатын авариялар туралы, энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымдарға қарайтын және бөлменiң ішіндегi немесе тұтынушының аумағындағы жабдықтың анықталған барлық ақаулары туралы дер кезiнде энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия беруші ұйымға хабарлауы тиiс.
      43. Электр берушi желiлердi, энергиямен жабдықтаушы ұйымның басқа тұтынушысына өткiзу арқылы энергия беретiн бөлу пункттері мен абоненттің трансформаторлық қосалқы станцияларын жөндеуге жіберу, сондай-ақ аталған жабдықты жөнделгеннен кейін қосу желілеріне абонент жалғанған энергия беруші ұйыммен келісілгеннен кейін жүргізіледі.
      44. Тұтынушы жедел түрде қосу және энергия беруші ұйымның балансындағы, тұтынушының аумағында орналасқан электр желілерінің құрылысы мен жөндеу жөніндегі өндіріс жұмыстары үшін энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия беруші ұйымның қызметшісін күннің кез келген мезгілінде қосалқы станцияның транзиттік бөлігіне кедергісіз кіре алуын қамтамасыз етуі тиіс. Энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия беруші ұйым жұмыс аяқталған соң жұмыс істелген аумақ пен бөлмені тиісті қалпына келтірулері тиіс.
      45. Электр энергиясын тұтынушылар:
      1) ток қабылдағыштар мен коммерциялық есептегіш құралдардың тиісті техникалық жағдайын ұстауға, техникалық жағдайға қойылатын нормативтік құқықтық актілермен айқындалатын талаптарды орындауға;
      2) электр қуатын, электр энергиясы мен жылу энергиясын сатып алу-сату шартымен айқындалатын энергия тұтыну режимін сақтауға;
      3) электр энергиясының стандарттық жиілігін ұстап тұруға бағытталған нормативтік талаптарды орындауға;
      4) жасалған шарттарға сәйкес жіберілген, берілген, тұтынылған электр қуатына, электр және/немесе жылу энергиясына өз уақытында ақы төлеуге;
      5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес электрлік және электр қондырғыларының техникалық жағдайы мен пайдалану қауіпсіздігіне бақылау жасауды жүзеге асыру үшін энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдардың қызметкерлерін, сондай-ақ Мемлекеттік энергоқадағалау комитеті қызметкерлерін коммерциялық есептеу құралдарына жіберуге міндетті.
      Электр энергиясын тұтынушылардың:
      - тиісті сападағы электр энергиясын шартта көрсетілген шамада және мерзімде алуға;
      - энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдардан электр энергиясын дұрыс жібермеуден немесе сапасыз энергияны жіберуден туындаған шығынның орнын толтыруды талап етуге;
      - электр энергиясын жіберумен және тұтынумен байланысты туындаған талас мәселелерді шешу үшін сот органдарына өтініш беруге құқығы бар.
      46. Энергия беруші ұйым тұтынушылардың аумағында жөнделген аварияға қарсы автоматика құралдарының жұмысын тексерілуіне, қалыптылығына, дұрыстылығына жауап береді. Тұтынушы осы құралдардың сақталуы үшін жауапкершілік арқалайды.
      47. Өндіріс пен электр қондырғылардың өзіндік шарттары - электрді тарту, жер асты, жарылу қаупі бар және басқа да өндірістер - болған жағдайда тұтынушылардың осы электр қондырғыларын пайдалану және олардың қауiпсiз қызмет көрсетуi жөнiнде белгіленген тәртiппен бекітілген арнайы нұсқаулары болуы тиiс.

             7. Есептеу құралдарын орнату және пайдалану

      48. Электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғылары энергиямен жабдықтаушы ұйымнан келетiн және/немесе энергия берушi ұйым жiберетiн электр энергиясын есептеу үшiн қажетті құралдармен, ал электр энергиясын тәулiк бойынша пайдаланған кезде тәулiк бойғы сағат бойынша тұтынуды бақылап отыруға мүмкiндiк беретiн құралдармен қамтамасыз етiлуi тиiс.
      Есептеу құралдары жоқ тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия берушi ұйымның желiлерiне жалғауға рұқсат етілмейдi.
      49. Бiр ғана энергиямен жабдықтау көзiнен әртүрлi тарифтiк топтағы бiрнеше тұтынушы энергияны пайдаланған жағдайда әрбiр тарифтiк топ үшiн есептеу құралы орнатылуы тиiс.
      50. Есептеу құралдарын энергия берушi ұйым орнатуы тиiс.
      Есептеу құралдары мен оларды орнату бағасын тұтынушы төлейдi.
      51. Есептеу құралдарын қосу мен олардың қайтадан енгiзілген объектiлерге қосылуын тексерудi бұл жұмыстардың өндiрiсiне құқығы бар ұйымдар орындайды.
      Есептегiштердi Мемлекеттiк стандарт органдары белгiлеген мерзiмде тексеруде және ауыстыруды энергия берушi ұйым немесе тұтынушымен шарт бойынша осы қызмет түрiне рұқсаты бар басқа да мамандандырылған ұйым орындайды.
      52. Есеп схемасы мен электр есептегіштер тұтынушының кiнәсiнен бұзылса, оларды жөндеу, ауыстыру және мемлекеттiк тексеру тұтынушының есебiнен жүзеге асырылады.
      53. Электр энергиясын есептеудiң бақылау құралдарын тұтынушылар пайдаланады және соларға қызмет көрсетедi.
      54. Энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдар мен тұтынушылар арасында есеп айырысу үшiн активтi және реактивтi энергияға (қуатқа) есеп жүргiзу есепке алу нүктесiнде жүргiзіледi.
      55. Есептеушi электр санағыштары электр желiлерiнiң баланстық бағыныштылық шекарасынан басқа жерге орнатылған жағдайда желi учаскесiндегi шекарадан электр санағыштарын орнатқан жерге дейін электр энергиясының жоғалуы көрсетiлген желi учаскесінің балансындағы иесi есебiне шарт негiзiнде жатқызылады.
      56. Электр энергиясын субабонентке берумен байланысты абоненттің электр желiсiндегi электр энергиясының жоғалуы шарт негiзiнде субабоненттерге олар тұтынған үлеспен жатқызылады.
      57. Есептеуші электр санағышта қаптамаларының бекіткіштеріне орнатылған Мемлекеттік стандарт органдарының пломбасы болуы керек, ал электр санағыш қысқыштары мен ток трансформаторларының қақпағында - энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия беруші ұйымның пломбасы.
      58. Есептеуші құралдарды қоректендіріп отыратын кернеу трансформаторларының ажыратқыш тартпасын, сондай-ақ есептеу құралдарының сымдарындағы қысқыштарды орағанда энергия беруші ұйым оны пломбамен бекітеді.
      59. Есептеу құралдары мен есептеу құралдарын жабдықтайтын өлшеуіш трансформаторларға мемлекеттік тексеру Мемлекеттік стандарт белгілеген мерзімде жүргізіледі.
      60. Электр энергиясын есептеу схемасын өзгертумен немесе бұзумен байланысты кез келген жұмыс түрін жүргізу кезінде абонент жұмысты бастамас бұрын бұл туралы энергиямен жабдықтайтын және/немесе энергия беретін ұйымды жазбаша түрде хабардар етіп, тиісті рұқсат алуға міндетті.
      61. Жөндеу жұмысын жүргізу кезінде электр энергиясын есептеу энергиямен жабдықтайтын және/немесе энергия беретін ұйыммен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      62. Тұтынушы сараланған тәулік бөліктері мен белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер бойынша пайдалану үшін электр энергиясының шығынын есептеудің көптарифті есептегіш құралдарын орнатуға құқылы.

        8. Электр энергиясын беруді шектеу және тоқтату ережелері

      63. Электр энергиясын беру тұтынушымен жасалған шартқа сәйкес үзіліссіз жүргізіледі.
      Тұтынушылардың электр қабылдауының санаттары бойынша энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығы нормативтік-техникалық құжаттармен талаптарымен сәйкес келуі тиіс.
      64. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушы мен электр желілері ұйымын жазбаша түрде ескертіп, оған электр энергиясын толық тоқтатуға немесе бөліп беруге мына жағдайларда құқықты:
      1) шартпен белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін ақы төлеудің жоқтығынан;
      2) электр тұтыну мөлшерінің шарттан тыс электр энергиясының жұмсалуы және оның төленбеуі немесе электр тұтынудың белгіленген режимінің бұзылуы;
      3) электр желілері ұйымдарының желісіне өз бетімен ток қабылдауды жалғап алуы немесе шартта келісілген белгісінен тыс қуатты көбейтуі;
      4) ток қабылдауды есеп жүргізу аспаптарынан тыс жалғауы немесе электр энергиясына есеп жүргізу схемасының бұзылуы;
      5) тұтынушының кiнәсi бойынша электр энергиясының сапалық көрсеткішін белгiсiне дейiн төмендеткенде электр желiлерi ұйымдары мен басқа да тұтынушылардың электр қондырғыларының қалыпты жұмыс істеуi бұзылғанда;
      6) электр энергиясына есеп жүргiзу аспаптарына электр желiлерi ұйымдарының өкiлдерiн жiбермеу.
      65. Мемлекеттiк энергия қадағалау органдары тұтынушыға электр энергиясын толық тоқтатуды немесе бөлiп берудi 64-тармақтың
5) тармақшасында қарастырылған жағдайда мiндеттеуге құқықты, сондай-ақ мына жағдайларда да:
      1) апат, өрт тудыратын және адамдардың өмiрiне қауiп төндiретiн тұтынушылардың электр қондырғыларының қанағаттандырғысыз күйi;
      2) тұтынушылардың электр қондырғыларына қызмет көрсету жөнiндегi бiлiктi қызметкерлердiң жоқтығы;
      3) Мемэнергияқадағалау органдарының нұсқамасын орындамағанда немесе тұтынушылардың электр қондырғыларына мемлекеттік энергия қадағалау өкiлiн жібермегенде.
      66. Жабдықтарды жөндеу жөнiндегі жоспарлы жұмыстарды өткiзу үшiн резервтiк қоректенудiң жоқтығы және жаңа тұтынушыларды қосу кезiнде электр желiлерi ұйымдары осы мақсатта абоненттердi энергиямен жабдықтаудың санын және ағыту ұзақтығын шартта келiсуге тиiс.
      Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйым алдағы ағытулар туралы кемiнде үш күн бұрын олармен күнiн және электр энергиясын берудегі үзiлiс уақытын келiсу үшiн тұтынушыны ескертуге міндетті.
      Егер де тұтынушы ескерту алғаннан кейiн үш күн мерзiмде электр энергиясын берудiң күнi мен үзiлiс уақытына келiсуiн бермесе, электр желiлерi ұйымы оны өз бетiмен белгiлеуге құқықты. Электр энергиясын берудің үзiлiсi мүмкіндiгiне қарай жұмыстан тыс уақытта абонентті ағытуға дейiн бұл туралы кемiнде 24 сағат бұрын ескертуiмен жүргізiлуi тиiсті.
      67. Апаттарды алдын ала ескерту немесе жою жөнiндегі кiдіртуге болмайтын шараларды қабылдау үшiн электр желiлерi ұйымдары тұтынушының электр қондырғысын 24 сағат iшiнде абонентке ағытудың себептерi туралы жазбаша түрде кезектей хабарлай отырып, ағытып тастауға құқықты.
      Ерекше өндiрiстердi толық ағытып тастауға жол бермеу апаттық және технологиялық брондардың актiсiнде көрсетiлуi тиiстi.
      68. Электр желiсiнің жоғары жүктемесiнiң сағатын шарт бойынша пайдалануға рұқсат етiлген қуатын тұтынушы арттырған жағдайда электр желiлерi ұйымы тұтынушыдан шартпен белгіленген белгiге дейiн жүктемесiн төмендетудi талап етуге құқықты.
      Электр желілерi ұйымдарының шартпен белгіленген немесе берiлген шектеуiнiң мөлшеріне дейінгi жүктемесін төмендетуді тұтынушы уақытында орындауы тиіс. Электр желiлерi ұйымдарының жүктеменi төмендету туралы талаптарын 10 минут iшiнде орындамаса электр желiлерi ұйымдары тұтынушыны желiден бөлiп берудi немесе толық ағытып тастауды жүргiзуге құқықты.

               9. Энергиямен жабдықтаушы және электр
                 желiлерi ұйымдарының жауапкершiлiгi

      69. Абонентке электр энергиясын беруде электр желiлерi ұйымдарының кiнәсiнен үзiлiс кезiнде соңғысы орындау үшiн немесе орындауға жатпайтын шарттық мiндеттемелерге жауапкершiлiк алады.
      70. Электрмен жабдықтаушы ұйым егер де оның кiнәсiнен тұтынушыны энергиямен жабдықтауда үзiлiс болып қалса, берiлмей қалған электр энергиясы үшiн ұйым тұтынушыға бес есе құнынан аспайтындай мөлшерде, егер бұл туралы шартта басқаша қарастырылмаса, айыппұл төлеуге мiндеттi.
      Үзілiс уақыты тұтынушы мен электр желiлерi ұйымдарының құжаттары бойынша тұтынушыға энергия берудi тоқтатқан кезден бастап міндеттi мөлшердегi кернеуі мен жиілiгiнде энергия беру қалпына келтіргенге дейiн анықталады.
      71. Қолданылған электр энергиясы үшiн толықтай алдын ала ақы төлеу талаптарын орындаған кезде тұтынушы құқы шарт мiндеттемелерiнің орындалмауымен бұзылса, электр желiлерi ұйымдарынан оған келтірілген шығындарды толық қайтаруды талап ете алады.
      72. Электр желiлерi ұйымы тұтынушылар алдында босатылмаған электр энергиясы үшiн мына жағдайларда жауапкершiлiк алмайды:
      1) төтенше жағдайлар туындағанда (жер сiлкiнiсi, су тасқыны, басқа да табиғи апаттар, электр энергетикасы объектiлеріндегi өндiрiстiк апаттар);
      2) тұтынушының қызметкерлерiнiң немесе тұтынушының объектiлерiнде бөгде тұлғалардың дұрыс жұмыс істемеуi, дұрыс қоспау, ағытып тастау немесе қайта қосу, ауа желiлерiндегi сымның ағытылып тасталуы, ауа және кабельдiк желiлердiң механикалық зақымдануы және басқа;
      3) тұтынушыларға электр энергиясын берудiң осы Ережедегi 64 және 65 тармақтарында қарастырылған шектеу немесе тоқтату талаптарына.
      73. Электр энергиясын электр желiлерi ұйымдарының кiнәсiмен толық босатпау орташа тәулiктiк шарттық мөлшерi мен осы тәулікте толық босатпау орын алған кездегi энергияны нақтылы тұтынуы арасындағы айырмашылық ретiнде анықталады.
      Барлық қалған жағдайларда электр энергиясын беруде жол берiлген және осы тәулiктегi нақтылы тұтынуы мен соңғы үш жұмыс тәулiгi үшiн электр энергиясын тұтынудың орташа тәулiгi арасындағы айырмашылығы ретінде анықталады.
      74. Энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйым үш күн мерзiм ішінде электр энергиясының толықтай берiлмегендiгі жөнiндегi тұтынушының өтiнiшiн қарауға мiндеттi және факт анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексiнiң 9-бабы 4-тармағына сәйкес тұтынушының шығынын өтеуi керек.
      75. Электр энергиясын тұтынудағы шектеу уақыты мен толық босатпау себептерi электр желiлерi ұйымы мен тұтынушының жедел құжаттары бойынша анықталады.
      76. Егер де тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану немесе тұтынушылардың электр қондырғыларындағы басқа да технологиялық бұзылулар кезiнде электр желiлерi ұйымдарының желiсiне жалғанған басқа тұтынушыларға электр энергиясын толық босатпау орын алғанда соңғысының кiнәсiнен электр қондырғыларының техникалық пайдалану ережесi мен техника қауiпсiздігiн тұтынушының бұзуы нәтижесiнде бұл тұтынушы басқа тұтынушылардың электр желiлерiне төлеген сомасының көлемiнде электр энергиясын толық босатпау үшiн энергиямен жабдықтаудың шартына сәйкес жауапкершiлiк алуы мүмкiн.
      77. Электр желiлерi ұйымы ГОСТ 13109-97 қарастырылған электр желiсiндегi баланстық қажеттілiктер шекарасындағы электр энергиясы параметрлерiнiң белгiсiн қолдап отыруға мiндетті.
      78. Электр желiлерi ұйымы мен тұтынушының электр желiлерiндегi баланстық қажеттілiктерi шекарасындағы электр энергиясының шарттық сапалық көрсеткiштерi қолданылатын ГОСТ 13109-97 және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес анықталады.
      79. Электр желiлерi ұйымы мен тұтынушы өзiнiң баланстық қажеттiлiктерi шекарасында электр энергиясының сапасына мерзiмдiк бақылау жасауды жүзеге асыруға мiндеттi. Электр энергиясының сапасын мерзiмдiк тексеру шартпен, сондай-ақ қажеттiлiгiне қарай жылына кемiнде екi рет белгiленедi.
      80. Төменгi жиіліктегі жұмыс уақыты электр желiлерi ұйымдарының және тұтынушының аспаптары бойынша анықталады.
      Төменгi: жиiлiкпен жiберiлген электр энергиясының саны есеп айырысу кезеңiндегi орташа тәулiктiк жұмсалуы бойынша анықталады.
      81. Төменгі жиiлiктегi жұмыс уақыты статистикалық немесе тiркейтiн аспаптар көрсеткiшi бойынша анықталуы мүмкiн. Тексерудің нәтижесi электр желілерi ұйымдары мен тұтынушылардың жасаған актілерiмен рәсiмделедi.
      Төменгi жиiлiктегi электр энергиясының сапасы төменгi жиiлiктегi жұмыс актiсiн рәсiмдеу кезiндегi тәртiбi сияқты анықталады.
      82. Тұтынушының өндiрiстiк қажетi үшiн төменгi жиіліктегі электр энергиясын босату жағдайында бiр уақытта бiр немесе бiрнеше көрсеткіштерi бойынша, электр желiлерi ұйымдарының кiнәсi бойынша тұтынушы 2.2. тармағына сәйкес электр желiлерi ұйымдарынан электр энергиясы тарифiне шегерiм талап етуге құқықты.
      83. Электр желілерi ұйымы тұтынушылар алдында тәулiгiнде төменгі сападағы электр энергиясын босатқанда тұтынушы осы аралықта электрдi тұтынудың белгiленген тәртiбiн сақтамаса, электр энергиясы мен қуатының шарттық тұтыну мөлшерiн арттыруға жол берсе, электр желілерi енгiзген электрдi тұтынуы мен қуатын шектеудiң кестесiн орындамаса материалдық жауапкершiлiк алмайды.
      84. Электр желiлерi ұйымы тұтынушылар алдында шартта көрсетілгендей жоғары немесе кернеудiң төменгi мөлшерiнің қарсы көлеміндегі электр энергиясын босатқанда, егер де тұтынушы электр желiлерi ұйымдарының желiсiнен тұтынатын шартта ескертiлген реактивтік қуатының (энергиясын) маңызында өзiнiң теңелтетiн қондырғыларын (синхронды қозғағыш, синхронды өтеуiш т.б) ұстап тұра алмаса материалдық жауапкершiлiк алмайды.

               10. Электр энергиясы мен қуат үшiн есеп айырысу

      85. Электр энергиясы үшiн тұтынушылармен есеп айырысу белгіленген тәртiппен бекiтiлген тарифтер бойынша жүргiзiледi.
      Тұтынушыларға жiберiлген электр энергиясы үшiн есептесу шартқа сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйымның төлем құжаттары бойынша жүргiзiледi.
      Жiберiлген электр энергиясы үшiн есептесу кезеңiнiң ұзақтығы, мерзімі мен есептесу нысаны электрмен жабдықтауға жасаған шартта айқындалады.
      Энергиямен жабдықтаушы ұйым кемiнде он күн қалғанда тұтынушыны электр энергиясына тарифтердiң өзгертiлгендiгi туралы хабардар етуi тиiс. Бұл жағдайда энергиямен жабдықтауға шартты қайта жасау талап етілмейді.
      86. Тұтынушылар жалғанған 750 және одан жоғары кВ.А қуатына екi ставкалы тариф бойынша электр энергиясын пайдаланғаны үшін есеп айырысады.
      Тұтынушылар жалғанған 750 және одан жоғары кВ.А қуатына бiр ставкалы тариф бойынша электр энергиясын пайдаланғаны үшiн есеп айырысады.
      87. Екi ставкалы тариф 1 кВт шарттық жоғары қуаты үшін ақы төлеуден, электр желілерi ұйымдары желiсiнің жоғары жүктемесін қатысушы - негiзгi ставкадан, және тұтынушыға жiберiлген активтi электр энергиясының 1 кВт сағаты үшiн ақысы - қосымша ставкадан тұрады.
      Шарттық қуатындағы электр энергиясының мөлшерi мен абонент жүктемесiнiң оның қосымша абоненттерінің жүктемесiн қосқандағы кестесiн толтыру коэффициентiнiң шарттық негізде алынған электр желiлерi ұйымдарының желiсiне жоғары жүктеме кезеңiндегi есептесудің сағаттық қуатына электр желiлерi ұйымдарымен келiсiлген түрiнде болады.
      Электр желiлерi ұйымдарымен келiсiлген қуат мөлшерiн тұтынушы екi ставкалық тариф бойынша есептеу кезiнде төлейдi, энергиямен жабдықтаудың шартында немесе оның қосымшасында қарастырылған мерзiмде абонентке дейiн жеткiзіледi.
      88. Екi ставкалы тариф бойынша тұтынушылардың өндiрiстiк қажеттерге, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, алайда өндiрiстiк орындарға байланысты: цехтарға, зауыт басқармасына, қоймаларға, гараждарға, сондай-ақ меншiгі темiржол өтпелi жолдары мен технологиялық электрлендiрiлген көлiк кәсiпорындарының аумағын жарықтандыру мен басқа да қажеттерге жалғанған 750 және одан жоғары кВ.А қуатында жұмсалатын электр энергиясына төленедi.
      89. Тұтынушылармен 750 кВ.А және одан жоғары, сондай-ақ 750 кВ.А қуатына дейiн жалғанған ғимараттар мен орындарға, өндiрiске байланысты емес - тұрғын поселкелер, жеке тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер, келушiлерге арналған үйлер, емханалар, кинотеатрлар, медпункттер, асханалар, мектептермен, бала бақшалар мен яслилерге жарықтандыру мен басқа да қажеттерге жұмсалатын электр энергиясы үшiн есеп айырысу баға көрсеткішімен белгiленген тиiстi топтағы тұтынушылар үшiн бiр ставкалық тарифтер бойынша жүргiзiледi.
      90. Егер де цех немесе басқа объектiлер кәсiпорыннан бөлек орналасса және олармен жалпы тарату желiсi болмаса, бұл цехтармен немесе басқа жекелеген объектiлермен есеп айырысу тиiстi тұтынушылар үшiн кәсiпорындардың есебiнде қабылданған тарифiне қарамастан тарифтер бойынша жүргізiледi.
      91. Электрлендiрiлген темiржол көлiк тартылыс мақсатында жұмсалған электр энергиясына жарық қосу мен тартылыс көмекші станцияларының жеке қажеттерiне қоса бiр ставкалы тарифтер бойынша ақы төлейдi.
      Осы тарифтер бойынша кеме жүретiн гидро қондырғыларына-каналдарға, шлюздарға, кеме көтергіштерге тиiстi жұмсалатын қажеттерге жұмсалған электр энергиясына ақы төленедi.
      92. Электрлендiрiлген қалалық көлiгi (трамвай, троллейбус, метрополитен) жарық пен тартылыс көмекшi станциялары мен жолдарының басқа да қажеттерiне қосқандағы тартылыс мақсаттарына жұмсалатын электр энергиясына бiр ставкалық тарифi бойынша төлейдi.
      Метрополитен эскалатор қозғалысына, платформаларды, вестибюлдерді жарықтандыруға және басқа да техникалық қажеттерге жұмсалатын электр энергиясына осы тариф бойынша төлейдi.
      Электрлендiрiлген қалалық көлiктiң басқа қажеттеріне жұмсалатын электр энергиясы тұтынушылардың тиiстi топтарындағы тарифтер бойынша төленедi.
      93. Энергиямен жабдықтаушы ұйым желiсiнiң жоғары жүктемесiне қатысатын шарттық қуаты есеп жүргiзетiн аспаптардың көрсеткiшiмен анықталатын тұтынушылардың нақты орташа салмақтағы жарты сағаттық жоғары жүктемесi бойынша шартта ай сайын тіркелiп отырады және электр желiлерi ұйымдары үнемi бақылау жасайды.
      94. Энергиямен жабдықтаушы ұйым өз желiсiнiң жоғары жүктемелерiнiң таңертеңгiлiк және кешкiлiк сағаттарында тұтынушының жүктемесi үшiн бақылау орнатуға құқықты.
      95. Егер электр желiсiнің жоғары жүктемесiнiң сағатында тұтынушының нақты жүктемесi шартта қарастырылған есеп айырысу кезеңiнiң аяғында маңызынан артқан жағдайда 1кВт үшiн белгiленген баға көрсеткішінің ақысы бойынша есеп айырысу айындағы тұтынушының нақты жоғары жүктемесiне ақы төлеу сомасына қайта есептесу жүргiзiледi.
      Қосымша қуатқа ақы төлеу электр желiлерi ұйымдарынан әрбiр нақты жағдайлардағы тиiстi рұқсатты алмай шарттық қуатымен салыстыру бойынша одан әрi пайдалануды арттыруға құқық бермейдi.
      Тұтынушыда тұтынатын жоғары қуатын тiркейтiн аспаптар немесе есеп жүргiзу жүйелерi болған кезде ақы төлеу олардың көрсеткіші негiзiнде жүргiзiледi.
      Тұтынушы желiсiнiң жоғары жүктемесiнiң сағатына жоғары нақты жүктемесiн тiркейтін есеп жүргiзетін аспаптары жоқ болған кезде ақы төлеу шарттық қуат мөлшерiнде жүргiзiледi.
      96. Электр энергиясы үшiн есеп айырысу кезiнде электр желiлерi ұйымдарының желiсiне күштелген шектеу енгiзiлген жағдайда электр желiлерi ұйымдары электр энергиясын тұтынудың белгiленген мөлшерін тұтынушының сақтау және тұтынушының жоғары жүктемесiн тiркейтiн есеп жүргiзетiн аспаптардың болу талаптары кезiнде шектеу енгiзiлген кездегi азайту мөлшерiне төленетiн қуат мөлшерi азаюға тиiстi, тұтынушының шарттың жүктемесiн азайту ескерiлуi керек.
      97. Егер тұтынушының электр қондырғылары меншiктi блокстанциядан және электр желiлерi ұйымдарының желiсiнен қоректенсе тұтынушы оның қосымша абоненттерiнiң екi ставкалық тарифi бойынша есептелетiн қуатын қоса электр желiлерi ұйымдарынан алатын шарттық қуатына төлейді.
      Мұндайда электр желiлерi ұйымдарымен келiсiлген кесте бойынша өткiзілетін блокстанциялардың негiзгi жабдықтарын жоспарлы жөндеу кезеңiнде есеп айырысу маңызы үшiн жөндеу кезеңінде желiден жүктеменiң артқан шарттық мөлшерi қабылданып, шартта тіркеледi. Қалған уақытта негiзгі блокстанциялардың қалыпты жұмыс жағдайында желiдегi шарттық қуат мөлшерi қабылданады.
      98. Шарт негiзiнде осындай жүктеме кестесiнiң тұтынушылар-реттеушiлерi болып табылатын, электр желiлерi ұйымдарының желiсіне тәулiктiк жоғары жүктемелерге қатыспайтын және электр желiлерi ұйымдарымен келiсiлген кесте бойынша жұмыс iстейтiндер екi ставкалық тарифтің қосымша ақысы бойынша ғана электр энергиясына төлейдi.
      Тұтынушы - жүктеменi реттеушiнiң электр қондырғыларының жұмыс режимi шартта көрсетiледi.
      99. Шартта ескертiлген төленетiн қуатының мөлшерiн өзгерту қажеттілiгi кезiнде тұтынушы бұл туралы энергиямен жабдықтаушы және электр желiлерi ұйымдарына қуатын өзгертудi белгіленген мерзiмге дейiн бiр ай бұрын тапсырыс бередi.
      Тұтынушының мәлiмдеуiмен төленетiн қуатты азайтуы талап етiлгендегі негiзгі ақы төлеу есептелетін кездегi есеп айырысуға қабылданады, егер бұл азайту электрдi тұтыну мөлшерiн төмендетуiмен және жоғары жүктеменi белгілеуiмен есеп жүргiзетін аспаптардың болуы кезiнде кемiнде бiр айға созылады.
      100. Бiрнеше қоректену желiлерi кезiнде шарттық жүктеме үшiн электр желiлерi ұйымдары желiсiнiң тәулiктiк жоғары жүктеме сағатындағы тұтынушының араласқан отыз минуттық жоғары жүктемесi қабылданады.
      101. Тұтынушының нақтылы араласқан жартысағаттық жүктемесiне бақылау жасау электр желiлерi ұйымдары желiсiнiң жоғары жүктеме сағатындағы тұтынушының жоғары отыз минуттық жүктемесiн тіркейтiн санағыштар бойынша жүргiзiлуi тиiстi. Осындай электр санағыштардың екi немесе одан да көп болуы кезiнде оған жүктемелердi жинақтайтын (жинақтаушы) немесе автоматтандырылған есеп жүргізу жүйесi мен электр энергиясын тұтынғаны үшiн бақылау жасайтын арнайы құрылғылар орнатылуы тиiс.
      Аталған құралдардың көрсетуiмен бақылау жасаудың тәсiлi мен талабы энергиямен жабдықтаудың шартында тіркелуге тиiс.
      102. Егер кәсiпорын цехтарын орналастыру және оларды энергиямен жабдықтау схемасының талаптары бойынша кәсiпорынның аралас жоғары жүктемесiн белгiлеу тұтастай мүмкiн болмаған жағдайда шарттық қуаттың мөлшерiне есеп айырысу тұтынушының жеке цехтарының нақтылы жүктемелерi бойынша жүргiзiледi.
      103. Егер екi ставкалық тариф бойынша электр энергиясы үшiн есептескен абонент қосымша абоненттерге бiр ставкалық тарифтер бойынша энергияның бiр бөлiгiн жiбередi, ол энергиямен жабдықтаушы және электр желілерi ұйымдарына электр желiсінiң жоғары жүктемелерiне қатысатын осы қосымша абоненттердiң маңызды жүктемелерінiң азайған қуатын төлейдi.
      Қосымша абоненттердiң жоғары жүктемесiн тiркейтiн электр санағыштары жол болған кезде оның нақтылы жүктемесi есептесу жолымен анықталып, энергиямен жабдықтаудың шартында тiркеледi.
      104. Тұтынушы қуатты, одан басқа есеп жүргiзетiн есептеуші аспаптарды өз бетiмен жалғаған жағдайда электр желілерi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдары абоненттен қуатқа есеп жүргiзетiн аспаптардан басқа жалғанғандар бойынша бiр ставкалық тарифтегi кәсiпорындар үшiн 1 кВт сағатқа белгiленген тариф пен тұтынушылардың екі ставкалық тарифтерi үшiн негiзгi және қосымша ставкаларды еске ала отырып, орташа босату тарифтерi бойынша бұрынғы талаптағы мерзiм көлемiнде электр қондырғыларын соңғы рет техникалық тексерген күннен бастап пайдаланудың бүкiл кезеңiндегi жұмсалған электр энергиясын қосымша қайтарып алады.
      Электр энергиясы үшiн көрсетiлген қосымша ақы төлеуге тұтынушының осы қуатты одан әрi пайдалануына энергиямен жабдықтаушы және электр желiлерi ұйымдарынан тиiстi рұқсат алмайынша құқық берiлмейдi.
      105. Тұтынушыға босатылған активті электр энергиясы үшiн тәртiп бойынша басты абонент трансформаторының алғашқы кернеуi жағындағы энергия санағыштың есептегенiн еске алып ақы төлеу белгiленедi.
      Егер санағыш басты абонент трансформаторынан кейiн екiншi кернеу жағына орнатылса, онда баға көрсеткiштегi көрсетiлген ақы төлеу тұтынушыларға босатылған электр энергиясы үшiн тұтынушылармен есеп айырысу кезiнде 1,025 коэффициентке көбейтiледi.
      106. Егер тұтынушының басты трансформаторының алғашқы жағына оның балансында бар электр берiлiсi дәл келсе, осы желiдегі электр энергиясының жоғалуы тұтынушыға қатысты болуы керек.
      Тұтынушы трансформаторының алғашқы және екiншi жағындағы есептеуші электр санағыштарды орнату кезiнде көрсетiлген электр берiлiсi желiсiндегi электр энергияларының жоғалуы есептесу жолымен анықталуы керек және абонент тариф бойынша төлейдi.
      107. Электр энергиясына сараланып көрсетiлген баға көрсеткiш тарифтерiндегi жүктеменiң тәулiктiк кестенiң аймақтары бойынша белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      108. Электр энергиясын тұтыну және реактивтік генерациялау мен электр энергиясының сапасы үшiн тарифтерге шегерiмдер (қосымшалар) электр энергиясын тұтыну және реактивтiк қуаттар мен энергияны генерациялау электр энергиясы сапасының тарифтеріне шегерiмдердi (қосымшаларды) қолданудың iс жүзiндегi тәртiбi негiзiндегi шартпен анықталады.
      109. Желiлердi бөлу шекарасындағы электрэнергиясының сапасы төмендегенде кiнәлi тараптар энергиямен жабдықтаудың шартына сәйкес жауапкершiлiк алады.
      110. Энергияны тұтынудың шартта көрсетiлген шамасынан асқан жағдайда тұтынушы шартта тиiсті есептеу мерзiмi үшiн көзделген шамадан асыра жұмсалған электр энергиясы мен қуаттың бес есе құнынан аспайтындай мөлшерде, егер де тараптардың келiсiмiнде басқаша қаралмаса, ақысын төлеуi тиiс.
      Тұтынушының өзiнiң жеке блок-станциясы болған жағдайда тарифке көтерме ақы тек қана есептесу кезеңiнде энергияны тұтынудың шартта белгiленген шамасынан асыра жұмсалған электр энергиясы үшiн алынады.
      Энергиямен жабдықтайтын және/немесе энергия берушi ұйымнан энергияны шартта белгiленген шамадан асыра пайдаланған тұтынушыға оған қарайтын блок-станция шығармай тастаған электр энергиясының мөлшерiне көтерiңкi тариф қолданылмайды.
      Тараптардың келiсiм бойынша рұқсат етiлген қуаттағы электр энергиясын тұтынудың шарттық шамасы экономикалық станцияларды қолданбай-ақ +/-5 % дейiн шегiнумен белгiленуi мүмкiн.
      111. Абоненттiң кiнәсi болмай-ақ есептеу тәртiбi бұзылған жағдайда электр энергиясы үшін есеп айырысу, егер де электр энергиясының аз шамасы көзделмеген болса, алдыңғы есептесу кезеңiнiң орташа тәулiктiк шығыны бойынша жүргiзiледi.
      Электр энергиясын орташа тәулiктiк шығын бойынша есептеу кезеңi есеп айырысу есебi толықтай қалпына келтiрiлетiн бiр айдан аспауы тиiс.
      Егер де есептесудi белгiленген мерзiмде қалпына келтiру мүмкiн болмаса, абонентке жiберiлген энергияны есептеу тәртiбi мен есептеудi қалпына келтіру мерзiмi абонент пен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы келісіммен белгіленедi.
      112. Есептеу құралдары абоненттiң кiнәсiнен бұзылса, пломбасы желiнсе, әйнегi мен корпусына сызат түскен жағдайда, есептеу құралдарын жалғау схемасы өзгерген жағдайда, электр энергиясы ұрланған жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым белгiленген тәртiппен абоненттi электр

желiсiнен ажыратып тастауға және электр энергиясының шығынын ең жоғарғы 
жүктеме немесе ток қабылдағыштың белгiленген қуаты мен абоненттiң жұмыс 
сағатының саны бойынша есептеу құралдарының соңғы рет ауыстырылған немесе
олардың жалғау схемасының тексерiлген уақытынан бастап барлық уақыт 
ішінде, бiрақ мерзiмiнен асып кетпейтiндей уақыт ішінде қайта есептеуге 
құқылы.
     
                                          Қазақстан Республикасы
                                          Yкiметiнiң
                                          2000 жылғы 7 желтоқсандағы
                                          N 1822 қаулысымен
                                          бекiтiлген
     
         ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРI
     
                 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
     


      1. Осы ереже энергия өндiретін, энергиямен жабдықтайтын және энергия беретiн ұйымдардың энергияны тұтынушылармен арадағы қарым-қатынасын және рыноктағы қуатты айқындайды.
      2. Тұрмыстық тұтынушыларды және кондоминиум объектiлерiн жылумен қамтамасыз ету мәселелерi коммуналдық қызмет көрсету Ережелерiмен реттеледi.
      Тұрмыстық тұтынушыларды және кондоминиум объектiлерiн жылумен қамтамасыз етуге байланысы, коммуналдық қызмет көрсету Ережелерiмен түсiндiрілмеген мәселелер осы Ереженiң тиiстi баптарымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актiлермен реттеледi.
      3. Осы Ережеде мынадай негiзгi түсiнiктер пайдаланылады:
      Энергиямен қамтамасыз етушi ұйымның абонентi- энергиямен жабдықтаушы ұйыммен желi және (немесе) энергия беруші немесе энергиямен қамтамасыз етушiнiң желiлеріне қосылған жылу қондырғыларынан жылумен қамтамасыз етуге шарт жасасқан тұтынушы.
      Тұрмыстық тұтынушы - жекелеген тұрғын немесе үйлерде, кондоминиумда (екiден артық қожалары бар көп пәтерлi тұрғын үй) тұратын ие (иелер), жалдаушылар, жылу энергиясын пәтерлерде, жеке тұрғын үйлерде, коттедждерде, сондай-ақ үй жанындағы усадьбiлердiң қажетiне, гараждарға, және мекен-жайы бойынша жеке кәсiпкерлiкпен айналысатын пайдаланушылар.
      Жылу желiсiнің баланстық иелiгiнiң шекарасы - жылу желiсiнiң баланстық иелiгi немесе шарт бойынша айқындалатын энергия жеткiзушi ұйым мен абоненттiң арасындағы жылу жүйесiнiң бөлiнiс шегi.
      Тұтынушының энергия қондырғыларының жүктемелiк кестесi - тұтынушының энергия қондырғыларының жүктемесi кезеңіндегі өзгерiстер қисығы.
      Есеп бақылау аспабы - бақылау үшiн пайдаланылатын, осы желi шегiнде жылу энергиясы шығынын айқындайтын көрсеткiш негiзiндегi есеп приборы.
      Тұтынушының энергия қондырғысының жүктемесi белгiленген уақыт мерзiмiнде энергия қондырғысы тұтынатын жылу көлемiнiң мәнi.
      Электр энергиясының объектісi - жылу энергияларын өндiру, беру, болу немесе қайта құру параметрлерi үшін арналған электр станциясы, бу қазаны, жылу желiлерi.
      Түпкiлiктi есеп айырысу - пайдаланылған жылу энергиясы үшiн есеп айырысу кезеңi бiтісiмен тұтынушымен есеп айырысу.
      Кондоминиум объектiсiнiң басқару органы - Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн жеке меншiк үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi, тұрғын-үй, тұрғын-үй құрылыс кооперативтерi және осындай ұйымдардың өзге де нысандары.
      Тұтынушы - жылу энергиясын шарттың негiзiнде пайдаланушы жеке немесе заңдық тұлға.
      Төлем құжаты - энергиямен қамтамасыз етушi және (немесе) энергия жеткiзушi ұйымның немесе абоненттің есепшотына оның негiзiнде ақша қаржылары аударылатын төлем талабы, төлем тапсырмасы, сондай-ақ ақша төлеу жүргiзiлетiн хабарлама.
      Жылу энергиясын қабылдағыш - жылу энергиясын қабылдау мен пайдалануға арналған қондырғы немесе прибор.
      Аралық есеп айырысу - тұтынушымен тұтынылған жылу энергиясына есеп айырысу кезеңiндегi абоненттің iшiнара төлемі.
      Жылу энергиясын есепке алудың есеп аспабы - төленуге тиiстi абоненттiң жылу энергиясы шығыстарын айқындайтын есеп айыру шегiнде көрсетулерi негiзге алынатын есепке алу аспабы, есепке алу жүйесi.
      Есеп айырысу кезеңi - абоненттiң тұтынылған жылу энергиясы есепке алынатын және төленетiн уақыт кезеңi.
      Қосалқы абонент - энергиямен қамтамасыз етушi ұйымдардың абонентiнің желiге және (немесе) жылу желiлерiне қосылған тұтынушы.
      Жылу энергиясының тарифi - тұтынылған жылу энергиясы үшiн ақы алынатын мөлшерлеме жүйесi.
      Жылу желiсi - жылуды тұтынушыларға беруге және бөлуге арналған қондырғылар жиынтығы.
      Жылу энергиясының шығыстарын есепке алу нүктесi - өлшеу аспабының көмегiмен (есепке алу жүйесi және ...) немесе өзге де әдiспен коммерциялық есеп айырысу кезеңiнде пайдаланылатын жылу энергиясы шығыстарының мәнiн айқындайтын жылумен қамтамасыз ету жобасының нүктесi. Есепке алу шегi жылу желiсi баланстық иелiгi шекарасына сәйкес болады.
      Уәкiлетті орган - электр энергетикасына байланысты қатынастарды ретке келтiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
      Сараптаушы ұйым - энергетика және энергия үнемдеу мәселелерi бойынша энергетикалық сараптама жүргiзу үшін белгiленген тәртiппен аккредиттелген ұйым.
      Электр өндiрушi ұйым - жылу энергиясын өндiрудi жүзеге асырушы ұйым.
      Энергия жеткiзушi ұйым - жылу энергиясын берудi және бөлудi жүзеге асырушы ұйым.
      Энергиямен қамтамасыз етушi ұйым (берушi) - өндiрілген немесе сатылып алынған жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асырушы орган.
      Энергияны үнемдеу - отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды және үнемдi пайдалануға бағытталған қызмет (ұйымдастырушылық, ғылыми, практикалық, ақпараттық).

               2. Жылумен қамтамасыз ету ұйымы

      4. Электр және жылу энергиясын рынокта сатып алу - сату энергиямен жабдықтаушы ұйыммен және тұтынушымен (абонентпен), желi және (немесе) жылу пайдаланушының қондырғылары энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымның жылу желісiне қосылған жылумен қамтамасыз ету шарты негiзiнде жүзеге асырылады.
      Шартқа жылу желілерiнiң баланстық иелiгiн шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершiлiгi туралы акт қоса берiледi.
      Жылумен жабдықтау шартында немесе оған қосымшада абоненттiң жылу желiсiне қосалқы абоненттiң қосылғаны туралы деректер - атауы, ең жоғары сағаттық жүктеме, жылу пайдалану, қайтарылған конденсаттың мөлшерi, жылу энергиясына төлеу шарттары көрсетiледi.
      5. Абонент қосалқы абоненттермен жылумен қамтамасыз ету шарттарын жылумен қамтамасыз ету ұйымдарының келiсiмiмен ғана жасай алады.
      Қосалқы абоненттер жылумен қамтамасыз ету шарттарын тiкелей энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жасасуға құқылы. Бұл жағдайда олар абонентпен жылу энергиясын абоненттiң желiлерi бойынша тасымалдау жөнiнде шарт жасасады.
      Абоненттер техникалық мүмкiндiктер бар болған жағдайда өзiнiң желілерi бойынша қосалқы абоненттiң жылу энергиясымен қамтамасыз етуге және тасымалдауға энергиямен қамтамасыз етушi ұйыммен шарт жасасуына кедергi келтiруге құқығы жоқ.
      6. Жылу энергиясының бу мен ыстық судағы ең жоғары сағаттық берiлуi тұтынушылар үшiн энергиямен қамтамасыз етушi және/немесе энергия берушi ұйымдармен электр станцияларының (қазандықтардың) техникалық мүмкiндiгiне, бу мен ыстық суда жылу энергиясын босату құбырларының өткiзу қабiлетiне байланысты белгiленедi және шартта жазылады.
      Тұтынушыларға тұтынылатын жылу энергиясының жүктемесi мен көлемiн шартта көрсетiлгеннен артық, бiрақ сұраныс жасалған және алынған техникалық шарттарда бекiтiлген жобалық көлемдерден асырмай көбейту шартта тиiстi өзгерiстермен энергиямен жабдықтаушы ұйымның рұқсатымен жол берiледi.
      7. Тұтынушылар мен энергиямен қамтамасыз етушi және энергия берушi ұйымдар арасындағы келiспеушiлiктер сотпен шешіледi.

                3. ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫМЕН ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ
                  ҚОСУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

      8. Жаңа тұтынушылар үшiн жылу энергиясына қосудың немесе қолданыстағы объектiлерде тұтынылатын жылу энергиясын ұлғайту кезiндегi тұтынушының жылу желiлерiне қосылуы жүргiзiлетiн тұтынушы жылу энергиясын берушi ұйымнан алатын техникалық шарттары.
      9. Энергия берушi ұйым тұтынушыдан тапсырыстар алғаннан кейiн екi жұма мерзiм iшiнде сараптамалық (жобалаушылық) ұйымынан екі жетiлiк мерзiм iшiнде жаңадан салынған кәсiпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды жылумен қамтамасыз етудiң, олардың кезектерiн немесе жекелеген өндiрiстердi, қолданыстағы кәсiпорындардың, ғимараттардың, құрылыстардың, жылу пайдаланушы қондырғылар мен жылу желiлерiн жаңғыртудың алдын-ала шарттарын бередi.
      Тұтынушының жылу желiлерiне қосуға техникалық шарттар алуға берген өтiнішінде жобаланатын объектiнi сипаттайтын мәлiметтер, оны жобалаудың, салудың нормативтiк мерзiм ұзақтылығы және объектiнi пайдалануға берудiң көзделген мерзiмдерi, тұтыну түрлерi бойынша - технологиялық қажеттiлiктер, жылу және желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету жүктемелерiнiң сипаттамасы, жылумен қамтамасыз ету сенiмдiлiгi жөнiндегi талаптар көрсетiлуi тиiс.
      Энергия берушi ұйымдар тұтынушының жылумен қамтамасыз ету мәселесiне қатысты басқа да мәлiметтердi талап етуге құқығы бар.
      10. Жаңа кәсiпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды жылумен қамтамасыз ету бойынша сараптамалық (жобалаушылық) шешiмдермен келiсу, тұтынушының iшкi жылу қамтамасыз ету жобасын өзгертудi талап ететiн жекелеген өндiрiстердiң немесе кеңейтiлетiн және қолданыстағы объектiлердi құруды, олардың кезектілiктерi Энергиямен қамтамасыз етушi және энергия өндiрушi ұйымдармен құрылыс үшiн алаң таңдауы кезiнде жүргiзiледi.
      11. Кәсiпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кезектiлiктерiнiң, жекелеген өндiрiстердiң жылу желiлерiне қосудың техникалық шарттары тапсырыс пайдаланушы-тұтынушыға құрылысқа арнап алаң бөлу туралы акт бекітілгеннен кейiн бір ай мерзiм iшiнде беріледi.
      12. Бұрын берiлген техникалық шарттармен және шарттың ережелерiмен қосымша белгiленген тұтынылатын жылу энергиясының көлемiн немесе жылу тасымалдағыштың параметрлерін өзгерту талап етiлетiн тұтынушының жылу пайдаланушы қондырғыларын қайта жаңғырту немесе кеңейту кезінде, тұтынушы сондай-ақ энергия берушi ұйымнан олардың қосылуына техникалық шарттар алуға тиiс.
      13. Желiлерге абоненттердiң желiлерi қосылған энергия берушi ұйымнан берiлген техникалық ережелермен келiскен жағдайда, жылу пайдаланатын құрылғылары абоненттiң желiлерiнен қоректенетiн қосалқы абоненттер, техникалық шарттарды солардан алады.
      14. Объектiнi жылумен жабдықтаушы ұйымның жылу желiлерiне қосу үшiн техникалық шарттарда мыналар көрсетiледi:
      1) жылумен жабдықтау көзi, сенiмдiлік дәрежесi, жылу жүйелерiне қосу нүктесi, босатылатын жылу энергиясының көлемiн реттеу тәсiлi;
      2) басқа тұтынушылардың жүктемелерiн ескере отырып, негiзгi және резервтегi iске қосу нүктелерiндегi жылу тасымалдағыштың параметрлерi мен гидравликалық режимi;
      3) басқа тұтынушылардың жүктемелерін қосу перспективасын ескере отырып, негiзгi тұтынушының жүктемесі;
      4) қазiргi бар жүйенiң өткiзу қабілетiн көбейту жөнiндегі негiздеме;
      5) қайтарылатын өндiрiстiк конденсаттың қайта қайтару көлемi, сапасы және режимi, конденсатты жинау және қайтару схемасы;
      6) кәсiпорынның қайталама энергия ресурстарын пайдалану жөнiндегi ұсыныстар;
      7) сенiмдiлiк жөнiндегi талаптарды ескере отырып жылумен жабдықтаудың резерв көздерi;
      8) есептеу және бақылау-өлшеу аспаптарын орнату жөніндегі талаптар;
      9) жылу желiлерiн (әуемен және жер астымен) төсеу тәсілі;
      10) жылыту-желдету мен технологиялық жүктемелерді және ыстық сумен жабдықтау жүктемелерiн қосудың жылу схемасы;
      11) жүйе суының температуралық кестесi мен шығыны;
      12) салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан жылу жүйелерінiң баланстық және пайдалану тиесiлiлiгi және тараптардың пайдалану жауапкершілiгінiң шекаралары.
      15. Техникалық шарттарды орындау тұтынушылар және олардың сараптау (жобалау) және құрылыс ұйымдары үшiн мiндетті.
      Жылу желiлерiн салу жөнiндегi жұмыстарды, қызметтің осы түрде лицензиясы бар, мамандандырылған ұйымдар ғана жүргiзе алады.
      Техникалық шарттарды қолданудың мерзiмiн тараптар жобалаудың және салудың қолданылып жүрген нормаларын ескере отырып, уағдаластық бойынша белгiлейдi.
      16. Кәсiпорындарды, үйлердi, құрылыстарды, олардың кезектерiн немесе жеке өндiрiстердi салу жобалары құрылыс алаңын таңдау және тапсырманы жобалау үшiн дайындау кезеңiнде жылумен жабдықтау энергия өндiру және энергия беру ұйымдарымен келісiледi және объектiнi жылумен жабдықтаушы ұйымның жүйелерiне қосудың техникалық шарттарында көрсетiледi.
      Кәсiпорындарды, үйлердi, құрылыстарды, оның кезектерiн немесе жеке өндiрiсті жобалау кезiнде көрсетiлген техникалық шарттардан шегiну қажеттiлiгi туындаған жағдайларда бұл шегiнiстер энергия берушi ұйымдармен келiсiлуi тиiс.
      17. Сараптау жүргiзуге белгiленген тәртiппен алынған Уәкiлетті органның рұқсаты бар сараптау ұйымдары он күн мерзiм ішінде қабылданған жобалық шешiмдерiнiң берілген техникалық ережелерге, қолданылып жүрген нормативтік құжаттарға сәйкестiгiн тексередi және өз қорытындыларын бередi.
      Қосымша сарапшыларды тартып тексеру қажет болған жекелеген жағдайларда аталған жобалау құжаттамаларды қарау мерзiмi шарттық негiзде, бiрақ бiр айдан артық емеске ұзартылуы мүмкін.
      Егер қаралған жобалық құжаттамаларда техникалық шарттардың немесе қолданылып жүрген нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарынан елеулi шегiнiстер анықталса, тұтынушыға қорытынды беруден негiзделген бас тарту берiледi.
      Берiлген жағымды қорытындыда орындалуы мiндетті ескертпелер көрсетiлуi мүмкiн.
      Беру және техникалық ережелердi қайта ресiмдеу үшiн төлем алынбайды.

      4. Тұтынушылардың жылу жүйелерiн пайдалануға рұқсат беру

      18. Барлық қайтадан қосылатын және қайта жаңартылатын жылу тұтыну жүйелерi жобалық құжаттамаларға сәйкес орындалуы тиiс.
      19. Жылу тұтыну жүйесiн пайдалану үшiн іске қосқанға дейiн олар қабылдап алу-тапсыру сынақтарынан өтуге және қолданылып жүрген нормалар мен тәртiптерге сәйкес акті бойынша монтаж ұйымынан энергетикалық жабдықтарды пайдалануды жүзеге асырушы тұтынушылармен немесе басқа заңдық тұлғалармен қабылданып алынуға тиіс.
      Тиісті дайындалған персонал болғанда және жылу шаруашылығы үшін жауапты адам тағайындалғанда ғана жылу тұтыну жүйелерін пайдалануға рұқсат беріледі.
      20. Энергия беру ұйымдары жылу тұтыну жүйелерін тұрақты пайдалануға оларды сынап, мұның өзінде айқындалған ақауларды жойып, сараптау жүргізуге белгіленген тәртіппен алынған Уәкілетті органның рұқсаты бар сараптау ұйымдарының қорытындысын алғаннан кейін рұқсат береді.

             5. Есептеу аспаптарын орнату және пайдалану

      21. Жылу энергиясының барлық тұтынушыларының жылу жүйелері жылумен жабдықтаушы ұйыммен жылу энергиясы үшін және/немесе оның энергиямен қамтамасыз етуші және/немесе энергия беруші ұйымдардан берілуімен есептесу үшін есепке қажетті аспаптармен қамтамасыз етілуге тиіс. Жылу энергиясын, жылу энергиясын есептеу нүктелерінің және жылу тасымалдағыштың техникалық жағдайларын есептеу ұйымдары "Жылу және жылу тасымалдағыштың энергиясын есептеу ережелерінің" талаптарына жауап беру керек.
      Жылу энергиясы үшін есеп айырысулар үшін есептеу аспаптары нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орнатылуы тиіс.
      22. Босатылған жылу энергиясының мөлшерін есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларды жылу желілеріне қосқан кезде, жылу энергиясының мөлшері белгіленген нормативтік-техникалық құжаттардағы тәртіппен белгіленеді.
      23. Есептік есеп айырысу аспаптарын энергиямен жабдықтаушы ұйым сатып алады және орнатады. Есептік есеп айырысу аспаптары мен оларды орнату құнын тұтынушы төлейді.
      Егер жылу энергиясын есептеудің есеп айырысу аспаптары жылу энергиясын және жылу тасымалдағыштарды есептеу Тәртібінің талаптарына сәйкес келмесе, онда оларды сәйкестікке келтіргенге дейін есептер энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия беруші ұйыммен уағдаластық бойынша жүргізілуі тиіс.
      Есептеудің есептік аспаптарын кезеңдік тексеру, жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді, қызметтің осы түріне рұқсаты бар энергия беруші немесе басқа маманданған ұйымдар тұтынушымен шарт бойынша жүзеге асырады.
      Есептеудің есептік аспаптарының ақаулары анықталған немесе олардың көрсеткіштерінің дұрыстығына күмән келтірілген жағдайда, тұтынушы энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымдарды ол туралы дереу хабардар етуге мiндеттi.
      Балансында труба құбыры бар ұйым өлшеу диафрагмасы мен импульстiк трубкаларға, термометрлерге, манометрлерге және гильзаларға қызмет көрсетедi, ал энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушымен шарт бойынша есептiң шығын өлшегiшке қызмет көрсетедi.
      Өлшеу диафрагмаларын энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымның өкiлiнiң мiндеттi түрде қатысуымен тұтынушылар орнатады.
      Есептеу аспаптарын пайдалану тәртiбiн және жылу энергиясын есептеудi ұйымдастыру жылу энергиясын және нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына жауап беруге тиiс.
      24. Жылу энергиясын босатудың есебi жылу желiлерiн бөлу шекарасында жүргізiлуге тиiс.
      Есептеу аспаптары бөлу шекарасында орнатылмаған кезде, жылу энергиясы үшiн есеп айырысу бөлу шекарасынан есептеу аспаптары орнатылған орынға дейiн жүйе учаскесiндегi шығындарды ескере отырып жүргiзiледi.
      Шығындарды есептеудi немесе жылу шығындарына сынақтарды жылумен жабдықтаушы ұйым тұтынушымен бiрлесiп жүргiзедi.
      25. Есептеу аспаптарының орнын ауыстыру және алуды, жылу энергиясы үшiн есеп айырысуларға энергия ресурстары есебiнің есеп айырысу тораптарын түгендеудi энергиямен жабдықтаушы және немесе энергия берушi ұйымның өкiлiнiң қатысуымен жылумен жабдықтаушы ұйымның есептеу аспаптарына қызмет көрсететiн персонал немесе тұтынушының персоналы жүргiзедi.
      Есептеудiң есеп айырысу аспаптарына мемлекеттiк кезең-кезеңмен тексеру Мемстандарт органдары белгiлеген мерзiмдерде жүргiзiлуге тиiс.

             6. Тұтынушылардың жылумен пайдалану
                      жүйелерiн пайдалануы

      26. Жылумен пайдалану жүйелерiнiң жағдайы және қызмет көрсетуi үшiн тұтынушы және энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйым арасындағы жауапкершiлiк шекарасы олардың баланстық тиесiлiгiмен айқындалады және жылумен жабдықтау немесе жылу энергиясын беру шартында немесе оған қоса берiлетiн жылу жүйелерiнiң баланстық тиесiлiлiгiн және тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiн шектеу актісiнде белгiленедi.
      27. Энергия берушi ұйымдарға тиесiлi жылу құбырларында тұтынушыға тиесiлi құрылғылар немесе жабдықтар болмауға тиiс.
      28. Жекелеген тұтынушыға бұрылатын жылу құбырлары, сондай-ақ жылу пункттерi, жылумен жабдықтаудың iшкi жүйелерi олардың балансында болуға тиiс.
      29. Тұтынушы оның басқаруындағы жылумен жабдықтау жүйелерiнің техникалық жағдайы мен пайдалануы үшiн, және жедел-диспетчерлiк тәртiпті сақтау, сондай-ақ оның аумағында бар, бiрақ энергия берушi немесе басқа ұйымға тиесілi құрылыстардың, коммуникациялардың және жылу қондырғыларының сақталуы үшiн шартты негізде жауап бередi.
      30. Жылумен жабдықтауды сенiмдi қамтамасыз ету мақсатында тұтынушы:
      1) нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарын сақтауға;
      2) энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымның өкiлiмен бiрлесе отырып, түсiргiш крандарды, арматураны, жылу энергиясын есептеу торабына дейiн орналасқан бақылау-өлшеу аспаптарын плобмалауды жүргiзуге, орнатылған пломбалардың сақталуын қамтамасыз етуге, ал оларды энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымның рұқсатымен алуды жүргiзуге;
      3) шартпен белгiленген жылу энергиясын тұтынудан аспауға және жылу тұтынудың тапсырылған режимiн сақтауға мiндеттi. Жылу тұтынудың шарттық ережелерiн өзгерту қажеттiлiгi жағдайында, тұтынушы, егер шартпен басқа белгiленбесе, ол туралы он бестен аз емес күнтiзбелi күнде энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдарды хабардар етуге мiндетті;
      4) барлық жылу жүйелерi мен жылу тұтынатын қондырғылардың атқару сызбалары мен төлқұжаттары, сондай-ақ оларды пайдалану жөнiндегi өндiрiстiк нұсқаулар болуы;
      5) жылумен жабдықтау жүйелерiне дайындалған персоналдың қызмет көрсетуiн қамтамасыз ету, оның бiлiмiн кезең-кезеңмен тексерудi өткiзуге;
      6) кәсiпорын аумағына Мемэнергияқадағалау органдарының өкілдерiн және энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымның персоналын кедергiсiз жiберуге. Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымның персоналы тұтынушының аумағында орналасқан және энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымның балансындағы жылу қондырғылары мен жылу жүйелеріне жiберiледi.
      7) энергиямен жабдықтаудың ұйымдастыру-техникалық шараларының жылдық

және келешектегi жоспарларын әзiрлеуге.
     Энергиямен жабдықтаушы ұйым жұмыстар аяқталысымен жұмыс жүргiзiлген 
аумақ пен үй-жайларды тиiсті жағдайға келтіруге мiндеттi.
     Жылу энергиясын тұтынушылар:
     - тиiстi сападағы жылу энергиясын, шартпен көзделген көлемдерде және 
мерзiмдерде алуға;
     - энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымнан сапасыз 
жылу энергиясын толық босатпаумен немесе босатудан туындаған шығындарды 
өтеудi талап етуге;
     - жылу энергиясын босатумен және тұтынумен байланысты даулы 
мәселелердi шешу үшiн сот органдарына өтiнiш жасауға құқылы.
         7. Тұтынушыларға жылу энергиясын берудi шектеу
                      және тоқтату ережелерi
     
     31. Энергиямен жабдықтаушы ұйым жылу энергиясын босатуды тұтынушымен 
жасасылған жылумен жабдықтау шартына сәйкес жүргiзедi.
     32. Энергиямен жабдықтаушы ұйым, тұтынушыларға алдын ала ескертiп:
     1) жылумен жабдықтау және беру шартымен көзделген;
     2) шартпен белгiленген мерзiмдерде жылу энергиясы үшiн төлем құжатын 
төлемеу;
     3) жылу жүйесiне жаңа қуаттар мен қосымша қосалқы абоненттердi өз 
бетiмен қосу;
     4) есептеу аспаптарына орнатқанға дейiн жылу тұтыну жүйелерiн қосу;
     5) жылумен жабдықтаушы ұйымның келiсiмiнсiз шартпен белгiленген ең 
жоғары сағаттық жүктемелерден асу;


      6) шартпен көзделген конденсат көлемнiң 30%-тен кемiн қайтару немесе тараптардың келiсiмінде басқа қаралмаса, температура кестесiне қатысты 20%-тен астам (қайтарманың қызып кетуi) артық жылу тасымалдауды қайтару;
      7) жылу тұтыну жүйелерiне қызмет көрсету үшiн дайындалған персонал болмау;
      8) жылу пайдалану жүйелерiндегi қондыру пайдалану және қызмет көрсетудегi ақауларды жою жөнiндегi Мемэнергияқадағалаудың және энергиямен жабдықтау мен энергия беру органдарының ұйғарымдарын белгiленген мерзiмдерде орындамау;
      9) Мемэнергияқадағалау және энергиямен жабдықтау ұйғарымдарының өкiлдерiн жылу тұтыну жүйелерiне немесе жылу энергиясын есептеу аспаптарына жiбермеу;
      10) адамдар өмiрiне қауiп төндiретiн аварияларды жою жөнiнде шұғыл шаралар қолданбау;
      11) күзгi-қысқы кезеңде жұмысқа дайындығы туралы қорытындысыз жылу пайдалану қондырғыларын және жүйелердi энергия берушi ұйымның жылу желiсiне жұмысқа қосу жағдайларында оған жылу энергиясын толық немесе iшінара тоқтатуға құқылы.
      Сонымен қоса, электрмен қамтамасыз етушi ұйым, ескертiлген мыналарды бұзған жағдайларда жылу энергиясын, 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9),
11) - тармақшаларда, шартта басқа көзделмесе, жылу берудi тоқтатуға немесе шектеуге дейiн үш тәулiктен кем емес уақытта тұтынушыларды хабарландырып;
      - 10) тармақшада - дереу тоқтатуға құқылы.
      33. Жабдықтарды жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу жөнiндегi жоспарлы жұмыстарды жүргiзу үшiн резерв қорек болмаған кезде, жылумен жабдықтау шартында осы мақсаттар үшiн абоненттердi ажыратулардың саны, ұзақтығы және тәртiбi көзделуi тиiс.
      34. Жылу қондырғыларын жөндеу жөнiндегi жұмыстар тек жазғы уақытта ғана орындалуы тиiс.
      Жылу энергиясын берудегi үзiлiс оны осы туралы ажыратудан бұрын 24 сағаттан кешiктiрмей ескертiле отырып, тұтынушы үшiн мүмкiндiгiнше жұмыстан тыс уақытта жүргiзiлуi тиiс.
      Жылу қуаты мен энергиясының жетiспеушiлiгiнде жылумен жабдықтау жүйесiнiң тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшiн энергиямен жабдықтаушы ұйымда, осы туралы тұтынушыны мiндеттi түрде хабардар ететiн, белгiленген тәртiппен әзiрленген, тұтынушыларды шектеу немесе ажырату кестелерi болуы мiндеттi және қажет кезде қосымша резерв көздерi ретiнде қолданысқа енгiзiлуi тиiс. Сонымен бiрге жылу энергиясын кем бергенi үшiн резерв көздерiн пайдалану бойынша қосымша жұмсалған қаражат пен шығынның орнын толтыру жасасылған шартқа сәйкес кінәлi ұйымға жүктеледi.
      35. Өз желiсiнде аварияның алдын алу немесе оны жою жөнiнде шұғыл шаралар қолдану үшiн энергия беру ұйымы ажырату себептерi туралы оған мiндетті түрде хабарлап, абоненттiң жылу тұтыну желiсiн, жасасылған шартқа сәйкес кейiн толық берiлмеген жылу және кем берiлген энергия үшiн шығынның орнын толтыру үшiн қайра есептеумен, уақытша ажыратуға құқылы.

            8. Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi
                       ұйымдардың жауапкершiлiгi

      36. Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдар шартқа және оған қоса берiлген температуралық кестеге сәйкес тұтынушыға жылу энергиясын босатуды қамтамасыз етуге, берiлетiн жылу тасымалдағыштың параметрлерiн сақтауға, жылу тасымалдағыштардың параметрлерiнiң шарттықтарда келiсiлгеннен, егер тараптар келiсiмiнде басқа белгiленбесе, (берiлген жылу тасымалдағышының температурасы, берудегi және қайтарудағы қысым) +/- 5%-тен артық ауытқуына жол бермеуге мiндеттi.
      37. Саласы төмен немесе осы Ереженiң 37-бабының ережелерінен ауытқулар бар жылу энергиясын алған кезде тұтынушы ол туралы энергиямен жабдықтаушы ұйымды хабардар етедi. Ол шаралар қолданбаған жағдайда, тұтынушының негiзделген өтiнiшiне сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым оған шартқа сәйкес айыппұл төлейді.
      38. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның кiнәсiнен технологиялық мақсаттарға арналған будың шарттық параметрлерi төмендеген кезде тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға алдын ала хабарлап жылу энергиясын тұтынуды тоқтатуға құқылы. Бұл жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым осы Ереженiң 40-бабына сәйкес тұтынушы алдында жауап бередi.
      39. Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдар энергиямен жабдықтауда оның кiнәсiнен үзiлiстер болған жағдайда тұтынушыға шартқа сәйкес айыппұл төлейдi.
      Тұтынушыны энергиямен жабдықтаудағы шартта көзделмеген үзiлiстер болған жағдайларда технологиялық жабдықтардың бұзылуына немесе саласыз өнiмдердi жаппай шығаруға әкеп соқтырған кезде, 42-тармақта көзделген жағдайдан басқа, энергиямен жабдықтаушы немесе энергия берушi ұйым Қазақстан Республикасының Азаматтық K941000_ кодексiнiң (ҚРАК) 9-бабының 4-тармағына сәйкес тұтынушының шығынын өтейдi.
      40. Берiлушi жылу тасымалдағыштың параметрлерiнiң келiсiлген мағынадағыдан ауытқу уақыты жылу энергиясын тұтынуды шектеу және оны толықтай босатпаудың себептерi, жылу жүйелерiн бөлу шекараларында тіркеу аспаптары және энергиямен жабдықтаушы немесе энергия берушi ұйым мен тұтынушының жедел журналдағы шектеудiң басы мен соңын жазуы бойынша айқындалады.
      Ескерту:
      1) жылу энергиясын орта тәулiктiк тұтыну шектеудiң алдындағы үш жұмыс тәулiгiндегi тұтыну бойынша анықталады;
      2) энергиямен жабдықтаушы ұйымның кiнәсi болып, тұтынушылармен уақтылы келiсiлмеген және жылумен жабдықтау шартында көзделмеген, оның жабдықтары мен желiлерiнiң мәжбүрлi тоқтауы, орындалмаған жөндеу немесе басқа да технологиялық бұзушылықтар танылады.
      41. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға тұтынушы алдында мына себептерден туындаған жылу тасымалдағыш параметрлерiнiң төмендеуi және жылу энергиясын толықтай босатпау үшiн материалдық жауапкершілiк артылмайды:
      1) төтенше және осы кезде алдын алу мүмкiн емес жағдайларда (табиғи құбылыстар, соғыс әрекеттерi ж.т.б.);
      2) тұтынушы персоналының немесе бөгде адамдардың қате әрекетiмен - олардың тұтынушылардың жылу және су құбырларын бұзуымен;
      3) осы Ережелердiң 33-тармағында көзделген жылу энергиясын шектеу немесе берудi тоқтату ережелерiмен.
      42. Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдар тұтынушы алдында тұтынушы шартты тұтынудан асуға жол берген немесе ол үшiн белгіленген жылу тұтыну режимдерiн сақтамаған кезеңдегi төмен параметрлi жылу энергиясын босатқаны үшiн немесе ол үшiн белгiленген жылу энергиясын пайдалану режимiн сақтамағаны үшiн жауапкершілiк артылмайды.
      43. Тұтынушы жылумен жабдықтаушы ұйымның уақытша пайдаланудағы жылу жүйелерiне немесе жылу көзiне қосылған жағдайда төмен параметрлi жылу энергиясын босату немесе жылуды толықтай босатпау үшiн тұтынушы алдындағы материалдық жауапкершiлiк жылу энергиясымен пайдалану шартына қосымша келiсiммен белгiленедi.
      44. Энергиямен жабдықтаушы немесе энергия берушi ұйымдар жылу энергиясын толықтай босатпау жөнiндегi тұтынушының өтiнiшiн үш күндiк мерзiм iшiнде қарауға мiндеттi және толықтай берiлмеу фактiсi дәлелденген жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық K941000_ кодексiнің 9-бабының 4-тармағына сәйкес тұтынушының шығынын өтейдi.

         9. Пайдаланылған жылу энергиясы үшін есеп айырысулар

      45. Тұтынушылармен оларға босатылған жылу энергиясы (ыстық су, бу) үшiн есеп айырысулар уәкiлетті мемлекеттiк орган бекiткен белгiленген тәртiппен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
      46. Энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдар тоқсан басталғанға дейiн оннан кем емес күнтізбелi күнде тұтынушыларға жылу энергиясына тарифтердiң өзгергенi туралы хабарлауға тиiс.
      47. Жылу энергиясын жылытуға, желдетуге, технологиялық қажеттерге алатын тұтынушылар үшiн бiр ставкалы тарифтер белгiленедi. Тарифтер бу көзiнiң параметрлерi бойынша - iрiктемелi, өткiр, редукцияланған болып бөлiнедi.
      48. Тұтынушыларға босатылатын жылу энергиясына тарифтер тұтынушылардың температураның кестесiне сәйкес жүйе суының конденсатын толық қайтаруынан шыға отырып белгiленедi.
      49. Бу мен ыстық судың тұтынушылары қолданылып жүрген нормативтiк құжаттарға сәйкес белгiленетiн шарттық тариф бойынша конденсаты немесе ыстық суды қайтармаумен немесе тым қызған жылу тасымалдағышты қайтарумен байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйымның шығындарын өтейдi.
      50. Тұтынушының (абоненттің) арналы жүйелерiндегi жылу энергиясының шығындары онымен және субабоненттер арасында, егер келiсiмде басқа қарастырылмаса, олардың жылу энергиясын тұтыну үлесi мен жылу жүйесiнiң ұзындығына үйлесiмдi бөлiнедi.

             10. Тұтынушыларға босатылатын буда жылу
                   энергиясының көлемiн анықтау

      51. Тұтынушыға босатылған жылу энергиясының көлемi жылу желiлерiн бөлу шекарасында есептеледi. Желiлердi бөлу шекарасынан кейiн жылу энергиясының барлық шығыстары мен шығындары, егер келiсiмде басқа қарастырылмаса, тұтынушыға жатқызылады.
      52. Тұтынушыға келетiн будағы жылу энергиясының көлемi бу көлемiнiң оның жылу мөлшерiне көбейтiндiсi ретiнде анықталады.
      53. Қайтарылатын конденсат үшiн тұтынушыға төлем мөлшерi оның жылу мөлшерiн ескере отырып шартпен айқындалады.
      54. Жылумен жабдықтау шарттарында жылу тасымалдағыштың әрбiр түрi және параметрi бойынша барынша сағаттық жүктеме, сондай-ақ тұтынушыға босатылатын жылу энергиясының жалпы көлемi белгiленедi.
      55. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның рұқсатынсыз жылу тасымалдағыштың әрбiр түрi және параметрi бойынша бу мен ыстық судағы жылу энергиясын шартпен белгiленгеннен артық ең жоғары сағаттық жүктемелер тұтыну үшiн, егер шартпен басқа көзделмесе, тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға шартпен рұқсат етiлген ең жоғары сағаттық жүктемеден артық тұтынылған энергияның бес еседен артық емес құнын төлейдi.
      56. Шартпен көзделген iрiктемелiнiң орнына тұтынушыға оның келiсiмiнсiз қатты немесе редуцияланған бу босатылған кезде тұтынушылармен есеп айырысулар тұтынушы шын мәнiнде алған бу үшiн тариф бойынша жүргiзiледi.
      57. Тұтынушы есептеу аспаптарының ақауларын анықтаған кезде дереу энергиямен жабдықтаушы және энергия босатушы ұйымдарды хабардар етуге тиiс.
      58. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерiндегi ауытқулар, егер аталған ақаулар Мемстандарт органдары белгiлеген нормалардан аспаса, мүмкiн деп саналады.
      59. Есептеу аспаптарын тексеру туралы өтiнiш беру белгiленген мерзiмде тұтынушыны ол тұтынған энергия үшiн төлем төлеуден босатпайды.
      60. Жылу тұтыну жүйелерiн өз бетiмен қосу немесе оларды есептеу аспаптарына дейiн қосу үшiн тұтынушы жылыту маусымы басталғаннан өз бетiмен қосу анықталған сәтке дейiн төлейдi.
      Жылу пайдалану желiсiн өз бетiмен қосып алғаны үшiн тұтынушының актiге қол қоюдан бас тартуы оны белгiленген тәртiппен төлем төлеуден босатпайды.

             11. Тұтынушыларға босатылатын ыстық судағы жылу
                     энергиясының көлемiн анықтау

      61. Есептеу аспаптары болмаған кезде тұтынушыларға босатылатын ыстық судағы жылу энергиясының көлемi берiлетiн желi суының көлемiнiң оның жылу температурасы мен жылу сыйымдылығына және қайтарылатын жүйе суының көлемiн оның жылу температурасы мен жылу сыйымдылығының айырмасының көбейтiндiсi ретiнде анықталады.
      Су босатудың ашық жүйесiнде тұтынушыға босатылатын ыстық судағы жылу энергиясының көлемi су көлемiнiң оның жылу мөлшерiне және босатылатын және кейiнгi жылу сыйымдылығы мен су температурасының айырмасының көбейтiндiсi ретiнде анықталады.
      62. Ыстық судағы жылу энергиясымен пайдаланған кезде және энергиямен жабдықтаушы ұйымның температура кестесiн сақтауда тұтынушы қайтарылатын желi суын кесте бойынша оның дәрежесiнен аспайтын температурамен қайтаруға мiндеттi.
      Берiлетiн жылу тасымалдағыштың температурасы энергиямен жабдықтаушы ұйым шартпен қабылдаған температуралық кестеге сәйкестендiрiледi.
      Температураны реттеу күн мен түннiң сыртқы температуралары сегiз градустан артық айырмада тәулiгiне екi рет және температураның ауытқулары температурасы сегiз градустан кем ауытқу кезiнде тәулiгiне бiр рет жүргiзiледi.
      63. Орта тәулiктiк кестеге қарсы босатылатын жүйе суының температурасы көтерiлгеннен тұтынушыға шарттық көлемнен артық босатылған жылу энергиясын, егер шартта өзгеше көзделмесе тұтынушы төлемейдi. Шарттық көлемнен артық жылудың есебi тараптар қабылдаған әдiстеме бойынша есептеледi.
      64. Жылуды ұқсатудың әртүрлi тәсiлдерінiң баланстық шектерiндегi тиiстiлiгi есебiнен температурасы қырық бес градусқа дейiнгi ыстық судың тұтынушыларға босатылатын жылу энергиясы үшiн есеп айырысулар жылу энергиясына тарифтердi бекіткен ұйымның келiсiммен шарттық жеңiлдiктерге сәйкес жүргiзiледi.
      65. Ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесiнде тұтынушы, шарттың ережелерiнде айтылған, бастапқы судың құнын, оны тазалау және химиялық дайындық жөнiндегi шығындарды төлеуге мiндеттi.
      66. Жабық жүйелерде тұтынушы шартта көрсетiлген көлемнен су бөлудiң мөлшерiн асырып жiберген кезде немесе желi суын өз бетiмен бөлгенде тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға судың бес еседен жоғары емес құнын төлейдi.
      67. Жылу тасымалдағыштың нормадан артық кемуiн энергиямен жабдықтаушы ұйым анықтайды және актiге тұтынушының көзiнше жазады.

       12. Тұтынушылар қайтаратын конденсаттың көлемiн анықтау

      68. Жылу энергиясын жылыту, желдету және ыстық сумен жабдықтау үшiн пайдалану кезiнде тұтынушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымға конденсаттың 95%-нен кем емесiн (егер келiсiммен басқаша белгiленбесе) қайтаруға, ал ол өз кезегiнде қабылдауға мiндеттi, ал буды технологиялық мақсаттар үшiн пайдаланған кезде конденсатты қайтару шартпен белгiленген көлемде және сапада жүзеге асырылады.
      69. Қайтарылатын конденсат шартпен белгiленген көлемге және сапаға

сәйкес келуi тиiс.
     70. Егер тұтынушы қайтарған конденсаттың көлемi шарттық дәрежелерден 
асатын болса, конденсаттың шартпен белгiленген сапасы сақталған кезде, 
энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға жылу энергиясы үшiн ол төлейтiн  
сомасынан конденсаттың құнының мөлшерiнде шарттық көлемнен артық 
қайтарылған жеңiлдiк бередi.
     71. Электр станциясына сапасы шарттық ережелерге сәйкес келмейтiн 
конденсат келген кезде тараптардың келiсiмi бойынша қайтарылған 
конденсаттың көлемiне шарттық төмендетiлген коэффициент қолданыла алады.
     
            13. Төлем құжаттарын көрсету және төлеу тәртібi
     
     72. Энергиямен жабдықтаушы ұйым босатылған жылу энергиясы үшiн 
тұтынушылармен есеп айырысуды төлем құжаттары бойынша жүргiзедi.
     Есеп айырысулардың ережелерi мен нысандары жылумен жабдықтау шартында 
белгiленедi.
     73. Банктерде есеп шоттары бар жылу энергиясын тұтынушылар төлемдi 
есеп айырысу құжаттары бойынша шартқа сәйкес жүргiзедi.
     74. Қайтарылған конденсаттың сапасы мен мөлшерiн ескере отырып жылу 
энергиясы үшiн есеп айырысу, есепті кезең аяқталғаннан кейiн жасалады.
     75. Тұтынылған жылу энергиясы үшiн уақытылы төлемеген кезде тұтынушы 
энергиямен жабдықтаушы ұйымға кешiктiрген әрбiр тәулiк үшін өсім төлейді. 
Өсімнің мөлшері жылумен жабдықтау шартымен айқындалады.
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң
                                       2000 жылғы 7 желтоқсандағы
                                       N 1822 қаулысымен
                                       бекiтiлген
     
           Коммуналдық қызмет көрсету ережелерi
     
                     1. Жалпы ереже
     


      1. Осы ЕРЕЖЕ қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жасалды және коммуналдық қызмет көрсету тәртiбiн, шарттары мен коммуналдық қызмет көрсету (бұдан былай - қызмет көрсету) ақысын белгiлейдi, сондай-ақ қызмет берушiлер мен тұтынушылардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды.
      2. Осы Ережелерде мынадай анықтамалар қолданылады:
      коммуналдық қызмет көрсету - газбен жабдықтау электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, канализациялау (бұдан былай - электрмен жабдықтау), сондай-ақ пәтерлерде, жеке тұрғын үйлердегi азаматтарға, сондай-ақ үй-жай маңайындағы, гараждар мұқтаждықтары үшiн жекелеген кәсiпкерлiкпен айналысатын азаматтарға тұратын жерлерi бойынша, кондоминиум объектiлерiне қоқысты әкету және лифт бойынша қызмет көрсету;
      қызмет көрсетудi берушi - газбен жабдықтаумен, электрмен жабдықтаумен, жылумен жабдықтаумен, сумен жабдықтаумен, канализациялаумен (бұдан былай - энергиямен жабдықтайтын ұйым) айналысатын заңды және жеке тұлға, сондай-ақ қоқысты әкету мен лифт бойынша қызмет көрсету, абоненттерi мен кондоминиум объектiлерiне қызмет көрсету - жылу және электр энергиясын жеткiзу болып табылады.
      тұтынушы - коммуналдық қызметтi пайдаланатын азамат, қызмет көрсетудi беру режимi - көрсетiлетiн қызметтiң әрбiр тұрпаты үшiн белгiленген мiндеттi нормалар жүйесi;
      энергиямен жабдықтау - тұтынушыларға электр энергиясын, жылу энергиясын, газ, су (бұдан былай - энергия) жеткiзу және сату;
      энергиямен жабдықтаушы ұйым - өндiрiлген немесе сатып алынған электр энергиясын, жылу энергиясын, газды, суды тұтынушыларға жеткiзудi (өз бетімен немесе энергияны берушi ұйыммен жасалған шарт бойынша) және сатуды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
      энергия берушi ұйым - энергия берудi және (немесе) бөлудi жүзеге асыратын ұйым;
      энергия - электр және жылу энергиясы, электр рыногында тауар болып табылатын газ, су.
      3. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау және қоқысты әкету және лифт бойынша қызмет көрсетумен байланысты осы Ережелерде жазылмаған мәселелер Электр энергиясын пайдалану ережелермен және қолданылып жүрген заңдармен реттеледi.

          2. Қызмет көрсетудi ұсыну тәртiбi және шарттары

      4. Қызмет көрсетудi беру Қызмет көрсетудi беруші мен Тұтынушы арасындағы жеке шарттың (бұдан былай - Шарт) негiзiнде жүргізiледi.
      Тұтынушылар ПМК басқармасына немесе жеке немесе заңды тұлғаға шарт жасасу жөнiндегі өз құқықтарын заңдарда белгiленген тәртiппен табыстауға құқылы.
      Шарт осы Ережеге қайшы келмеуi, ал оның мәтiнi аумақтық монополияға қарсы органдармен келiсiлуi тиiс.
      Шарт айқын емес мерзiмге жасалған деп есептеледi (егер тараптардың келiсiмiмен басқаша көзделмесе) және осы Ережелердiң 35 және 38-тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
      5. Қызмет көрсетудi беру тұтынушылық сипаты мен режимi нормативтiк-техникалық құжаттармен белгiленген талаптарға:
      1) жылумен жабдықтау бойынша - тұрғын бөлмелердегi жылыту маусымы бойы тәулiктiк ауа температурасын айқындайтын санитарлық нормаларға;
      2) электрмен жабдықтау бойынша - жыл бойы тәулiктiк қолданылып жүрген стандарттар жөнiндегi электр энергиясының параметрлерiне;
      3) суық және ыстық сумен жабдықтау бойынша жыл бойы тәулiктiк берiлетiн судың құрамы, қасиетi мен ысытылу температурасы жөнiнде гигиеналық талаптарға, сондай-ақ тарату нүктесiндегi судың есептелген шығынына;
      4) канализация бойынша - жыл бойы ағынды судың толық ағып кетуiн қамтамасыз етуге;
      5) газбен жабдықтау бойынша - жыл бойы тәулiктiк берiлетiн газдың қысымына және жылу техникалық сипаттарына арналған нормативтiк-техникалық құжаттар арқылы белгiленетiн параметрлерге;
      6) лифтiмен қызмет көрсету бойынша - жыл бойы тәуліктiк немесе шарттың негізiнде лифтінi қауiпсiз пайдалануға;
      7) қоқыс шығару жөнiнде - санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретiндей қоқыстың толықтай шығарылуына сәйкес келуi тиiс.
      6. Коммуналдық мақсаттағы негiзгi қорлардың қуатын, құрамын, төзiмдiлiгiн, климаттық және басқа да жергiлiктi жағдайлары ескерiле отырып қызмет көрсетулердi беру режимi мен тұтынудың кепiлдi деңгейi Шартпен белгiленедi.
      7. Қызмет көрсетудi ұсыну режимiнен мүмкiн деген ауытқулар мiндеттi тәртiппен шартта көзделуi тиiс.

                 3. Тараптардың жауапкершiлiгi

      8. Жалпы үйлiк энергия желiлерiнiң, сондай-ақ есепке алу құралдарын техникалық жағдайда ұстау және қауiпсiздiгін қамтамасыз ету энергиямен жабдықтаушы ұйымның мiндетi болып табылады және ПМК-мен немесе Тұтынушының өкiлеттi тұлғасымен жасалған жекелеген шарт негізiнде жүзеге асырылады.
      Энергиямен жабдықтаушы ұйым қызмет көрсетудi өз алдына жеке және (немесе) энергия берушi немесе осындай қызмет түрiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт бойынша жүргiзе алады. Мамандандырылған ұйымдарды тарту тендерлiк негiзде жүргiзiледi.
      Пәтерлердегi, жекелеген үйлердегi, үй-жайлардағы, гараждардағы және сол сияқты жерлердегi труба құбырларының, энергия өткiзгіштердiң, энергия жабдықтарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуы үшiн, сондай-ақ энергияны пайдалану кезiндегi техника қауiпсiздiгi үшiн жауапкершiлiк тұтынушыға жүктеледi.
      9. Есепке алу құралдарын қондыру мiндеттемелерi энергия берушi ұйымға жүктеледi.
      Есепке алу құралдарын қондыруды қаржыландыру энергия берушi ұйымның жеке немесе қарызға алған қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Тұтынушы энергия берушi ұйымның сатып алынған және қондырылған есепке алу құралы үшiн кеткен шығынын энергиямен жабдықтауға жасалған шарт бойынша энергияға белгiленген тариф арқылы толтырады.
      10. Тұтынушы жеке есепке алу құралдарын өз бетiмен сатып алуға және орнатуға құқылы. Мұндай тұтынушылар үшiн энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың шығындарын тариф арқылы өтеу шартқа сәйкес есептеу құралдарын орнату үшiн ғана жүргізіледі.
      11. Есепке алу құралдары баспалдақтағы торларға, үйлердiң дәлiздерi мен жекеленген пәтерлерге орнатылады.
      Есепке алу құралдарына өту еркін болуы тиiс.
      12. Тұтынушы өзiнiң пәтерiнде немесе жеке үйiнде орнатылған есепке алу құралының сақталуына және бүтiндiгiне жауап бередi. Баспалдақтағы торларға тұтынушылардың (пәтер иелерiнiң) есепке алу құралдарын орнату кезiндегi олардың сақталуы мен бүтiндiгi үшiн қарамағына сол үй кiретiн ПМК жауапкершiлiк арқалайды.
      13. Тұтынушылардың (пәтер иелерiнiң) баспалдақ торларында орнатылған есепке алу құралдарын белгiсiз бiреулер ұрлап немесе сындырып кеткен жағдайда тұтынушы немесе сол үй кiретін ПМК бiр ай мерзiм iшiнде, егер де тараптардың келiсiмiнде басқаша көзделмесе, қалпына келтiруi тиiс. Есепке алу құралы қалпына келтiрiлгенге дейiн тұтынушы (пәтер иесi) оны энергия желiсiне қосуды талап етуге құқылы. Мұндай уақытша қосу үшiн ақы алынбайды.
      14. Тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы желiлердiң тиiстi түрi үшiн былайша айқындалады:
      1) жылу - басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
      2) ыстық сумен жабдықтау - ыстық сумен жабдықтау жүйесiнiң соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
      3) суық сумен жабдықтау - басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
      4) канализациялау - тұтынушы қосылатын жердегi құдық көшедегi канализациялық желi шекарасы болып табылады, ал ауладағы канализация шекарасы - ғимараттан желiге қосылатын құдық;
      5) электр энергиясы - ғимаратқа кiретiн сым ұшында.
      15. Мiндеттемелер орындалмаса немесе орындалуы ойдағыдай болмай шықса, шарт бойынша қызмет берушi мен тұтынушы Қазақстан Республикасы Азаматтық K941000_ Кодексiнiң 9-бабының 4-тармағына сәйкес келтiрiлген нақты зиянның орнын толтыруы тиiс.
      16. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушының алдында энергия жеткiзушi параметрлерiнiң және форс-мажорлық жағдайлардан (стихиялық құбылыстар, әскери iс-қимылдар және т.с.с.) туындайтын энергияның жетiспеушiлiгi үшiн тұтынушы алдында материалдық жауапкершiлiк алмайды.

           4. Көрсетiлген қызмет ақысын төлеу тәртiбi

      17. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес реттеуге жататын қызмет көрсету ақысын төлеу белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргізiледi.
      18. Тұтынушы төлемдi есептiк айдан 25 жұлдызынан кешiктiрмей немесе Тұтынушы мен Қызмет көрсетушi арасындағы келiсiм бойынша Шартта ескерiлген мерзiмде жасауы тиiс.
      19. Төлем мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда Тұтынушы шартпен белгiленген айыппұлды төлейдi.
      20. Егер Тұтынушы пайдаланылған энергияға төлем жасамағаны үшiн белгiленген тәртiппен ағытылған болса, онда оны қайта қосу борыш өтелгеннен жүргiзiледi. Бiрнеше рет ағыту кезiнде оны қосу борышты өтегеннен және қосқаны үшiн төлем жасағаннан кейiн жүргiзiледi, қызмет көрсетудiң осы түрi бойынша тарифi белгiленген тәртiппен аумақтық монополияға қарсы органдармен келiсiледi.
      21. Жұмсалған энергия үшiн есеп айырысу есеп жүргiзу құралдарының көрсеткiшi негiзiнде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жазып берген есеп бойынша жүргiзiледi.
      22. Есеп жүргiзу құралдарының көрсеткiшiн алу мен энергия үшiн есептеулердi жазуды пәтерлерге бару кезiнде қызметтiк куәлiктерiн көрсетуге мiндеттi энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өкiлдерi жүргiзедi.
      Есеп Тұтынушыға, ал ол болмай қалған жағдайда онымен бiр пәтерде тұратын тұтынушы отбасының кәмелеттiк жасқа толған мүшесiне тапсырылады.
      Екi есептiк кезең iшiнде Тұтынушының кiнәсiнен пәтердегi немесе жеке үйдегi есептеу құралдарының көрсеткiштерiн алу мүмкiн болмаған кезде, Тұтынушының өзi энергиямен жабдықтаушы ұйымға өзiнiң жұмсаған энергиясының саны туралы мәлiмет бермесе, энергиямен жабдықтаушы ұйым белгiленген тәртiппен оның берiлуiн тоқтатуға құқылы.
      23. Тараптардың келiсуi бойынша есептеу құралдарынан көрсеткiштi алу мен төлем құжаттарын толтыру кезiнде Тұтынушыға өзiне өзi қызмет көрсетуiне жол берiледi. Бұл кезде төлем құжатын жазуды және төлеудi Тұтынушының өзi жүргiзедi. Төлем құжаттарын жазу және төлеу кезiнде Тұтынушының жiберген қателерi талаптардың ескiру мерзiмi шегiнде олардың анықталу шамасына қарай энергиямен жабдықтаушы ұйымда есепке алынады.
      24. Абоненттiң кiнәсi бойынша болмаған есептiң уақытша бұзылуы кезiнде электр энергиясы үшiн есеп айырысу егер шартта электр энергиясының аз саны көрсетiлмесе, алдыңғы есептiк кезеңнiң орта тәулiктiк шығысы бойынша жүргiзiледi.
      Электр энергиясының орта тәулiктiк есептiк кезеңi бiр айдан, бұл кезде есеп айырысу есебi толық көлемде қалпына келтiрiлуi керек, аспауы тиiс.
      Егер есеп айырысу есебiн көрсетiлген мерзiмде қалпына келтiру мүмкiн болмаса, абонентке босатылған электр энергиясына есеп айырысу және есепке алу тәртiбiн қалпына келтiру тәртiбi абоненттiң және энергиямен жабдықтаушы ұйымның келiсiмiмен белгiленуi тиiс.
      25. Тұтынушының есептеу аспабының сызбасына өзгерiс енгiзгенi, оның бүлiнгенi, пломбасының жұлынуы, дискiнiң жасанды тоқтатылуы және басқа бұзылушылықтар ашылған кезде немесе егер Тұтынушы энергияны қымқыру мақсатында жасырын сым өткiзгенiн немесе есептеу құралының көрсеткiшiн бұрмалайтын тетiк орнатқанын энергиямен жабдықтаушы органның өкiлдерi бұрынғы баруларында табуға мүмкiн болмаған жағдайда Тұтынушыға энергиямен жабдықтаушы ұйым белгiленген тәртiппен соңғы тексеру өткiзiлген сәттен бастап, алайда энергияны пайдаланғаны үшiн талаптың ескiру мерзiмiнен аспайтын қайта есептеудi жүргiзедi.
      Қайта есептеу:
      1) жарықтандырғыш ток қабылдағыштардың қуаты және олардың пайдалану сағаттарының саны бойынша;
      2) Тұтынушыда штепсельдi розеткалар болған жағдайда (олардың санына қарамастан) - бiр розетканың 600 Вт қуаттың тәулiгiне 24 сағат пайдалануы есебiнен, ал 600 Вт қуаттан артық жылыту құралдары немесе басқа электр жабдықтары табылған жағдайда - Тұтынушының пайдалануындағы жабдықтың оның нақты қуатының тәулiгiне 24 сағат пайдалануы есебiнен жүргiзiледi.
      26. Өтінiш берiлген және растайтын құжатты (емдеу мекемесiнен, жұмыс орнынан анықтама, санаторий жолдамасының түбiршегi, уақытша тұрған жерi бойынша тiркеулi туралы анықтама, қонақ үйде тұрғаны үшiн төлемi туралы түбiршек, және т.б.) ұсынған кезде пәтерде тұратын адамдардың (бiреуiнiң немесе бiрнешеуiнiң) уақытша кетуi, есептеу құралдары жоқ жағдайда бiр адамға есептелiнген қызмет көрсетулер үшiн ақы төлеу олардың болмаған уақытына жүргізiлмейдi.
      Төлемдi қайта есептеуге әкелiп соққан барлық өзгерiстер Тұтынушының энергиямен жабдықтаушы ұйымға өтiнiш берген сәтiнен бастап жүзеге асырылады.
      27. Есептеу құралдары уақытша болмаған жағдайда бiр адамға есептелiнетiн қызмет көрсетулер үшiн төлемдер тұрушылардың нақты саны бойынша алынады.
      28. Кондоминиум (МПК) объектілерiн басқаратын органдар жалпы үйлерін мұқтаждарына жұмсалатын энергия үшiн белгіленген тәртiппен бекiтiлген тариф бойынша, пайдалану жауапкершiлiгі шекарасында орнатылған есептеу құралдары бойынша есеп айырысады.
      29. Есептеу құралдарын тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiнiң бөлiну шекарасынан тыс жерде орнатылуы кезiнде, бөлiну шекарасынан бастап есептеу құралдарын орнату орындарына дейiн желi учаскесiндегі шығындар көрсетiлген желi учаскесi баланста тұрған иесiне шарт негiзiнде жатқызылады.
      30. Лифтiнi пайдаланғаны үшiн төлем 1-шi және 2-шi қабаттағы тұрғындардан басқаларының бәрiнен алынады.
      31. Жылумен қамтамасыз еткенi үшiн төлем Қызмет көрсетушi Тұтынушымен келiсуi бойынша жыл iшiнде бiрқалыпты не осы қызмет түрiн ұсыну кезеңiнде жүргiзiледi және Шартпен анықталады.
      32. Қызмет көрсетушi мен Тұтынушы арасындағы төленбеген қарыздарға байланысты барлық даулы мәселелер сотта шешiледi.

              5. Тұтынушының құқығы мен мiндеттерi

      33. Тұтынушының:
      1) оның өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз, оның мүлкiне зиян келтiрмейтiн белгiленген сапада қызмет көрсетудi алуға;
      2) қызмет көрсетулерге бағаларды (тарифтердi) бекiту тәртiбi туралы осы көрсеткiштердi бақылауды жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттік органдардан ақпараттар алуға;
      3) егер Қызмет көрсетушi белгiленген тәртiппен есеп ұсынбаса, алған қызметi үшiн төлем жасамауға;
      4) қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірiлген шығындар мен зияндарды толық өтеудi, сондай-ақ моральдық залалды толық өтеудi Қызмет көрсетушiден талап етуге;
      5) шартпен бекiтiлген артық үзiлiстер уақыты үшiн қызмет көрсетуге төлем жасамауға;
      6) энергиямен жабдықтаушы ұйымға талап қоюға және белгiленген нормалар мен стандарттарға (нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына) сәйкес келмеген уақыттар кезеңiндегi (Шартта белгiленгеннен артық) қызмет көрсетулерге төлемеуге;
      7) дер уақытында төлем жүргiзген жағдайда оған қажеттi мөлшерде энергияны пайдалануға;
      8) бiржақты тәртiппен шартты бұзуға, бұл туралы энергиямен жабдықтаушы ұйымды хабардар еткен және пайдаланған энергияға толық өтемақы төлеген жағдайда құқығы бар.
      34. Тұтынушы:
      1) Қызмет керсетушiмен жеке шарт жасасуға;
      2) қызметтердi пайдалану кезiнде техника қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;
      3) аварияларды жою, есептеу және бақылау құралдарын қарау үшін электр, газ, жылу, сумен жабдықтау, канализация қондырғыларымен жұмыс істеуге құқығы бар қызмет көрсетушілердің немесе арнайы кәсіпорындардың өкілдеріне мүмкіндікті қамтамасыз етуге;
      4) белгіленген мерзімде ұсынылған қызмет көрсетулер мен энергияға дер кезінде ақы төлеуге;
      5) пәтерден, жеке үйден кету кезінде пайдаланылған қызметтер үшін кететін күнге дейін есеп айырысуға міндетті.
      35. Тұтынушыға:
      1) Қызмет көрсетушінің келісімінсіз пәтер ішіндегі желілерді, инженерлік жабдықтау мен құрылғыларды қайта жарақтандыруға;
      2) Қызмет көрсетушінің келісімінсіз қуаты үйішілік желі мүмкіндіктерінен асып түсетін тұрмыстық электр құралдары мен машиналарды, үш фазалық ток қабылдағыштарды, жылу құралдарының қосымша секцияларын орнатуға, қосуға және пайдалануға, сондай-ақ пайдалану қауіпсіздігінің талаптарына және санитарлық-гигиеналық нормативтерге сай келмейтін тұрмыстық құралдар мен жабдықтарды қосуға және пайдалануға;
      3) энергия есебін жүргізудің қолда бар сызбасын бұзуға;
      4) жылу жүйелерінде жылу тасымалдағыштарды тікелей мақсаттан тыс пайдалануға (жүйеден және жылыту құралдарынан су ағызу) тыйым салынады.

              6. Қызмет көрсетушінің құқықтары мен міндеттері

      36. Қызмет көрсетушінің:
      1) ұсынылған қызмет көрсетулер мен энергия үшін дер кезінде және толық көлемде төлем алуға;
      2) энергияның жұмсалуы мен төленуіне бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      3) біржақты тәртіппен Шартпен белгіленген мерзімдерде ескерту жасаған жағдайда, пайдаланылған энергияға Тұтынушының төлем жасамауына байланысты Шартты тоқтата тұруға;
      4) Тұтынушы қызмет көрсетуге алдын ала төлем жасаған жағдайда, белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тарифтен жеңілдіктер жасауға құқығы бар.
      37. Қызмет көрсетуші:
      1) Тұтынушыға қызметтердің тарифі, төлем жағдайлары, қызмет көрсетуді берудің режимі, олардың тұтынушылық ерекшеліктері, сертификаттарының (сертификаттауға жататын қызметтерге қатысты) бар-жоғы туралы ақпарат беріп отыруға;
      2) Тұтынушымен қызметтер көрсетуді беруге арналған жеке шарт жасасуға;
      3) Тұтынушыға нормативтік-техникалық құжаттардың міндетті талаптарына сапасы бойынша тиісті энергия мен қызметтер ұсынуға;
      4) жеткізілген энергияның сапасы мен санынан есеп жүргізу және бақылау жасауға, Шартта белгіленген мерзімдерінде Тұтынушыға ұсынылатын қызметтер сапасының бұзылуының алдын алу және жою бойынша дер кезінде шаралар қабылдауға;
      5) Тұтынушы қызмет көрсетудің сапасының төмендегені туралы арыз берген күннен бастап үш күн ішінде сапаны қалпына келтіру және қайта есептеуді орындау жөніндегі барлық шараларды қабылдауға;
      6) Тұтынушыға қызмет көрсетудің сапасы мен оларға төлем мөлшерінің өзгергені туралы 10 күннен кешіктірмей хабарлауға;
      7) Тұтынушыға ай сайын көрсетілген қызмет пен энергия үшін есепті ұсынуға міндетті.
      38. Қызмет көрсетушіге:
      1) басқа тұтынушылардың міндеттемелерін орындамау себептері бойынша қызмет көрсетулерді алуда Тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тартуға немесе шектеуге;
      2) шарттағыдан жоғарылатылған параметрмен босатылған энергияға Тұтынушыдан қосымша ақы алуға;
      3) ай сайынғы қызмет көрсету есебін берместен, Тұтынушыдан төлем талап етуіне тыйым салынады;
      4) 23-тармаққа сәйкес өзіне-өзі қызмет көрсетуге көшірілген Тұтынушы электрмен жабдықтаушы ұйымның өкілі есептеу құралының көрсеткішін алдына-ала түсіруінсіз ақы төлемегені үшін ағытып тастауына тыйым салынады.

            7. Келіспеушіліктерді шешу тәртібі

      39. Қызмет көрсетулерді берудің тоқтатылған уақыты, сондай-ақ олардың сапасының нормативтік-техникалық құжаттамалар талаптарына сәйкес келмеуі Қызмет көрсетушінің диспетчерлік қызмет журналында қажетті (тиісті) сапамен қызмет көрсетуді қалпына келтіру уақыты (күні, сағаты) кейін белгіленуі тиіс.
      40. Қызмет көрсетілмеген, қызмет көрсету тиісті сапада немесе толық көлемде болмаған жағдайда Тұтынушы бұл туралы Қызмет көрсетушіге Тұтынушының өзі (арызбен) немесе телефонограммамен міндетті түрде оның берілу уақытын, күнін және берген және оны қабылдаған адамның тегін көрсету арқылы хабардар етуі тиіс. Телефонограммада: қызмет көрсетудің нашарлауының (болмауының) басталу уақыты, нашарлау сипаты және Қызмет көрсетуші өкілінің болу қажеттігі (егер қызмет көрсетудің нашарлауы немесе оның тоқтатылуы Қызмет көрсетушінің журналында тіркелмесе) көрсетіледі.
      Тұтынушының өзі келген жағдайда өтініш көшірмесі болуы тиіс, онда оның келіп түскендігі тіркеу сәтінде тіркеу нөмірі, өтініштің берілген күні және уақыты, оны қабылдаған Қызмет көрсетуші өкілінің қолы қойылады.
      Қызмет көрсетуші журналдағы қызмет көрсету сапасының өтініште (телефонограммада) көрсетілген нормадан ауытқу (үзілісі) белгілерін салыстырады және келіспеушілік болмаған жағдайда оның нақты тұтылуына сәйкес қызмет көрсетудің құнына қайта есептеуді орындайды.
      41. Қызмет көрсетуші қызмет көрсетпегені немесе төмен сапалы қызмет көрсеткені туралы фактіні растаудан бас тартқан жағдайда Тұтынушы:
      1) қызмет көрсетуден бас тартуының (ағытып тастау) немесе оның сапасыз жеткізілуінің басталу уақыты;
      2) қызмет көрсету сапасының нашарлау сипаты;
      3) өтініштің берілу уақыты мен тіркеу нөмірі (Қызмет көрсетушінің журналы бойынша);
      4) қызмет көрсетудің қалпына келтірілген (оның сапасының қалыпқа келуі) уақыты;
      5) қызмет көрсетудің (сапасы нашарлауының) болмау кезеңін көрсете отырып жазбаша өтініш жазуға құқылы.
      Актіге Тұтынушы, қызмет көрсетуші ұйымның меншік пәтер (үйлер) кооперативінің уәкілетті мүшесі не тәуелсіз екі куәлер қол қояды және Қызмет көрсетушіге жіберіледі. Тараптардың келісімі бойынша дау реттелмеген жағдайда Тұтынушы 10-күндік мерзім ішінде сотқа талап арыз түсіреді.
      42. Қызмет көрсетулер кезінде Тұтынушының жіберген бұзушылықтары Қызмет көрсетуші мен Тұтынушы уәкілдерінің екі жақты актісімен екі данада ресімделіп, оның біреуі Тұтынушыға тапсырылады.
      Акті Тұтынушы қол қоюдан бас тартқан жағдайда да, бірақ оны Қызмет

көрсетушінің комиссиясы немесе құрамында кем дегенде үш адамы бар 
кондоминиум объектілерін басқару органдары ресімдеген жағдайда, күші бар 
деп есептелінеді.
     43. Акті негізінде Қызмет көрсетуші есептелінбеген энергияның санын 
анықтайды және Тұтынушыға қосымша төлем сомасы негізімен сотқа дейінгі 
талапты жібереді.
     Тараптардың келісімі бойынша даулардың реттелмеуі жағдайында Қызмет 
көрсетуші 10 күндік мерзім ішінде сотқа Тұтынушыдан берілген соманы 
мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алу туралы талап арыз береді және белгіленген 
тәртіппен шарттың орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
     
          8. Осы Ережелердің орындалуын бақылау құқығы
     
     44. Осы Ережелердің орындалуын бақылауды мемлекеттік басқару және 
қадағалау орындары өз құзыреттерінің шегінде жүзеге асырады.
     
    
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.