"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына Z980339_ сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қару айналымы саласында рұқсаттар беру үшін біржолғы алымдардың мөлшері бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1810 қаулысымен бекітілген Қару айналымы саласында рұқсаттар беру үшін біржолғы алымдардың мөлшері р/р Рұқсат түрлері Бір жолғы алымдардың мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен) 1 Қару мен оның патрондарын әкелуге 2 (әкетуге) берілетін рұқсат 2 Қаруды сақтауға берілетін рұқсат 1 3 Қаруды сақтауға және алып жүруге 1 берілетін рұқсат 4 Қару мен оның патрондарын 2 тасымалдауға берілетін рұқсат Ескерту. Заңды және жеке тұлғалар біржолғы алымды рұқсат алғанға дейін төлейді. Біржолғы алым жергілікті бюджеттің кірісіне енгізіледі. Мамандар: Орынбекова Д.К. Қобдалиева Н.М.