Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі N 1286 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 қазан N 1599. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.07. N 512 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiн барлық тексерулердiң бiрыңғай статистикалық есебiн енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 1 қыркүйектегi N 1286  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 44, 399-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн: 
      тақырыбындағы және мәтiнiндегi "субъектiлерiн" деген сөз "субъектiлерiнiң қызметтерiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      1-тармақ "1999 жылдың 1 қазанынан бастап" деген сөздерден кейiн ", ал қалғандары үшiн - 2000 жылдың 1 қазанынан бастап" деген сөздермен толықтырылсын; 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк органдардың кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексерулер тағайындау туралы актiлерiн тiркеудiң тәртiбiнде: 
      тақырыбындағы және 2, 3, 4-тармақтарындағы "субъектiлерiн" деген сөз "субъектiлерiнiң қызметтерiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Тiркеушi органның бөлiмшелерi жоқ қалалар мен аудандардың аумақтарында актiлердi тiркеудi осы қалалар мен аудандардың прокуратура органдары жүзеге асырады."; 
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: 
      "Ерекше жағдайларда, егер тексеру адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн тәртiп бұзушылықты болдырмау жөнiнде кiдiрiссiз шаралар қолдану қажеттiгiнен туындаса, сондай-ақ тәртiп бұзушылық жасалған кезде тiкелей анықталса және ол бойынша анықталған тәртiп бұзушылықтың дәлелдеулерiн бекiту үшiн шұғыл iс-әрекет жүргiзу талап етiлсе, тексерудi тағайындау туралы акт Тiркеушi органға келесi жұмыс күнiнiң iшiнде ұсынылады."; 
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "5. Тiркеу тексеру жүргiзу және белгіленген үлгiдегi есепке алу карточкасын толтыру туралы актiнi Тiркеушi органға ұсыну жолымен жүргiзiледi. Тексеру аяқталғаннан кейiн оны тағайындау туралы актiнi шығарған мемлекеттiк орган Тiркеушi органға әрбiр тексерiлген субъектiнi есепке алу карточкасына қосымша талонды толтырады және ұсынады. 
      Тiркеушi органға мемлекеттiк органдардың шаруашылық жүргiзушi
субъектілердiң қызметiне тексерудi тағайындау туралы олардың актiлерiн тiркеуден бас тартуға тыйым салынады.
      Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тартуға прокуратура органдарына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн";
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Тексерулердi тiркеудiң осы Ережемен бекiтілген тәртiбiнiң бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдар заңнамада белгiленген тәртiппен жауап бередi."
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі