Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 Қаулысы.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.04.18 N 514 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 22 қыркүйектегі
N 1428 қаулысымен
бекiтiлген

Мемлекеттiк бюджеттiк қаражаты есебiнен ұсталатын
мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi
қызметтік iссапарлары туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.04.18 N 514 қаулысымен.

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнің іссапар тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.05.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қызметтiк iссапар (бұдан әрi - iссапар) қызметкердiң орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттiк мекеме басшысының өкiмi бойынша еңбек мiндеттемелерiн өзiнiң тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау үшiн, сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен бiлiктілiгiн арттыруға және қайта даярлануға белгiлі бiр мерзiмге сапары болып табылады.

      Мемлекеттiк мекеменiң құрамына кiретiн бөлiмшелер басқа елдi мекенде орналасқан жағдайда жұмысы жеке еңбек шартымен (осы мемлекеттiк мекеменiң бұйрығымен) негізделген құрылымдық бөлiмше тұрақты жұмыс орны болып саналады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.07.2013 N 657 қаулысымен.

      1-1. Мемлекеттік органдар өзінің қызметтік іссапарларға жіберудің ішкі тәртібін қызмет ерекешелігін ескере отырып дербес әзірлеуі және бекітуі мүмкін.

      Ескерту. Ереже 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн iссапарға жiберудi:

      1) баратын жерi мен ұйымның атауы;

      2) iссапарда болу мерзiмi;

      3) іссапардың мақсаты;

      4) іссапар шығыстарын өтеу шарттары:

      - тәулікақыны өтеу үшін күндер саны;

      - тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды өтеу үшін күндер саны. Бірнеше елді мекенге іссапарға жіберу кезінде әрбір елді мекенде болатын күндер саны;

      - бағытын көрсете отырып, жол жүру шығыстары өтелетін көлік түрі көрсетілген бұйрықтың (өкімінің) негізінде орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адам), ал мұндайлар болмаған жағдайда – осы мемлекеттiк мекемелердiң басшылары жүргiзедi.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қызметкерлер іссапарының мерзiмiн орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғалары), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттiк мекемелердiң басшылары анықтайды, алайда ол, жолда жүру уақытын есептемегенде, 40 күннен (біліктіліктің кәсіби деңгейін арттыруға және қайта даярлауға жіберуді қоспағанда, сондай-ақ егер іссапар жедел-іздестіру қызметіне байланысты болса) аспауы тиiс. Қызметтiк қажеттiлiк жағдайында iссапар мерзiмi орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - осы мемлекеттiк мекеме басшысының тиiстi бұйрығымен ұзартылуы мүмкін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.07.2013 N 657 қаулысымен.

      4. Қызметкерлердiң бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған ұйымдарға iссапары жолда жүру уақытын есептемегенде, 5 күннен аспауы тиiс. Іссапар мерзiмiн ұзартуға ерекше жағдайларда (көлiк құралдарының болмауы немесе iссапардың шұғылдығы) осы ұйымның тиiстi бұйрығын шығару жолымен 5 күннен асырмай рұқсат етiледi.

      5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Iссапарда жүрген қызметкерлерге олар iссапарға жiберілген мемлекеттiк мекемелердiң жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi қолданылады.

      8. Іссапардың бүкiл уақыты бойы іссапарға жiберiлген қызметкерлердің жұмыс орны (лауазымы) мен iссапар уақытында, оның iшiнде, жолда жүру уақытында жалақысы сақталады.

      Қызметкердiң iссапарда жүрген уақытындағы жалақысы тұрақты жұмыс орны бойынша белгiленген кесте бойынша аптаның барлық жұмыс күндерi үшiн сақталады.

      Қызметкер iссапардан тұрақты жұмыс орнына жұмыс күнi аяқталғанға дейін келген жағдайда, осы күнi жұмысқа келу уақыты туралы мәселе әкiмшiлiкпен уағдаластық бойынша шешiледi.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. алып тасталды – ҚР Үкіметінің 11.05.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. алып тасталды – ҚР Үкіметінің 11.05.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. алып тасталды – ҚР Үкіметінің 11.05.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. алып тасталды – ҚР Үкіметінің 11.05.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Мемлекеттік бюджеттің қаражаты
есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелер қызметкерлерінің
Қазақстан Республикасының шегіндегі
қызметтік іссапарлары туралы ережеге
1-қосымша

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен
ұсталатын мемлекеттік мекемелер
қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының
шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы
ережеге
2-қосымша

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 934 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 22 қыркүйектегi
N 1428 қаулысына
қосымша

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

      күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң

      ТIЗБЕСI

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бiрлестiктерi, кәсiпорындары мен ұйымдары қызметкерлерiнің қызмет бабындағы iссапарлары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 қазандағы N 892 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 41, 607-кұжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 11 қаңтардағы N 27 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 1, 20-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 қазандағы N 892 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 қарашадағы N 158 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 5, 65-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану және оларға толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 тамыздағы N 728 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 33, 381-құжат).

      5. "Қызмет бабындағы iссапар шығындарының нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 23 қарашадағы N 1175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 46, 549-құжат).

      6. "Қызмет бабындағы iссапар шығындары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегі N 423

      қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 19, 189-құжат).

      7. "Қызмет бабындағы iссапар шығындарының нормасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1994 жылғы 15 тамыздағы N 906 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 35, 383-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 987 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 313-құжат).